16
8
Пайдаланушылық сегмент дауысты, деректер мен ОЖА беру үшін
пайдаланылатын портативтік,
мобильді және стационарлық
терминалды құрылғылардан тұрады.
5.1-кестеде СБЖ негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
берілді, олар дөңгелек орбиталарда үш
топ бойынша жұмыс
істейді: геостационарлық (GEO), биіктігі орташа (MEO), төмен
орбиталық (LEO).
Жүйелі автоматты сауалнама және
ақпаратты берудің жоғары
жылдамдығы диспетчерге ЖҚ жағдайы туралы деректерді нақты
уақыт масштабында алуды қамтамасыз етеді.
Бұдан әрі негізгі
СБЖ қарастырылды.
Inmarsat В жүйесі (GEO) төрт геостационарлық, ал
Inmarsat C
(MEO) — он екі биіктігі орташа ҒА қызмет көрсетіледі.
Қазіргі
уақытта Inmarsat В төртінші буынның ҒА жүзеге асырылып жатыр,
олардың айналу кезеңі Жер айналымымен синхрондалған — олар
жер бақылаушысы үшін қозғалмайтындай бір нүктеде орналасады.
Inmarsat В серігінің кең сәулесінен басқа, тағы өңірлік бағытталған
сәулелер жасайды, олар (L-диапазонның) ұзын толқынды
жиіліктерінде жұмыс істейтін портативтік терминалдарды
пайдалануға мүмкіндік береді (5.4-сурет). Inmarsat жүйесінде түрлі
абоненттік
терминалдар пайдаланылады, олар функционалдық
мүмкіндіктермен, солай құрылымды ерекшеленді.
5.1-кесте. Топтар бойынша серіктік жүйенің көрсеткіштері
Көрсеткіш
GEO
MEO
LEO
Орбитаның биіктігі, км
36 000
5 000... 15 000
500.2 000
Орбиталық топтамадағы
ғарыш аппараттарының саны,
бір.
3
8—12
48 — 66
Бір ғарыш аппаратының жабу
аймағы (радиокөрінушілік
бұрышы), Жер беті
ауданының %
34
28...28
3.7
Радиокөрінушілік аймағында
ғарыш аппаратының болу
уақыты, сағ.
24
1,5... 2
0,15.0,25
Сөйлеуді
беру кезіндегі
кідіріс:
өңірлік байланыс, мс
жаһандық байланыс, мс
500
600
80.130
250.400
20.70
170.300