104
Оларды сүйіншілеп үш періште: Жәбірейіл (аләйһис-сәләм),
Микаил (аләйһис-сәләм) және Исрафил (аләйһис-сәләм) түсті.
Аллаһ тағала оларға Луттың қауымын жоюды бұйырған еді. Олар
жолай алдымен Ибраһимнің үйіне адам кейпінде келді. Ибраһим
өте қонақжай еді, үйіне қонақ келсе, қуанатын. Сондықтан да ол
Әбу Дифан (қонақтардың атасы) деп аталған. Ол өзіне қарай келе
жатқан адамдарды көрді. Олар келіп сәлем берді. Ибраһим де
олармен
сәлемдесіп, таңырқап тұрып қалды.
Өйткені олар бөгде
болатын әрі олардан ұзақ жол
басып келгендіктің әсері
білінбейтін, мініс көліктері де жоқ еді. Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: