24
7
құжаттамасын, деректер өңдеу, олардың сенімділігін бақылау және
арттыру алгоритмін жобалайды. КАБЖ техникалық құралдарының
құрамын айқындайды және жобалық шешімдердің өзара үйлесімін
жүзеге асырады. Техникалық жобалау нәтижелерін жекелеген кіші
жүйелер
мен
тұтастай
КАБЖ
жұмыстық
жобалау
үшін
бағдарламашыға береді.
КАБЖ жұмыс жобасы негізінде ТТ мен ТЖ айтылған талаптарға
сәйкес жүйені толықтай құрастыратын, реттейтін, сынайтын және
пайдаланатын жобалық шешімдердің нақты деректерін қамтиды.
Жұмыс жобасының негізі әзірленген бағдарламалық құжаттама және
деректерді өңдеу бойынша технологиялық нұсқаулықтар болып
табылады.
КАБЖ пайдалануға енгізу әзірленген міндеттерді дәйекті енгізу
есебінен оның функционалдық қуатын үздіксіз арттыру процесін
қамтиды. бұл пайдалануға енгізу әзірлеуші мен бірлесіп орындаушы
ұйымның міндетті қатысуымен тапсырыс берушінің күшімен
ұйымдастырылып, жүргізіледі.
КАБЖ әзірлеу ұйымы. КАБЖ әзірлеу ұйымы өзара қатынас
орнатудан және жүйенің барлық әзірлеушілеріне жағдай жасаудан
тұрады.
КАБЖ құрудың қазіргі уақыттағы жинақталған тәжірибесі КАБЖ
әзірлеу бойынша мынадай негізгі міндеттерді қалыптастыруға
мүмкіндік береді:
■
жұмыстарды нысандау және стандарттау;
■
бас ұйыммен әзірлеуге қатысатын, тұтастай әзірлеуге
жауапты болатын барлық ұйымдардың жұмысын үйлестіру;
■
әзірлеудің барлық кезеңдерінде тапсырыс беруші ұйымның
қызметкерлерімен әзірлеушілердің тығыз ынтымақтастығы.
Бұл міндеттердің негізгі шешіміне үйлестіру жоспарлары, желілік
және жұмыстың күнтізбелік кестелері және оның орындалуына жүйелі
бақылау, нәтижелердің көрініс беруінің бірыңғай жүйесі бойынша
әзірлеме енгізу, барынша ықтимал нысандау кіреді.
КАБЖ әзірлеуге бірнеше әзірлеушілер тобы қатысады, олардың
әрқайсысы белгілі бір бейіннің мамандарын біріктіреді. Бір топтың
жұмыс нәтижелері басқа жұмыс үшін негіз болады. Сондықтан КАБЖ
әзірлеу ұйымының маңызды міндеті әр мамандар тобының
функциясын нақты айқындау, олардың жұмыс әдістерін нысандау, әр
топтың жұмыс нәтижелерінің мазмұнын ғана емес, сонымен бірге осы
нәтижелер басқа мамандарға ұсынылып, берілетін нысанды да нақты
айқындау қажет.
Жұмыстың сабақтастығын қамтамасыз ететін топтардың барынша
тиімді өзара әрекетіне нәтижелерді жазудың бірыңғай стандарттық
жүйесін пайдаланған кезде қол жеткізеді. Әр топтың жұмыс
нәтижелерін жазу нысаны әзірлеушілердің келесі тобының талаптарын
|