Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет51/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84
qazrg adebi protsess

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мәнерлеп оқу дегенiмiз не? 
2. Эстетикалық қабылдау дегенiмiз не?


113 
3. Эстетикалық сезiм дегенде ненi түсiнесiң?
4. Мәнерлеп оқу пәнiнiң мақсаты мен мiндеттерi не?
5. Белгiлi бiр мәтiндi немесе өлеңдi мәнерлеп оқуға жаттығу. 
МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ НЕГIЗДЕРI МЕН
ОFАН ЖАТТЫFУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
Мәнерлеп оқуға қажеттi элементтер мен сөйлеу техникасы жайлы мәселелердi 
қарастырған жөн. 
Сөйлеу техникасы, өз объектi және фунукциясына қарай дауыс, тыныс алу, 
артикуляция және дикция деген топтарға бөлiнедi. Мәнерлеп оқитын студенттiң сөйлеу 
техникасы сөз орындаушылық өнерi дәрежесiнде болуы керек. 
Мәнерлеп оқуға керектi шарттардың бiрi – тыныс пен дауыс. Белгiлi мәтiндi 
оқығанда дауыс тұншығып, мiңгiрлеп, болмаса шаңқылдап шықса, не оқып тұрғанда 
орынсыз жерде жиi-жиi тыныс алса, не басынан аяғына дейiн бiрыңғай тонмен оқылса, 
ондай оқудан әсер алу былай тұрсын, оны тыңдаудың өзi ауыр. Ондай оқу тыңдаушыны 
мезi қылып зерiктiредi, шаршатады. Мәнерлеп оқуда тыныс пен дауысты жетiлдiруге 
ерекше көңiл бөлiнетiндiгi осыдан.
Ендеше тыныс алу мен дауыстың пайда болу жолдарына тоқтап кетсек, тiл 
дыбыстарының өкпедегi ауыз қуысы арқылы сыртқа шығуынан пайда болып, құлаққа 
естiлетiнi белгiлi. Дыбыстар сөйлеу аппараты: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, 
тамақ қуысы, ауыз қуысы, тiл, таңдай, ерiн тағы басқалардың қатысуымен жасалады. 
Оларды тiл бiлiмiнде дыбыстау мүшелерi деп атаймыз.
Өкпе көрiк секiлдi бiрде ауаны сыртқа теуiп, бiрде ауаны iшке тартып тұрады. 
Екiншi сөзбен айтқанда, ондай физиологиялық процестiң бiрi – дем шығару, екiншiсi – 
дем алу деп аталады. Дем алғанда кеуденiң аумағы кеңейедi, дем шығарғанда iшке жұтқан 
ауаның бiр бҚлiгi сыртқа шығады да, содан өкпе тартылады. Оқығанда, сөйлеп тұрғанда 
дем алу мен дем шығару мөлшерi үндемей тұрғандағымен бiрдей болмайды. Сөйлеп 
тұрғанда өкпедегi ауа сыртқа бiртiндеп шығады да, дем алғанда сырттағы ауа iшке тез 
енедi. Ал жайшылықта дем алу мен дем шығаруға жұмсалған ауаның мөлшерi бiрдей 
болады.
Артикуляция деп, сөйлеу мүшелерiнiң әрекетiне байланысты айтылады.
Сонымен, оқу, сөйлеу техникасы деп дұрыс тыныс алуды, дыбыстың, үннiң 
құлаққа жағымдылығы мен сөздiң, буынның құлаққа ашық, анық айқын тұтас естiлуiн 
айтамыз.
Мәнерлеп оқу үшiн дауыс пен тыныс қандай болса, сөз мақамы да (дикция) сондай 
қажет. Дикция латынша distio деген сөзiнен алынған болып, сөйлемдегi сөздiң, сөздегi 
буынның ашық, айқын оқылуын айтамыз. Көркем шығарманы мәнерлеп оқығанда тыныс 
алу мен дауыстың орны сияқты дикцияның да орны өзгеше. Егер әрбiр дыбыс ашық, анық 
айтылмаса, бiрыңғай тыныс пен дауыстың да атқарар рөлi шамалы. Бұл әрине дыбыстау 
мүшелерiнiң қызметiне байланысты. 
Дикция орфоэпиямен де тiкелей байланысты. Орфоэпиялық заңдылықтар 
сөйлеудiң табиғи, анық және айқын, барлығына түсiнiктi болуын талап етедi.
Тiлiмiздегi дыбыстардың дұрыс айтылуы оқылған сөздiң құлаққа анық, айқын 
естiлуi деп бiз дыбыстау мүшелерiнiң ақаусыз қызметiн, дыбыстардың жасалу 
заңдылықтарының дұрыс сақталуын, сөздi тыңдаушылардың тосырқамай қабылдауын 
айтамыз. Тәжiрибеде тiл дыбыстарының анық естiлмеуi салдарынан сөздердi қайта айту, 
сөйлегенде, оқығанда сөз аяғында, сөз ортасында тұтас буынды жұтып қою тәрiздi 
кемшiлiктер жиi ұшырайды. Сонымен бiрге студенттердiң сөзiнде, оқуында ширақтық пен 
шымырлықтан гөрi баяулық пен болбырлық басым келедi.
Көркем оқу – әдеби шығарманы мәнерлеп оқу өнерi болып табылады. Шығарманы 
оқыған уақытта оны келiстiрiп оқу қажет. Келiстiрiп оқу дегенiмiз – әдеби мәтiндi сазына 


114 
келтiрiп, мәнерлеп оқу. Бұл ең алдымен, көркем сөз мәтiнiн дұрыс оқу, түсiнiп оқу және 
белгiлi дәрежеде жылдам оқу шарттарын сақтап оқуды талап етедi. Студенттер осы 
шарттарды толық орындап, оқу техникасын меңгергенде ғана әдебиеттiк шығарманы 
келiстiрiп оқи алатын болады.
Келiстiрiп оқу әдебиет сабақтарында аса маңызды орын алады. Келiстiрiп оқу 
қарсаңында жүргiзiлетiн дайындық жұмыстарда шығарманың идеялық мазмұнын, 
көркемдiк ерекшелiктерiн дұрыс түсiнуге айрықша көңiл бөлiнедi. Шығарманы мәнерлеп 
оқи бiлу студенттердiң оқығанын дұрыс ұғуға, шығарманың қайшылықта байқалмай 
қалатын өзгешелiктерiн танып оқуға жаттықтырады. Студент оқу дағдысына төселе
жаттыға отырып, мәтiндi аңғарып оқуға, оқығаннан әсер ала бiлуге үйренедi, тiлiн 
дамытады. Студенттердiң мәтiндi келiстiрiп оқу кезiнде алған бiлiм дағдылары олардың 
тiл мәдениетiн арттырып, сөзiн мазмұнды, мәнерлi етiп сөйлеуге көмек етедi.
Кейбiр студенттер арасында көркем шығарма мәтiнiн келiстiрiп оқи алмаушылық 
бар. Мысалы, мәтiннiң идеялық-көркемдiк өзгешелiктерiн ескермей, үнемi бiр сарынмен 
оқушылық немесе үзiп-бөлiп, жаңылыс оқушылық кездеседi. Студенттердi келiстiрiп 
оқудың техникасына төселдiру үшiн мәтiндi дұрыс оқудың бастауыш түрдегi 
қағидаларымен таныстыру керек. Ол үшiн әдебиет сабағы мен грамматиканы керектi 
жерiнде өзара байланыстыруға болады. Мәселен, бiрiншi курс студенттерi грамматикадан 
фонетиканы өткенде, олар сөйлеу мүшелерiнiң атқаратын қызметiн жақсы ұғынумен 
қатар, содан алған бiлiмдерiн мәтiндi дұрыс оқуға жарата бiлуге тиiс.
Студенттер осымен дұрыс дем алудың ережесiмен танысады. Жайшылықты адам 
демiнiң сыртқа шығару ұзақтығы мен iшке алуының ұзақтығы бiрдей болады. Ал кiтап 
оқыған уақытта дем алу шұғыл өзгередi, яғни демдi iшке алу өте жиi болса, сыртқа 
шығару онан сирегiрек болады. Мұғалiм студенттердi дем алудың кеудемен және 
диафрагмамен (көк етпен) таныстырады. Сөйтiп оларды дұрыс дем алып үйренуге 
дағдыландырып, тиiстi жаттығулар жүргiзедi.
Студенттерге фонетика сабақтарында дыбыстардың жiктелуiмен қатар әр 
дыбыстың жасалатын орны мен жолы түсiндiрiледi, оны дәл етiп айтуға үйретiп, олардың 
тiл мүкiстiгi сияқты кемшiлiктерiн жайып отырады. Ал грамматикалық екпiндi өткенде, 
студенттердiң сөздi есiту қабiлетiне көңiл бөлiнедi, ондай екпiндердi айрықша үнмен, 
өзгеше рең бере оқуға жаттықтырылады. Студенттердiң сөз екпiнi жөнiнде жiберетiн 
қателерi де осыған байланысты түзетiледi. Жай және құрмалас сөйлем тақырыптары 
өтiлгенде, студенттерге логикалық екпiн, кiдiрiс туралы түсiнiк берiледi. Сабақтың 
алғашқы күнiнен бастап-ақ мұғалiм көркем сөз мәтiнiн оқыған уақытта студенттердi демiн 
дұрыс алуға, дыбысты айқын, анық айтуға, сөзге дұрыс екпiн қоя бiлуге, сөйлемдi сазына 
келтiрiп айта бiлуге әдеттендiредi.
Студенттер келiстiрiп оқудың техникасына жаттықтырудың негiзгi бiр жолы 
мәтiннiң мазмұны, ой-сезiмiнiң әр түрлi болып келу өзгешелiгiне қарай дауыс сазын 
құбылта бiлуге үйрету болып есептеледi. Ол үшiн дауысты реттi жерiнде көтере де, 
баяулата да күшейте де бiлуге үйрету қажет. Ал бұларды көркем сөз мәтiнiн оқыған 
уақытта қисынын тауып қолдану, iске асыру жақтары әрбiр әдеби шығарманың өзiне тән 
идеялық-көркемдiк мазмұнына байланысты.
Студенттердi келiстiрiп оқуға үйрету үшiн бағдарламаға енген шығарманың қай 
жанрын алса да болады. Бiрақ алынатын шығарманың көлемi шағын болуы керек. Егер 
көлемдi шығарма болса, оның аяқталып бiткен үзiндiсi алынады. Ең алдымен студенттер 
шығарманы iштерiнен оқып шығып, мазмұнын ұғады. Одан кейiн мәтiннiң мазмұн 
ерекшелiгiне байланысты студенттерге сұрақтар қойылады. Бұдан соң бұл шығарманы 
қандай дауыспен оқу керектiгi қарастырылады. қай мәтiндi қандай дауыс сазымен оқу – әр 
шығармада әр түрлi. Баяндау түрiнде жазылған проза мен ертегiлердi, мәселен, «Күн 
астындағы Күнекей қыз» (ертегi),»Аяз би» (ертегi), «Кiтап оқуға құмарлық», «Он бес үй» 
сияқты шығармаларды әңгiмелеу түрiндегi дауыс сазымен оқылады. Лирикалық 
шығарманы ақынның көңiл-күйiн, ой-сезiмiн бiлдiрерлiк сазбен оқуға болады. Әрине 


115 
шығарманың қандай дауыспен оқылу керектiгiн оның жанрлық өзгешелiгi (белгiлерi) 
үзiлдi-кесiлдi шешiп бере алмайды. Өйткенi бiр жанрға жататын шығармалардың 
әрқайсысы өзiнiң идеялық-көркемдiк өзгешелiгiне сәйкес сөзбен оқылады. Сондықтан қай 
шығарманың қандай дауыспен оқылатынын сол шығарманы идеясына, мазмұнына, 
көркемдiк ерекшелiгiне байланысты алып қарастырған жөн.
Мәтiндi өту жұмысының алғашқы кезеңiнiң өзiнде-ақ шығарманың қандай дауыс 
сазымен оқылатынын алдын ала белгiлеп қойған жөн. Бұл сол шығарманы қалай талдауға, 
онда қандай мәселелердi қарастыруға болатынын анықтап, шығарманың мазмұнын 
тереңiрек түсiнуге жәрдем етедi.
Шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнымен байланысты қандай дауыспен 
оқылатыны шешiлгеннен кейiн, оның құрылысы қандай бөлiм, жiктерден тұрғаны 
қарастырылады: қай бөлiмi қалай оқылатыны, қай жерде қандай дауыс кiдiрiсi болу 
керектiгi анықталады. қажет болған жерде кiдiрiстi сақтап оқу – келiстiрiп оқу шарттарын 
орындаудың белгiсi. Әрине, кiдiрiстi сақтап оқу оңай емес. Өйткенi ол – мәтiннiң қай 
жерiнде қалай болатындығын бiрден тауып алу қиын, мәтiннiң қай жерiнде кiдiрiс қалай 
болатыны белгiлi болғанның өзiнде де кiдiрiс сақталмай оқылуы ықтимал. Ол кiдiрiс 
дағдысының берiк қалыптана алмағандығынан да, топ тыныштығын бөлетiн кейбiр 
себептерден де болуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет