Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Мерзiмі: 15. 01. 15. №17 Cынып: 11 Оқушылар саны



Дата03.07.2016
өлшемі45.71 Kb.
#174755
түріСабақ
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ
Мерзiмі: 15.01.15. 17

Cынып: 11 Оқушылар саны: 5

Тақырып: Отбасы – өмір аясы

Құндылық: ақиқат кұндылығы

Қасиеттер: ақиқатты өз-өзінен іздеу, уақытша және өмірлік нәрсені ажырата білу, білімді іздену, барлық діни ағымдарға құрметпен қарау, өз-өзіне сену, жауапкершілік.

Мұғалiм: Ибраева У.Ш.
Сабақ мақсаты:

1. Білімділік:  отбасының негізі өмірдің ұйтқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімнің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

2. Дамытушылық:  отбасы тірлігі мен құндылықтарын атап, қадір-қасиеті туралы айта отырып, өзінің ішкі дүниесіне үңілдіру, жан толғанысын тудыра отырып сезімін жетілдіру, ойлау, жинақтау, жасауда философиялық астарына назар аудару;

3. Тәрбиелік:  отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Ресурстар (құралдар, мәлiметтер): мультимедиялық тақта, үнтаспа, бояулар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, А3 форматтағы қағаз.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырукезеңi.

Тыныштық сәтi.

Демалу.


Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Музыка ойнайды. Көздерін жұмады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Тұла бойлары жақсылыққа толғанын сезінуге ұмтылады.

ІІ. Жаңа сабақ

Әңгімелесу

  • «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарын қалай түсінесіз?

  • Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?



Мәтінмен жұмыс

Қ.Толыбаевтың ұсынған шығармасынан үзіндіні оқып, мазмұнын талқылау.

Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің түтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішіңде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Соңдықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.

Отты да ұлы құдірет, киесі мол қасиетті нысанның бірі деп білетін қазақ одан ылғи жақсылық серпінін күтеді, игіліктің тірегіне теңейді. Көкейіндегі бір істі орындауға ниет еткен кездерінде отқа құрмет көрсетеді, ырым қып май кұйып, өзіне берген жылылығының қарызын өтеуге құлшынады. Бұл ұғым қазақ санасында ежелгі заманда-ақ қалыптасып, салтына айналған...

Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында Отбасы тәлімі ерекше дәстүр.

Жақсылыққа әуестерді – көргенді, тілге көнбей, бетімен кеткендерді – көргенсіз дейтіні де содан. Баланың көргенсіз атануы ата-анасына кір келтіреді. Одан асқан қорлық жоқ.

Адам өзінін ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса екен деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол ниетпен жақсылыққа баулиды. Көксегеніне жететін жолдың сүрдегін нұсқайды, өмірдің жарқын жолына бағыттайды. Қай қазақтың болса да кеудесінде әрқашан осы үміт оты жанып тұрады.

Түйіндеме

Сонымен «Отбасы», «отау» дегеніміз не? Ақпарат бойынша оқушылардың түйген ой-пікір мен білімдерін байқау, талқылау жасау. Ой-түйін шығару:



  • Отаудағы от-тіректің символы, мерей шуағы, береке басы, сондықтан ол киелі.

  • Отбасы – тәрбие бесігі. Ұрпақтың жақсылығы мен жамандығы отбасында қалыптасады.

  • Әр тұлғаның болашағына аттанар тұғыры.

ІІІ. Бекіту кезеңі

Жаңа ақпарат

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады.

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және коғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.

«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.



Дәптермен жұмыс

Алынған ақпараттар негізін басшылыққа ала отырып, отбасын құру үшін өзіңізге қоятын талаптар тізімдемесін жазу.



Шығармашылық жұмыс

  1. Алынған ақпарат негізінде, сабақ тақырыбын бекіту.

Ағаш бейнесі ұсынылған, соның әр бөлігінде берілген сұрақтарға жауап беру негізінде ағашты бөліктерге бөліп тастайды.

  • Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?

  • Отбасын құру қадамына неше жастан бастап ойлану қажет деп ойлайсыз?

  • Қандай адаммен отбасын құрғыңыз келеді?

  • Отбасын құру үшін адамдар қанша уақыт бірін-бірі білуі керек деп ойлайсыз?

  • Отбасын құру үшін ата-ананың келісімі керек пе?

2. Отбасын құру үйден алатын тәрбиеге негізделуін ескере отырып, үй бейнесін жасап шығару тапсырмасын беру.

Құралдар: түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы.



Дәйексөз

«Үйлену дегеніміз – өз құқыңның жартысын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз» деп А.Шопенгауэр айтқан ой-түйіндісін пысықтап, сабақтың тақырыбын түйіндеу.

Үй тапсырмасы.

«Отбасы – жеке тұлғаның болашаққа атанар тұғыры» тақырыбында эссе жазып келу.



ІV. Қорытынды бөлім

Соңғы тыныштық сәтi.

Музыка ойнайды. Көздерін жұмады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Тұла бойлары жақсылыққа толғанын сезінуге ұмтылады. Мәтін оқылады.



Балалар бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді көзімізді жұмып отырып, есімізге түсіріп, барлық жақсы әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Сіздерге көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет