«Қозы көрпеш пен Баян сұлу» «әулие Валентинге» төтеп бере ала ма?



Дата21.06.2016
өлшемі22.42 Kb.
#151690
«Қозы көрпеш пен Баян сұлу» «әулие Валентинге» төтеп бере ала ма?

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы


Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
Әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі! -деп Мұхтар Шаханов айтқандай ғашықтық пен махаббат адам өміріндегі ең әдемі ең тәтті де екі адамның арасындағы ұлы сезім. Қазақтың дархан даласы қандай кең болса, оның махаббатыда сондай шексіз. Ләйлім-Мәжнүн, Еңлік- Кебек, Қозы мен Баян, Төлеген мен Жібектің махаббаты осының бір дәлелі.
Әрбір ұлттың өзіндік болмыс бітімі, иман-сенімі, жылдар бойы қалыптасқан берік дәстүрі, ұлттық ерекшелігі болады. Ал әңгімемізге арқау болып отырған әулие Валентинді төбемізге көтере мадақтайтындай оның бойынан қандай мақтаныш, қандай ұлттық ерекшелік таба қойдық. Ол асық ойнап, көкпар тартқан, ел басына қауіп төнгенде қару асынған қазақ па екен немесе Алланың ақиқатын айтып, пайғамбар жолын нұсқаған ғұлама мұсылман ба екен, қаймана қазақтың мұңын жоқтаған би-шешен, сал сері, ақын ба екен?. Кім ол?. Әлде қазақта махаббат дастанына айналған, пәк сезімнің нышаны жоқ па? Мүмкін «әулие әкей» өмірде болмаған да адам шығар, болса да керемет ерлігімен ел есінде қаларлықтай, жүздеген жылдардан соң да жұрт жабылып тойлайтындай іс атқармаған да шығар... Себебі нақ осы күні, ең көп сыйлық сатып алынады, ең көп гүл сатылатын күн де әр жылдың 14-ақпаны. Елірген жастар ғашықтығын мәрттігімен дәлелдеу үшін ештемеден аянып қалмайды. Демек бұл, сауда саласындағы аға-әпкелеріміздің ірі жобасы болуы да мүмкін. Алайда осы мерекені барын беріп тойлап жүрген жастардың өзі бұл қайдан шыққан мереке екенін, бұның тарихы қандай екенін біреуі білсе, біреуі білмейді.

Бірақ, амал нешік Валентин күні «мерекесі» бүгінде мәдениетімізге берік орнығып алып, жастардың санасынан шығар емес. Бір жағынан бұл біздің ұлттық иммунитетіміздің әбден әлсіреуінен де болуы мүмкін. Мәселен, қатты тұмау тиіп ауырсаң антибиотик қабылдамай сауығып кетпейсің ғой. Сол секілді мәдениетімізге сіңіп, жастардың санасын улап үлгерген «аурудан» да айығу үшін соған қарсы тұра аларлық, тіпті одан да күштірек ұлттық қорғаныш қабілеті керек. Яғни, ұлттық рухани-мәдени мақтаныштарымызды насихаттауымыз қажет. Әрине бұл қазақ халқында қорғаныш қабілеті жоқ дегенді білдірмейді, Жастарымыз жаппай католиктердің Валентинін өзіне пір тұтып, 14-ақпанды мереке етіп тойлағандықтан Республикалық жастар қозғалысы ақылдаса келе 2006 жылы 15-сәуір «Қозы мен Баян» ғашықтар мейрамы деп белгіледі. Расында да қазақи «Ғашықтар күнінің» болғаны қуанышты, дегенмен бұл мейрамның тойлануы әлі төмен дәрежеде.



Қалай десек те, ел болып етек-жеңімізді жиып отырған тұста, тәуелсіз елдің ұландарымыз деп марқайып жүрген жастар «кірме мәдениеттің» жетегінде кетпесі үшін ұлттық мәдениетімізді насихаттайық. Сондықтан ұлттардың өз кескін-келбетін сақтап қалуы тікелей сол ұлттың рухының тәуелсіздігіне, діңгегінің мықтылығына байланысты. Валентиннің «әулие» екендігіне имандай сенген жас жігітті немесе талдырмаш қызды өз ұлтының уызына қанған, мұсылмандық сеніміне берік, отбасы тәрбиесін көрген деп қалай айта аламыз...? Демек, бір бармағын бүгіп алып, «достық саясат» жүргізгісі келіп отырғандардың шылауында кетпес үшін шындап ойлануымыз қажет.

Анар Абдоллайқызы,

Қазақ тілі мен әдебиеті, 3- курс студенті

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет