2 28 корпоративтік желілер компьютерлері соңғы уақытта көптеген
кәсіпорындар үшін стратегиялық маңызды мәселелер разрядына көшті.
Үйде
жұмыс істейтін (telecommuters — телекомпьютер)
қызметкерлер, іссапарда жиі болатын қызметкерлер санының артуымен
және әр қалаларда, тіпті әр елдерде орналасқан кәсіпорындардың
шағын филиалдары санының көбеюімен бұл фактордың маңыздылығы
артуда.
Арзан әрі барлық кәсіпорындарға қолжетімді (телефон желілері
және жеке пайдаланушылар арқылы) интернет көлігі корпоративтік
деректерді жалпыға қолжетімді жария желі арқылы берген кезде
оларды қорғау міндетін бір уақытта жылжытып, аумақтық
корпоративтік желілерді қалыптастыру міндетін елеулі жеңілдетті.
Интернеттің кең таралуы корпоративтік желілерге техникалық
және технологиялық ықпал етіп қана қоймай, көптеген кәсіпорындар
үшін бизнес жүргізудің жолын түбегейлі өзгертуде. Жарнамалық
ақпаратпен жабдықтау қажет әлеуетті сатып алушылар пайда болуда.
Олармен электрондық мәміле жасасуға болады. Мұнда бизнес
бойынша бірлесіп орындаушы кәсіпорындармен немесе әріптестермен
ақпарат алмасу және қосу қажет. Бизнес жүргізу схемасының өзгеруі
корпоративтік желіге қойылатын талаптарды да өзгертуде. Мысалы,
Интернеттің технологиясын пайдалану кәсіпорынның тұтас алғанда
және оның бөлімшелерінің ішкі және сыртқы трафигінің қалыпты
сәйкестігін бұзды – трафиктің 80%-ы ішкі және тек20 %-ы ғана
сырттан келеді деген ескі қағида қазір шындыққа жанаспайды.
Сыртқы ұйымдардың және кәсіпорындардың басқа бөлімшелерінің
веб-сайттарға қарқынды жүгінуі сыртқы трафиктің үлесін күрт
арттырды және тиісінше корпоративтік желінің шекаралық
бағдарлауыштарына, желіаралық экрандарға (firewalls) жүктемені
арттырды.
Интернеттің бизнес-процеске ықпалын серверлерге сырттан
кәсіпорындардан ақпарат алуға жүгінетін сансыз клиенттерді
сәйкестендіру және қуаттау қажеттілігінен байқауға болады. Желіде ДБ
әр пайдаланушыға есептік ақпарат жүргізуге және оларға жеке пароль
беруге негізделген ескі тәсілдердің қазір қажеті болмай қалды -
әкімшілер де, желілерді сәйкестендіру серверлері де мұндай жұмыс
көлемін атқара алмайды. Сондықтан клиенттердің ағымдарымен істі
ұйымдарды – дүкендердің, көрмелердің ж.т.б. тәжірибесінен алынған
пайдаланушылардың ресмилігін тексерудің жаңа әдістері пайда
болады.
Бір компьютерде бір уақытта уақытты бөлу режимінде бірнеше
қосымша орындалатын жағдай шындыққа айналды. Әрқайсысында
оның деректерін желі арқылы беруге қоятын өз талаптары бар.
Заманауи ОЖ басым бөлігі мультибағдарламалау режимін
қолдайды. Электронды поштаны жіберудің фондық қосымшасының