Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқығанын өмірлік мақсатында жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.
Математикалық сауаттылық
1.ФУДЗИ ТАУЫНА ШЫҒУ
Фуджи тауы Жапониядағы белгілі сөнген жаңартау болып табылады.
1-сұрақ: ФУДЗИ ТАУЫНА ШЫҒУ
Фуджи тауы жыл сайын 1-ші шілдеден 27-ші шілдеге дейін ғана адамдар үшін ашық. Осы уақытта Фуджи тауына шамамен 200 000 адам көтеріледі. Фуджи тауына күніне орта есеппен шамамен қанша адам көтеріледі?
A) 340
B) 710
C) 3400
D) 7100
E )7400
Математикалық аймағы: сандық
Мәнмәтін: әлеуметтік
Әрекет түрі: талдау
Сұрақ түрі: жабық
Деңгей: 3
Жауабы: С
2. БАКТЕРИЯЛАР
Жер бетінде мекендейтін өте ұсақ тірі организмдер – бактериялар. Алғаш рет голландиялық натуралист Антони ван Левенгук бактерияларды оптикалық микроскоп арқылы көрген және 1676 жылы сипаттаған, ол оларды "анималькули" – микроскопиялық тіршілік деп атады. "Бактериялар" атауын 1828 жылы Христиан Эренберг енгізген. Бактериялар бөліну арқылы көбейеді - әр секунд сайын әр бактерия екіге бөлінеді, өз кезегінде олар тағы секундына екі еселенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |