10
2
және корпоративтік желінің қосымша жүйелеріне қойылатын талаптар
анықталады. Сақталатын ақпараттың көлемі, олардың желі бойынша
таралуы, трафиктің үлгісі мен қарқындылығы – барлық осы
параметрлер, ДҚБЖ, ОЖ және коммуникациялық жабдықты таңдауға
әсер етеді,қандай қосымшаның желіде жұмыс істейтіндігінің салдары
болып табылады.
3.3.2.
Операциялық жүйелер мен
олардың сипаттамасы
ЖБҚ негізгі компоненті — ОЖ — келесі функцияларды орындайды:
■
қолданушының бірнеше бағдарламасын біруақытта орындау
мүмкін болған жағдайда, компьютердің көпміндетті
жұмысын ұйымдастыру;
■
қолданушының бағдарламалары мен деректерін ақпаратты
тасымалдағыштарда ұйымдастыру және қажет болған
жағдайда осы ақпаратқа қолжетімділікті санкциялау;
■
графикалық интерфейс негізінде қолданушымен өзара
әрекетті қамтамасыз ету;
■
жергілікті немесе ғаламдық желілердің жинақталған желілік
ресурстарына қолжетімділік мүмкіндігін іске асыра отырып,
желілік өзара әрекетті қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта соңғы функция кез-келген заманауи ОЖ үшін
стандартты болып табылады. Соған қарамастан, оларды жіктеуді
жүргізе отырып, аталған белгі бойынша екі топты бөлуге болады:
■
корпоративтік
желі
коммуникациясының
тораптарында қолдануға арналған жүйелер;
■
желінің жұмыс станцияларының жүйесі.
Өздерінің функционалдық мүмкіндіктері бойынша барлық желілік
ОЖ екі нақты айырмашылықтанатын класқа бөлінеді: бөлім (бөлімше)
желілік ОЖ және корпоративтік желілік ОЖ. Оны қандай да болмасын
кластағы қолданылатын ОЖ қатысты стратегиялық шешім қабылдау
кезінде ескерген дұрыс.
Корпоративтік желілік ОЖ таңдау ең алдымен өнімділікті
масштабтаудың кең шегіндегі мүмкіндіктерде көппроцессорлық және
кластерлік платформаларды жақсы қолдауға негізделген. Ол үшін ОЖ
бірнеше танымал әмбебап API қолдауы тиіс, олар мысалы, осы ортада
ОЖ-ның Unix, Windows, Linux, OS/2 қосымшаларында орындалуына
мүмкіндік беруі тиіс. Осы қосымшалар тиімді орындалуы тиіс, одан
|