Панфилов ауданының 2014 жылдың Қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық



бет1/7
Дата23.02.2016
өлшемі9.14 Mb.
#7117
  1   2   3   4   5   6   7





ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ

2014 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ТӨЛҚҰЖАТЫ

Жаркент қаласы, 2015 жыл



МАЗМҰНЫ



1. Жалпы мағлұматтар

1.1. Ауданның географиялық орналасуы және тарихы

1.2. Табиғи-климаттық жағдай

1.3. Пайдалы қазбалар және ыстық су көздері

1.4. Су ресурстары

1.5. Тарихи-мәдени орындар

1.6. Аудан экономикасын мамандандыру

1.7. Ауданның соңғы 10 жылдық (2005-2014ж) даму қорытындылары


2. Ауданның есепті жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

2.1. Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдерінің қызметін бағалау

2.2. Өнеркәсіп

2.3. Ауыл шаруашылығы

2.4. Шағын және орта бизнес

2.5. Бизнеске әкімшілік кедергіні төмендету

2.6. Құрылыс

2.7. Негізгі капиталға тартылған инвестиция

2.7. Сауда

2.9. Туризм

2.10. Инфрақұрылым

2.11. Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала

2.12. Білім беру, жастар саясаты және мәдениет

2.13. Денсаулық сақтау және спорт

2.14. Бюджет (бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері)
3. Кестелер, диаграммалар
4. Алматы облысы Панфилов ауданының 2015-2019 жылдардағы дамуының негізгі мақсатты индикаторлары
5. Панфилов ауданының инвестиция тартуға қолайлы бағыттары
6.Жылдамдатылған индустрияландыру-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру
7. Панфилов ауданының картасы


  1. Жалпы мағлұматтар


1.1. Ауданның тарихы және географиялық орналасу жағдайы

Алматы облысының Панфилов ауданы 1928 жылдың 17 қаңтарында Жетісу губерниясы халықтық комиссариатының қаулысымен құрылған. Кейіннен Қазақ АССР Жоғарғы Атқару Кеңесінің Жарлығымен 1942 жылдың 7 мамырынан Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда жасақталған, Москва түбінде ерлікпен шайқасқан 28-гвардиялық атқыштардың дивизиясы командирі И.В.Панфиловтың құрметіне Панфилов ауданы деп аталған. Ауданда Жаркент қаласы және 13 ауылдық округ бар. Аудан орталығы облыс орталығы Талдықорған қаласынан 282 шм және жақын жердегі темір жол станциясы Алтынкөлден 34 шм, Құндыздыдан 20 шм қашықтықта орналасқан.

Аудан облыстың оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Аудан территориясы 10,58 мың шаршы шақырымды құрайды. Солтүстік және батыс жағында Кербұлақ ауданымен, шығысында ҚХР-мен және оңтүстігінде Іле өзені арқылы Ұйғыр ауданымен шектеседі. Аудан арқылы Жоңғар Алатауының бөлігі өтеді.

Ауданда 2015 жылдың 1 қаңтарына халықтың саны 124,7 мың адам, 41 ұлт өкілдері тұрады, оның ішінде қазақ 66,9%, ұйғыр 27,7%, орыс 4,0%, басқа ұлт 1,4 % құрайды. Қала халқының саны 43,1 мың адам, ауыл халқының саны 81,6 мың адам. Халықтың орналасу тығыздығы 1 шаршы шм-ға 11,4 адамнан айналады.


1.2. Табиғи-климаттық жағдайлар

Ауданның климаттық жағдайлары үш бөлімнен тұрады. Климат кенет-континенталды. Қыстағы орташа температура -11-17 градус суық, ал жазда +24+32 градус ыстық, жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм төмен.

Ауданның табиғи ландшафты бай және әр алуан. Суғармалы жер қорының көп жерінде дәнді, техникалық және көкөніс дақылдары өсіріледі. Ауа райы мен жердің жағдайы бақ, бау-бақша және жүзімдік өсіруге қолайлы. Көркем жерлер: Жоңғар Алатауы, Үйтас, Ой-Жайлау.
1.3. Пайдалы қазба және термалды көздер орындары

Панфилов ауданының аумағында табиғи қазбалардың көптеген түрлері бар. Көп жылдар бойы «Керім-Ағаш», «Жаркент-Арасан» және «Көктал-Арасан» шипажайларында термоминералды және батпақпен емдеу көздерін әртүрлі ауруларды емдеуге пайдаланып келді.

Құндызды учаскесінде мұнай өндіру мүмкіндігі бар, Тышқан, Бұрхан және Сұлубақан орындарында 3 учаскеде тас көмір және Іле өзенінің солтүстік жағында учаскеде қоңыр көмір бар. Нарын, Шежін және Қорғас өзендерінің маңында алтын шашпалары кездеседі. Ауданда құм-шағылдардың мөлшері ұшан-теңіз деуге болады.


1.4. Су ресурстары

Ең ірі өзен - Қытай шекарасында ағатын Іле өзені, одан Панфилов, Ұйғыр аудандары ортасынан елімізге қайта кіріп, Балқаш көліне құяды. Ауданда ірірек бес өзен бар, олар: Қорғас – ұзындығы 145шм, Тышқан-155шм, Өсек -148шм, Бұрақожыр -98шм және Көктерек -39шм. Сонымен қатар аудан аумағында 10 ірілі-ұсақты көлдер бар. Көлдердің үлкені Өсек, ұзындығы 3 шм, ені 600 м, тереңдігі 12 метр, Қазанкөл өзені бар, ол биіктігі 3 мың метрден жоғары жерге орналасқан, өте суық.


1.5. Тарихи және мәдени орындар.

Аудан аумағы арқылы Қазақстанның Ұлы Жібек жолы басып өтеді. Жаркент қаласында ХIХ ғасырдың сәулет ескерткішінің бірі, көрікті де сәулет-сурет музейі «Жаркент мешіті» орналасқан. Оның бас сәулетшісі – қытай шебері Хон Пик болған. Оның құрылысына орта Азия сәулет өнерінің озық үлгілері тиімді пайдаланылған. Негізгі құрылыс материалы ағаш болып келетін ғажайып ғимарат шегесіз салынған. Ернеулеріне әсем ою, келісті өрнектер жүргізілген ағаш шатыр алыстан көз тартады. Биік қақпа мен дуалдың жиегі де нәзік нақышты, табиғи өң беріп тұратын оюлармен көмкерілген.

Сонымен қатар, сәулет ескерткішінің бірі Әулие Илья Пророк проваславиялық мешіті 1892 жылы кірпіштен жасалған фундаментте (бұрын болған) қайыңнан салынған, татар мешіті 1895 жылы салынған, онда 1996 жылдан бері аудандық орталық мешіт орналасқан, 1880 жылғы татар саудагері Садықтың үйіне 2004 жылы күрделі жөндеу жүргізіліп Қастеев атындағы сурет галереясы орналастырылды.

Әулиеағаш ауылында жасы 7 ғасырдан асатын (700 жыл) айрықша ағаш бар. Бұл ағаш өскен жер қазір халықтың мінәжат ететін қасиетті орнына айналған. Ұлылық пен көркемдігімен туристер мен қонақтарды өзіне тартады.

Аудан жан-жануарлар түрлеріне өте бай. Аудан аумағында 50-ден артық жабайы аңдар мен құстардың түрлері бар. Оның 30-дай түрі «Қызыл кітапқа» енген. Олар мына жануарлар мен құстар: қоңыр аю, марал, қар қабыланы, тау ешкі арқар, жабайы шошқа (екі түрі), аққу (екі түрі), тырна, қырғауыл, ұлар, құр, кекілік, т.б. Сонымен қатар, аудан өсімдіктер түріне де өте бай. Өсімдіктердің 100-ден артық түрлері бар. Олардың 20-дан артығы «Қызыл кітапқа» енген. Олар: тораңғы, жиде, Тянь-шань адонисі, Жоңғар итмұрыны, бүрген, Іле феруласы, марал тамыр, ақ түсті жуа, марена тамыры, шидің бірнеше түрі, қарақат, алтын тамыр.




1.6. Аудан экономикасын мамандандыру
Аудан негізінен ауыл шаруашылығына мамандандырылған. Қайта құру реформасының негізінде 44 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 5503 шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы көлемі 658,5 мың га, оның ішінде айналымда 387,6 мың га, егістік жерлер 42,3 мың га барлығы суғармалы жерлер. Аудан жүгері дақылын және қант қызылшасының тұқымын өндіру бойынша жетекші орында. Жүзімдік пен жеміс-жидектерді өсіруге қолайлы жағдайлар бар. Егістік жерлердің құрылымында дәнді дақылдар 60,8% пайызды, картоп және көкөніс-бақша 6,9 пайызды, жеміс – жидек өсімдіктердің жеміс беретін жерлері 1280 га-ды, жүзім 176 га-ды құрайды.

«Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» халықаралық көлік дәлізін құру аясында Алматы – Қорғас жолының қайта салынуы транзиттік әлеуеттің дамуының басымдығының бірі болып саналады. «Жетіген – Қорғас» темір жолын салу аяқталып, «Қорғас- Шығыс Қақпа» арнайы еркін экономикалық аймақтың маңайында құрғақ порт құрылысы жүргізілуде. Оның мақсаты экономикалық трансшекаралық ынтымақтастығын жандандыру, Қазақстан аймағында тиімді өндірісті құру.


1.7. Ауданның соңғы 10 жылдық (2005-2014жж)

даму қорытындылары
2005-2014 жылдар аралығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 есе артып, 7274,4 млн. теңгені құрады (2005 жылы – 1775,9 млн.теңге). Облыстық тауарлы өндіріс көлеміндегі ауданның үлесі 1,4 пайызды құрайды.

2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 25492,6 млн. теңгені құрап, 2005 жылдың (6769,4 млн. теңге) деңгейімен салыстырғанда 3,8 есе өсті.

Соңғы 10 жылда белсенді шағын бизнес өкілдері 1,3 есе өсіп, 7717-ні құрап отыр. Олармен 30996,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2005 жылмен салыстырғанда 7,3 есе өсті.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 35 есе арттып, 2014 жылы 30,2 млрд.теңгені құрады. Жалпы облыстың инвестиция көлеміндегі ауданның үлесі 6,7 пайызды құрады.

Кәсіпорындардың, мекемелердің және тұрғындардың жеке меншік қаржылары 2005 жылға қарағанда 61 есе өссе, бюджет қаржысы – 10,5 есе өскен. 10 жылдың ішінде 246,4 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Негізінен тұрғын үй халықтың өз есебінен салынуда.

Әлеуметтік қорғау саласында халықты жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал тобын қолдау және қорғау мақсатында дәйекті белсенді саясат жүргізілді. 2014 жылы 118,6 млн.теңгеге әртүрлі әлеуметтік көмек шаралары жасалды.

2005-2014 жылдары ауданның экономикалық белсенді халық саны 18,2 мың адамға немесе 31,4 пайызға өссе, жұмыспен қамтылған халық 19,3 мың адамға (өсу деңгейі 36%) өсті. Жұмыспен қамтылу деңгейі 92,3 пайыздан 95,7 пайызға дейін өсті. Жұмыссыздық деңгейі 7,6 пайыздан 4,3 пайызға дейін, яғни 1,7 есеге жуық азайды. Жұмыссыздар саны 25,8 пайызға азайып, 3,3 мың адамды құрады.

Білім беру саласының бюджеті 2005 жылы 1,1 млрд. теңгені құраса, 2014 жылы 5,5 млрд.теңгеге жетіп, 5 есе кеміді. Осы жылдары 7 жаңа мектеп бой көтеріп, 14 мектеп күрделі жөндеуден өтті. 21 мектептің шатыры ауыстырылып, 18 мектептің жылу жүйесі қайта жасалды және 7 бала бақша күрделі жөндеуден өтті. 32 шағын орталық және өнер мектебі ашылып, балалар үйінің ғимараты, гуманитарлық-техникалық колледжінің және кәсіптік лицейдің жатақханалары күрделі жөнделді.


2. Ауданның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
2.1. Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдерінің қызметін бағалау
Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдерінің қызметін бағалау 2006 жылдан бері жүргізіліп келеді. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті артқарушы органдарының қызметін бағалау Әдістемесін негізге ала отырып жасалды. Бағалаудың негізгі мақсаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудағы және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізуге байланысты әкімшіліктердің қабылдаған іс-шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізу.

Бағалаудың қорытындысы бойынша 2010 жылы Қоңырөлең ауылдық округі бірінші орын алса, 2011-2012 жылы Жаркент қаласы әкімінің аппараты бірінші болса, 2014 жылы Көктал ауылдық округі бірінші орын, Талды ауылдық округі екінші орын алды. Пенжім, Үлкеншыған және Жаскент ауылдық округтері тұрақты даму үстінде.


2.2. Өнеркәсіп
2014 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 7274,4 млн.теңгені құрап, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 111,7 пайызды құрады. Алдыңғы жылдың қолданыстағы бағасына қарағанда өсу қарқыны 9,5% немесе 629,2 млн.теңгеге өсті.

Ауданның жалпы өндірілген өнімінде тау-кен қазушы және кен шығарылатын өнеркәсіп 2,4 % құрайды, есепті кезеңде 174,6 млн теңгеге өнім өндірілді, өңдеу өнеркәсібі 75,0 % құрады, 5,4 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Электр және сумен қамту жүйесі жалпы өндірістік өнеркәсіп өнімінің 22,6 % құрайды.

Даму бағдарламасына сәйкес өндірістік өнеркәсіп жаңа өндіріс ашу және кеңейту есебінен 15 жаңа жұмыс орны құрылды. Өңдемелі өнеркәсіптегі инвестиция көлемі 249,9 млн. теңгені құрады.

2.3. Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 25,5 млрд.теңге, өткен жылдың кезеңіне өсім 100,4% немесе 2,6 млрд.теңгеге артық. 16883 тонна ет өндірілді, 41255 тонна сүт, 802,1 тонна жүн, 10294 мың дана жұмыртқа өндірілді. Барлық мал басының түрлері мен құс саны өсті: ірі қара мал басы 1,5 %-ға , қой және 20,2%, жылқы 16,4%, құс 2013 жылдың деңгейінде.

Егін шаруашылығында егістік жер көлемі 43000 гектар сақталып қалды. Дәнді-дақылдың жалпы өнімі 148058 тонна құрады, өткен жылдың деңгейінен 3995 тоннаға немесе 2,8 %-ға, оның ішінде жүгері жинау 4467 тоннаға немесе 3,1%-ға өсті. Өткен жылға қарағанда картоп, көкөністер, бақша өсімдіктері, жемістер, жүзімдіктер өсіру ұлғайды. Ауданда 1280 гектар жеміс ағаштары және 176 гектар жүзімдік ағаштар өсірілуде және олардың алқабы жыл сайын жаңа бақтармен және жүзімдіктермен толтырылуда. Мал шаруашылығында малды асылдандыру және элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары жұмысын жақсарту жалғастырылды. Ауданда асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 15, тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар саны 6. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 112,7 млн.теңгеге 509 бас тауарлы ірі қара сатып алынды. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде, өткен жылы 64 дана техника алынған, оның ішінде 35 трактор және 3 дән үгітетін комбайн. Ауыл шаруашылығындағы 21 мың гектарға интенсивті технологиямен жерді өңдеу қолданылса, оның ішіндегі 50 гектарға тамшылатып суару қолданылды.




2.4. Шағын және орта кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерліктің өсу динамикасы сақталып келеді. 01.01.2015 жылдың жағдайы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісі 7717 бірлікті құрады, жұмыс істеушілердің саны 21447 адам немесе өсім 0,6 %. Өндірілген өнім, жұмыс және қызмет көлемі 30996,7 млн.теңге, бюджетке төлемдер 384,5 млн.теңгені құрады. Өткен жылы ауданда 27 жаңа шағын бизнес нысандары ашылып, іске қосылды. Олар: дүкен, қоғамдық тамақтандыру нүктелері, автокөлік жуу, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары.


2.5. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылы 11,3 млрд.теңгені құрады 2013 жылдың деңгейіне 131,9 % болды. Есепті жылы 14231 шаршы метр тұрғын үй жеке меншік иелері есебінен жүргізілді.

Тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржының жалпы көлемі 2619,9 теңгені құрады, оның ішінде бюджеттен 10 жалдамалы тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жасау жұмыстары 576,6 млн.теңгені құрады.


2.6. Негізгі капиталға тартылған инвестиция
Аудан экономикасына барлық көздерден тартылған инвестиция көлемі қолданыстағы бағамен алғанда 30183,5 млн.теңгені құрады, оның ішінде бюджет есебінен 4713,6 млн.теңге, кәсіпорындардың өз қаржылары есебінен 6041,4 млн.теңге, 19290,6 млн.теңге немесе 63,9% қарыз, оның ішінде шет ел қаржысы есебінен 19219,7млн.теңге.
2.7. Сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2014 жылы 7,7 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі салыстырмалы бағада – 96,8пайыз болды.

Аудан бойынша сауда саласында 571 нысан жұмыс істеуде, жұмыс істейтін қызметкерлердің саны 2301 адам, сауда кәсіпорындары мен мекемелердің жалпы алаңы 29863 шаршы метр.
2.8. Туризм

Туристік салада 22 туристік фирмалар, 19 қонақ үй, 3 шипажай, 1 балаларды сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. 2014 жылы 30100 адам ауданымызда болып, көрсетілген қызмет көлемі 232,8 млн.теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 103,0 пайызға артық қызмет көрсетілді.


2.9. Инфрақұрылым

Көлік. Ауданда 3 заңды тұлға көлік кәсіпорындары жұмыс істейді, оның 2-уі жолаушылар тасымалдаумен, біреуі жүк тасымалдаумен айналысады. Аудан ішінде 16 маршрут, автобустармен тасымалдаумен негізінен барлық елді мекендер қамтамасыз етілген. Өткен есепті мерзімде көлік кәсіпорындарымен 11149 мың тонна жүк тасымалданып, жүк тасымалдау айналымы 489844 мың тонна/шм құрады, 11987 мың жолаушы тасымалданып, жолаушы тасымалдау айналымы 273614 мың жолаушы/шм құрады.

Жолдар. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға 308,3 млн.теңге бағытталды, кұрделі жөндеуден «Үшарал-Сарпылдақ» жолы өтті, Айдарлы, Көктал, «Көктал-Жаркент-Арасан», Жаркент-Құндызды және Жаркент қаласында, Көктал, Үшарал, Пенжім ауылдарындағы жолдарға ағымдағы және орташа жөндеу 260,9 млн.теңгеге жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 30 елді мекендердің жолдары 55,0 млн.теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті.

Сумен қамтамасыз ету. Ауданда бар 42 елді мекеннің 37-де орталықтандырылған, қалған 5-де орталықтандырылмаған су жүйелерін пайдаланады. 2014 жылы 3 елді мекенінің су құбырларына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджет және жергілікті бюджет есебінен 298,7 млн. теңге бөлініп игерілді, оның ішінде 2 нысан аяқталып, 1 нысан 2015 жылы жалғасытырылады. Жаркент қаласында су құбыры жүйесінің құрылысын салу және қалпына келтіру басталды, бір жылда республикалық бюджеттен 1047,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 442,7 млн.теңге игерілді.
Елді мекендерді телефон байланысымен қамтамасыз ету

Телекоммуникация қызметін 17 байланыс бөлімшелері көрсетеді, 24 телефон станцияларында жүзеге асырылады, олардың 22-і санды, 2-уі жай түрдегі, 5 станция 3400 нөмір радио арқылы ұстайтын және 16 нөмірлік 2 спутниктік станция. Жалпы 16611 нөмір, оның ішінде 9098 ауылдық елді мекендерге қарайды. Кең жолақты интернет ADSL (Megaline) технологиясын пайдаланатын 2602 абонент бар. Жаркент қаласында байланыс саласында жаңа қызмет көрсету мақсатында 2000-нан аса номер жаңа технология бойынша 8-МАД қосылды. Сонымен бірге, Жаркент қаласында және 4 ауылдық елді мекенде (Үлкеншыған, Пенжім, Қорғас, Көктал ауылдарында) радиус аумағы 1000 метр жерде тұратын тұрғындарға IDTV ұқсас қызмет көрсетіледі.



Елді мекендерді көріктендіру. Елді мекендерді көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру, тазалық сақтау және бағдаршамдарға қызмет көрсету шараларына 43,6 млн.теңге жұмсалды. Қазіргі уақытта 18 елді мекенде көшелерді жарықтандыру қалпына келтірілді.
2.10. Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала
Кедейшілікті азайту және халықты жұмыспен қамту мәселесі үнемі бақылауда тұрады. 2014 жылы жұмыспен қамту бөлімі арқылы 1781 адам жұмысқа орналастырылып, жұмысқа орналастыру деңгейі 91,9 пайызды құрады, 819 адам қоғамдық жұмысқа қатыстырылып, 60 адам кәсіптік оқуға жіберілді. Бүгінгі күні ауданда кедейшілік деңгейінен төмен тұратын адам саны- 3, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге азайған, 2013 жылы (8) адам болған. Жыл басынан МАӘК 197,5 мың теңге көлемінде төленді, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны 4415 адам 75,6 млн.теңге алды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрайды. Аудан орталығында жыл сайын бос орындар жәрмеңкесі өткізілуде, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қоғамдық жұмыстар, кәсіптік оқу, әлеуметтік бағдарламалар және гранттар бойынша бос орындар стенділерін қойды. Оқу орындары оқуға түсушілерге арнап экспозициялар жасады. 2014 жылы 6 бос орын жәрмеңкесі, оның ішінде 3 жәрмеңке мүгедектер үшін өткізілді. Онда жалпы 862 адам, оның ішінде 336 мүгедек, 79 мекеме қатысты, 457 бос орын ұсынылды. Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша 135 адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 70 мүгедек, 12 адам кәсіптік оқуға жіберіліп, 403 адам әртүрлі кеңестер алды.

Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 47 адам жұмысқа орналастырылды, кәсіптік оқуға және қайта даярлауға 90 адам, өз ісін ашуға 43 адам несие алды.


2.11. Білім беру, жастар саясаты және мәдениет.
Ауданда 50 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар. Сонымен қатар, 4 колледж жұмыс істейді, 2960 баланы қамтитын 19 балабақша және 32 шағын орталық бар. Аудан бойынша орта мектепте оқитын бала саны 21971, колледждерде оқитыны 2083, кәсіптік техникалық лицейде оқитындар 331. Мектеп бітіруші 1082 түлектің 385-і жоғарғы оқу орындарына грант бойынша түсті. Жазғы демалыспен 17639 немесе 93,7% қамтылды, 39 мектепте мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істеп, 2731 бала демалды, барлық мектептерде 6360 балаға тамақсыз спорттық-сауықтыру лагері ұйымдастырылды, «Қарлығаш» жаздық емдік-сауықтыру лагерінде 636 оқушы, «Көктал-Арасан» шипажайында 24 тұрмысы төмен және жетім отбасыларының балалары демалды. Шатырлы лагерде 1150, еңбек лагерінде 2541 оқушы, бір күндік туристік демалысқа 8 мектептен 665 оқушы, үш күндік туристік демалысқа 18 мектептен 712 оқушы қатысты.

Бюджет қаржысы есебінен Диханқайрат ауылында 180 орынды жаңа мектеп құрылысы салынып, қолданысқа берілді, Төменгі Пенжім орта мектебінің құрылысы басталып, Көктал орта мектебінде күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Барлық мектептерде ғаламтор жүйесіне қосылу мүмкіндігі қарастырылған, ауданда кең белдеулі ғаламторға 25 мектеп қосылған, 18 мектеп үздіксіз білім беру арнасына, 9 мектепте 45 интерактивті тақта орнатылған, 21 мектеп лингофонды кабинетпен жабдықталған, 14 – физикалық кабинет, 14- биологиялық кабинет, 12- химиялық кабинет бар. 1 компьютерге келетін бала саны 10,9.

«Балапан» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы балалар бақшасын ұстау үшін 336,4 млн.теңге игерілді, Жаркент қаласында 1 жеке меншік балалар бақшасы ашылды. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 55,6 пайызды құрады.

2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарлама жүзеге асырылуда. 2014 жылы осы бағдарлама аясында 28 маман біржолғы көтерме жәрдемақы алды, ал 11 маман тұрғын үй алуға 15 жылғы мерзімге жылдық 0,01% тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша бюджеттік несие алды.

Ауданда 55 мәдениет мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде 29 мәдениет үйлері мен клубтар. Оның 28-і бюджет есебінен қаржыландырылады, сондай-ақ 25 кітапхана, 3 музей бюджеттен қаржыландырылады. Аудан бойынша мәдениет саласында 147 маман қызмет жасайды.
2.12. Денсаулық сақтау және спорт
Ауданда 49 мемлекеттік және 10 жекеменшік денсаулық сақтау мекемелері жұмыс істейді. Оларда 206 дәрігер және 824 орта медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Дәрігерлердің 55,4 пайызының біліктілік санаттары, 44,6 пайызында орта дәрігер қызметкері санаты бар. Медициналық құралдармен қамту жақсарды, барлық дәрігерлік амбулаториялар санитарлық автокөлікпен қамтылған. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтылу 16,7; орта буынды мамандармен қамтылу 66,8; төсекпен қамтылу 31,2 болды.

Есепті мерзімде ауданда туу көрсеткіші 1000 адамға 28,5 құрады, облыстың орташа көрсеткіші 25,0; өлім көрсеткіші 6,1; облыстың орташа көрсеткіші 6,8.

Бюджет қаржысы есебінен денсаулық сақтау саласында Жаркент қаласында 300 орынды балалар емханасының қосалқы ғимаратының, Үлкеншыған ауылында күніне 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы салынып, қолданысқа берілді, Лесновка ауылында ДА ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

Ауданда жалпы дене шынықтырумен айналысу үшін жағдай жасау мақсатында 162 спорт нысандары жұмыс істейді, олардың 146-сі мемлекеттік. Оның сыртында балаларға арналған 1 спорт мектебі жұмыс істейді, онда 1036 жасөспірім қатысады және 300 спортшы дайындалатын 1 спорт клуб бар. Ауданда салауатты өмір сүруді насихаттау, спорттың ұлттық түрлерін енгізу шаралары жүргізіледі, дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысатындар саны 31013 адам.


2.13. Бюджет (бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері)
01.01.2015 жылға бюджетке жинайтын салық және басқа төлемдер болжамы 119,6%-ға орындалды немесе болжамдағы 2932,0 млн.теңге орнына 3507,4 млн.теңге жиналды, оның ішінде жергілікті бюджетке болжамдағы 2200,6 млн.теңге орнына 2784,0 млн.теңге жиналып, болжам 126,5 пайызға орындалды.

Жергілікті кірістер бойынша болжам 101,1 %-ға орындалды. Бюджет қаржысын игеру 99,7% құрады. Жергілікті бюджет бойынша шығыстар 9731,0 млн.теңгені құрады.



Өткен жылдың аяғына салыққа берешек қарыздар 198,8 млн.теңгені құрады.


3.КЕСТЕЛЕР, ДИАГРАММАЛАР

Ауданның жалпы мағлұматтары
Құрылған жылы

17 қаңтар 1928 жыл

Территориясы, мың шаршы шақырым

10,58

Халық саны, мың адам (1 желтоқсан 2013 жыл)

124,7

оның ішінде, %




  • қаладағы

34,6

  • ауылдағы

65,4

  • ерлер

50,2

  • әйелдер

49,8

Ұлттық құрамы бойынша, %




- қазақтар

66,9
- орыстар

4,0
- басқа ірі этностар

27,7

- басқалары

1,4

Әкімшілік-аймақтық бірліктер




-қала: Жаркент

1

- ауылдық округтер

13

Жергілікті өкілді орган депутаттары, барлығы:

20

  • облыстық мәслихатта

3

  • аудандық мәслихатта

17

  • қалалық мәслихатта

-

Аудан орталығы – Жаркент қаласы




құрылған жылы


1882

халық саны, мың адам


43,1

қала территориясы, шаршы шм.


115,7


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет