ол оларды (бұйрықтарды) толық орындады. «Ақиқатында сені
адамдарға жолбасшы етемін», – деді. Ол: «Менің ұрпағымнан
да», – деді. (Аллаһ): «Менің уәдем (ұрпағыңдағы) әділетсіздерге
қатысты емес», – деді. Сол кездері Үйді (Қағбаны) адамдар
үшін орталық әрі бейбітшілік орны еттік. «Ибраһимнің
мақамынан (орнынан) намаз оқитын орын етіп алыңдар». Біз
Ибраһим мен Исмаилден: «Екеуің Үйімді (Қағбаны) тауап
етушілер,
(онда)
ғибадат
етіп
отырушылар,
рукуғ
жасаушылар және сәжде қылушылар үшін тазалаңдар» (деп)
1
Хадисті әл-Бұхари, әт-Тирмизи және Ахмад жеткізген.
2
«Хаж» сүресі, 26-аят.
107
уәде алдық. Сол кездері Ибраһим: «Раббым! Бұл қаланы
бейбіт ет әрі оның тұрғындарынан кім Аллаһқа және ақирет
күніне иман келтірсе, (оларды) жемістермен ризықтандыр», –
деді. (Аллаһ) : «Кәпір болғандарды да, аздап пайдаландырып,
кейін оны тозақ азабына мәжбүр етемін. Ол баратын орын
қандай жаман!», – деді. Сол уақытта Ибраһим мен Исмаил
Үйдің (Қағбаның) іргетасын көтере: «Раббымыз, бізден қабыл
ал, расында, Сен – қалтқысыз Естуші, бәрін Білушісің.
Раббымыз, екеуімізді Өзіңе бойсұнушы ет, ұрпақтарымыздан
да Өзіңе бойсұнушы бір үмбет ете көр әрі бізге ғибадат
рәсімдерімізді
(қажылық
амалдарымызды)
көрсетіп,
тәубелерімізді қабыл ал, әлбетте, Сен – Өзің тәубені Қабыл
Етуші, аса Мейірімдісің! Раббымыз, (ұрпағымыздың) ішінен
оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі хикметті (Өзінің
сүннеттерін) үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің,
Достарыңызбен бөлісу: |