Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


мына ер кісі қайдан кірген?! Аллаһпен ант етемін!



Pdf көрінісі
бет215/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

мына ер кісі қайдан кірген?! Аллаһпен ант етемін! (Мұны) 
Дәуітке айтармыз», – дейді. Ұзамай Дәуіт келсе, ауланың 
ортасында бір ер кісі тұр екен. Дәуіт оған: «Сен кімсің?» – деп 
сұрайды. Ол: «Мен – сондай патшалардан қаймықпайтын, 
кедергілерде тосылмайтын біреумін», – деп тіл қатты. Сонда 
Дәуіт: «Аллаһпен ант етемін! Онда сен – өлім періштесісің. 
Аллаһтың әміріне қош келдің!» – дейді. Сосын рухы 
алынғанша сонда қалды. (Сүлеймен оны) жуып, кебіндеп, 
арулап болған кезде күн шығып кетті. Сонда Сүлеймен 
құстарға: «Дәуітке сая болыңдар», – деді. Құстар жер 
қараңғы тартып кеткенше көлеңкеледі. Сол кезде Сүлеймен 
құстарға: «Қанаттарыңды жиыңдар», – деді», – деген. Хадисті 
риуаят етуші Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ 
елшісі (с.а.с.) құстардың әрекетін көрсету үшін бір қолын қағып, 
бір қолын жиды», – деген
2

Аллаһтың пайғамбары Дәуіт осылай дүниеден өтті. Оған 
Аллаһтың сәлемі болсын! 
1
Хадисті Ахмад жеткізген. 
2
Хадисті Ахмад риуаят еткен. 


249
 
 
Дәуіттің қадір-қасиеттері 
Дәуіт өте ғибадатшыл еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһқа 
ең сүйікті намаз – Дәуіттің намазы. Сондай-ақ Аллаһқа ең 
сүйікті ораза да – Дәуіттің оразасы. Ол түннің жартысын 
ұйықтап, үштен бір бөлігінде намаз оқып, алтыдан бір 
бөлігінде тағы ұйықтайтын. Бір күн ораза ұстап, бір күн 
аузын ашып жүретін», – деген
1

Әрі ол өте ержүрек, батыр кісі-тұғын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
оның ержүректігі жайлы: «(Дұшпанға) бетпе-бет келсе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет