Панфилов ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы Жаркент, 2014 жыл



жүктеу 1.18 Mb.
бет1/5
Дата23.02.2016
өлшемі1.18 Mb.
  1   2   3   4   5

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ

Аудандық мәслихаттың 2014

жылдың _________________

№_____ шешімімен енгізілген

өзгерістермен



Панфилов ауданының

2011-2015 жылдарға арналған

даму бағдарламасы

Жаркент, 2014 жыл


Құрылымы


р/с


Атауы




1.

ТӨЛҚҰЖАТ




2.

АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ




2.1.

Ауданның жетістіктері мен кемшіліктерін бағалау, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсер етуі




2.2.

Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау




2.2.1.

Экономикалық даму







Өнеркәсіп







Ауыл шаруашылығы







Шағын және орта бизнес







Сауда және қызмет көрсету







Инновация және инвестиция




2.2.2.

Әлеуметтік сала







Білім







Денсаулық сақтау







Әлеуметтік қорғау







Мәднеиет және тілдерді дамыту







Дене шынықтыру және спорт, туризм







Ішкі саясат







Қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау




2.2.3.

Инфрақұрылым кешені







Байланыс және коммуникация







Құрылыс







Жол және көлік







Тұрғын үй шаруашылығы




2.2.4.

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология




2.2.5.

Мемлекеттік қызметтер




2.3.

Негізгі проблемалардың кешенді мазмұны, тәуекелдер, кедергі келтіретін факторлар, бәсекелестік басымдықтары және ортамерзімде аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы




2.4.

Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін мемлекеттік саясатты талдау




3.

ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ







Негізгі индикаторлар




4.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ







1-БАҒЫТ. Ауданның экономикасының дамуы







1-мақсат. Индустриалдық-инновациялық даму арқылы өнеркәсіптің алға жылжуы







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







2-мақсат. Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







3-мақсат. Шағын және орта кәсіпкерліктің, сауданың дамуы







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







4-мақсат. Инновация и инвестиция







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







2-БАҒЫТ. Әлеуметтік сала мен адам әлеуетін дамыту







5-мақсат. Білімді дамыту







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







6-мақсат. Денсаулық сақтауды дамыту







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







7-мақсат. Халықты әлеуметтік қорғау







Целевые индикаторы







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







8-мақсат. Ауданда отандық мәдениетті кеңінен тарату







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







9-мақсат. Бұқаралық спортты және жоғарғы дәрежелі спортты дамыту







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







10-мақсат. Ұлтаралық қатынасты, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау, мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







11-мақсат. Азаматтардың ішкі істер органдарына сенім артуы және төтенше жағдайлардың орын алуының тәуекелділігі мен залалын төмендетуге жағдай жасау







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







3-БАҒЫТ. Инфрақұрылымдық кешенді қайта жаңғырту







12-мақсат. Инфракоммуникациялық технологияның дамуы







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







13-мақсат. Құрылысты дамыту







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







14-мақсат. Көлік инфрақұрылымын жақсарту







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







15-мақсат. Халықты сапалы коммуникациялық қызметтермен қамтамасыз ету







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







4-БАҒЫТ. Аумақтық (кеңістіктік) құрылымды дамыту







16-мақсат. Ауылдық елді мекендердің қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау және ауылдық елді мекендердің әлеуетін жақсарту







Нысаналы индикаторлар







Мақсаттарға қол жеткізу жолдары







5-БАҒЫТ. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамыту







17-мақсат. Халыққа көрсетілетін әлеуметтік маңызды қызметтердің сапасының деңгейін көтеру







Нысаналы индикаторлар




5.

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР




6.

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ



1. ТӨЛҚҰЖАТ




Атауы

Панфилов ауданының 5 жылдық даму бағдарламасы

Дайындау негізі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» 2010 жылдың 1 ақпанындағы №922 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы» №958 Жарлығы.

Ауданның негізгі сипаттамасы

Аудан аумағы 10,6 мың шаршы шм құрайды (облыс аумағының 4,7%). Шығыс жағынан Қорғас өзені арқылы Қытай Халық Республикасының шекарасы өтеді, оңтүстікте Іле өзені арқылы Ұйғыр ауданымен, батыс жағы Кербұлақ ауданымен шекаралас.

Ауданда 1 қала және 13 ауылдық округтер, 42 елді мекен, оның ішінде 1 қала және 41 ауыл бар. Аудан орталығы – Жаркент қаласы облыс орталығы Талдықорған қаласынан 282 шақырым қашықтықта және ең жақын Құндызды темір жол станциясынан 20 шақырым, Алтынкөл станциясынан 34 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданда 41 ұлттың өкілі, 122,1 мың тұрғын тұрады. Оның 66,9%-ы қазақтар, 27,5%-ы ұйғырлар, 4,1%-ы орыстар және 1,5%-ы басқа ұлттар. Қала халқының саны 42,6 мың адам, ауыл халқының саны 79,5 мың адам

Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығының жер көлемі 658,5 мың га, суармалы егістік жері 43 мың га. Негізгі өндірілетін дақыл - дәнді жүгері, оның егістік жерден үлесі 58 пайызды құрайды. Ірі қара малының саны 65 мың бас, 279 мың бас қой мен ешкі, 15,4 мың бас жылқы, 170,0 мың құс бар.


Бағыттар

  • Аудан экономикасының дамуы;

  • Әлеуметтік сала мен адам әлеуетін дамыту;

  • Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы;

  • Аумақтық құрылымды дамыту;

  • Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамыту

Бағдарламаның мақсаты

Аумақты дамыту бағдарламасы экономиканың тұрақты және қалыпты дамуын, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

- Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің дамыған жүйесін қалыптастыруға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

- Шағын бизнестің өркендеуіне жағдай жасау, оның ішінде ауылдық елді мекендерде;

- Жеке тұрғын үй құрылысына жеке меншік инвестицияларды тарту;

- Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы тұрғындарды жұмыспен қамту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін көбейту арқылы жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру жүйесін дамыту;

- Ана мен бала денсаулығын жақсарту, әлеуметтік маңызды ауру түрлерін азайту.

- Оқушылардың білім сапасын арттыру, 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтуды жақсарту;

- Бюджеттік мәдениет –көпшілік және спорт мекемелерінің жүйесін арттыру.

- Мемлекет саясатын жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіру және аппарат жұмысының тиімділігін арттыру;

Бағдарлама бес жылдық мерзімге арналған.

Бағдарламаны қаржыландыру көздері: бюджет, жеке меншік және несиелік қаражаттар.


Міндеттер

- Өңдеу өнеркәсібін дамыту және оның бәсеке қәбілеттілігін арттыру;

- Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенінің шикізат базасының сапасын жақсарту;

-Белсенді шағын және орта кәсіпорындардың санын өсіру;

- Инвестиция тартудың көлемін арттыру;

- Мектептегі білім беру қызметінің сапасын арттыру;

- Мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін арттыру және мектепке дейінгі тәрбиелеу қызметтерінің сапасын жақсарту;

- Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдай жасау;

- Дәрігерлік көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;

- Тұрғындардың өлімін азайту;

- Тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

- Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

- Халықтың бос уақытындағы мәдени-көпшілік шараларын дамытуға жағдай жасау;

- Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау;

- Бұқаралық спортты дамыту;

- Туристік индустриядағы дамыған инфрақұрылымды қолдау және құру;

- Этносаралық келісімді сақтау және нығайту және жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеуге мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

- Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірі, денсаулығы, конституциялық құқықтар мен еркіндіктері қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету;

- Құрылысты дамыту;

-Тұрғын үй құрылысын дамыту;

-Жол инфрақұрылымы мен көлік қызметтерін дамыту;

- Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы қызметінің сапасын көтеру;

-Ауылды елді мекендерді дамыту, экология;

-Мемлекеттік қызметтердің тиімді көрсетілуіне септігін тигізетін әрекеттерді жетілдіру;


Іске асыру кезеңдері

I кезең – аралықтағы (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – алдыңғы кезектегі іс шараларды іске асыру.

II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – бағдарламада белгіленген міндеттерді орындау үшін жоспарланған іс шараларды іске асыру және ауданның ары қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау.



Нысаналы индикаторлар

- Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем көрсеткіші 2015 жылы - 108,0 % құрайды;

- Өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын нақты көлем көрсеткіші 2015 жылы -108,5% құрайды;

- Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2015 жылы - 103,5% құрайды;

- 2015 жылы бөлшек тауар айналымының нақты көлем көрсеткіші 120,1%; -құрайды;

- Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің көрсеткіші 2015 жылы -105% құрайды;

- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 2015 жылы – 62,5 % құрайды;

-Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген оқушылардың үлесі, 47,0% құрайды;

- Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған үлгілі жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі 2015 жылы 11,5% құрайды;

- Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы -71,5 жас;

- Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 4,2% болады;

-Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан) 2015 жылға 99,4% құрайды;

- Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 2015 жылы -87% құрайды;

- Жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын, барлық жастағы халықтың қамтылуы 2015 жылы -26,5% құрайды;

-Туристік-сауықтыру қызмет көрсету көлемі 2015 жылы 227,0 млн.теңге құрайды;

-Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыруы 2015 жылға 65,0% құрайды;

- Құрылыс жұмыстарының индекс көлемі 2015 жылға 100,4% құрайды;

- Тұрғын үйлерді қолданысқа берудің өсу қарқыны 2015 жылға жалпы көлемі 24,3 мың шаршы метр құрайды;

- 2015 жылы жағдайы жақсы және қанағаттанарлық жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 70% құрайды;

-Жүк айналымының көлемі 2015 жылы 453,2 млн/шм құрайды;
-Жолаушылар айналымының көлемі 2015 жылы 266,0 млн.жолаушы /шм;
- 2015 жылы күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 33,8%-ға азаяды.

-Халықтың орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қол жеткізу деңгейін арттыру 90,5% құрайды;

- 2015 жылы инженерлік - коммуникация инфрақұрылымының тозуы 44,7% құрайды;

-2015 жылы су жүйелерінде судың жоғалуының азаюы-18,3%;

- Халықтың су бөлу қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, 14,3%;

- Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді-мекендердің саны 2015 жылы 14 бірлікке жетеді;

-Атмосфераға ластаушы заттардың шығарылу көлемі 2015 жылы 660,7 тонна құрайды;

- Халықтың әлеуметтік-маңызды қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 2015 жылы 100% құрайды;



Қаржыландыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, кәсіпкерлер мен инвесторлардың жеке қаржылары, несиелік қаржы.

Қаржыландыру көлемі:

2011ж. – 11395,6 млн. т, оның Р.Б – 602,1 ЖБ – 1896,0 БҚ – 8897,5 млн.т

2012ж. – 12770,3 млн. т, оның РБ – 1942,7 ЖБ – 2447,0 БҚ –8380,6 млн.т

2013ж. – 10878,3 млн. т, оның РБ – 1783,2 ЖБ – 2529,5 БҚ – 6565,6 млн.т

2014ж. – 67829,5 млн. т, оның РБ – 2522,9 ЖБ – 3954,8 БҚ – 61351,8 млн. т.

2015ж. – 73513,6  млн. т, оның РБ – 2985,0 ЖБ – 2781,4 БҚ – 67747,2 млн. т.

Барлығы: 176387,3 млн. теңге.



  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет