Оқушыларды топтастыра отыра оқытуға баулу



Дата18.09.2023
өлшемі28 Kb.
#477877
түріСабақ
топтастыра отыра оқыту


Оқушыларды топтастыра отыра оқытуға баулу


Джантулина М.Т-директордың оқу
ісі жөнінде орынбасары
12 Кәсіптік лицей.
Орал қаласы

Сыныпта оқушылардың жақсы көріп және қызықты өтетін сабақтардың бірі -сынып оқушыларын топтарға бөле отырып оқыту. Мұғалімнің қалауымен белгілі тақырыпты меңгергенде немесе қорыту сабағында да оқушыларды топтастыра отыра оқытуға болады. Мұғалімнің ұйымдастыруымен, болмаса оқушылар таңдауымен сынып 5-6 оқушыдан тұратын бірнеше топқа бөлінеді және мұғалім топқа тапсырма беру барысында мына кезеңдерге назар аударуы тиіс:



  1. Оқушыларды тапсырма орындауға даярлау, алдарына орындауға тиіс міндеттер қою, топқа орындалатын тапсырмаларға орай қысқаша нұсқаулар беру.

  2. Мұғалім берген тапсырмаға орай міндетті орындауда оның орындау тәсілдерін анықтап алу, өзара міндеттерді бөлдіру.

  3. Берген тапсырманы орындауда топ мүшелерінің бірігіп жұмыстануына назар аударып отыру.

  4. Мұғалімнің сырттай бақылауы, қажет жерінде мұғалімнің бағыт беруі, көмекке келуі.

  5. Оқушылардың бір-бірін тыңдауға, өз білімдерін қоса білуге, істеген жұмыстарын тексере білуге баулу.

  6. Топ бойынша ортақ пікірді оқушылардың жеткіздіре білуі мұғалімнің түзетіп отыруы, қорытынды жасай білуіге оқушыларды баулуы

  7. Мұғалімнің әрбір топтың жұмысын салыстыра отырып баға беруі , бұл жерде кей кезде топ жұмысына баға беруде сабақ басында оқушылар арасында бағалау тобын құруға болады, я немесе жоғары сынып оқушыларын сабаққа қатыстырып әділқазы мүшелерін құрып алуға да болады. Бұл құрылған топтың мақсаты оқушылар жұмыстарын тексеру, бағалау, сараптау, салыстыру болып табылады.

  8. Кей мұғалімдер топ бойынша оқытуда бір тоқсанға оқушыларды топтастырып қоюы мүмкін, бұл бір жағынан мұғалімге уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Төменгі сынып оқушыларымен алғаш рет топтық тапсырма беруде жоғары сынып оқушыларынан құрылған топтың көмегін бақылау да ұйымдастыруға болады, яғни әр топқа бекітілген ұстаз көмекшілері топ оқушыларының жұмысын тиімді ұйымдастыруға, берілген тапсырманы дұрыс орындауға бағыт бере отырып, білімді меңгеруде іскерлік дағдыларын қалыптастыруға, тапсырмаларын дұрыс орындауға бағыт беріп отырады. Мұғалімнің таңдауы бойынша, я немесе топтың таңдауы бойынша тапсырмалар әр топқа әр түрлі берілуі мүмкін, кейде бір тақырып бойынша бірнеше сұрақтарды да ашуға болады. Топтар сұраққа даярлану уақытын белгілеп алған тапсырманы бір оқушы шығып қорғай ма, я немесе барлығы бірігіп қорғай ма таңдауды оқушыларға беруіледі. Сабақ соңында сұрақтар тыңдалып, оқушылар бағалануы тиіс.
Топпен жұмысты оқушылармен күнделікті сабақтармен қатар оқушылардың сайыстарында, зертханалық жұмыстарында, тәжірибе жұмыстарын өткізгенде, я немесе мектеп учаскелеріне қатысты еңбек жасауда, жарыстарда пайдалана білу өте ыңғайлы.Қайткен күнде мұғалімнің шығармашылығымен ұйымдастырылған топтық жұмыстың оқушылар ішінде де бір-бірімен жақындасуға, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге баулиды. Бұндай ұйымдастырылған жұмыстар оқушылардың қабілеттерінің ашылуына, топтың жұмысын қорғай отыра оқушылардың жеке қабілеттеріінің дамуына да мүмкіндік береді. Кей кезде үндемей отыратын оқушылардың топтық жұмыс барысында жауап беріп отырғанын көргенде қуанасың.
Бұндай топпен ұйымдастырылған жұмыстар біріншіден үнемі жақсы оқитын оқушылардан сабақ сұраудан мұғалімді бас тарттырса, екіншіден топ оқушыларының толықтай бағалануына мүмкіндік береді. Сондықтан да ұстаздарға оқушылармен топтық жұмыстарды жүргізуіліп отыруды жоспарлап отырса құптарлық жағдай болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет