Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет127/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

Logiq Dispatch жүйесі алыс жүк тасымалдауды
диспетчерлендіруге арналған және автомобильдерге орнатылатын 
Inmarsat С СБЖ терминалдарының негізінде жүзеге асырылады.
ПРИН фирмасының ерекше әзірлемесі — «ПРИН ИДС» БЖ 
қысқа мерзімде кішкене көлік паркін көп функционалды қадағалау 
және жедел бақылау жүйесін жаюға мүмкіндік береді.  
«Магеллан-М» жүйесінде («Транснетсервис» фирмасы) 
БЖ модульдік принцип бойынша әзірленген және аппаратураның 
қолданылатын түрлеріне, байланыс жүйелеріне жеңіл бейімделуі, 
тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына (ТТ) сәйкес 
міндеттер құрамын өзгертуі мүмкін. Диспетчерлік жүйелерде 
борттық 
аппаратура 
ретінде 
KENWOOD 
фирмасының 
навигациялық және байланыс аппаратурасын қолдану ұсынылады: 
алты арналы навигациялық қабылдағыш және радио модем және 
автомобиль радиостанциялары кіретін GPS Моdem модулі. Онда 
ақпаратты бөгеуілге тұрақты кодтау және ақпаратты ықшамдау, 
борттық датчиктерді және орындаушылық құрылғыларды қосу 
мүмкіндігі, ЖҚ топтық кодтау, топта ақпаратты берудің синхронды 
режимі сияқты функциялар жүзеге асырылған.
GPS 
Modem 
модулі 
KENWOOD 
фирмасының 
радиостанцияларымен Conventional Radio режимінде, сондай-ақ 
транкинг жүйелерінде (LTR и MPT1327) жұмыс істеуге 
бейімделген. 
Алайда 
олар 
басқа 
фирмалардың 
радиостанцияларында да пайдаланылуы мүмкін (функционалдық 
мүмкіндіктерін кейбір төмендету арқылы).
«Термотех» фирмасымен әзірленген жүйенің негізі 
осындай жүйелердің функцияларының барлық спектрін қолдайтын 


17
6
навигациялық-байланыс контроллері болып табылады. Борттық 
аппаратура тәулік бойы үздіксіз жұмыс режимін қамтамасыз етеді.  
Навигациялық-байланыс контроллерінің құрамында СРНС GPS 
және ГЛОНАСС навигациялық қабылдағыштары пайдаланылуы 
мүмкін. Байланыстың автономды арналарымен (УҚТ, СиБи), 
транкинг жүйелерімен, байланыстың ұялы және серіктік 
арналарымен 
жұмыс 
істеу 
мүмкіндігі 
қарастырылады. 
Контроллерге орталықтан командаларды көрсету үшін және 
оператормен ақпараттық хабарламаларды енгізу үшін дисплейі 
және пернетақтасы бар терминал қосылуы мүмкін. Диспетчерлік 
орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуі электронды картадағы 
ЖҚ орналасқан жерін көрсетуді, дауыс байланысына экипажды 
шақыруды, жүйеде болып жатқан оқиғалар туралы барлық 
ақпаратты қабылдауды және жазуды, көлік құралдарының 
қозғалысының берілген маршруттарындағы ауытқулар туралы 
операторға 
сигнал 
беруді, 
дифференциалды 
түзетулерді 
қалыптастыруды жүргізеді.
«Юником» фирмасы стандартты УҚТ-радиостанциясына 
(габаритті өлшемдері 1 дм
3
кем емес) қосылатын жеке 
әзірлемесінің борттық навигациялық кешені негізіндегі «Юником-
AVL» жүйесін ұсынады. Диспетчерлік орталықтың бағдарламалық 
қамтамасыз етуі электронды картадағы ЖҚ орналасқан жерін (255 
дейін) көрсетуге мүмкіндік береді. Борттық кешеннің габаритті 
өлшемдері қолданылатын байланыс жабдығының габаритті 
өлшемдеріне байланысты (0,5-тен 2...5 дм

дейін).
Орталық телеграф Мәскеу аумағында Racal және Sprint 
фирмаларының технологиясының базасындағы РАДИОТЕЛ жалпы 
пайдалануға арналған деректерді берудің радио пакеттік желісін 
енгізді.
РАДИОТЕЛ желісінің құралдары бекітілген және мобильді 
орталарда деректермен жылдам және сенімді алмасудың таратылған 
жүйелерін құру бойынша кең мүмкіндіктері бар. Радио желі арқылы 
борттық жабдық және орталық компьютердің арасындағы 
деректермен алмасуға, орталық ДБ қатынау, апаттық қызметтермен 
және қауіпсіздік қызметтерімен өзара әрекеттесу мүмкін. 
РАДИОТЕЛ желісі қосылуды тез орнатуды қамтамасыз етеді 
(шамамен 5 с), оның деректерді қорғаудың, қателерді түзетудің 
құрылған механизмдері бар. Желі пакеттерінің коммутация 
орталығы Х.25, Х.75, Х.3/Х.28/Х.29, SNA/SDLC хаттамаларын 
қолдауды қамтамасыз етеді.
Байланыстың ұялы жүйелерін пайдалану борттық аппаратураның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет