Өзгерістер енгізу туралы



жүктеу 67.66 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі67.66 Kb.
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө өкіміне

өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының


Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесінде:

реттік нөмірі 27-жолда:

2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың жарғылық капиталдарының мөлшері, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны және олардың зейнетақы жинақтарының көлемі туралы ақпарат»;

3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Есепті айдан кейінгі екінші айдың 1-нен кешіктірмей, Ұлттық Банк (келісім бойынша)»;

реттік нөмірі 37-жолда:

3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей, Ұлттық Банк (келісім бойынша)»;

реттік нөмірі 47-жолда:

3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей, Ұлттық Банк (келісім бойынша)».



Премьер-Министр К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының 21.06.2013 жылғы № 105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – ЖЗҚ) зейнетақы активтері мен міндеттемелерінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) беруіне және ЖЗҚ зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензияларының қолданысының тоқтатылуына, сондай-ақ БЖЗҚ есептілікті ұсыну мерзімінің өзгеруіне байланысты

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жоқ

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қабылданбады


7

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.

 Өткізілген жоқ

9

Өзге де мәліметтер

 Жоқ

10

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба www.nationalbank.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылған

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Талап етілмейді


Төраға Қ. Келімбетов

« » 2014 жыл


«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі жобасына



САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ


Р/с №

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1

Қосымшаның 27 жолы

27

Тіркелген жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың жарғылық капиталдарының мөлшері, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны және олардың зейнетақы жинақтарының көлемі туралы ақпарат

Есепті айдан кейінгі айдың 15-күні, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (келісім бойынша)

Келесі айдың 20-күні, Экономика бөлімі




27

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың жарғылық капиталдарының мөлшерлері, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны және олардың зейнетақы жинақтарының көлемі туралы ақпарат

есепті айдан кейінгі екінші айдың 1 күнінен кешіктірмей, ҚР Ұлттық Банкі (келісім бойынша)

Келесі айдың 20-күні, Экономика бөлімі




Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну мерзімінің өзгеруіне байланысты

2

Қосымшаның 37 жолы

37

Республикадағы бағалы қағаздар нарығының жай-күйі туралы ақпарат

Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күні, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (келісім бойынша)

Экономика бөлімі




37

Республикадағы бағалы қағаздар нарығының жай-күйі туралы ақпарат

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей, ҚР Ұлттық Банкі (келісім бойынша)

Экономика бөлімі




Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің таратылуына байланысты

3

Қосымшаның 47 жолы

47

Банк жүйесінің жай-күйі туралы ақпарат

Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күні, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (келісім бойынша)

Экономика бөлімі




37

Банк жүйесінің жай-күйі туралы ақпарат

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей, ҚР Ұлттық Банкі (келісім бойынша)

Экономика бөлімі




Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің таратылуына байланысты


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет