27
6
телематикалық серверге беру үшін түрлі байланыс желілері
пайдаланылуы мүмкін. Бір немесе бірнеше байланыс желілері жіберілетін
ақпараттың жабындысы аймағын, жылдамдығы мен көлемі, байланыс
түрлері (деректерді, дауысты байланысты, қысқа хабарламаларды) сияқты
факторларды айқындайды.
Ақпаратты ұялы байланыс желілер арқылы берудің технологиясын
қолдану тұтастау жүйенің тиімділігін елеулі арттырады. Ұялы байланыс
желілері уақыттың басым бөлігінде ірі елді мекендер, орталық облыстар,
игерілген аудандар, федералдық автожолдар және арнайы ұялы
радиотаратқыштар шегінде орналасқан мониторинг объектілерінен
ақпарат беру үшін пайдаланылады. Жүйеде GSM/GPRS стандарттарының
АТ пайдалану кезінде дауысты және бейнебайланысты қоса алғанда,
ақпаратты берудің барлық түрлеріне қолжетімді болады.
АДБЖ жүйесін енгізу мыналарды қамтамасыз етеді:
■
тапсырыс берушілерге тасымалды:
жүктерді тасымалдау барысын тиімді бақылау;
көлік құралдарының орналасқан орнын тұрақты бақылау;
күрделі жағдайларға жедел ден қою; тасымалдауға шарттардың
жағдайының орындалуы туралы көлік кәсіпорындарына
объективті ақпарат беру:
ауысым тапсырмаларын жоспарлау және бақылауды
автоматтандыру;
жүк көлік құралдарын тиімді пайдалану; желіде көлік
құралдары жұмысының қауіпсіздігін арттыру;
тасымалдауға шарттардың жағдайын орындауды объективті
бақылау;
■
АКК басқару әсері:
электрондық картада көрсету мүмкіндігімен көлік құралының
орналасқан орнын тұрақты бақылау; жолдар мен қозғалыс
кестелерін автоматты түрде бақылау; тасымалдау кестелерінен
ауытқуды жедел жою; жедел байланыс;
тасымалдау кестелерін, көлік жұмысының көлемдерін орындау
туралы анықтамалар, есептер алуды автоматтандыру
|