Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Дәуіт пен Сүлейменді, екеуі бір адамдардың қойы түнде



Pdf көрінісі
бет220/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Дәуіт пен Сүлейменді, екеуі бір адамдардың қойы түнде 
егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық. 
Сонда оны Сүлейменнің көкейіне салдық. Негізінен, 
әрқайсысына үкім мен білім бердік»
1
, – деген. 
Сондай-ақ Дәуітке бір күні балаға таласқан екі әйел келеді. 
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Екі әйел балаларын өздерімен бірге алып жүрген кезде 
қасқыр шауып, бірінің баласын алып кетеді. Сонда олар екінші 
балаға таласып, үлкен әйел: «Қасқыр сенің балаңды алып 
кетті», – дейді. Ал кішісі: «Керісінше, сенікін алып кетті», – 
деп, Дәуіттен үкім сұрап келеді. Дәуіт үкімді үлкен әйелдің 
пайдасына шешеді. Сонда Сүлеймен: «Маған қанжар 
әкеліңдер, оны екеуіңе бөліп берейін», – дейді. Сол кезде кіші 
әйел: «Аллаһтың рақымы жауғыр, бала соныкі», – деп 
шырқырайды. Сөйтіп, Сүлеймен баланы кіші әйелге алып 
берді»
2
, – деп айтқан. 
Сүлейменнің әуесі 
Сондай-ақ Сүлейменнің сүйіп айналысатын бір әуесі – 
арғымақтар ұстау еді. Ол сарайында бір аяғын көтеріп, үш аяқтап 
тұратын асылтұқымды, ұшқан құс, жүгірген аңмен жарысатын 
өте жүйрік сәйгүліктерді жарататын. Сүлеймен бір күні 
арғымақтарын тамашалап тұрып, күннің қалай батқанын білмей 
1
«Әнбия» сүресі, 78-79 аяттар. 
2
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 


255
 
 
қалады. Ол осылай сәйгүліктерін қызықтап жүріп, ғибадат 
уақытын өткізіп алған-ды. Аллаһ тағала мұны Құранда:
«Бір кеште оған жүйрік сәйгүліктер көрсетілді. Сонда ол: 
«Расында, мен (күн) батқанша жылқыны Раббымды еске 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет