Қозы Көрпеш-Баян сұлу ескерткіші-Қозы Көрпеш пен Баян сұлу



жүктеу 72.08 Kb.
Дата27.06.2016
өлшемі72.08 Kb.
Қозы Көрпеш-Баян сұлу

Қозы көрпеш-Баян сұлу ескерткіші-Қозы Көрпеш пен Баян сұлу

қабіріне тұрғызылған кесене. Семей өңіріндегі Аягөз өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ол шашақ күмбезді, қалақ тастан төрт қырлы жобамен қаланған. Биіктеген сайын сүйірлене береді. Биіктігі – 12 м. Ескерткіштің қай ғасырда тұрғызылғаны туралы нақты дерек жоқ. Құрылыс дыңға ұқсас болғандықтан, қазақ жеріне ислам діні тарамай тұрып салынған деген жорамал бар. Мазардың жанында тас мүсіндер болған. ОСы тас мүсіндерді 1856 жылы Ш. Уәлиханов қағаз бетіне нобайлаған. Онда қасиетті құтты ұстаған үш әйел мен бір еркек суреттелген. Халық аңызында үш әйелдің бірі – Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз,

үшіншісі – апасы, ер адам – Қозы делінеді. Қазір мүсіндер жоғалып кеткен.



Хорезм мемлекеті
Хорезм – орталық Азиядағы ертедегі түркілер мемлекеті.Хорезм ірі мемлекетке айналып,шығыста Ферғана, солтүстік- батыста Орал өңірінде және Каспий жағалауындағы далаларға ықпалын жүргізді. 712 жылы арабтар Хорезмді жаулап алды. Мамун ибн Мұхамед 995 жылы Хорезмді біріктірді. Мамун ибн Мұхаммедтің және оның мұрагері II Мамун ибн Мамунның тұсында Хорезм жаңадан гүлденді. Үргеніште әл – Бируни және Әбу Әли ибн Сина сияқты ірі ғалымдар жұмыс істеді. Атсыз (1127- 1156) Хорезмді нығайтты. Кейіннен, оның шекарасына Каспий теңізі жағалауынан Парсы шығанағына дейін созылды. XIV ғасырда Хорезмнің гүлдену дәуірі басталды. Кейінен, Хорезмде Әмір Темір мен Алтын Орда хандарының 100 жылдық соғысы басталды. Хиуа – көне тарихи қала. Хиуа тарихи көне Хорезм мәдениетімен тығыз байланысты. Хиуа IX-X ғасырларда Хорезмнің кезінде гүлденді. Хиуа қаласындағы академия Мұхаммед әл – Хорезми, Әбу Райхан Бируни, Әбу Әли ибн Сина сияқты ірі энциклопедист – ғалымдар еңбек етті. Хиуа түркі халықтары архитектуралық өнерінің үздік үлгісі, шығыстың алтын қақпасы болып саналады.


Қорқыт Ата
Қорқыт Ата – түркі халқына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Шамамен VII – X ғасырлар аралығында өмір сүрген. Қорқыт Ата туралы мәліметтер ел аузындағы аңыз - әпсаналарда, тарихи шежірелерде және "Қорқыт ата кітабында" сақталған. Қорқыт Атаның өмірде ізгі, даналық сөздері, атақты күйлері қалған. Қорқыт Ата өмірде болған, кейіннен оны аңызға айналдырып, халық өзі жырға қосқан. Қорқыт Ата түркілердің үлкен тайпасын – оғыздардың арасынан шыққан делінеді. Халық арасында "Қорқыт – құтты адам, құт әкелетін адам"деген сөз бар. Қорқыт Атаның тарихи тұлға екенін "Қорқыт Ата кітабы"растайды.

Рашид әл – Дин өзінің "Жами ат - тауарих"атты тарихи шежіресінде Қорқытты қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының "Түрік шежіресінде"оның тегі баят деп көрсетілген, Мұның екеуі де оғыз тайпасына кіретін этностар.

Бізге жеткен тарихи шежірелерде Қорқыт Ата өмірде ізі, артында мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде көрінеді



Әулие Ата күмбезі
Әулие Ата күмбезі – Қазақстанда XI ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіш. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған.Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырсы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы өткен XIX ғасырдың 90-жылдарына

дейін сақталған.1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент қаласының ишаны Сайд Бакханов каржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Әйлие Ата күмбезі 4 бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және 3 кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында 2 мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал кірер есігі оюмен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесенеенің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.Әулие Ата күмбезі Қазақстан сәулет өнерінің үздік үлгілерінің бірі.




Қаңлы мемлекеті
Қаңлы мемлекеті – Орта Азиядағы ежелгі мемлекет. Бес аймаққа бөлінген: Ташкент көгалды орта ағысы бойы,Қазалыға дейінгі аудан , Сырдарияның төменгі ағысы және Хорезм. Қаңлы мемлекетін көшпелі , жартылай отырықшы тайпалар мекендеген. Сондықтан олардың ірілі-ұсақты қалалары болған. Тарихи деректерге қарағанда қаңлылар қабырғасы биік дуалдан соғылған үйлерде тұрған, қаңылылардың астанасы бір деректе Битянь қаласы деп көрсетілсе, тағы бір мәліметтерде Отырар (Фараб), Шаш (Ташкент) деп те көрсетілген.Қаңлы мемлекеті біздің заманымыздан бұрынғы 36 жылы ғұндармен бірігіп Қытай басқыншыларына қарсы күрескен.Қаңлы мемлекеті – тарихтан белгілі ежелгі мемлекеттердің бірі.


Домбауыл кесенесі

Түркі, оғыз – қыпшақ заманында салынған архитектуралық ескерткіш. Орталық Қазақстан Жезді аудунындағы Кеңгір өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Домбауыл кесенесінің биіктігі 6- метр.Кесене сол дәуірдегі Қазақстанда Кең тараған үйтас мәнерінде салынған. Кешеннің сыртқы түрі киіз үйге өте ұқсас. Сол дәуірдің шеберлері кесенені мәңгі бұзылмастай етіп жасаған.



Алтынасар – Қазақстандағы көне қала орны.Қызылорда облысындағы Қуаңдария өзенінің ескі арнасының бойында орналасқан. Ежелгі аты белгісіз. Жүргізілген қазба жұмыстары қаланың I- VI ғасырларда салынғанын анықтады. Ал жоғарғы қабаты VI – VIII ғасырларда салынған.Қазба Жұмыстары кезінде тұрғын үйлер, ондағы ошақ орындары табылды.



Отырар қаласы
Отырар, фараб – Қазақстан жеріндегі көне қала. Отырар VIII ғасырдан бастап Тарбанд деген атаумен белгілі болған.Бұл атау Күтегін мен Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларында кездеседі. Отырар IX – X ғасырдың өзінде гүлдеген ірі қала, ғылымның орталығы болды.Мұнда ірі медреселер, ханакар, мешіттер, кесенелер болды. Қала дуалмен қоршалған, үш қақпасы болған. Әлемге аты жайылған"Ұлы Отырар кітапханасы" да осы қалада болған. Шыңғыс хан дәуіріндегі қырғында Отырар қаласы опат болды. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Отырар қаласынан көптеген құнды бұйымдар табылды. Отырар қаласы XVI ғасырдан қазақ халқының билігінде болып, XVIII ғасырдың басына дейін өмір сүрген.


Сығанақ қаласы
Сығанақ, Сунақ – Қазақстандағы Ортағасырлық қала орны. Сырдария өзенінің бойындағы Төменарық ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан. Ертедегі Сығанақ Қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанақ Ақ Орданың орталығы болған. XV ғасырдың 80-жылдары қаланы қазақ ханы Бұрындық иеленген. XV-XVIII ғасырларда қала бұрынғысынша сауда орталығына айналған. Сығанақ XVIII ғасырға дейін жеткен. Қаланың қазіргі орны Сунақ Ата деп аталады.


Сауран қаласы



Сауран – Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Түркістанның солтүстік-батысында, 30 шақырым жерде орналасқан Сайрам ол кезде Сырдария алабындағы маңызды сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақ диси өз шығармасында "Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар" деп жазған. XIII ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. XVII ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. XVI ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Сауран XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында әлсіреп, XIX ғасырдың басында біржолата күйреді. Қалаға қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған.


Сайрам қаласының орны
Сайрам, Исфиджаб – Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі. Жұрты қазіргі Сайрам кентінің оңтүстік батысында, Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде сақталған. Сайрам жайлы алғашқы дерек Махмұт Қашқаридің " Диуана лұғат ат-түрік " атты еңбегінде кездеседі. Онда: "Сайрам – Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты " делінген. Демек, Сайрам – Исфиджабтың кейінгі аты. XV – XVIII ғасырларда қазақ хандықтары кезінде Сайрам ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. Сайрам қаласының айналасы төрт қақпалы дуалмен қоршалган, кең алқапты жерді алып жатқан қала орны қазір сақталған. Қала ішінде көптеген мазарлар орны бар. Ең көнесі – Падишаh Мәлік баба мазары.


Баб ата күмбезі
Баб Ата күмбезі – Қазақстандағы сәлет өнері ескерткіші. Күмбез Әзірет Әлінің жетінші ұрпағы Ысқақ Бабатың немесе Баб Атаның құлаған мазарының орнына күйдірілген шаршы кірпіштен тұрғызылған. Құрылыстың астыңғы негізгі бөлмелері 4 бұрышты. Кесенені зәулім биік етіп көрсетіп тұрған баскүмбез сегіз қырлы барабан үстіне салынған. ШАғындау екінші күмбез де осы үлгіні қайталайды. Баб Ата күмбезінде намаз оқитын үлкен бөлме, сағана, діни-рәсімдік, тағы басқа бөлмелер бар. Күмбездердің ішкі жағы жазушылармен, өсімдік өрнектерімен безендірілген.



Айша Бибі кесенесі

Айша Бибі кесенесі – Қазақстандағы сәулет өнері ескерткіші. XII ғасырда салынған. Жамбыл облысындағы Айша бибі ауылында орналасқан. Күмбезді Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Кесене ортасында құлпытас орнатылған. Айша Бибі кесенесіндегі бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде "Күз, бұлттар, дөңгеленген дүние ..." деген сөздер жазылған. Айша Бибі кесенесіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Кесене құрылысынан Әмір Темір дәуіріндегі сәулет өнерінің дәстүрі айқын аңғарылады. Ескерткіш мемлекет қорғауына алыңған.













14



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет