Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен


Хабарлама — бұл құрылымдалған деректерді беру үдерісін  23



Pdf көрінісі
бет11/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

Хабарлама — бұл құрылымдалған деректерді беру үдерісін 


23 
болжайтын, ақпартты ұсыну нысаны. 
Бір хабарландыру бір пайдаланушыға көп ақпарат, ал екіншісіне – 
аз беруі немесе ештеңе бермеуі мүмкін. «Ақпараттандыру» ақпарат 
теориясының ұғымында бұрын белгілі болмағанды хабарлауды 
білдіреді. Өйткені ақпаратты сақтауға, өзгертуге және беруге болады, 
оның көздері, таратқышы, байланыс арналары мен қабылдағыштары 
болуға тиіс; бұл орта ақпарат көздерін және оның алушыларын АЖ 
біріктіреді. Ақпараттық процестің қатысушы ретінде адам туралы сөз 
болған кезде, маңыздық немесе семантикалық ақпарат ескеріледі.
Ақпаратты беру, сақтау және қабылдау әдістерін зерттеумен 
ақпарат теориясы айналысады, оның құралы ретінде кездейсоқ 
процестерінің теориясы, кодтау теориясы, математикалық статистика, 
ықтималдылық теориясы пайдаланылады. Ақпаратты беру және 
сандық бағалау проблемасына назар аудару, «Ақпарат — бұл материя 
емес және энергия емес!» - деп айтқан, Н. Винердің және ақпарат 
теориясына негізін салған К. Шеннонның маңызды жұмыстарына 
тартылды. Бүкіл дүние жүзінде олардың жұмыстары мамандарға жақсы 
танымал отандық ғалымдар А. Н. Колмогоров, А. А. Харкевич, В. А. 
Котельников ақпарат теориясына маңызды үлес қосты. 
Ақпаратты бағалау өлшемдерін қарап, «саны» мен «сапасы» 
ұғымдарын анықтау керек.
Тек қана мәліметтердің жаңалығын негізіне алып, ақпаратқа 
сандық баға беруге болады, неге десең мәліметтердің жаңалығы 
объекті, процесс, құбылыс туралы мәліметтердің белгісіздігінің 
салдары болып табылады, ал тұрлаусыздық өлшеуге жатады. Мысалы, 
ЖҚ бірлігімен жоспарлы тапсырманы орындау туралы хабарлама, егер 
тапсырылған кезеңнің бойында жеткізу уақыты бойынша ауытқуларды 
бағалау орындалатын болған жағдаймен салыстыру бойынша 
ақпараттың аз мөлшерін көтереді.
Ақпараттың болуы кейбір тұрлаусыздықты, яғни білмеуді жояды. 
Кез келген оқиғаны немесе объектіні сипаттау ресми сипатталатын 
объект мүмкін жай-күйлердің қайсында болады, соған нұсқау ретінде 
қарауға болады. Онда оқиғалардың уақытта өтуі барлық мүмкін 
болатындардың ішінен кейбір ықтималдықпен таңдап алынған жай-
күйінің ауысуы болады. Таңдаудың тұрлаулығы деңгейі неғұрлым 
жоғары болса, соғұрлым ақпараттың үлкен көлемі қажет болады және 
таңдау нәтижесінің маңызды күтпегендік деңгейі болады. Міне 
сондықтан, ақпарат теориясында ақпараттың саны басқаны бақылау 
нәтижесінде бір кездейсоқ шаманың тұрлаусыздығын алу шамасы 
болып табылады. Егер шамалары тәуелсіз болса, онда ақпараттың саны 
нөльге тең болады.
Екі оқиғадан баламасын таңдап алу қарапайым жағдай болып 
табылады, сондықтан ақпараттың бірлігі үшін, қос ықтимал 


24 
оқиғалардың бірін таңдаған кезде жасалаған ақпараттың санын 
қабылдайды. Бұл бірлік еселенген бірлік немесе бит (binary digit, bit 
ағыл.) деп аталады. Қорытынды: таңдау аясын 2 есеге қысқарту бір 
ақпарат бірлігін береді.
Физикада энтропия ұғымы бар, ол физикалық жүйенің 
реттелмегендігінің (ретсіздігінің) деңгейін сипаттайды. Реттелмегендігі 
бақылаушыға бұл жүйе туралы қаншалықты аз белгілі екендігі туралы 
куәландырады. Бақылаушы физикалық жүйеде бірдеңе айқындай 
салысымен, жүйенің энтропиясы төмендеді және бақылаушы үшін 
жүйе көбірек ретке келтірілген болады. Егер энтропияның максимумы 
жүйенің абсолютті кездейсоқ жай-күйіне сәйкес келсе, онда 
ақпараттың максимумы толық ретке келтірілген (анықталған) жүйені 
сипаттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет