Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби тiлi



бет26/27
Дата09.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#124791
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Одағайдың құрамы мен қызметі

Грамматикалық ерекшелігі жағынан одағай түрленбейтін сөз табы категориясына жататындықтан, жұрнақ-жалғауларды көп қабылдай бермейді. Олар сөйлем ішінде зат есімнің орнына жүріп, субстантивтенгенде ғана зат есімнің грамматикалық формалары мен түрлене алады. Мысалы: Сен осы ойбайыңды қойшы! Шөре-шөрелеріңді бәпептемей, тыныш отыр! Мұнда ойбайыңды (неңді?), шөре-шөрелеріңді (нелеріңді) сөздері субстантивтенгендіктен одағайлар, сондықтан оларға зат есімнің грамматикалық категорияларының көрсеткіштері - көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанған.

Одағайға жататын сөздер басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалынбайды, сондықтан одағай тудыратын арнайы жұрнақтары жоқ. Кейбір одағайлардан басқа сөз таптарын тудыратын -ла, -ле -лап, -леп; -шыл, -шіл, -ақ жұрнақтары жалғану арқылы туынды түбір етістіктер мен есім сөздер жасалады. Мысалы: ойбай -ойбайла, әйт-айтақ, уһ-уһілеп, тәйірай -тәйірайшыл, айтақ-айтақшыл, бытпылдық-бытпылдықтап - деген мысалдарда ойбай, үһ, өйт, тәйірай, атақ, бытпылдық одағай сөздері басқа сөз таптарының сөздерін жасауға негіз сөз болған. Мысалы: Ойбайлап, аһлап-уһлеп мазаны алды. Бөдене бытпылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып соңынан жортып отырады. Қасқырлы жердің елі айтақшыл. Бұл жерде жұрнақ арқылы жасалынған одағай сөздер - туынды етістіктер мен туынды сын есім.

Одағай грамматикалық формаларға түспейтіндіктен, сөйлем мүшелерінің бірде-бірінің қызметін атқара алмайды. Заттанғанда не басқа сөздердің тіркесінде келіп, күрделі мүшенің қызметін атқаратыны болмаса, жеке дара тұрғанда сөйлемнің баламасы ретінде жұмсалады. Мысалы: «Жарайды, мен бытпылдық-бытпылдық деп ұшып отырам, сен көзіңді тас жұмып, менің соңымнан еріп отыр» - деген сөйлемде күрделі мүшенің құрамында келіп тұр. Ал, «Кеше біздің үйде отырған? Ә- ә-!? (Ғ.Сланов);

Ә-ә-ә! «Енді түсіндім, есіме енді түсті» деген сөйлемдердің екеуінде де «Ә» одағайы сөз-сөйлем ретінде қолданылған.

Одағайлардың өзара тіркесіп қолданылуында белгілі бір тәртіп бар, кез келгені бір- бірімен тіркесе бермейді. Көбіне өзара тіркесіп қолданылатындар ішкі мағына үйлесімі бар, мағына жағынан бір-біріне жақын жағымды не жағымсыз көңіл-күйді білдіретін, эмоцияға байланысты дара айтылатын, сөз-сөйлем орнына жүретін одағайлар. Мысалы: 0, тоба! -деді қайғыдан еңсесін көтере алмай отырған Қасқақ би. (Ғ.Е.); «Ә, бәрекелді! Іштегіні айтқызбай білетін сабазың ғой; «Апырмай, ә? Айдабол сынды адамның баласына тәуір ат таба алмағандай, болмаған атты қойғаны несі екен? деген сөйлемдердің әрқайсысында қатарынан қолданылған «о, тоба», «ә, бәрекелді», «апырмай, ә» одағайлар контексте тұтас ойды білдіріп тұрған жеке-жеке сөйлемдер.

Одағайларды құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: 1) негізгі түбірлі одағайлар; 2) күрделі түбірлі одағайлар.

Негізгі түбір одағай сөздерге бір фонемадан тұратын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түбір сөздер жатады. Олар көбіне екі, үш, төрт дыбыстардан тұрады. Мысалы: Жә, уа, әй, паһ, оһо, тек, кәне, тәйт т.б.

Күрделі түбір одағайлар негізгі түбір одағайлардың немесе екі сөздің бірігуінен не қосарлануынан жасалады. Мысалы: Мәссаған! Апырым-ай! Апла! Әттеген-ай!, Бәрекелді! Ләббай! Бай-бай! Ай-шай т.б. сөздер

Одағайдың қосарланған түрі сөйлемде жиі қолданылады. Одағайларды бірінен соң бірі дүркін-дүркін қайталанып айту, сезімнің күштілігін, не ишараның, бұйрықтың қаттылығын, қатаңдығын білдіреді. Одағайлардың қосарлануында белгілі бір тәртіп бары байқалады. Мысалы, бір топ «тәйірі, ту, бәсе» сияқты т.б. одағайлар косарлап айтуға көнбейді. Ал, енді бір топ одағайлар-«Алақай! Ойбай! Тек! Ойбай-ау!, Рит соқ!» сияқтылар дара күйінде де, қосар күйінде де қолданыла береді. Одағайлардың ішінде көбіне тек қосар тұлғада жұмсалатындары да бар. Мысалы: Пай-пай, мына көмейі суырылған шешеннің ұрпағы-ай, сәлемінің өзін әндете салуын-ай! Әлди-әлди, бөпем-ай, ұйықтай қойшы, көкем-ай! Малға айтылатын одағайлар қосарлы түбір сөздер болады.



?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Одағайдың жалпы сипаты

  2. Одағайдың түрлері жайлы не білесіңдер? Мысалдар арқылы дәлелдеңдер.

  3. Одағайдың интонациялық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңдер.

  4. Одағайдың құрамы мен кызметі дегенде не түсінесіңдер?

  5. Одағай сөздердің өзіндік сипаты мен жіктелуіне сызба жасаңдар.

Қазіргі қазақ әдеби тілінен өзіндік жұмыс тақырыптары




  • Ғ.Мүсіреповтің “Оянған өлке” романындағы деректі мағыналы зат есімдер.

  • Ғ.Мұстафиннің “Дауылдан кейін” романындағы дерексіз мағыналы зат есімдер.

  • Б.Майлин әңгімелеріндегі жалпы есімдер және олардың ішкі мағыналық топтары.

  • С.Сейфуллиннің “Көкшетау” поэмасындағы жалқы есімдер мен олардың ішкі мағыналық топтары.

  • М.Әуезовтің “Абай жолы” романындағы көмекші есімдердің қолданылу ерекшелігі.

  • Т.Молдағалиев өлеңдеріндегі тәуелдік жалғаудың гамматикалық қызметі.

  • Ә.Кекілбаевтің “Үркер” романындағы тәуелдік жалғаудың грамматикалық қызметі.

  • Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” романыдағы ілік септіктің қолданыстағы мағыналары.

  • Қ.Аманжолов өлеңдеріндегі табыс септікте келген сөздердің грамматикалық мағыналары.

  • М.Әуезовтің “Қилы заман” хикаятындағы шығыс, көмектес септік жалғаулы сөздердің грамматикалық мағыналары.

  • М.Мағауиннің “Аласапыран” романындағы көптік мағынаның берілу жолдары.

  • Ш.Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы сын есімдердің мағыналық ерекшеліктері.

  • Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романындағы сан есімдердің мағыналық топтарының қолданыстағы ерекшеліктері.

  • С.Мұқановтың “Ботагөз” романындағы жіктеу, сілтеу есімдіктерінің мағыналық ерекшеліктері.

  • Ә.Кекілбаевтің “Шыңырау” повесіндегі сұрау, жалпылау есімдіктерінің мағыналық ерекшеліктері.

  • Т.Әбдіковтің “Әке” повесіндегі етістіктердің лексика-семантикалық топтары.

  • Б.Майлин әңгімелеріндегі күрделі етістіктің құрылымдық ерекшеліктері.

  • Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі.

  • С.Мұқановтың “Сырдария” романындағы есімшенің синтаксистік қызметі.

  • Қ.Жұмаділовтің “Соңғы көш” романындағы етістіктің райлары, олардың мағыналық ерекшеліктері.

  • Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер” романындағы үстеулердің мағыналық ерекшеліктері.

  • Т.Ахтановтың “Боран” романындағы септеулік шылаулардың мағыналары.

  • Т.Әлімқұловтың “Ақ боз ат” романындағы демеулік шылау.

  • Х.Есенжановтың “Ақ Жайық” романындағы жалғаулық шылаулардың грамматикалық қызметі.

  • Ә.Кекілбаевтің “Үркер” романындағы еліктеуіш сөздердің қолданысы.

  • М.Мағауиннің “Аласапыран ” романындағы еліктеуіш сөздердің қолданысы.

  • С.Жүнісовтің “Ақан сері” романындағы демеулік шылаудың мағыналары.

  • С.Мұратбековтің “Жабайы алма” повесіндегі сұрау, жалпылау есімдіктердің мағыналық ерекшеліктері.

  • М.Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасындағы ілік септіктің қосымшасыз келген сөздердің грамматикалық мағыналары.

  • Ғ.Мүсіреповтің “Ұлпан” романындағы үстеулердің мағыналық ерекшеліктері.


ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI:
Каримов И.А. Ўзбекистон мустақилликка эриш остонасида. –Т.: “Ўқитувчи”

нашриёт-матбаа ижодий ўйи, 2012

Каримов И.А. Юксак манавият – енгилмас куч. –Т.: «Ўзбекистон», 2008. 121-

122 бет


Каримов И.А. Баркамол авлод – Ўзбекистон тарақиётининг пойдевори. – Т.:

«Шарқ», 1997, 75-бет.

Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973, 1995, 2002.

Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1971.

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

Бектұров Ш.К. Қазақ тiлi. А., 2006.

Болғанбаев Ә. Қазiргi қазақ тiлiнiң лексикологиясы мен фразеологиясы.А.,

1999.


Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазiргi қазақ тiлiнiң лексикологиясы мен

фразеологиясы. А., 1997.

Дуйсебаева Д. Қазiргi қазақ тiлi (лексикология).Оқу қолданба.Т, 2008.

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1993.

Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. А., 1999.

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 1992.

Исаев С. Қазiргi қазақ тiлiндегi сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

Кеңесбаев I, Мұсабаев Ғ. Қазiргi қазақ тiлi (лексика, фонетика). А, 1995.

Қазақ тілі: Энциклопедия. А., 1998.

Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А., 1991.

Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. А., 1999.

Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А., 1998.

Мырзабеков С. Қазақ тiлiнiң фонетикасы. А., 1992.

Оразов М. Көмекшi сөздер. Т., 1997.

Оразов М. Етiстiк. А., 2000.

Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007.

Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.

Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. А., 1991.


Электрондық білім ресурстары

1. www. tdpu. uz

2. www. pedagog. uz

3. www. Ziyonet. uz

4. www. edu. uz

5. tdpu-INTRANET. Ped







МАЗМҰНЫ
















Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3





I БӨЛІМ. ФОНЕТИКА







Фонетиканың нысаны мен салалары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

5




Дыбыстардың акустикалық және артикуляциялық қасиеттері . . . . .

11




Дауысты дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . .

15




Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктері . . . . . . . .

20




Буын және оның түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

25




Екпін және оның түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

29




Үндестік заңы және оның түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

31




Графика, орфография және орфоэпия . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

39





II БӨЛІМ. ЛЕКСИКОЛОГИЯ







Лексикологияның нысаны мен салалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

43




Сөз мағыналары және олардың жасалу заңдылықтары . . . . . . . . . . .

51




Сөздердің лексикалық және семантикалық топтары . . . . . . . . . . . . .

70




Қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

81




Қазақ тілі стилистикасының негізгі стильдік топтары . . . . . . . . . . . .

85




Қазақ тілі фразеологиясы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

89




Қазақ тілі лексикографиясы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

96





III БӨЛІМ. ГРАММАТИКА. МОРФОЛОГИЯ







Грамматика және оның салалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

99




Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. . . . . . . . . . . .

108




Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері. . . . . . . . . . . . . . . . .

115




Сөздерді топтарға және таптарға бөлу тарихы. . . . . . . . . . . . . . . . . .

133




Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

137




Сын есімнің жалпы сипаты . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

175




Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

186




Есімдік, оған тән белгілер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

198




Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты мен категориялары . . . .

210




Үстеу, оған тән белгілер мен синтаксистік қызметі. . . . . . . . . . . . . .

227




Еліктеу сөздер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

234




Шылау сөдердің түрлері мен сипаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

244




Одағай сөздер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

254






Cодержание
















Введение . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3





І ГЛАВА. ФОНЕТИКА.







Объект и разделы фонетики . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

5




Акустические и артикуляционные свойства звуков . . . . . . . . . . . . .

11




Характерные особенности гласных звуков. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

15




Артикуляционные особенности согласных звуков. . . . . . . . . . . . . .

20




Слог и его виды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

25




Ударение и его значение . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

29




Гармония звуков в казахском языке. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

31




Графика, орфография и орфоэпия. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

39





ІІ ГЛАВА. ЛЕКСИКОЛОГИЯ.







Объект и разделы лексикологии

43




Значение слов и их законы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

51




Лексические и семантические группы слов. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

70




Словарный состав и словарный фонд казахского языка. . . . . . . . . .

81




Стилистика казахского языка. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

85




Фразеология казахского языка . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

89




Лексикография казахского языка . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

96





ІІІ ГЛАВА. ГРАММАТИКА. МОРФОЛОГИЯ.







Грамматика и его разделы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

99




Морфологический состав слова . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

108




Формы слов и способы их образования. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

115




Части речи и история их формирования . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

133




Лексика-грамматическое свойства имя существительного. . . . . . . .

137




Общие свойства имя прилагательного . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

175




Лексика-грамматическое свойства имя числительного. . . . . . . . . . .

186




Местоимение и их общие свойства. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

198




Лексика-грамматическое свойства и категории глагола . . . . . . . . . .

210




Наречие и их общие свойства . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

227




Подражательные слова . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

234




Виды служебных слов . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

244




Междометие . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

254


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет