Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби тiлi


Жатыс септік. Бұл септіктің қосымшалары -да,-де,-та,-те,-нда,-нде. Жатыс септіктің басты мағыналары мыналар



бет16/27
Дата09.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#124791
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

Жатыс септік. Бұл септіктің қосымшалары -да,-де,-та,-те,-нда,-нде. Жатыс септіктің басты мағыналары мыналар:


- істің, қимылдың болып жатқан орнын, мекенін білдіреді. Мысалы, Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады (М. Дулатов).

- жатыс септігіндегі сөз істің, қимылдың қай уақытта, қай мерзімде өткендігін білдіреді. Мысалы, Сабақ қыркүйектің басында басталады дегенге, ауылдан Ботагөз ерте шығып, қалаға келгеніне айға жақындап қалған (С. Мұқанов).

Жатыс септіктің қосымшасыз қолданылуы өте сирек кездеседі. Тек қана бірыңғай мүшелерде жатыс септігі жалғауы түсіп қалады. Мысалы, Солтүстік Африка мен Аравияда мүйізі бар улы сұр жыландар өмір сүреді (журналдан).

Жатыс септігінде қолданылған сөздер мезгіл, мекен пысықгауыш және жанама толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Кейбір жерлерде қоянның кеуегі тәрізді қуыстар кездеседі. Көктемде сай-сала суға толды. Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ.



Шығыс септік. Бұл септікгің қосымшалары -дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен. Шығыс септіктің басты мағыналары:

- шығыс септігіндегі сөз істің, қимылдың неден, қай жерден басталғанын білдіреді. Мысалы, Тақырланып қалған жазғы жайлаудан келе жатқан жылқы... ұстарадай өткір тістерін жерге қадай бастады.(Ғ.Мүсірепов)

- қимыл, іс-әрекеттің қандай объектініңтөңірегінде, маңында өткендігін білдіреді. Мысалы, Досанды мойнынан құшақтай алды (Н. Ғабдуллин).

- шығыс септіктегі зат есімдер істің, қимылдың, әрекеттің себебін білдіреді. Мысалы, Мен көпшіліктен емес, ең алдымен Мұқтардан жасқанатынмын (К. Оразалин).

- сындық мағынадағы сөздермен грамматикалық қатынаста айтылған шығыс септікті зат есім салыстыру мәнін аңғартады. Мысалы, Алтыннан қымбат сөз айтсаң, ақымақ көңіл қоймайды.

- шығыс жалғаулы зат есімдердің жиі қолданылатын мағыналарының бірі-белгілі бір бөлшегі, белгілі бір үлесі алынатын затты білдіру. Мысалы, Шолпан асығып тұрса да, ертеңгі астан ауыз тиді (X. Есенжанов).

- кейде шығыс септігіндегі сөзден нәрсенің, заттың тегі, неден, не нәрседен істелгені көрініп тұрады. Мысалы, Үлкен сырлы тегенедегі сары қымызды арқар мүйізінен ойып жасалған ожаумен құйды (К. Оразалин),

- сөздің негізгі лексикалық мәніне қарай шығыс септігі өлшем, мөлшер мағынасын да аңғартады. Мысалы, Жұмысқа кіргеніне жеті айдан асты (газеттен).

- істің, қимылдың мекенін білдіреді. Мысалы, Осы үш ұлы адамның туған жерінен ашылған әдеби қорықтың қанша міндет атқаруға тиісті екендігін уақыт көрсетеді (К. Оразалин).

Шығыс септікті сөз сөйлемде пысықтауыш, жанама толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Өз үйімнен ешкімнің келмегені тегін емес (Ә. Сәрсенбаев). Белгі жолдан тайдырмас, білім сөзден жаңылдырмас.

Шығыс септігі жалғауының түсіп қалатын кездері өте сирек. Мысалы, Шыңғыс асып, жайлаудан құлаған бетте (К. Оразалин).

Көмектес септік. Бұл септіктің жалғаулары -мен,-бен,-пен,-менен,-бенен,-пенен. Көмектес септік жалғауларының бір ерекшелігі-олардың тілімізде фонетикалық жуан варианты жоқ.

Көмектес септіктің басты мағыналары:

- істің, қимылдың немен, қандай амалмен істелгенін білдіреді. Мысапы, Орамалмен терін шапшаң сүртіп, самай шашын асығып түзеді (Н. Ғабдуллин).

- іс-әрекетті, қимылды атқаруға қатынасқан адамды білдіру де көмектес септіктің негізгі мағыналарының бірі. Мысалы, Ол әскерге Досандармен бірге аттанған жігіт еді (К. Оразалин).

- көмекгес септігіндегі зат есім кейде істің, қимылдың амалын білдіреді, Мысалы,... істің жедел қолға алынғанын ризалықпен еске алды (сонда).

- көмектес жалғаулы зат есімнен кейде істің, қимылдың, мекені, мезгілі көрініп тұрады. Мысалы, Бұлақтың арасымен жарыса жүріп, жазыққа түсейік (сонда).

Көмектес септік жалғаулы сөз жанама толықтауыш болады. Мысалы, Назыммен телефон арқылы хабарласты. Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

Көмектес септік жалғаулы сөз сөйлемде пысықтауыш та болады. Мысалы, Домбыра үлкен шеберлікпен жасалыпты.


Зат есімнің жіктелуі

Жіктелу категориясы зат есімнің категорияларына кірмейтіндігі ғылымда дәлелденген жағдай, сондықган төрт жалғаудың үшеуі (көптік, тәуелдік, септік жалғаулар) әдетте сөз табы жағынан зат есімге тән, зат есімнің түрлену жүйесі деп анықталады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ есім сөздердің, оның ішінде, зат есімнің жіктелетін түрлері бар және оларға жіктік жалғау тікелей жалғанады.

Есім сөздердің жіктелуі түркі тілдерінің өздеріне тән ерекшелігі болып табылады. Бұл жөнінде академиялық грамматикада түркі тілдерінің морфология жүйесінің өзге тілдерден, мысалы, еуропа тілдерінен басты бір ерекшелігі екендігі көрсетіліп, орыс тілімен салыстырып көрсетілген, яғни «орыс тілінде есім сөз баяндауыш қызметін атқару үшін ол сөйлем ішінде белгілі бір орын тәртібінің сақталуы немесе бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы грамматикалық дәнекердің болуы қажет. Ал, түркі тілдерінде есім сөздердің жіктелуі-оның баяндауыш болатындығының кепілі».

Мұны С. Исаев жіктік жалғау ауқымының кеңдігімен әрі жіктік жалғаудың предикаттық мәні мен сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұру қасиетімен байланыстырып, «предикат қызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де атқара алады» - дейді.

Зат есімнің ішінде адам, кісі аттары, мамандық, туыстық атаулары жіктеледі. Зат есімге жіктік жалғауының толық түрі жалғанады. Мысалы,


Жекеше:

Көпше:

Мен дәрігермін

Біздер дәрігер(лер)-міз

Сен дәрігерсің

Сендер дәрігер(лер)-сің-дер

Сіз дәрігерсіз

Сіздер дәрігер(лер)-сіз-дер

Ол дәрігер

Олар дәрігер(лер)

Сонымен, жіктелетін зат есім көбінесе субъекті білдіретін сөз болуы тиіс екен. Бірақ «тура мағынасы субъектіні білдіру болмаса да, қолданылу ыңғайына қарай субъектілік мәнге ие болған зат есімдердің өзге топтарының да жіктелетін кездері болады(32, 459)». Зат есімнің осылайша ауыспалы мағынасында субъектіні білдіруінің ғылымда дәлелденген бірнеше жолдары бар:

-нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың атын білдіретін зат есімдерді сөйлеуші яки жазушы белгілі мақсатпен адам кейпіндегі бейне ретінде қолданылатын кездері болады. Сондай кезде тіршілік иесінің атын білдіретін сөздер субъект ретінде ұғынылып, тікелей субъектіні білдіретін зат есімдерше түрленеді. Мысалы, біздер, қазақтар, бауырмал халықпыз.

-белгілі бір субъектіні білдіретін ұғымның теңеуі, салыстырмалы баламасы ретінде бейнелі түрде жүмсалған зат есімдер де жіктеледі. Мысалы, Сәлем саған, қара көз,

Сен- бір алтын, мен- бір жез (М. Мақатаев).

-тілімізде кейде мекендік мәнді бірқатар зат есімдерде де оларға жатыс, шығыс септіктің қосымшасы жалғанған кезде жіктелгіштік қасиет пайда болды. Мұндай зат есімдер сөйлемде көбіне субъектінің мекенін, отырған орнын, қайдан, қай жерден шыққандығын білдіреді. Мысалы, Біз Алматыданбыз, сіздер қай қаладансыздар?

Жіктік жалғауының тағы бір ерекшелігі - қосымшалар қабаттаса қолданылғанда, зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшаларынан соң ғана жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы, үй-лер-іміз-де-міз.
Зат есімнің синтаксистік қызметі

Сөздерді таптастырудың үшінші ұстанымына сәйкес зат есім сөйлемде белгілі синтаксистік қызмет атқарады. Сондықтан оқулықтарда зат есімнің синтаксистік сипаты өз алдына сөз болып, зат есімнің сөйлемнің барлық мүшелері де бола алатындығы көрсетіліп келеді (63,170).

Семантикалық жағынан негізінен заттық ұғымды білдіретіндіктен, зат есімнің ең негізгі және ең басты қызметі - бастауыш пен толықтауыш болу. Мысалы, Ат-адамның қанаты, Ас-адамның қуаты. Күн жаңа ғана көтеріліп келеді. Дөң басы қазіргі уақытта өзгеше көңілді(М.Әуезов). Еңбек ерлікке жеткізеді, Ерлік елдікке жеткізеді. Күйші қарт домбырасын екпіндете шертті (Ә.Сәрсенбаев).

Осы сөйлемдердегі ат, ас, күн, дөң басы зат есімнен жасалған бастауыштар да, ерлікке, елдікке, домбыран-толықтауыштар.

Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіріп, пысықтауыш болады. Мысалы, Төреші жап-жас қазақ балуаны. Мұқанды күрес алаңына алып жүрді (М. Тәнекеев). Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың (Ә.Табылдиев).

Зат есім анықталатын сөздің алдында келіп, анықтауыш та болады. Мысалы, Факультеттің студенттері жазғы сессияны ойдағыдай тапсырды.

Жіктік тұлғалы, сондай-ақ 3-жақ нөлдік формалы зат есімдер сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы, Мен баласы даланың, Кең далама тартып туған баламын (М.Әлімбаев).

Қуат алған өзінен, Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген Отанымның гүлімін (А.Сәрсенов).

Зат есім осылайша сөйлем құрамында келгенде негізгі қызметі бастауыш пен толықтауыш болғанмен, анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш қызметінде де жұмсалады. Зат есімнің синтаксистік қызметі соңғы кезге дейін осы тұрғыда сипатталып келді.

Қазақ тіл білімі де басқа ғылым салалары секілді жетіліп, жаңа белесте ғылыми табыстарға ие болуда. Сондай белестің бірі - сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің дербес саласы болып оқытылуы. Осымен байланысты 2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында» зат есімнің синтаксистік қызметін сипаттағанда оның сөз тіркесіне қатысы да ескерілген. Сондықтан академиялық грамматикада сөз тіркесінің басыңқы сыңарының қандай сөз табынан жасалатындығына қарай есімді сөз тіркесі, етістікті сөз тіркесі болып екі топқа бөлінетіндігі айтыла келіп, сөз тіркесінің осы екі тобының екеуіне де ортақтығы бар сөз табының бірі - зат есім екендігі нақты тілдік мысалдармен дәлелденген. Бұдан зат есімнің сөз тіркесі құрамында да синтаксистік қызмет атқаратындығы байқалады. Бұл ерекшелік грамматикада нақты мысалдармен көрсетілген:

- меңгеріле, матаса байланысқан есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болады. Мысалы, алтынсақа, білгенге маржан, Омардың ұлы.



- етістікті сөз тіркесінің құрамында келген зат есімдер негізінен меңгеріле байланысқан тіркесінің бағыныңқы сыңарының қызметін атқарады. Мысалы, базарға кетті, базарды аралады, базарда жүр т.б.

Зат есімдердің морфологиялық сипаты сөз болғанда, біріншіден зат есімдердің құрылымы туралы, екіншіден, зат есімдердің жасалу тәсілі туралы, үшіншіден, зат есімдердің түрлену жүйесі туралы мәселелер қолданады.

Зат есімдер құрлымы жағынан жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаң зат есімдер деп кұрамында бір ғана негізгі түбір бар зат есім сөздерді айтамыз. Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: түбір зат есімдер, туынды зат есімдер.

Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаға бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз: қол, қалам, терезе. Мұндай тұлғалы зат есімдер .

Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір және қосымша морфемаға бөлшектенетін, яғни түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз. Мысалы: етікші, шаруашылық, дәрігер, қуырдақ.

Күрделі зат есімдер деп кемінде екі не одан да көп түбір морфемадан құралған формаларды айтамыз. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде 4 түрлі. Олар:



  • Біріккен зат есімдер.

  • Қосарланған зат есімдер.

  • Құрама зат есімдер.

  • Қысқарған зат есімдер.

Зат есімдер лексикалық морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық) тәсілдер арқылы жасалады.

1.Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер,басқа тәсілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тарылу , не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады. Мысалы:

2.Синтаксистік немесе аналитикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі не онан да көп түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқарып құралуы, арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады.

Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігуі арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: белбеу, қайнаға, өнеркәсіп, болауыз, қолқанат, т.б.

Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: ата-ана, ел-жұрт, ас-су, ұрыс-керіс,т.б.

Қосарланған зат есімдер сыңарларының мағыналық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді.

Дербес алғанда екі сыңарының да мағынасы бар қос сөздер. Мысалы: ыдыс-аяқ, тамыр-таныс, қойны-қоныш.

Бір сыңарының мәні бар, бір сыңарының мәні жоқ қос сөздер. Мысалы: жүн-жұрқа, тері-термек.

Соңғы сыңары бірінші сыңарының еліктеуі түрінде айтылатын.

3.Тіркескен құрама зат есімдер деп кемінде екі я одан да көп түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: ауыл шаруашылығы сары май, ақ жылан, асық жілік, аяқ киім, қайын ене, мал қора, т.б. Мұндай зат есімдер жеке сөз тәрізді белгілі-бір ғана мағынаның көрсеткіші ретінде айтылады.

4.Қысқарған зат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдер жатады. Мысалы: АҚШ, ТМД, ҚазМУ, БҰҰ, ұжымшар, кеңшар,т.б.

3.Морфологиялық немесе синтетикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады. Мысалы: атшы, басшы, атшылық, басшылық, жақсылық, үлкендік, егін, егінші, сауын, сауыншы, т.б. Зат есім тудыратын жұрнақтардың бір саласы өздері жалғанған сөздердің лексикалық мағыналарының үстіне қосымша семантикалық реңдер ғана жамайды. Ал ондай қосымша реңдер үлкен құрметтеу, сыйлау, кішірейту, еркелету тәрізді алуан түрлі мән-райларды білдіреді. Мысалы: қақпақша, әкей, шешей,т.б.

Зат есім жасайтын жұрнақтар қызметіне қарай зат есім тудыратын жұрнақтар, етістіктерден есім жасайтын жұрнақтар деп 2-ге бөлінеді.

Есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар.

Олардың басты-бастылары мыналар:

–шы, -ші. Бұл жұрнақ есім түбірлер мен етістіктің туынды түбірлеріне жалғанып, адамның кәсібін, мамандығын қабілетін білдіретін зат есімдер жасайды. Мысалы: етікші, сауыншы, тыңшы, үгітші.

–шылық, -шілік. Бұл құрамды жұрнақ абстракциялық мағынадағы түрлі туында зат есімдер жасайды. Мысалы: тоқшылық, баршылық, кемшілік, т.б.

–лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, жұрнағы арқылы нақтылы және дерексіз зат атаулары мекендік мағыналы есімдер мен есептік сан есімдерден қатысты заттық ұғым атаулары жасалады. Мысалы: достық, өткірлік, тұздық, кісілік, бірлік, екілік, т.б. жұрнағы еліктеу сөздерге қосылып, туынды зат есім жасайды.

–ыл, -іл, -л, қаңқыл, дүрсіл, мыңқыл, гүріл т.б.

–кер, -гер, жұрнағы арқылы туған сөздер іс-әрекет иесінің атауы ретінде, адамзат есебінде қызмет атқарады. Мысалы. Айлакер, қызметкер, дәрігер.

Есімдерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар.

–дақ, -дек, -лақ, -лек, -тақ, -тек. Мысалы: құмдақ, саздақ, тайлақ, торсылдақ.

–пеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -стан. Қазақ тіліне иран тілінен ауысқан бұл жұрнақтар қазақ тілінің үндестікзаңына бағынбай, өздерінің алғашқы формаларын сақтап отырады. Мысалы. Арбакеш, өнерпаз, жемқор, шайхана, Қазақстан, т.б.

Бірді-екі есімдерде ғана кездесетін мағынасы бір-біріне жақын бірақ түрлері басқа-басқа –т, -ат, -іт, -айт, -ейт, -паң, - қал тәрізді өлі формалар. Мысалы: қырат, сызат, шөлейт, шатқал, суат. Сияқты сөздер жасайды.



Етістіктерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар.

–ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, ілме, сүзбе, боспа, сілтеме, шығарма.

–м, -ым, -ім, алып, білім, сенім, төзім.

–қы, -кі, -ғы, -гі, бұрғы, сүзгі, қондырғы.

–ыс, -іс, -с, ұрыс, айтыс, сөгіс, егіс.

–у, -асу, қатау.

–қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек, тарақ, күрек, тілек.

–ынды, -інді, -нды, -нді, жуынды, шайынды, үгінді, қорытынды.

–ғыш, -гіш, -қыш, -кіш, сүзгіш, сыпырғыш, сызғыш, басқыш.

–уыш, -уіш, елеуіш, түйреуіш, баяндауыш.



Етістіктерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар.

–мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, ілмек, піспек, шақпақ, сырмақ.

–сын, -сін, барасын, бөгесін, бұрқасын.

–мал, -мел, орамал, тасымал, саумал.

–ыр, -ір, -р, -ар, -ер, үңгір, шүңқыр, түйір, жанар.

–ыт, -іт, -т, сарқыт, киіт, шабыт.

–қын, -кен, -ғын, -гін, қуғын, шалғын.

–ын, -ін, -н, боран, ағын, жауын, елін.

–шақ, -шек, келіншек, түйіншек, т.б.

Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар
Лексикалық мазмұны жағынан жаңа сөз тудырмай, сөздерге әр қиылы эмоциалық әсер экспрессивтік рең үстейтіндей қосымша семантикалық мағыналар ғана жамайтын жұрнақтар бар. Олар зат есімнің ішкі категориялық формалары, яғни зат есімнің реңк мән тудыратын жұрнақтар деп аталады.

Зат есімнің реңк мән тудыратын жұрнақтары жалпы есімдерді де, жалқы есімдерді де қамтиды. Реңк жұрнақтары еркелету я кішірейту, сыйлау я құрметтеу, ұлғайту я үлкейту, келемеждеу я мысқылдау тәрізді мәндерді білдіріді. Зат есімді реңк мәнін тудыратын жұрнақтар мыналар:

–еке, -қа, - ке жұрнақтары жалпы және жалқы есімдерге жағанып, сыйлау, құрметтеу, үлкен тұту сияқты мағыналық реңктер үстейді: ағеке, шешеке, апеке, атеке, мырзеке.

–й жұрнағы негізінде туыс атауларына жалғанып, оларға сыйлау, құрметтеу және үлкен тұту мағынасын қосады. Мысалы: апай, ағай, әпкей, тәтей.

–тай қосымшасы туыс атауларына жалғанып, оларға кішірейту, еркелету, ізет көрсету сияқты қосымша мағына үстейді. Мысалы: ағатай, әкетай, сәулетай, көкетай.

–жан жұрнағы көбіне адамзатқа қатысты бір алуан сөздерге және кісі аттарына жалғанады да, оларға әрі еркелету, әрі кішірейту реңкін жамайды. Мысалы: Абайжан, Ардақжан, ағажан, көкежан.

–қан, -ақан жұрнақтары өнісіз болғанымен, еркелету, кішірейту реңкін білдіру үшін бірсыпыра сөздерде қолданылады. Мысалы: бұзауқан, балақан, ботақан.

–қай, -кей балақай, шешекей.

–шақ, -шек келіншек, інішек, жұтқыншақ.

–шық, -шек бүркіш, бүркеншек.

–ша, -ше, балаша, балықша, көрпеше, кітапша.

–ш, сәулеш, Құрмаш, бикеш.

–сымақ, ақынсымақ, өзенсымақ, батырсымақ.

–шығаш, -шігеш, байшігеш, ершігеш.

–екеш, -егеш бұл жұрнақ категориясы реттінде қалыптасып кетпеген жұрнақ пен қосымша көмекші сөз категориясы арасында тұрған форма. Бұл форма сөзбен тіркесіп оған қомсыну, менсінбеу кем тұту сияқты мағыналық рең жамайды. Мысалы: тас екеш таста өзгереді. Кен екеш кенге осындай тар адам болады екен- ау.
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Зат есімнің зерттелу тарихы жайлы не білесіңдер?

  2. Зат есімнің жалпы сипаттамасы

  3. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты

  4. Зат есімнің грамматикалық категорияларына жеке-жеке мәлімет беріңдер.

  5. Зат есімнің синтаксистік қызметі қандай?

  6. Зат есімнің жасалу жолдары мен тәсілдері жайлы мәлімет беріңдер.


Сын есімнің жалпы сипаты
Сын есім - өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде А.Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге - Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай? деген қысқаша анықтама берілген.

Ғалымның қазақ тілді пән ретінде үйрететін оқулығындағы жеке сөз табы ретінде танылған сын есім туралы пікір кейінгі еңбекгерде де жалғасын тапты.Қ.Жұбанов "Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері" атты мақаласында заттың не істің сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын түбірді сын есім деп атаған. Кейінгі қазақ тіл білімінің жетілу, даму кезеңінде жарық көрген оқулықгарда сын есімге "заттың сапасын, сипатын қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы," "Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіруі", - деген анықтамалар берілген. Олай болса, сын есім зат есімнің сын-сипатын білдіріп, зат есімді ғана анықтайды. Мысалы, терең көл, қатты ағаш, ұзын арқан, тұнық су, сұлу қыз, ақылды жігіт, биік тау т.б.Бірақ сын есім кейде етістікті де анықтайды Мысалы, Қайтып кірер есікті қатты серіппе. Жасы өзгелерден кішірек аласа бойлы, жұқа жүзді Айтқазы болыс, өзгенің бәрінен бұрын, Базаралымен жақсы амандасты (М.Әуезов).Осы сөйлемдердегі қатты, жақсы деген сөздер - сын есімдер. Олар сөйлемдердегі етістікгерге қатысты болып, олардың сындық сапасын айқындап, пысықтауыш қызметінде тұр. Бұл жөнінде проф. М.Балақаев еңбегінде анық айтылған: "Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікке тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді. Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланысты бола алады,"-дей келіп, бұл пікірін одан әрі" олардың (сын есімдер.Ж.Б.) лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алады,"-деп нақтылаған, есім болса, аз ғана сын есімнің санаулы етістікпен тіркесіп келуі сын есімнің негізгі табиғи қызметін-зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі сындық белгісін білдіруден өзгертпейді.

Сондықтан да "Қазақ тілінің грамматикасында"(1967) "Бір қатар сын есімдердің зат есімдерді анықтаулармен бірге, етістікті де анықтап, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып, үстеу ретінде қолданылуына қарап оларды бірде сын есім, бірде үстеуге жатқызуға болмайды, үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды, яғни соның өзінде де сын есім болып тұрады ", - деп көрсетілген.

Сын есімдерді басқа сөз табынан ерекшелейтін белгісі-бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін, оның шырай категориясы. Осы категорияны жан-жақты зерттеген Ғ.Мұсабаев.Ғалым бұл еңбегінде шырай категориясының зерттелуіне қысқаша сипаттама беріп, шырайлардың түрлері және олардың жасалу жолдарына тоқталған. Ал Ж. Шакенов қазақ тіліндегі сын есім категориясын жан-жақты қарастырған еңбек жазды.Ғалымның еңбегінде түркі тілдерінде сын есімк атегориясының XIX ғасырдан бастап зерттеле басталғандығы айтылған. Автор сын есім мәселесін алғаш сөз еткен проф. А. Казембек екендігін оның еңбектерінен үзінділер келтіре отырып дәлелдеген. Бұдан кейін А.К. Боровков, И.А. Батманов, Н.К. Дыренкова, А.Н. Кононов, А. Басқаков, Н.К. Дмитриев, М. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский секілді түркологтар еңбектеріндегі сын есімге қатысты пікірлерге талдау жасаған. Сондай- ақ қазақ тіл біліміндегі сын есім мәселесіне байланысты көзқарастарға тоқтала келіп, автордың бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты- "сын есім мәселесінде айтылатан бұрын-соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге түсіріп айтып беру " болған. Ғалым осы мақсатына сай сын есімнің түркологияда, қазақ тіл білімінде зерттелуіне шолу жасай отырып, сын есімнің мағыналық түрлеріне, шырайларына және олардың жасалу жолдарына, сын есімнің тұлғасына және құрылысына қарай бөлінуіне, сын есімнің сөйлемдегі қызметі, сын есімнің зат есім, етістік, үстеумен байланысы, сын есімнің қызметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестерін де қамти отырып, белгілі бір жүйеде сипаттаған.


Сын есімнің жалпы сипаттамасы

Тіліміздегі заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын, сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын сан алуан қасиеттерін білдіретін сөздер үлкен бір топ құрайды. Осы топқа жататын сөздердің лексикалық мағыналарының жалпылануы, абстракциялануы нәтижесінде оларда заттың сындық белгісін білдіретін жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Заттың сындық белгісін байқататын жалпы грамматикалық мағына сын есім деген жеке сөз табын тануға мүмкіндік береді. Сондықтан ғылымдағы сөздерді таптасты-рудың бірінші белгісіне, яғни семантикалық ұстанымға сәйкес - "сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы әрі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы" болып табылады.

Сөз таптарының морфологиялық сипатын сөз еткенде, алдымен олардың құрылымы, екінші жасалу тәсілі, одан соң түрлену жүйесі ескерілуі керек. Осы тұрғыдан келгенде сын есім құрылымы жағынан жалаң және күрделі болып бөлінеді. Ал жалаң сын есімдер өз ішінде негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер болып бөлінсе, күрделі сын есімдер біріккен, қосарланған, тіркескен сын есімдер болып бөлінеді.

Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады. бірақ бұл мәселе сөзжасамда қаралатындықтан, бұған тоқталмаймыз.

Сөздерді топтарға бөлгенде олардың грамматикалық сипатын ашатын белгілердің бірі ретінде сөздердің түрлену жүйесі де ескеріледі. Мысалы, зат есім өзінің көптелу, тәуелдену, септелу жүйелері арқылы басқа сөз таптарынан ажыратылады. Бірақ сын есімде мұндай түрлену жүйесі жоқ, яғни сын есім өзінің негізгі қызметіне сай зат есімге тіркесіп, оны анықтағанда, ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Сондықтан сын есім түрленбейтін сөз табына жатады. Сын есімнің тұлғалық өзгеріске түспеуі, түрленбеуі сөздерді таптастырудың морфологиялық ұстанымына байланысты белгісі болып есептеледі, өйткені "түрлену жүйесіне (немесе оған қарама-қайшы түрленбеуге) негізделген категориялық грамматикалық мағына жүйесі мен грамматикалық категорияларының болу-болмауы сөздерді таптастырудың екінші негізгі (морфологиялық) принципі ." Бірақ сын есімде басқа сөз таптарында кездеспейтін шырай категориясы бар.

Ғылымда қалыптасқан қағида бойынша жеке сөз табы болатын сөздер сөйлемде белгілі қызмет атқарып, басқа сөздермен байланысқа түседі. Осы тұрғыдан келгенде сын есім зат есімдермен тіркесіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Олай болса сын есімнің белгілі сөйлем мүшесі бола алу қабілеті - оның синтаксистік ұстанымға сай белгісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет