18
2
жүру жолақтарының санын көбейту қажеттілігі
туралы ұсыныстар және
т.б. бойынша.
Осы жағдайда тасымалдауды АБЖ диспетчерінің рөлі тек ЖҚ жұмысын
ұйымдастыруда ғана емес, сонымен қатар келудің минималды уақыты
жағдайында маршрут нұсқасын таңдаумен техникалық,
медициналық
және басқа көмектің ЖҚО немесе ТЖ орнына баруды қысқа мерзімде
ұйымдастыру мүмкіндігін іздеуден тұрады. Бұл ретте, барлық сөйлесулер,
сондай-ақ электрондық картада төңіректі көрсетіп,
трассаны және ЖҚ
жүру уақытын жазу жүргізіледі.
Егер қалалық жолаушылар, сондай-ақ мамандандырылған және жүк
көлігін басқарудың иерархиялық құрылымында ЖҚ ақпараттық
қамтамасыз ету жүйесін қарастыратын болсақ,
ода басқару деңгейлері
бойынша ол мына функционалдық міндеттерді орындауды қамтамасыз
етуге тиіс.
Жоғары деңгейде (қала әкімдігі) қалалық жолаушыларды тасымалдауды,
сондай-ақ әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың диспетчерлік
және ақпараттық жүйелерінің арасындағы деректерді тиімді алмасу
мүмкіндігімен бірыңғай ақпараттық
базасында қалалық басқару
жүйесінің ең маңызды салаларына қызмет көрсететін көліктік
процестерді орталықтандырылған басқаруды ұйымдастыру міндеттері
шешіледі. Одан басқа, міндеттердің белгілі
шеңберін орындаған кезде,
қалалық қызметтердің көлік және басқа да бөлімшелерінің әрекеттерін
үйлестіру қамтамасыз етіледі. Басқару объектілерін реттеу негізінде ЖҚ
үздіксіз мониторингінің және оны пайдалану нәтижелерін кейін талдау
қағидасы жатыр. КК даму бағыттарын
әзірлеу және қала шетіндегі
жүктерді тасымалдауды орындайтын АКК және жеке тасымалдаушыларға
арналған ұсыныстарды шығаруды жетілдіру жүргізіледі.
Диспетчерлік басқару орталықтарының деңгейінде (ДБО) ЖҚ
қауіпсіздікті және тиімді пайдалануды қамтамасыз етумен, жолаушылар,
технологиялық және арнайы көлікті диспетчерлік басқарумен
байланысты, жедел міндеттер шешіледі.
Жүк көлігін ұйымдастыру және басқару саласында тасымалдауды АБЖ
пайдалану логистикалық
тізбектерді оңтайландыру, соның ішінде
интермодалды тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі міндеттерді шешуге
сөзсіз апарады. Жалпы пайдалануға арналған жолаушы көлігін
автоматтандырылған басқаруды іске асыру контурындағы жүйенің
жұмысы кезінде шешілетін негізгі міндеттер 6.1-кестеде берілген.