Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет161/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

22
3
7.3.
ЖАҺАНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖЕЛІЛЕРМЕН 
ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ЕТУ 
Ірі фирмалар қызметінде (әсіресе әр елдерде орналасқан өзара 
байланысты және өзара жұмыс істейтін кәсіпорындардың барынша көп 
кешендерін қамтитын трансұлттық корпорациялар) ақпарат беру 
фирманың қалыпты жұмыс істеуінің қажетті және аса маңызды 
факторы болып табылады. Бұл ретте корпоративтік ДБ тұрақты өзара 
жұмыс барысында пайдаланушылардың жұмыс режимін қамтамасыз 
етумен кеңседен тыс оларға ақпараттың жеделдігі мен сенімділігін 
қамтамасыз етудің маңызы зор. 
«Жаһандық желі» ұғымы қазіргі уақытта «Интернет» ұғымының 
синонимі болып табылады. Интернет желісі – бұл шағын ОС Unix 
немесе Microsoft Windows NT-ден бастап коп процессорлық супер-
ЭЕМ дейін – түрлі қуатты компьютерлер базасында құрылған көптеген 
серверлер 
мен 
ЖЕЖ. 
Компьютерлер 
коммерциялық 
және 
коммерциялық 
емес, 
ұйымдарға, 
университеттерге, 
зерттеу 
институттарына, ұлттық кітапханаларға, жеке тұлғаларға тиесілі және 
оның ішінде деректерді қысқамерзімді және ұзақмерзімді сақтау үшін 
де пайдаланылады.
Серверлер өзара түрлі физикалық байланыс желілерімен (серіктік, 
оптикалық-талшықты және телефондық) бірігеді. Қазіргі уақытта 
Интерент желісі пайдаланушыларды гипермәтіндік файлдар (WWW 
сервисі), 
электрондық 
конференциялар, 
Telnet 
түрінде 
ұйымдастырылған электрондық почта, файлдар беру, ақпарат қарау 
және алу сияқты сервис түрлерімен қамтамасыз етеді. 
Электрондық почта пайдаланушыларға хабарлама жеткізудің 
барынша қолайлы тәсілі болып табылады. Электрондық хатты жіберу 
үшін тілшінің электрондық мекенжайы талап етіледі. Мәтіндік 
хабарламадан басқа файл да жіберуге болады. Интернет желісінде 
алдын ала өтінім бойынша хабарламаны автоматты түрде жіберуге 
қабілетті жіберу серверлері бар. Мұндай сервердің көмегімен хат 
түрінде мерзімді жаңартылған ақпаратты алып, қол қоюға болады. 
Файлдарды беру үшін пайдаланушы компьютерінің жергілікті 
дискісіне қашықтағы сервер дискісінен файлдарды жазып алуға 
мүмкіндік 
беретін 
FTP 
(File 
Transfer 
Protocol) 
хаттамасы 
пайдаланылады. Norton Commander кеңінен таралған қабығын еске 
салатын, файлдар беру процесін жеңілдететін қолайлы ПП әзірленді. 
Бұдан басқа, FTP серверлерінен файлдарды алу үшін WWW 
серверлермен жұмыс істе
уге арналған навигатор-бағдарламаларды 
пайдалануға болады. 
Адамдар 
қызметінің 
әр 
салаларына 
қатысы 
бар 
мультимедиялық ақпаратты беру үшін пайдалануға болатын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет