5
0
кестесі, ұйым міндеттерінің сипаттамасы, бөлімшелер
функциялары мен бөлімшелер ішіндегі және арасындағы
ақпараттық ағымды сипаттау, жалпылама құрылымдық –
ақпараттық – уақыттық сызба).
Бұл кезеңде ұйымдастырушы – өндірістік жүйенің жалпы
сипаттамалары анықталуы қажет: құқықтық жағдайы, оның
бөлімшелерге бөлінуі (бөлімдер), басқа ұйымдармен негізгі
әрекеттестігі, қызметтегі шектеулер.
Ұйымның сызбасы граф түрінде ұйымның моделін білдіреді,
шыңы болып кейбір бөлімшелер немесе басқарушылар болады.
Графтың белгілі қабырғалары ұйымның ішіндегі әкімшілік және
функционалдық байланысты суреттейді. Құрылымдық сызбаны
құрған кезде бірінші әкімшілік байланыстың графы құрылады,
басқарудың иерархиялық жүйесі жағдайында жоғардан төмен
бағытталған «ағашты» бейнелейтін болады. Содан кейін сызбаға
функционалдық байланыстар салынады.
Ұйымның функция кестесі әр жол сызыққа ұйымдастырушы –
өндірістік жүйенің функциялары, ал бағанаға – бөлімшелер мен
бағынышты құрылымдары жазылған тікбұрышты кесте
(матрица) түрінде болады. Матрица элементтері сәйкес
өндірістік функциялардың осы функцияны орындауда қатысатын
бөлімшелердің қатысын анықтайды (мысалы, «Х» белгісі
қойылады). Бұл белгінің орнына сәйкес функцияларды немесе
жұмысты жүзеге асырған қызметкерлер санын көрсетуге болады.
Жүйе туралы нысандандырылған ақпаратты алғаннан және
белгілегеннен кейін әр функцияны нақты зерттеуін жүзеге асыру
үшін функционалдық бөлімшелерді дәйекті түрде зерттейді.
Бұл бланкілерге бөлімшелердің құрылымдық сызбалары,
бөлімшелер функцияларын жүзеге асыру кестелері және негізгі
міндеттерді шешу кезеңдерін, олардың реттілігін, олардың
құрылымдық қосымшалар мен уақыт бойынша қозғалысын
көрнекті
түрде
көрсетуге
қызмет
ететін
жалпыланған
құрылымдық – ақпараттық – уақыттық сызба ұсынылады.
Сызбада көлденеңнен қарастырылған міндетті шешуінің жалпы
ұзақтылағына байланысты уақыт масштабы (күн, апта, ай
түрінде) жазылады. Тігінен сызба көлденең жолақ қатарларына
бөлінеді, әр жолақ ұйымға немесе құрылымдық бөлімшелерге
сәйкес белгіленеді. Алынған торға шартты белгілерді пайдалана
отырып, сызбаны пайдалануды жеңілдететін және ішінде құжат,
ақпараттық массивтердің шифрларын және басқа элементтерді
суреттеуге болатын, міндеттерді шешу кезеңдері мен ақпарат
қозғалысын салады. Операция немесе алгоритм білдіретін
тікбұрышта алгоритмнің немесе шешілуші міндеттің қысқа атауы
беріледі. Ақпарат қозғалысын сызбада сәйкес белгілеулерді
қосатын тура жолақтармен белгілейді
|