«Өзін-өзі тану» пәнінен лекциялар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата19.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#487029
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Лекциялар

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негіздері.
ҚР «Білім туралы» заңында білім беру мазмұнына жалпы талаптар анықталған, олар мәдениеті 
өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті.
Болашақ қоғамның азаматы мыналарды меңгеруге міндетті: • дүниеге диалектикалық 
көзқарастың негізі болып саналатын белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелерін; • ана тілі мен 
ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-
ғұрыптары мен дәстүрлердің қайнар көзі болып табылатын рухани адамгершілік байлықты; 
өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әлеуметтік 
белсенділік көрсетуге, азаматтық, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз 
бетімен еңбек етуге дайын болуға. Қазіргі білім мазмұнын қалыптастырудың ортақ негіздеріне 
гуманитаризация, гуманизация, экологизация, дифференциация, интеграция, әлемдік және 
ұлттық мәдениет мұраларын кең қолдану, жаңа ақпараттық технологияларды кең пайдалану, 
көпкомпонентті, толыққанды оқыту үрдісінің шарты және нәтижесі ретінде шығармашыл жеке 
тұлғаны қалыптастыру жатады. Реформация үрдісі білім мазмұнын интеллектуалдық, 
моральдық, және рухани жетілуді жеке тұлғалық ізденуді жүзеге асырушы адам типін 
жобалайтын жаңа модель болып табылатын интеграциялауға негізделеді. Құндылықтар мәселесі 
қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға ұшырап, мәдени дәстүрлері құнсызданған 
кезде, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін 
өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстық 
кезеңдерінде өткір қойылып отырған. Әдеби шолуларға сүйенсек құндылықтар жіктелуі әртүрлі: 
философиялық тұрғыдан витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.); әлеуметтік 
(әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.); діни (Құдай, сенім ғұрып, 
шіркеу және т.б.); моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттік 
және т.б.) эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік, және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттік, 
ата заң, азаматтық еркіндіктер және т.б.) Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен 
сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді. Педагогикалық тұрғыдан 
рухани-адамгершілік құндылық тәрбие арқылы жүзеге асады. Негізінен рухани адамгершілік 
құндылықтар адам бойынан бастау алады. Себебі адам жаратылысы өмірге өзіне қарым-
қатынасы, тұрмыс тіршілігі саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп сараланып отырады.
Себебі рухани-адамгершілік құндылықтар адам жаратылысы, олардың өмірге қарым-қатынасы, 
тұрмыс тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезамі арқылы өлшеніп, сараланып отырады.
Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами қасиеттер және адам екендігі қоғам 
дамуында әрдайым дәлелденіп келген. Философиялық, педагогикалық, психологиялық 
әдебиеттерде тұлғаның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершілік құндылықтар төмендегі 
бағыттарда қарастырылған: Рухани-адамгершілік құндылықтар, тұлғаның өзін-өзі тануы және 
оның дамуындағы философиялық көзқарастар /Сократ, Әл-Фараби, Ж. Баласұғұни/. Тұлғаның 
өзін-өзі тануына қоғамның ролі және өзара қатынас сипаты туралы: /Я .А. Коменский, И. 
Песталоции, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сумомлинский, т.б./ . Қазақ тарихындағы 
ғұламалардың адам тәрбиесіндегі өзін-өзі тануы туралы ой-пікірлер А.Құнанбаев, Ш. 
Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, т.б./.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет