25
2
басқару персоналының саны, жедел икемділіктің болмауы қауіп
тудыратын сәт туындайды, тіпті иерархиялық деңгей бойынша барлық
ақпаратты берудің еш мәні қалмай қалады.
Фирма өзінің үйлестіру қабілетінің шегіне жеткенде оның
қызметінің тиімділігі құлдырайды. Кіріс азайып, бәсекелестер
арасында оның жағдайы зардап шегеді. Осы сатыда АЖ құрылымы
стратегиялық
факторға
айналады.
Ақпараттық
ағындарды
конфигурациялау туралы шешім басқа шешімдерден туындайтын
екінші деңгейлі болуды тоқтатып, бірінші деңгейлік мәселеге
айналады. Жоғары басшылықтың тікелей басшылық шешімі талап
етіледі.
АБЖ иерархиялық ұйымда басқару персоналы басынан бастап
өндірістік саладан алшақ болады. Мұндай ұйымдар нарықтың
өзгерістеріне барабар бейімделе алмайды. Өйткені кез келген шешімді
қабылдау үшін оларға күрделі үйлестіру қажет. Бейімделу дәрежесі
жоғары кәсіпорында өз ішкі АЖ жобалау мүмкіндігі бар, онда
айналадағы өзгерістерге әсерде максималды икемділікке қол жеткізу
үшін басқару және өндірістік міндеттер интеграцияланған. АЖ-да
қатаң кәсіби белгілер бойынша басшылар мен қызметкерлер арасында
бөлу болмайды. Ұйым тұтастай бірлескен еңбек арқылы әр
қызметкердің еңбек мазмұнын кеңейтуге бағдарланады. Бұл өндіріс,
ақпарат қабылдау мен беруді жеңілдететін АҚ қызметкерлері үшін
АЖО құру арқасында мүмкін болды.
Индивидуумның басқару рөлдерін игеру қабілеті оның жұмыс
орнында орнатылған жабдықтың электрондық жадысымен бекітіледі,
ал бұл сараптау біліміне қолжетімділікті білдіреді. АЖО өндірісінен
үзбей білім алған кезде қажетті нұсқаушылық көмек қамтамасыз
етіледі. Бұдан басқа, адам физикалық операцияларды орындайтын
роботтармен жұмыс істеу мүмкіндігін алады.
АТ күрделі салым бойынша ұсынымдар:
■
салымды стратегиялық мақсатқа технологияға салу;
■
АТ-ға қандай да бір капиталдық салымды жасамас бұрын,
ұйымның сұраныстарын тыңғылықты және объективті
зерделеу қажет;
■
техниканы өз мақсатына емес, егер жаңа курс белгіленсе,
басқаруды қайта бағдарлау құралы ретінде сатып алу;
■
жабдықты сатып алудың нақты негіздемесіне ұмтылмау
қажет, АЖ стратегиялық жоспарлау, маркетинг, өнім
әзірлеу және өндіріс сияқты аспектілерді жетілдіруге
|