24
6
функциясы, ұйымды жетілдірудің, өндірісті
басқарудың барынша
маңызды бағыттары туралы мәліметтерді қамтитын құжат, кіші жүйе
құрамының негіздемесі, үлгілік жобалық шешімдер пайдалану
мүмкіндіктері және КАБЖ әзірлеу бойынша қажетті ұйымдастыру-
техникалық шараларының тізбесі.
Бұл жұмысты жоғары білікті
мамандар тобы орындайды, оның
құрамына жүйе құрылатын кәсіпорынның әзірлеу бойынша мамандары
және басқарушы қызметкерлері кіреді.
ТЭН негізінде КАБЖ әзірлеуге ТТ жасалады. Егер жүйе кезең-
кезеңмен әзірленсе, онда ТТ жасалып, тұтастай бірінші кезеңді
бөлумен жүйеге бекітіледі.
Бірінше кезекте тұтастай жүйенің негізгі
сипаттамаларын ескеріп
барып, ТТ жасап, бекітуге жол беріледі.
Техникалық тапсырма кәсіпорынды басқарудың қолданыстағы
жүйесін барынша егжей-тегжейлі зерделеу нәтижесі болып табылады
және КАБЖ құрудың жоба алды стадиясын аяқтайды. Бұл жұмысқа
соңында КАБЖ құру бойынша жұмыстарды жүргізетін әзірлеушілер
ұжымының аға құрамы қатысады.
Техникалық
тапсырма мақсат, критерий, негізгі сипаттама және
әзірленетін жүйеге қойылатын талаптарды белгілейді. Онда оның
функционалдық мақсаты ашылады, кіші жүйеге
бөлшектеп
байланыстыру, функционалдық құрылымдарын, КАБЖ экономикалық
тиімділігін әзірлеу және енгізу, негіздеу кезеңділігін қалыптастыру
мәселелері
зерттеледі, яғни ТТ нәтижесі КАБЖ одан әрі әзірлеу үшін
барлық негізгі деректерді қолайлы нысанда беру болып табылады. АҚ
сараптаудан, түзетуден, келісуден және бекітуден кейін, КАБЖ
жобасын әзірлеу үшін негіз болады, өз кезегінде, техникалық және
жұмыс – екі сатыда немесе техникалық жұмыс (осындай кәсіпорындар
үшін қолданбалы бағдарламалар мен үлгілік
жобалық шешімдерді
барынша пайдалану арқылы жүзеге асырылады) жобасы – бір сатыда
жүзеге асырылады.
Техникалық жоба (ТЖ) әзірлеу сатысында жүйені қосымша
зерттеу- жекелеген міндеттер бойынша егжей-тегжейлі талдау
жүргізіледі. Қолданыстағы ақпараттық ағындар мен жүйеде шешімдер
қабылдау әдістері зерделенеді. Бұл жұмысты жүйелерді талдау және
жобалау бойынша мамандар орындайды. Жүргізілген
талдау негізінде
олар экономикалық-математикалық әдістер мен үлгілер, ақпаратты
өңдеу және беру құралдарын қолдану мүмкіндігін қарайды, жүйені
қалыптастырудың ауқымды нұсқаларын ұсынады, шешуі үшін
ғылыми-зерттеу жұмысы талап етілетін мәселелерді анықтайды.
Қолданыстағы жүйені талдауды аяқтаған мамандар кезең-кезеңмен
функционалдық кіші жүйелерді техникалық жобалауды орындайды,
ақпараттық базис құрамын қалыптастырады,
жаңа кіріс және шығыс