Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


алудан жақсы көріппін. Оларды маған қайта әкеліңдер», –



Pdf көрінісі
бет221/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

алудан жақсы көріппін. Оларды маған қайта әкеліңдер», – 
деді. Сөйтіп, (сәйгүліктердің) аяқтары мен мойындарын сипай 
бастады»
1
, – деп баяндалған. 
Осыдан кейін Сүлеймен арғымақтармен әуестенуді қойған
Аллаһ тағала оған оның орнына желді бағындырды. 
Құмырсқа оқиғасы 
Сүлеймен жайлы Құранда баяндалған қызық хикаялардың бірі 
– құмырсқа оқиғасы. Аллаһ тағала: 
«Сүлейменге жын мен адамзаттан және құстардан болған 
әскерлері жиналып, (өз орнынан алдыға шығып кетуден) 
қайтарылған күйлерінде жүрді. Олар құмырсқалар (мекен 
ететін) бір алқапқа келгендерінде, бір құмырсқа: «Ей, 
құмырсқалар! Індеріңе кіріңдер. Сүлеймен мен оның 
әскерлері байқамаған күйлерінде сендерді басып-жаншып 
кетпесін», – деді. Сонда (Сүлеймен) оның сөзіне езу тартып 
күлді де: «Раббым! Маған өзіме және ата-анама берген 
игілігің үшін шүкірлік етуіме, Өзің разы болатын ізгі амал 
істеуіме түрткі сал. Әрі мені Өз мейіріміңмен ізгі 
құлдарыңның арасына кіргіз!» – деді»
2
, – деген. 
1
«Сад» сүресі, 31-33 аяттар. 
2
«Нәмл» сүресі, 17-19 аяттар. 


256
 
 
Сүлеймен және Билқис 
Сондай-ақ Сүлейменге қатысты қызықты Құран хикаясы – 
Сүлеймен мен Билқис патшайым жайында. Бұл қисса «Нәмл» 
сүресінде баяндалады. 
Бір күні Сүлеймен адамдардан, жын-перілер мен аң-құстардан 
тұратын бүкіл әскерінің жиналуына бұйрық береді. Жиылысқа 
һудһуд келмей қалып, Сүлеймен: «Құстарды түгендеді де: 
«Һудһудты неге көрмеймін немесе ол жоғалып кетті ме?» – 
деді». Кешіккен соң, оған іздеу салып: «Расында, мен оған ауыр 
азап көрсетемін, не оны бауыздаймын немесе маған бір анық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет