Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі



бет7/8
Дата07.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#181975
1   2   3   4   5   6   7   8
заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

392. Кәсіпшілік аумағында мұнай шлам қамбаларын орналастыруға рұқсат етілмейді, бар шлам жинақтағыштардың ішіндегісі қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатады, кейіннен жойылған қамбалардың аумағындағы жер қайта қопсытылады.

393. Жер қойнауын пайдаланушы жерасты суларының жағдайына инженерлік ұңғымалар желісі арқылы (кен орнының периметрі бойынша), сондай-ақ шлам жинақтағыштары орналасқан ауданда бақылауды жүзеге асырады.



 

 

3. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру кезінде жер қойнауын



ұтымды және кешенді пайдалану

 

 

3.1. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау

 

394. Жер қойнауы пайдаланушы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу кезінде мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

геологиялық барлау жұмыстарын жобалау құжаттарына және келісімшарттың жұмыс бағдарламасына қатаң сәйкестікте жүргізуі;

геологиялық барлау жұмыстарының барлық кезеңінде келісімшарттың аумағы шектерінде барлық пайдалы компоненттерін зерттеу кешенділігі;

геологиялық барлау жұмыстары кезенділігін жүргізу дәйектілігі;

зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісіне сәйкес барлау әдісін таңдау, барлау желісінің тығыздығы және барлаудың таңдалған техникалық құралдарының оңтайлайлығы;

геофизикалық зерттеу, пайдалы қазбаларды сынамалау деректерінің дұрыстығы және олардың мерзімділігі (атызды, кернді, шламды);

сынама алу тәсілдерінің негіздемесі, алу әдістері, талдау жұмыстарының сапасы;

барлау деректерінің, сынамаларды алу және өңдеу, талдау жұмыстарының сапасын бақылау нәтижелерінің сенімділігі;

барлық келісімшарт аумағындағы геологиялық зерттеудің толықтығы және минералдану ауқымының байқалуы;

пайдалы қазбалардың сапасын және технологиялық қасиеттерін негізгі және ілеспе пайдалы қазбалардың және оның компоненттер кешенін анықтаумен жан-жақты зерттеу;

геологиялық құжаттаманың орындалу уақытылылығы мен сапасы (сынамалау жоспарлары, геологиялық карталары және олардың тілімдері, кенді денелердің, аймақтардың геологиялық контурларын енгізу, тау-кен барлау қазылымдарының суреттемесі);

келісімшарт талаптарына сәйкес келісімшарт аумағын қайтарудың уақытылығы.

395. Сынама алу геологиялық барлау жұмыстарын және сынама алуды жүзеге асырушы негізгі ұйымның тиісті геологиялық құжаттамасымен сүйемелденеді.

396. Ішкі және сыртқы геологиялық сынамалау бақылауын жүргізу кемінде тоқсанына бір рет жүзеге асырылады.

397. Іздестіру-бағалау жұмыстары кезінде минералдық-технологиялық және кіші технологиялық сынамаларды алуға рұқсат етіледі.

398. Кенорындарында, кендердің бірнеше өнеркәсіптік түрлері болған кезде технологиялық сынаманы алу және оларды зерттеу кеннің әр түріне жеке жүргізіледі.

399. Барлау жұмыстарын жүргізу минералдық шикізаттың ақталмаған шығындарын және оның сапасын төмендетуді жоятын әдістермен және тәсілдермен жүзеге асырылады.

400. Барлау жүргізу процесінде өткен барлық барлау қазылымдары құжаттанады. Геологиялық құжаттамада жер қойнауын сенімді зерттеу үшін қажетті барлық дәлелдер көрсетіледі.

401. Бағалау жұмыстары процесінде белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген жобалық құжаттардың негізінде кенорнын тәжірибелік-өндірістік пайдалануды жүргізуге рұқсат етіледі.



 

 

3.2. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру



 

402. Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік сараптамасын өткізгеннен кейін ғана өндіруді бастауға құқылы. Пайдалы қазбалардың барланған қорларын игеру пайдалылығы туралы мемлекеттік сараптаманың қорытындысы мемлекеттік есепке алудың негізі болып табылады.

403. Жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:



лицензиялық келісімшарт талаптары мен бекітілген жобалау құжаттары шешімдерінің орындалуын;

келісімшарт аумағы шектерінде игеруге жататын жер қойнауынан барлық пайдалы қазбалардың барынша және экономикалық мақсатты алынуын;

өндірістік маңызы бар оқшауланған кенді денелерді, қаттар мен шоғырларды игеру мүмкіндігін;

кенорыны қорын оларды өңдеу қиындығына әкелетін қауіпті техногендік процестердің білінуінен, өндірістік бағасының төмендеуінен, пайдалы қазбаларды алу толықтығы мен сапасының төмендеуінен қорғауды;

кенорнын игеру кезінде жер қойнауынан алынған және қалған негізгі және бірге астасқан пайдалы қазба қорларының, минералдық шикізат және өндіріс қалдықтарының анық есебін;

пайдалы қазбаларды өндірудің және кен өңдеудің барлық кезеңдерінде жер қойнауының минералдық ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануын;

бай учаскелерді іріктеп игеруге жол берместен пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алудың толықтығын қамтамасыз етуді;

пайдалы қазбалар қорларының аршылған, дайындалған және алуға дайын нормативтерінің сақталуын;

өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және орналастыру кезінде олардың су жинау алаңдарында және пайдалы қазбаларға астасқан жерлерінде жиналуын болғызбау мақсатында экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды;

пайдалы қазбалар қорларының шамасын және құрылымын сенімді бағалау үшін жер қойнауын алдын ала геологиялық зерттеудің толықтығы;

кенорынын игеру кезінде бекітілген сапасының сақталуын қамтамасыз етеді.

404. Болашақта олардың алынуы кезінде қиындықтарды, осы қорлардың толық немесе ішінара жоғалуын туындататын пайдалы қазбалар қорларының қалуына жол берілмейді.

405. Көп компонентті минералдық шикізатты оны кешенді пайдалануды қамтамасыз етпей-ақ өңдеуге жол берілмейді.

406. Өндірілген пайдалы қазбалардың геологиялық және маркшейдерлік көлемі және сапасының деректерін, өңдеу өндірісінің есептік деректері бойынша түзетуіне жол берілмейді.

407. Аршу және дайындау-кесу жұмыстарын жүргізудің таңдап алынған тәсілдері, көлемдері мен мерзімдері аршылған, дайындалған және алуға дайын қорларының белгіленген нормативтерін қамтамасыз етуі тиіс.

408. Аршу және дайындау тау-кен қазылымдарын жүргізу кезінде пайдалы қазбаларды қоса өндірумен жер қойнауын пайдаланушы:



бірге астасатын түрлі сортты, түрлі сапалы және түрлі типтегі пайдалы қазбалардың жеке алуын жүргізеді;

оларды өндіру мен шығындарының есебін жүргізеді;

өндірілген пайдалы қазбалардың тұтынғанға дейін бөлек жиналуын және сақталуын қамтамасыз етеді.

409. Кенорнын (шахта алаңын) аршу және игеру процесінде пайдалы қазбалардың балансты және баланстан тыс қорларымен оған жанасқан дене учаскілерінің (қаттар, кен шоғырлары) бүлінуіне жол берілмейді.

410. Пайдалы қазбалардың алуға дайын қорларының көлемі мен сапасының, пайдалану шығындарының және құнарсыздануының нормативтері алыну бірліктері бойынша белгіленуі тиіс.

411. Кенорнын барлық тау-кен дайындау қазылымдарын игеруге дайындау кезінде пайдалы қазбалардың сақталуын және алыну толықтығын, сондай-ақ тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ашық қазба жобалау шектемесіне жанасатын жерлерінде жүргізіледі.

412. Кенорнын ашық және жерасты тәсілімен құрамдастырып игеру кезінде пайдалы қазбалардың негізделмеген шығындарының алдын алу және тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жобалау құжаттарында көзделген арнайы іс-шаралар әзірленуде.

413. Өндіру жұмыс процесінде жер қойнауын пайдаланушылар:



пайдалы қазбалардың алуға дайын қорларының көлемі мен сапасының, пайдалану шығындарының және құнарсыздануының нормативтері алыну бірліктері бойынша белгілейді;

тазарту оқпантүптерінде жүйелі геологиялық қадағалау жүргізеді және тау-кен жұмыстарын жедел басқару үшін уақытылы геологиялық болжауды қамтамасыз етеді;

өндіру және шығындар нормативтерінің есебін әр алыну бірлігі бойынша жүргізеді;

пайдалы қазбалардың уақытша белсенді емес қорларының құрылуына, қосылатын таужыныстарының контактілерінде және кіші қалыңдықты дене учаскілерінде (шоғырларда, қаттарда) шығындарға жол берілмейді;

нормативтен жоғары шығындарды және құнарсыздануды болдырмау жөнінде іс-шараларды әзірлейді және жүргізеді;

жұмыстарды жобалау құжаттарының күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізеді;

өндірістік барлауды және сынамалауды жүргізеді;

жобада көзделген шоғыр, тау-кен қазылымдарының орындарын, сақтандырғыш тұтаспасын, технологиялық өтімділік жүйесінің бағыттары мен өлшемдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

сынамалауға геологиялық бақылау жүргізеді (сыртқы және ішкі бақылау), бұл ретте сыртқы бақылауды тоқсан сайын сынамалаудың жалпы көлемінен 5% кем болмауы тиіс көлемде жүзеге асырылуы тиіс;

тау массиві, геологиялық-тектоникалық бұзылыстар және кенорнын игеру кезінде туындаған басқа да құбылыстардың жағдайына үнемі бақылау жүргізеді.

414. Өндіру (тазарту) жұмыстарын жүргізу кезінде тыйым салынады:



пайдалы қазбалар баланстық қорларын негізделмеген шығындарына әкелетін кенорнының мол немесе жеңіл алынатын учаскілерін іріктеп игеруге;

пайдалы қазбалар қорларының оларды болашақта алу кезінде қиындық тудыратын осы қорлардың толық немесе жартылай жойылу шығындарының қалуына;

пайдалы қазба қорларының олардың шығындарына әкелетін кеулеуіне;

нормативтен жоғары шығындар мен құнарсыздануына;

алыну бірліктерінің белгіленген мерзімдерінің бұзылуына.

415. Кенорнын аршу, дайындау және өндіру жұмыстары, оның ішінде тәжірибелік-өндірістік өндіру жобалау құжаттарына қатаң сәйкестікте жүргізілуі тиіс.



Тау-кен геологиялық және тау-кен техникалық жағдайларының өзгеруі кезінде жобалау құжаттарына уақытылы және белгіленген тәртіпте тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

416. Кенорнын игеру жобасы кен өндіру ұйымымен, пайдалы қазбалардың бекітілген қорларының және белгіленген тәртіппен берілген тау-кен бөлігі актісінің болуы кезінде әзірленеді.



Кенорнын игеруге жобалау құжаттарында:

жерүсті және жерасты құрылыстарының орналасуы; пайдалы қазбалар кенорнын аршу тәсілдері мен игеру жүйесі; негізгі балансты және солармен бірге астасатын пайдалы қазбалар қорларын жер қойнауынан ең толық, кешенді алуды, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік процестерді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын қолдану;

келісімшарттық аумақ шектерінде кенорны қорларын толық игергенге дейінгі мерзімде пайдалы қазбалардың өндіру көлемдерімен және сапалық көрсеткіштерімен тау-кен жұмыстарының күнтізбелік кестесі;

шығын және құнарсыздану нормативтерінің негіздемесі;

уақытша белсенді емес қорлары, олардың түзілу себептері және олардың белгіленген жою мерзімдері туралы мәліметтер;

пайдалы қазбалар қорларының аршылған, дайындалған және алуға дайын нормативтерінің негіздемесі;

жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алудың ұтымды деңгейін қамтамасыз ететін алыну бірліктерінің қолайлы өлшемдерінің негіздемесі;

жер қойнауындағы немесе кейіннен оларды өндірістік игеру үшін баланстан шектелген қорларын сақтау;

құрылыс материалдарын өндіру үшін құрылыс материалдары немесе шикізат ретінде тау-кен қазылымдарын толтыру үшін өндірістің қатты қалдықтарын пайдалану мүмкіндігі;

сапасыз өңдеу өнімдерін және өндіріс қалдықтарын оларды кейіннен пайдалану мақсатында бөлек қатпарлануы;

үйінді өнімдерімен аз шығындарын қамтамасыз ететін негізгі пайдалы компоненттерді оңтайлы алу;

ең жоғары тік алынуын қамтамасыз ететін концентраттардағы пайдалы компоненттерінің оңтайлы құрамын анықтау;

ілеспе компоненттерін бөлек өнім түрлеріне бөлу;

минералдық шикізатты, оның өңдеу технологиясын басқару және тиімділігін арттыру мақсатында жүйелі сынамалау;

жер қойнауын, техногендік минералдық түзілімдерді геологиялық зерттеу (егжей-тегжейлі және өндірістік барлау) геологиялық және маркшейдерлік жұмыспен қамтамасыз ету;

сорғытқы суларды, аршу және жанас жыныстарды ұтымды пайдалану;

өндірістік қалдықтарды зиянсыз ету немесе көму;

жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстардың зиян келтіруінен, өндірістік персоналдың және тұрғындардың, ғимараттардың және құрылыстардың, қоршаған орта объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар;

жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою және бұзылған жерлердің қайта өңдеу жөніндегі шаралар;

пайдалы қазбалар шығындарын алдын алу жөніндегі іс-шаралар;

өндірілген және өңделген минералдық шикізат көлемі мен сапасының сенімді есебі бойынша техникалық құралдар және іс-шаралар, сондай-ақ олардың шығындары мен өндірістік қалдықтары қарастырылады.

Қабылданатын техникалық шешімдер тиісті кесте құжаттарымен сүйемелденеді.

Жер қойнауын пайдаланушыға лицензияның немесе келісімшарттың талаптарымен ұсынылған пайдалы қазбалар қорларын жер қойнауында қалдыруға тыйым салынады.

417. Олардың өнеркәсіптік маңызының жойылуына немесе толық жоғалуына әкелетін кенорындарының, кенді денелердің және шоғырлардың ең мол жерлерін және жеңіл жететін учаскелерін іріктеп игеруіне әкелетін аршу және игеру жүйесінің нұсқаларына жол берілмейді.

418. Егер пайдалы қазбалардың баланстық қорларының, негізгісімен бірге астасатын игеруі жобада көзделмесе, құзыретті органның келісімі бойынша пайдалы қазбалармен бірге астасатын өндіру және оларды келешекте пайдалану үшін арнайы үйінділерге қатпарлау тәртібі мен жағдайын қарастыратын негізгі жобаға толықтыру әзірленеді.

419. Екі және одан көп жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбалардың ірі кенорындарын игеруге, негізгі және бірге астасатын пайдалы қазбалар қорларын жер қойнауынан ең толық алуын, сондай-ақ бірге өндірілетін және уақытша пайдаланбайтын пайдалы қазбалардың есебі және сақтау бойынша шараларды қамтамасыз ететін кенорнын шахталық (ашық қазба) алаңдарына тиімді бөлуді, шахталық (ашық қазба) алаңдарын құру және іске қосу кезектілігін қарастыратын кенорнын игерудің кешенді жобасы әзірленіп жатыр.

420. Тәжірибелік-өндірістік игеру жобасы мыналарды қамтуы тиіс:

осы учаскеде пайдалы қазбалардың кенорны бойынша орташасы негізгісінен жоғары болмайтын құрамымен жұмыс жүргізу үшін беру учаскесін таңдауды;

тау-кен геологиялық жағдайлары мен минералдық шикізат сапасы туралы қосымша деректерді әзірлеу және алу процестерін бақылау бойынша зерттеулер кешені;

сынамаланатын технологияның тиімділігін бағалау үшін қажетті тәжірибелік-өндірістік игеру ұзақтығын;

тәжірибелік-өндірістік игеру технологиясын;

технологиялық жабдықтарға, машиналар мен механизмдерге қажеттігін;

тәжірибелік-өндірістік игеру кезінде пайдалы қазбаларды өндіру көлемін;

тәжірибелік-өндірістік өндірудің болжанатын технологиялық және экономикалық тиімділігі.

Тәжірибелік-өндірістік өндіру көлемі мен мерзімдері жер қойнауының алдын ала мемлекеттік сараптамасының нәтижелері бойынша белгіленеді.

421. Жобалау құжаттарының негізінде әр алу бірлігіне, олардың игеруіне жергілікті жоба әзірленуде. Алу бірлігін игерудің жергілікті жобасы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшілерімен келісіледі.

422. Алу бірлігінің локальдық жобасында техника-экономикалық есептер мыналарға негізделеді:

алу бірлігінің оңтайлы өлшемдері, пайдалы қазбалардың шығын және құнарсыздану нормативтері, алыну бірлігінің шекті игеру мерзімдері;

қажетті толықтығын және сенімділігін қамтамасыз ететін пайдалы қазбаларды белгілеу әдістері мен өндіру есебі.

Пайдалы қазба қорларының жағдайын және жылжу есебін, шығындар және құнарсыздану көрсеткіштерінің нақты орындалуын және тау-кен жұмыстарының жағдайы көрініс табатын әр алу бірлігіне паспорт жүргізіледі.

Өндіру есебі әр алу бірлігі бойынша жүргізіледі.

423. Игеру жобалары:



кенорнының немесе оның жекелеген учаскелерінің геологиялық, технологиялық ерекшеліктерін нақтылау және қорларды олардың зерттелу дәрежесі бойынша ең жоғары санаттарына аударуды;

тапсырмаларды орындау үшін қажетті геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстарды жүргізу және зерттеу әдісі мен технологиясын;

пайдалы қазбалар қорларының болжанатын өсімін қарастыратын кенорнын толық барлауды қосуы мүмкін.

424. Кенорындарын игеру кезінде жер қойнауын, тау-кен қазылымдарын, ойық және үйінді еңістерін, топырақтардың және кентіректердің жағдайын, олардың деформациясын уақытылы анықтау, қызмет көрсету өлшемдері мен мерзімдерін белгілеу, пайдалы қазбалар шығындарын азайту мақсатында, сондай-ақ тау-кен жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі қадағалау жүргізіледі.

425. Өндіру жұмыстары геологиялық және маркшейдерлік қызметтермен сүйемелденеді:

толық көлемде және сапалық деңгейде белгіленген геологиялық және маркшейдерлік құжаттарды жүргізеді;

тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалы қазбаларды толық және сапалы алу көрсеткіштерінің есебін және шынайылығын бағалауды жүргізеді;

пайдалы қазбаларды ұтымды және кешенді пайдалануды, тау-кен жұмыстарын тиімді және қауіпсіз жүргізуді, тау-кен игеру әсерінен ғимараттарды және құрылыстарды қорғауды қамтамасыз ету үшін маркшейдерлік жұмыстарды жүргізеді;

жерүстінің, тау жыныстары массивінің қозғалуы және ашық қазба жағалауларының тұрақтылығына бақылау жүргізеді;

қорлардың жағдайын және қозғалуының, шығындар мен құнарсыздануының, сондай-ақ бірге өндірілетін пайдалы қазбалардың және пайдалы компоненттері бар өндірістік қалдықтардың есебін қамтамасыз етеді;

кен қазылымдарын түсіру және өлшеу, қазу қуаттарының, жарылған кен салмағының көлемі мен санының есебін қамтамасыз етеді;

әр алу бірлігі бойынша өндіру және шығын есебі кітабын жүргізеді, бастапқы мәліметтерді анықтау бойынша геологиялық-маркшейдерлік жұмыстардың барлық түрлерін үйлестіреді және бағалайды;

келісімшарт аумағы шектерінде пайдалы қазбалардың астасатын алаңдарында, өз еркімен құрылыс салуына жол берілмейді.

Өндіру кезіндегі жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу көрсеткіштері есебінің уақытылылығы мен шынайылығына жауапкершілік жер қойнауын пайдаланушыға жүктеледі.

426. Бекітілген қорлармен және игеру кезінде алынған нақты мәліметтердің айырмашылығы болған жағдайда барлау мен өндіру салыстыру материалдары жер қойнауының мемлекеттік сараптамасына ұсынылады.

427. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың, әр жылдың бірінші қаңтарындағы жағдайы бойынша қорлардың алғашқы және жиынтық есебі негізінде қорлардың жылсайынғы есептік балансы жасалады. Оған, қорлардың, олардың өсу нәтижесінде өзгеруін, сондай-ақ өнеркәсіптік маңызын жоғалтуы ретінде немесе кейінгі геологиялық барлау жұмыстарында және кенорнын игеруде расталмаған шығынға жазуды негіздейтін материалдары қоса беріледі.

428. Негізгі және олармен бірге астасатын пайдалы қазба қорларының және оның ішіндегі құрамдастарын зерттеу дәрежесі бойынша жоғары санаттарына өсуі және ауыстыруы, олардың нақты геологиялық материалдары бойынша есептелгені негізінде жүргізіледі және белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітіледі.

429. Барлық техногендік минералдық түзілімдер, қалдықтар және өңдеу өнімдері (қалдық және шламқоймалары, таусылған кен, таужынысы, қойыртпақ үйінділері және тағы басқалары), белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес паспорттауға және есепке алуға жатады.

430. Өңдеуге белгіленген минералдық шикізаттардың ұтымды және кешенді пайдалануына қойылған талаптар:



өңдеуге жоспарланған минералдық шикізат жүйелі сынамаланады. Әр технологиялық сынамаға, алыну жөнінде акт жасалады және паспорт толтырылады;

өңдеу кәсіпорнына түсетін әр минералдық шикізат партиясы технологиялық түрлері, сорттары және ондағы негізгі және ілеспе компоненттерінің құрамы бойынша бөлумен шикізаттың саны мен сапасын көрсетумен сертификаты (паспорты) болуы тиіс;

өңдеу кәсіпорынына минералдық шикізаттарды жеткізудің тәртібі және ырғақтылығы, алдын ала теңелетінін немесе араластыруын жүргізу үшін қажетті қор құру көздейді;

өңдеу кәсіпорынына түсетін бастапқы шикізат көлемін анықтау өлшеумен жүзеге асырылады.

431. Көп құрамды минералдық шикізатты оны пайдалануды кешенді қамтамасыз етпестен өңдеуге тыйым салынады, егер ол жобада көзделмесе.

432. Егер қолданылатын технология өңдеудің басқа тәсілдерін қолдану кезінде мүмкін болатын алу деңгейін қамтамасыз етпесе, пайдалы компоненттердің (пайдалы компоненттердің) жоғары құрамымен минералдық шикізаттарды, концентраттарды, жартылай өнімдерді өңдеуге тыйым салынады.

433. Минералдық шикізатты өңдеу кәсіпорыны түсетін шикізаттың есебін, барлық өңдеу өнімдері мен қалдықтары бойынша шығындарды және компоненттерін үйлестіруге бақылау жүргізеді.



Деректердің сенімділігі технологиялық және тауарлық баланстарды құру арқылы тексеріледі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет