Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)



бет5/10
Дата02.01.2022
өлшемі257.4 Kb.
#454263
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
жарқын өмір игілігі жақсылық

4.Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

"Жақсылық етсең өзіңе..." (аңыз әңгіме)
Бір қария ел ақтап, шаһардан шаһар кезіп, ұзақты күн қоржын артқан қашырының үстінде жүреді. Айтар сөзі, берер батасы: "Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе" деген мақал болса керек.
Күндердің күнінде есік алдына шығып тұрған еріккен кербез әйел келе жатқан қарияны көріп: "О, сұм неме, міне саған жақсылық та, жамандық та. Ал да же,арам қат!" деп у қосып пісірген бір таба нанды ұстата салады. Нанды қоржынына салып алған диуана ел ақтап, жұрттың қол қайырын алып жүре береді. Қария шаһардан шаһарға бет алып жүре береді. Жапан далада шұбап келе жатқан керуенді көреді. Керуен соңында жаяулар келеді.Керуен жақындай келе қарияның қасына келіп тоқтайды.
­ Жүрген жерің мейірімді, қайырымды болсын, ­ деп сәлем береді керуен басы.
­ Жүрер жол, басар тауың жеңіл болсын, ­деп қария жауап қатады. Керуен соңында азып­тозған аталы­ балалы екеу тұр екен.
­Ей, қария біздің күн қараң болды. Азық таусылды. Мына тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қарақшыларға тоналған аталы­ балалы екеуіне жүрек жалғар бірдеңе болса бер,­дейді керуен басы.Қайырымды қария қоржынынан бір таба нан алып екеуіне бөліп береді.Неше күн ашыққан олар нанды қомағайлана бастайды. Нанды жеп бола бере әуелі бала, одан кейін әкесі құлайды. Сол құлағаннан тіл бермейді. Неше күн, неше түн жол азабын бірге көріп жалғасып келе жатқан ер азаматтардың өлгендеріне көздері жеткен керуеншілер қарияны бас салып тепкілей бастайды.
Қарияны ауыз аштырмай сабай береді.

Бір мезет қария үн қатады:

-Уа, қайырымды адамзат, жазықсыз мені таяқтадыңдар, ел берген қайыр­садақаны алып жүре бердім. Кімнің не бергенін қайдан білейін.Бірақ мен осы таба нанды берген үйді білемін..
Ар жағын айтқызбай керуеншілер бастырмалатып кетеді:
­ -Жүр, баста бізді сол үйге.
Өліктерді артып алады. Қария керуеншілерді ертіп шаһардағы нан берген әйелдікіне келеді. Керуеншілер түйелерін шөгеріп, өліктерді түсіреді. Жүгіріп далаға шыққан әйел өліп жатқан өз күйеуі мен жалғыз баласын көріп,өз ісіне өзінің жаны күйзеледі. Ақыры іш құса болып өледі. Әйелдің зұлымдықпен жазықсыз жанға жауыздық жасамақ әрекеті өз алдына көр болып қазылады.
Міне, " Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе" деген мақал осыдан қалған екен.

Сұрақтар:

1.Әйел неліктен қарияға у қосылған нан берді?

2.Қарияның бойынан қандай қасиеттер көрініс тапты?

3.Жақсылық жасау кез-келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?

4.Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе" деген ұғым нені білдіреді?

5.Еш ойланбастан жақсылық жасаған кездерің болды ма?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет