Әңгiмелеу.
Ана махаббаты
(Мысал әңгіме)
Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:
-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?
Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:
-Мынау- шырақ, ол — мен!
Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.
-Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?
- Жоқ!
-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.
Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…
Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!
Сұрақтар:
1.Балалар не себепті келісімге келе алмады?
2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай көрсетті?
3. Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?
Түйін:
-Сіздер шыр етіп дүниеге келгенде ата-анаңның қуанышында шек болмайды. Ал сіздер алғаш рет сәби жүректеріңмен анаңның аялы алақанын, мейірленген риясыз сүйіспеншілігін сезіндіңіздер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы риясыз сүйіспеншіліктен басталып, адам жанын нұрға , көңілін қуанышқа бөлейді.
|