231
салауаттылығына Аллаһ тағала Өзі тікелей араласып отыр.
Оларға рақымсыз ұлдың орнына ізгі перзент сыйлады,
балаларына арналған қазынаның сақталуын кепілдігіне алды.
Демек, Аллаһ тағала ізгі ата-ананың шарапатын перзенттеріне тек
көздері тірісінде ғана емес, көз жұмған соң да тигізеді екен.
8. Қыдыр иелік еткен бұл ілім – оған Аллаһ
тағала дарытқан
ғайып ілім. Оның қазіргі сопылардың айтып жүрген ілімімен үш
қайнаса сорпасы қосылмайды. Өйткені ғайып ілімі тек
пайғамбарларға ғана Аллаһ тағала тарабынан беріледі.
232
ЮШАҒ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Қасиетті соғыс
Мұсадан кейінгі ұлы пайғамбарлардың
қатарында Дәуіт пен
Сүлеймен тұрады. Исраилдіктерге Дәуіт пайғамбар келгенге
дейінгі аралықта көптеген оқиғалар болып өтті. Һарун мен Мұса
дүниеден өткенде, исраилдіктер
әлі Синай мен Палестинаның
арасында босып жүрген-ді. Өйткені оларға Құдысқа кіру қырық
жылға харам етілген болатын:
«Енді оларға ол жер шынайы түрде қырық жыл харам
етілді. Олар сол жерде сандалып жүреді»
1
.
Мұса мен Һарун дүниеден өткен соң, Исраил қауымын Юшағ
ибн Нун деген кісі басқарды. Юшағ Юсуфтың ұрпағынан еді.
Оған Құранда Мұса мен Қыдырдың әңгімесінде сілтеме
жасалған.
«Сол уақытта Мұса жігітіне»,
«Екеуі ілгерілеп
Достарыңызбен бөлісу: