Өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл



Дата25.02.2016
өлшемі27.71 Kb.
 

өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.



Сакен Сейфуллин
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет Байтұрсынов.

Қайым Мұхамедханов

Дайындаған:

Г.Тобықбаева

кітапхана меңгерушісі


Мекен жайымыз:

А.Байтұрсынов атындағы көше, 38

Семей қаласы




Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп

Ұлы есімдердің құрметіне

қала көшелерінің аты берілген



Ахмет Байтұрсынов

(1872-1937)

(әдебиеттер тізімі)



Cемей – 2013 жыл

Байтұрсынұлы Ахмет 5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы дүниеге келді. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.

Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті.

1937 жылы тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.

Семейдің бұрынғы Алаш қаласының сол жағалауындағы көше 1916 жылдан Уваковская, 1931 жылдан Интернациональная, 1992 жылдың 30 желтоқсанынан бері ұлы тұлғанының есімімен А.Байтұрсынов көшесі болып Семей қаласының әкімшілігі басшысының шешімімен өзгертілді.

.

Әдебиеттер:



Байтұрсынов А. Ақ жол: өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және зерттеу /Құраст. Р.Нұрғалиев.-Алматы:Жалын,1991.-464 бет.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы:қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері.-

Алматы: Ана тілі,1992.-448 бет.


Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зертеулер/Құраст.Ә.Шәріпов, С.Дәуітов.-Алматы:Жазушы, 1989.-320 бет, портр., суретті.
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеулер мен өлеңдер.-Алматы:Атамұра, 2003.-208 бет.

Байтұрсынов А. Жан сөзімді кім түсінер?.-Алматы:Қазақстан: А.Байтұрсынұлы атынд. қор,1994.-112 б.



Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.-Т.2: Оқу құралы.-Алматы:Алаш,2004.-480 бет.
Әбдиманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы:Зерттеу-эссе.-Алматы:Арда,2007.-296 бет, жапсырмалы.
Кашляк В., Тусумбаева Т. Летопись Семипалатинских улиц.-Семипалатинск,1998.-86 с.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы
2012 -> К. С. Тілеуқабылова стив джобс – Аpple корпорациясының негізін қалаушы Қарағанды 2014 алғы сөЗ
2012 -> 1 кесте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Б. Г. НҰҒман қожа ахмет яссауи


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет