Пайдаланушының басшылығы



бет9/34
Дата27.03.2024
өлшемі3.78 Mb.
#496616
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
LEGO EV3

EV3 тетіктері
Түс тетігі


Түс тетігі - бұл, тетіктің бет жағындағы шағын терезеге түсетін, жарықтың жарқындығы немесе түстерді анықтай алатын, сандық тетік. Бұл тетік, үш түрлі режимде жұмыс істей алады: «Түс» режимінде, «Шағылысқан жарық жарқындығы» режимінде және «Сыртқы жарықтану жарқындығы» режимінде.


«Түс» режимінде түс тетігі, жеті түсті ажырата алады: қара, көк, жасыл, сары, қызыл, ақ және қоңыр, сонымен қатар түссіздікті. Бұл, түсті ажырату қабілеті, сіздің роботыңыздың түсті доптар мен кубиктарды сұрыптап, өзінің тапқан түстерінің атауларын атап немесе қызыл түсті көріп әрекетін тоқтататындай етіп бағдарламаланылуы мүмкін екендігін білдіреді.


«Шағылысқан жарық жарқындығы» режимінде түс тетігі, қызыл түс шығаратын шамнан шағылысқан жарықтың жарқындығын анықтайды. Тетік, 0 ден (өте қараңғы) 100 дейінгі (өте ашық) шкаласын қолданады. Бұл, сіздің роботыңыздың қара сызық пайда болғанша ақ қабатпен қозғалып немесе идентификациялық карточкасын түсті кодпен түсіндіретіндей етіп бағдарламалануы мүмкін екендігін білдіреді.


«Сыртқы жарықтандыру жарқындығы» режимінде түс тетігі, қоршаған ортадан терезеге кіретін, мысалы күн сәулесі немесе шам сәулесінің жарық күшін анықтайды. Тетік, 0 ден (өте қараңғы) 100 дейінгі (өте ашық) шкаласын қолданады. Бұл, сіздің роботыңыздың таңертең күн шыққанда белгі беріп немесе егер жарық сөнсе әрекетін тоқтататындай бағдарламалануы мүмкін екендігін білдіреді.
Түс тетігін іріктеу кеңістігі 1 кГц/с құрайды.
«Түс» немесе «Шағылысқан жарық жарқындығы» режимін таңдау кезінде нақты дәлдік үшін, тетікті дұрыс бұрышта, зерттелуші қабатқа жақын, бірақ оған тимей ұстау қажет.
Қосымша ақпарат, EV3 бағдарламалық қамтамасыз етудің «Анықтама» мәзірінде «Түс тетігін пайдалану» бөлімінде келтірілген.
11 бет
«Сыртқы жарықтандыру жарқындығы» режимі
«Шағылысқан жарық жарқындығы» режимі
«Түс» режимі
Түс тетігі
EV3 ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет