Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет120/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

16

СЕРІКТІК НАВИГАЦИЯ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТЫҢ 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ 
МҮМКІНДІКТЕРІН ТАЛДАУ
ОЖА жаһандық серіктік жүйелерін құрудың және қызмет 
етуінің техникалық және технологиялық негізі ҒА орбиталық 
топтамасы болып табылады.
Серіктік байланыс жүйесі (СБЖ) үш базалық бөліктерден: 
ғарыш сегментінен, немесе орбиталық топтамадан, сигналдық 
бөлігі мен жердегі сегментінен тұрады. Ғарыш сегменті ҒА 
жобалау, орбитаның есебін және аппаратты қосу мәселелерін 
қамтиды. 
Сигналдық 
бөлігіне 
жиіліктің 
пайдаланылатын 
спектрінің, байланысты ұйымдастыруға және ұстап тұруға 
қашықтықтың әсері, байланысты бұрмалау көздері, модуляция 
схемалары және беру хаттамаларының мәселелері кіреді. Жердегі 
сегмент 
жердегі 
станцияны 
орналастыруды 
және 
оның 
құрылымын, антенналардың типтерін, ҒА арналарына көптік 
қатынауды ұйымдастыру схемаларын белгілейді.
Бұл жағдайда ҒА жердегі станциядан сигналдарды қабылдайтын
күшейтетін және серіктің тура көру аймағында болатын барлық 
станцияларға бір уақытта кең хабарлар тарату режимінде 
сигналдар тарататын байланыс құрылғысы ретінде қарау керек.
Құрылымдық 
элементтері, 
жағдайды 
басқару, 
қуаттану, 
телеметрия, 
трекинг, 
командалары 
жүйелері, 
сондай-ақ 
қабылдағыш-жібергіштер мен антенна ҒА басты құрауыштары 
болып табылады. ҒА антеннасының орнықтылығы және қажет 
бағдары тұрақтандыру жүйесімен қолданады. ҒА көлемі мен 
салмағы серіктің тіршілігін қамтамасыз етуге арналған күн 
батареялары мен отынның көлеміне қойылатын талаптармен 
негізінен шектелген (әдетте 10 жылдың ішінде).
ҒА телеметриялық жабдығы ғарыш сегментін басқарудың жердегі 
орталығына оның жағдайы туралы деректерді беру үшін пайдалан
ылады. ҒА жағдайды түзету қажет болғанда тиісті командалар бері
леді, оларды алғаннан кейін энергетикалық жабдықтар қосылады 
және түзету жүзеге асырылады.
СБЖ жердегі сегментіне, ғарыш сегментін басқару орталығынан 
(ҒСБО) басқа, базалық станциялар (шлюздар) кіреді, олар жүйенің 
жердегі (мобильді) деректерді беру желілерімен, ғарыш сегментін 
басқару орталығымен (ҒСБО), телеокомандалық жабдықпен және 
қызметтердің жеткізушілерін басқару орталығымен өзара әрекеттес
уді қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет