Парасат майданы



Pdf көрінісі
Дата08.04.2023
өлшемі383.23 Kb.
#471931
Әбдік Т. Парасат майданы



Парасат майданы
(повесть) 
Қайда жатыр мәселе - иә ӛмiр, иә ӛлiм, Десе де, Лайық па кӛндiгу тәлкегiне 
тағдырдың, Қарсы тұрып немесе, ұшан-теңiз нәубаттың, Кӛзiн жойған дұрыс па Жан 
алысып, жан берiскен ұрыста?! Содан кейiн бақилыққа кӛз жұму, түнек қылып 
жарықты, бар дүниеден безiнiп, Жан мен тәндi күйзелдiрген сан мың ауыртпалықты 
Жалғастырған, байластырған шынжырларды осылай, Үзгенiңдi жүрегiңмен сезiнiп. 
Уильям Шекспир (Гамлеттiң монологы) Сен жақсылықты жамандықтан жасауың 
керек, үйткенi оны жасайтын басқа ештеңе жоқ. Роберт Пенн Уоренн Мен бұл 
күнделiктi таныс дәрiгерден алғанмын. Ең ғажабы - күнделiк иесiн мен бiлетiн болып 
шықтым. Дүние қанша кең болса да, адам жолының қиылысында да шек жоқ. Жас 
кезде ӛмiр қайнаған базар секiлдi. Дос та кӛп, жолдас та кӛп. Достың досы саған да 
дос болып жүретiн кез. Сондай бiр сапырылысқан тұста аз-кем күн аралас-құраластау 
болғанымыз бар. Түрi де есiмде: ұзын бойлы, арық, ақсары жiгiт. Жүйкесi жұқалау ма 
- әзiл сӛзге қызарып кететiн. Оған бӛтен елдiң адамына қарағандай, кӛңiлiн аулай 
сӛйлеп, аяңқырап жүретiнбiз. Кӛбiне жиын-тойларда, қонағасыларда кездесемiз. 
Сӛйлеген сӛзiнен, жүрiс-тұрысынан зиялы от басынан шыққаны, кiтаби тәрбиенi 
кӛбiрек кӛргенi байқалады. Мiнезi жұмсақ. Онысы ӛзгелерге жағымды кӛрiнгенмен, 
ӛзiне әлде бiр шарасыздық әкелетiн секiлдi. Арнайы сӛзге тартпасаң, қасыңда 
бәленбай сағат үнсiз отыра беруге бар. Сондықтан онымен аса бiр емен-жарқын 
сырласа кеткен күн болған жоқ. Бiр кемедегi жолаушылардай ғана таныстық қалды. 
Кейiн кӛрмей кеттiм... Ендi мiне бiрнеше дәптерден тұратын жазбаларын оқып 
шыққанда, оның мен бiлетiн ақсары жiгiтке түк қатысы жоқ секiлдi кӛрiндi. Күнделiк 
бойынша ӛмiрбаянды қалпына келтiрiп, құрастыру мүмкiн емес. Кӛбiне ӛзiнiң iшкi 
сезiмдерi мен ой-пiкiрлерiн жазған. Тек соңғы дәптерде ғана оның тағдырының ұлы 
жобасы байқалғандай болады. Мұндағы оқиғалардың рет-ретiмен жан-жақты 
баяндалып, жазысқан хаттарға дейiн күнделiкке мұқият кӛшiрiлуiне қарағанда, автор 
бұл жазбаларды түбiнде ӛзге де бiреулердiң оқуы мүмкiн екенiн жоққа шығармаған 
секiлдi. Оқырман назарына күнделiктiң осы соңғы бӛлiгiн ұсынып отырмын. Екi ұдай 
сезiм құшағында - үмiт пен күдiктiң, шындық пен жалғанның арасында сергелдең 
болған жандарға бәлкiм пайдасы тиер. Күнделiк иесiнiң аты-жӛнiн жария қылу әбестiк 
болар деп ойладым. Кӛп бейтаныс замандастың бiрi деп қабылдаңыз. 1 13 наурыз 
Менiң ӛмiрiмде үлкен бiр ӛзгерiс болған секiлдi. Не ӛзгерiс екенiн ӛзiм де анық 
бiлмеймiн. Бәлкiм, Ол баяғыда болып, Оны ӛзiм тек қазiр ғана байқап отырған 
шығармын. Бәрi де мүмкiн... Бiлетiнiм - жүйкем бiршама тозған. Сол себептi 
бұрынғыдай емес, ойлаған ойларымды тез ұмытамын. Мәселен, күнделiгiмде 3 наурыз 
күнгi жазбаларым бар да, 4,5,6 наурыз мүлде жоқ, одан кейiн 7 наурыздан бастап 
жазбаларым әрi қарай жалғасады. Ал жазылмаған күндерде не iстедiм, қайда болдым - 
есiмде жоқ. Адамның жадынан ӛшiп қалатын сәттердiң болатынын бұрында да 
естiгенмiн. Бiрақ, ол неге байланысты - ол жағы маған беймәлiм. Рас, ғұмыр ұзаған 
сайын жадыңнан шығатын заттардың саны да кӛбейедi. Кезiнде ӛмiрiңнен орын алған 
оқиғалар ұмытылып, қайсыбiр мәнсiз кӛрiнген сәттер есiңде қалуы әбден мүмкiн. 
Бiрге оқыған, бiрге жүрген адамдардың аты-жӛнiн есiңе түсiре алмайсың, 
шырамытсаң да, жыға танымайсың. Ескi достықтан, кездескен күндерден iз де 
қалмайды. Ӛмiрiң әлде бiр құрдымға құйып жатқан ӛзен секiлдi. Адам жадының ӛз 


заңы бар. Оның себебiн дәрiгерден сұрасаң, шаршағаннан дейдi. Рас шығар. Жарық 
дүниеге келген адамның кӛрмейтiнi бар ма? Оны ойласаң, ойдан ой бӛлiнiп, сан тарам 
жолдың қайсысына түсерiн бiлмей, дал болған жолаушыға ұқсайсың. Дүние сыры 
беймәлiм. Не құдайды, не адамды кiнәларың белгiсiз. Бiр қарасаң, құдайдiкi дұрыс 
секiлдi - адам қылып жаратты, ӛсiп-ӛн, рақымды бол, iзгiлiкке сен дедi. Одан артық не 
керек? Әйтсе де, құдайдың әмiрiмен iс қылып, жаманатын жалғыз ӛзi кӛтеретiн адам 
байғұсты тағы аяйсың. Жақсыға да, жаманға да дәлел кӛп. Бiреудiң кӛзiн бiрдеңеге 
жеткiзу мүмкiн емес. Сондықтан әр кiм ӛзiне үй iшiнен күрке жасап, сол күркенiң 
заңымен ғана ӛмiр сүрiп, ӛз тiлегiн ӛзi қанағаттандырғаннан басқаға лаж жоқ. Күркеде 
ӛмiр сүрген адамның еңсесi қайдан кӛтерiлсiн. Ӛзiмнен ӛзiм әлде бiр атын атап, түсiн 
түстеуге келмейтiн қорлық пен зорлықтың қыспағында жүргендеймiн. Тӛңiректе 
болып жатқан оқиғалардың әсерi жоқ - күннiң нұрын, табиғат кӛркiн, кӛктемнiң 
жұпар самалын бұрынғыдай сезбейтiн секiлдiмiн. Бәлкiм, ӛзiмнi" iшкi әлемiме кӛп 
үңiлгеннен болар. "Сұм ӛмiр абақты ғой саналыға..." 2 15 наурыз "Үш күннен кейiн 
адам тозаққа да үйренедi" дейдi. Қиындыққа, тауқыметке тӛзу, қалыптасу, бәлкiм, 
тiршiлiк үшiн қажет те шығар, бiрақ адамның күнә мен қылмысқа, арсыздық пен 
әдiлетсiздiкке етi үйренуi - ең зиянды, ең қатерлi дағды. Баспасӛз беттерiнде 
жарияланып жүрген неше түрлi хабарлардан әлдебiр жан түршiгерлiк рухани 
күйреудiң нышандары сезiледi. Ал солардың бәрiне адамдардың еттерi үйренiп, 
тiтiркенбеуi, шiмiрiкпеуi, ештеңе болмағандай, жайбарақат жүруi одан бетер зәремдi 
алады. Маған олар адам ӛлiгiн селт етпей қолымен түртiп, қызықтап жүрген жарымес 
жасӛспiрiмдер секiлдi елестейдi. Газет оқудан қалдым. Бетiн ашсаң болды, не бiр 
сұмдық оқиғалар тасқыны сенi жаңқа ғұрлы кӛрмей ала жӛнеледi: Ӛзiнiң анасын 
зорлаған немесе ӛлтiрген... Ӛзiнiң балиғаға толмаған қызын зорлаған не ӛлтiрген... 
Сәбиiн ӛлтiрiп, қоқысқа тастаған келiншек... Ӛз ұлына тұрмысқа шыққан миллионер 
әйел... Адам етiн жеген маньяктар... Еркекке үйленген еркектер... Ӛлiкпен жыныстық 
қарым-қатынас жасағандар...тағы сол сияқты сорақылықтар туралы шартараптан 
жеткен хабарлар. Мен бұзылған бiрдеңе жеп қойған адамдай лоқсудамын. 
Жиiркенiштен қан-тамырларым тас боп қатып, шек-қарыным сiресе, ышқына 
лоқсимын. Былғаныштан құтылар амал жоқ. Дәретхананың түбiне құлаған 
адамдаймын. Бәрi былғанған... Жанымдағылар жайбарахат. Осынау жан тӛзгiсiз 
былғанышты сабырмен "түсiнгiлерi" келетiн секiлдi. Заңдастырғылары келетiн 
секiлдi... Кӛне ертегi – аңыздарда адамдарға қатер тӛндiрiп, мезгiл-мезгiл құрбандық 
тiлеп тұратын айдаһар болады. Адамдар басқа лажы болмаған соң, iштерiнен бiр сұлу 
қызды жемге берiп, қалған амандыққа риза болар едi. Осындай бiр лажы жоқ 
мейрiмсiз күш бүкiл әлемдi тұқыртып, еңсесiн кӛтертпей, кӛзiн аштырмай, күндi 
кӛлегейлеп, әлсiн-әлсiн соғыс аштырып, қанға бӛктiрiп, дауыл тұрғызып, жер 
сiлкiндiрiп, ауру таратып, әлгi айдаһар секiлдi ӛзiне керек құрбандығын алып 
отырғанаға ұқсайды. Ол аз болғандай әлгi айдаһар ендi сенен бүкiл адами 
қасиеттерiңдi 
құрбандыққа 
сұрайды. 
Бальзак 
айтқандай: 
"Жер 
бетiнде 
бақытсыздықтан басқа толық жүзеге асатын ештеңе жоқ". Газет-журнал беттерiнде 
адам зәресiн ұшыратын хабарлардың бұдан басқа да түрлерi бар: ядролық, 
экологиялық катаклизмдер, метеорит жаңбыры секiлдi космостық апаттар, әлемдiк 
топан су т.б. Және бұлардың бәрi әшейiн жайдақ болжам түрiнде емес, болу 
мүмкiндiгi ғылыми-теориялық тұрғыдан делелденген қисынды тұжырымдар. Әрине, 
оның қашан, қалай боларын дәл бүгiн ешкiм анықтап бере алмас, бiрақ қай ғасырда 


болса да, әйтеуiр, болуы мүмкiн деген қатерлi ойдың құрығына бiр iлiксең, одан 
босануың оңай шаруа емес. Миллиондаған, миллиардтаған жылдармен ӛлшенетiн 
космостық дәуiрдiң бiр тұсында жарқыраған күннiң де әйтеуiр бiр сӛнетiнiн, адамзат 
ғұмырының да мәңгi емес екенiн ақылмен түсiнуге болатын секiлдi. Бiрақ бүгiнгi 
бүкiл жүйке-тамырыңмен сезiп тұрған анық тiршiлiк, рухани әлем: адам баласының 
жарық дүниеге келгеннен бергi бастан кешкен тарихы, қызығы мен қасiретi, үмiтi мен 
ӛкiнiшi, сан мың жылдар бойына сананы сарғайтып келген парасат биiгi - 
рақымшылдық, жанашырлық, аяушылық, жақсы кӛрушiлiк, iзгiлiк жолындағы 
жанпидашылдық тағы басқа тiршiлiктiң мәнiне айналған әулие қасиеттер - осының 
бәрi мәңгiлiк түнекке сiңiп жоқ болады дегенге кӛңiл шiркiн кӛнгiсi келмейдi. Әрине, 
оны ойлап бас қатырғанмен, ештеңе ӛзгермейдi. Адамзаттың ажалының қайдан 
боларын бiр құдайдың ӛзi бiлер. Бәлкiм, баяғы Нұх пайғамбардың тарихы қайта 
оралар. Бәлкiм, ештеңе де оралмас, бәрi де мәңгi түнекке кетiп, тiршiлiк әу басынан - 
микробтар мен бактериялардан қайта басталып, келесi адам баласының дүниеге 
келуiне тағы да миллиардтаған жылдар қажет болар. Оны ешкiм де анық болжап бере 
алмайды. Әйтседе, осы апаттардың болу-болмасына менiң келсiмiмдi сұраса, 
адамзаттың iштей iрiп-шiрiп,адамгершiлiктен азғындап, тiршiлiк әлемiне қажетi жоқ 
немесе қатерлi құбылыс ретiнде рухани апаттан мерт болғанынан гӛрi, әйтеуiр 
тiршiлiктен бiр кету қажет болса - ӛзектi жанға бiр ӛлiм -осындай жойқын табиғат 
апатынан кетiп, ең болмаса, ӛзiнiң ары мен ұятын, ӛзiне деген болмашы бiр құрмет 
сезiмiн жүрегiнде сақтай кеткенi жӛн секiлдi. 3 25 наурыз Тәннiң ауруы астан дейдi. 
Ал кермек ойдан жаның аурады. Мiнеки соның нәтижесi - жан-жағы тас дуалмен 
қоршалған ауруханада жатқаныма жетiншi күн. Талай ауруға пана болған бiр адамдық 
шағын палата әркiмнен қалған ескi киiмдей жүдеу, кӛңiлсiз. Кӛшеге қараған терезенi 
қарсы беттегi биiк үй кӛлегейлеп тұр. Тек оң жақта екi үйдiң арасынан тау шыңының 
кiп-кiшкентай бӛлiгi қылтиып кӛрiнедi. Менi сыртқы әлеммен байланыстырып тұрған 
содан басқа ештеңе жоқ. Мұнда келгелi аяқ астынан жоқ болып кететiн күндердi 
ойлап, ӛзiмдi ӛзiм үрейлендiрмес үшiн, анда-санда, айрықша оқиғалар тұсында ғана 
болмаса, қолға қалам алмасқа бекiнген едiм. Ақыры күнделiкке қайта оралдым. 
Үйткенi менi таң қалдырған бiр түсiнiксiз оқиға болды. Таңертеңгi астың алдында дәрi 
iшуге бас жақтағы стаканға қолымды соза бергем, кенет (бұған дейiн байқамаппын) 
шкаф үстiнде бүктеулi жатқан хатқа кӛзiм түстi. Бұл сәттi мен ешқашанда ұмыта 
алмаймын. Сарғыштау қағазды тӛрт бүктеп, сыртына айбақ-сайбақ қолын қойыпты. 
Жазылуында маған таныс бiрдеңе бар. Бiрақ не екенiн ӛзiм де бiлмеймiн. Жарылғыш 
зат ұстаған адамдай әлденеге сақтанып қағазды ашып, iшiндегi жазуды оқыдым: 
"Бейтаныс құрбым! - деп бастапты. - Мен сiздiңкүнделiгiңiздi оқып, үлкен ойға 
қалдым. Сұраусыз оқығаныма, әрине, кешiрiм сұраймын. Тiршiлiктң" мағынасын 
iздеу деген бiр қиын iске бел буған екенсiз. Мұның ӛзi, шындап келгенде, рух деп 
аталатын ұлы әлемге сапар шегу ғой. Бұл iс, тегiнде, соншалықты қауiпсiз де бола 
қоймас. Сондықтан сапарыңыз оң болғай деп тiлеймiн. Менiң ойымша, адам ӛмiрi - 
жақсылық пен жамандықтыңмәңгiлiк қақтығысы деген қалыптасқан тұжырым әлi де 
ойлануды қажет етедi. Себебi жаңағы Жамандық пен Жақсылықты жеке-жеке 
бұғалықтап, екi жаққа бӛлiп қоя алмайсың. Кӛшеден кез келген бiр адамды ұстап 
алып, оныңжақсы-жаманын айыру мүмкiн емес. Үйткенi, ол бiреуге жақсы болса, 
бiреуге - жаман; жауларына - жексұрын, жарына - аяулы, достарына -сүйкiмдi т.с.с. 
Адамның жақсы кӛру, жек кӛру сезiмдерi де әлгi екi ұғымға тiкелей қатысты емес. 


Яғни адам үнемi жақсыны жақсы кӛрiп, жаманды жек кӛре бермейдi. Жақсы мен 
жаманныңдостығы немесе жақсыныңекiншi жақсыны жек кӛруi ӛмiрде аз ба? 
Сондықтан ӛмiр - iзгiлiк пен зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың қақтығысы 
ғана емес, iзгiлiк пен iзгiлiктiңде, жамандық пен жамандықтыңда қақтығысы. Жақсы 
мен жақсы да бiр бiрiмен айтысады, бiрiн бiрi құрта алады. Ендеше Жақсы-Жаман 
деген ұғымдар - шартты ұғымдар. Оны тек жағдайға қарап қана жобалауға болады. 
Бiрақ бұл да мәселенiңбiр-ақ жағы. Ең қызығы – Жақсылық пен Жамандық қанша 
кереғар болғанмен, бiрiмен бiрi ӛзектес, сабақтас, бiр бiрiнсiз күндерi жоқ егiз 
құбылыс. Мәселен, қытай философиясында қайырымды күш – "Ян" ӛзiне қарама-
қарсы қайырымсыз күш – "Инь"-мен алмасу заңы бойынша ӛз ара тығыз байланыста 
болады. Анығырақ айтсақ, "Инь" белгiлi бiр уақытта бiрте-бiрте "Ян"-ға айналса, ендi 
бiр мезгiлде "Ян" ӛзiнiң шырқау шегiне жетiп, "Инь" күшiне айналады. Жер бетiндегi 
тiршiлiк ымырашыл осы екi күштiң тепе-теңдiгiнiңтұрақтылығына байланысты. Бұл 
философияны ӛмiрлiк фактiлерге әкелсек, былай болып шығар едi. Айталық, ӛзен суы 
– тiршiлiк кӛзi. Бақша ӛсiрiп, жайлым жасап, егiстiктi суару үшiн, адамдар тоған 
жасап, бӛгет тұрғызып, су жинайды. Игiлiкке жұмсалатын бұл су – ырыс немесе 
қайырымды күш – "Ян". Бiрақ осы су кӛктемде ӛзен қатты тасығанда үйлердi ағызып, 
малдарды мамыта қылып, тоғандар мен бӛгеттердi бұзып яғни ӛзiнiңшырқау 
шыңынан асып кетiп, апатқа - қайырымсыз күш - Инь"-ге ауысады. Одан кейiн бiрте-
бiрте сабасына түсiп, қайтадан адам игiлiгiне қызмет ететiн қайырымды күшке 
айналады. Бiрақ оның да ӛмiрi ұзақ емес. Келесi кӛктемде қайырымды "Ян" тағы да 
қайырымсыз "Инь"-ге ауысады. Осылай кете бередi. Негiзi - су. Бiр-ақ нәрсе. Бұдан 
туатын қорытынды - бiздің Жақсы, Жаман деп жүргенiмiз әр түрлi жағдайда әр түрлi 
сипатқа ие бола алатын бiр-ақ құбылыс. Ендеше iзгiлiк пен қиянатты осынша алалап, 
бiр бiрiнен бӛлудiң қажетi болар ма екен. Осыны бiр ойланып кӛрiңiзшi. Бейтаныс 
құрбым, байқаймын, бұл әлi әңгiменiң басы ғана. Екеумiздiң ортаға салар ойларымыз 
аз болмайтын секiлдi. Қарсы болмасаңыз, жақынырақ танысайық. Сырласайық. Хат 
жазсаңыз, коридордағы столдың астыңғы қабатына қалдырыңыз. Бейтаныс 
құрбыңыз." Аң-таң болып, неге екенiн бiлмеймiн, құпия хатты басынан бастап қайта 
оқып шықтым. Кенет жүрегiм су ете қалды. Бұл қалай келген хат? Палатада 
жалғызбын. Кiм кiруi мүмкiн? Неге мен жоқта келедi? Неге менiң күнделiгiмдi 
сұраусыз оқиды? Қажет болса, хатсыз-ақ неге таныспайды? Әлде бiр үрей дедектетiп 
аяғымды жерге тигiзбейдi. Бiраздан кейiн ӛзiмдi ӛзiм сабырға шақырдым. Жарайды, 
осылай болған шығар. Бұл заманда iстеген iсi мен мiнезiне ешкiм түсiнiп болмайтын 
жандар аз ба? Оның үстiне жүйкесi ауратындардың iшiнде кiм жоқ дейсiң? Мен ӛзiмдi 
ӛзiм осылай жұбатып, бұл оқиғаға ендi мән бермеуге тырыстым. Сағат 11-де 
аутотренинг сеансына бардым. Сеансты мен кӛрмеген бiр аққұба жас қыз жүргiздi. 
Сӛйлегенде жұқа ерiндерi сәл-пәл түрiлiп, маржандай аппақ тiстерiн кӛрсете, 
күлiмсiреп тұрады екен. Жанары жанарыңа түйiскенде жүзiңдi нұрымен шарпып, 
әлдебiр жылы ағынға бойың балқып, жаныңмен шомылғандай боласың. Соны сезiп 
тұрғандай: - Сiз балбырап, рахат сезiмiне бӛленудесiз,- дейдi әлгi ерiндер санаңды 
баураған жұмсақ үнмен.- Сiз маужырап, ұйқы құшағына батып бара жатырсыз, батып 
бара жатырсыз... Алыстан талып музыка үнi естiледi. Күйсандықтан тӛгiлген 
таңғажайып бiр әуен! Жер бетiндегi тiршiлiк сазына ұқсамайды. Сәбидi әлдилегендей 
бiр ырғақпен ұлы кеңiстiкке - о дүниелiк шексiздiкке бойлап барады. Жүректен 
шыққан сағыныш сезiмi пенделiк бұғаудан босанып, азаттық әлемi - мәңгiлiкке 


кӛтерiлiп, адами мақсат-тiлек жетпейтiн бақи биiкте қалқып тұрған секiлдi. 
Шексiздiк... Әлде қалай күннiң нұры жарқырап, кӛктiң иiсi мұрынды жарып, айдын 
кӛлдiң жағасында самалдап отырғандай бiр әсер билейдi... Жасыл жайлау... Кӛз 
ұшында бiреу қол бұлғап шақыратын секiлдi. Кенет: - Ендi ояныңыз!- деген үндi анық 
естiдiм. - Сiздiң кӛңiл күйiңiз сергек, денеңiз жеңiл, бойыңызға күш, жаныңызға жiгер 
қосылды. Ояныңыз! Маужырап кӛзiмдi ашқанда, сәбиге қарағандай жымиып тұрған 
дәрiгер қызды кӛрдiм. - Ӛте жақсы!- дедi ол бiзге, әлде ӛзiне - кiмге риза болғаны 
белгiсiз. Мен алғашқыда әлде бiр құпиясы ашылып қалған адамдай болмашы абдырап, 
жан-жағыма қарадым да, ӛзiм секiлдi бей-жай болып оянып жатқан ӛзгелердi кӛрiп, 
кӛңiлiм орынына түстi. 4 26 наурыз... Тегінде мені бір қырсық айналдырып жүр. 
Түнде ӛте жәйсіз түс кӛрдім. Қараңғы дәлізбен келе жатыр екенмін деймін. Жолда 
жатқан - зат я тіреу екені белгісіз - әлдебір кедергілерді айналып ӛтіп, құлап қалмау 
үшін, әлсін-әлсін сипалап, қолымды қабырғаға тіреймін. Шамасы бірдеңеге асығып 
келемін. Бір кезде әлдеқандай ӛткір зат - қабырғаға қадаулы тұрған қанжар болуы 
мүмкін - мойнымды орып ӛтті. Еш жерім ауырмаған соң, ілгері жүре бергем, кенет 
басымның бұлғақтап кеткенін сезіп, қолыммен ұстай алдым. Басым боп-бос - бір 
теріге ғана ілігіп тұр. Бір қолыммен қабырғаны сипалап, бір қолыммен басымды 
ұстап, ілгері жылжимын. Жүруге ыңғайсыз, сәл сүрінсем, басымды түсіріп алатын 
секілдімін. Қараңғы дәліздің таусылатын түрі жоқ. Осынау жанды қинаған азапты 
жүріс енді ешқашанда бітпейтіндей кӛрінді... Бір уақытта қонақ үй секілді ғимараттың 
ішіне кірдім. Фойедегі орындыққа отырып, басымды ілігіп тұрған жерінен біржола 
жұлып алып, келесі орындыққа қойдым. Ӛтіп бара жатқандар маған бұрылып 
қарайтын секілді. Ыңғайсызданып басымды газетпен жаба саламын. "Мынау ұят 
болды-ау,- деймін ішімнен.- Мұны қайтіп жасырамын?" Қайда барарым да белгісіз. 
Газеттің шетін ептеп кӛтеремін де, басымның сол күйі жатқанын кӛріп, қайтадан жаба 
саламын. Әлгіден қалай құтыларымды білмей отырған адам секілдімін... Ӛстіп жатып 
оянып кеттім. Ӛзіме-ӛзім келе алмай, жүрегім тарсылдап біраз жаттым. Мені 
таңқалдырған нәрсе - басымды ӛзімнен бӛлек қойып, қайтып ойлап, қайтып кӛріп 
отырғаным. Қисыны келмесе де, анық нәрседей әсер етеді. Ұзақ уақыт ұйықтай 
алмадым. Терезеден құлаған әлжуаз жарық бӛлме ішіндегі қараңғылықпен астасып, 
іріген бірдеңедей, не жарық емес, не түнек емес, кӛзперде қаракӛлеңкеге айналған. 
Әлдеқайдан болмашы жел келіп тұр. Кӛрген түсім қусаң кетпейтін шыбын секілді. 
Кӛзімді жұмсам болды, кесілген жерінен қызыл еті кӛрініп, орындық үстінде 
шалқалап жатқан ӛз басымды қайта-қайта кӛремін. 5 27 наурыз... Дүниедегі ең жаман 
нәрсе - адамның ӛзінен-ӛзі қорқуы. Ондайда ішкі әлемің қатері кӛп қалың орманға 
ұқсайды. Бір адассаң, қайтып шығуың неғайбыл. Адасқан сайын қорқынышың 
ұлғайып, қорқынышың ұлғайған сайын, ӛзіңді-ӛзің бӛтен адамдай сезінесің. Ақыры ӛз 
інінен ӛзі шошыған тышқандай мен де ӛзімнің жан сарайымнан сыртқы әлемге қашып 
шығамын. Анық тіршілік қанша қатыгез болса да, қарасыны кӛп, алданышы бар: 
қаптаған адам, күннің нұры, тоқтаусыз қимыл, толассыз үн. Сыртқы ортамен ӛзіңді 
байланыстырып тұрған бір тамырды ӛз бойыңнан сезген кезде ау бастағы табиғи 
түйсік-таным қайта оралып, онымен бірге үмітшіл тілек, мақсат та қайта ұялайды. 
Мендегі қазіргі бірінші мақсат - ӛзіме хат жазған құпия кісіні тауып алып, 
жасырынбақ ойынын тоқтаттыру. Жау тылында жүрген барлаушыдай аяғымды аңдап 
басып, ауладағы адамдардың әрқайсысының жүзіне зер сала қараймын. Бетіме бір 
қараса-ақ болды, жазбай танитын секілдімін. Бейтаныс құрбымды іздеп жүріп, бір 


байқағаным - біз шын мәнінде ӛмірге тым атүсті қарайды екенбіз. Атүсті 
қарайтынымыз сонша, тіпті қасымызда жүрген адамдардың кім екенін біле бермейміз. 
Мен мән бермей жүрген кезде аулада жүрген адамдардың бір-бірінен айырмашылығы 
шамалы болып кӛрінетін. Сүйтсем, олар бір-біріне мүлде ұқсамайтын жандар екен. 
Сыртынан қарағанда сӛзге сараң, сабырлы кӛрінетін сирек шашты ақсары кісі нағыз 
мылжыңның ӛзі болып шықты - ӛзін таныстыру үшін алыстан ата-бабаларын таратып, 
әрқайсысының ерлігін баяндап, бір атасының патшаға барғанын, бір атасының ғұлама 
ғалым болғанын айтып, жеңімнен ұстап жібермей, әбден зықымды шығарды. Қасқа 
басын самай шашымен жапқан толықша жігіт: "Әй, бауырым, қазақта мені білмейтін 
жан жоқ, ӛзің қайда жүрген адамсың?"- деп ӛзіме дүрсе қоя берді. Енді біреуі тіпті 
науқас екен: "Мен Айса пайғамбармын, кӛктен түстім, менен қорқып бәрі жабылып, 
осында тығып қойды. Оны ұйымдастырып жүрген - Біріккен Ұлттар Ұйымы,"- деп 
ақылға сыймайтын бірдеңені айтады. Күн кӛзі жылына бастады. Бірақ кӛлеңкенің 
ызғары әлі басылмаған. Ылғалды кӛктем лебі науқас адамның деміндей сезіліп, 
әлдеқайдан сыздықтаған шаншу жел анда-санда ұйытқып ӛткенде, тәнің түгілі жаның 
да түршіккендей болады. Түске тақағанда аулада тӛбелес болды. Еңгезердей сақалды 
біреу шәші жалбыраған жас жігітті сабап, жұрт әрең дегенде айырып алды. Тӛбелестің 
себебін әркім әртүрлі айтады. Медбикенің айтуынша, әлдебір себеппен аулаға шыққан 
бас дәрігер жас жігітпен амандасқан екен, соған ыза болған сақалды дау "менімен 
сәлемдеспей, сенімен неге сәлемдеседі" деп бас салып сабаған секілді. Қарап отырсаң, 
аурухананың ауласындағы тіршілік пен сыртқы тіршіліктің арасында үлкен айырма 
жоқтың қасы. Түстен кейін мені дәрігер қабылдады. Орындыққа шаншылып тік 
отыратын шағын ғана кӛзілдірікті жігіт. Бір жері ауырып отырғандай адамға әлдебір 
қиналысты жүзбен қарайды. Сӛйлеген сӛзінен тәжірибелі, білімді маман екені 
байқалып тұр. Менің қан қысымымды ӛлшеп, жүрегімді, ӛкпемді тыңдағаннан кейін, 
кӛңіл күйімді, жалпы жағдайымды, ӛткен ӛмірімді сұрап әңгімеге тартумен болды. 
Жабырқаған кӛңілін кӛтеру үшін сӛйлесетін адам іздеп отырған секілді. Ақыры ауа 
райы, ӛткен түнде тоқтап қалған ыстық су тағы сол сияқты ұсақ-түйекті сӛз қылып, 
артынан медицина туралы әңгімеге кӛшті. Психика патологиясы туралы ұзақ лекция 
оқыды. Әсіресе, тұлғаның екіге жарылуы... Яғни бір адам бойында екінші тұлғаның 
пайда болуы. Мәселен, біреу - жақсы отағасы, ұқыпты қызметкер, ал түнгі сағат 12-
ден әрі қауіпті қылмыскер: әйел зорлап, кісі ӛлтіруі мүмкін. Жақында бір ұшқыш жас 
қыздарды зорлап, қайсыбірін мерт қылғаны үшін ұсталған. Және мұндай қылмыспен 
бірнеше жылдар бойы шұғылданған екен. Жұртқа сыйлы, зиялы қызметкердің 
қылмысқа толы тағы бір жасырын ӛмірі кешіп жүргенін ешкім де білмеген. Мұндай 
мысалдар аз емес. Яғни адам ішінде мінезі бӛлек, дүниеге кӛзқарасы бӛлек екінші 
тұлғаның пайда болуы - бұл адам психикасындағы патология. Ал, мен ойлаймын: 
мына заманда, қалыпты жағдай мен шектен тыс құбылыстың мидай араласып кеткен 
тұсында, дерт пен денсаулықтың ортасына шекара қою мүмкін емес. Айталық, бір 
тісің аузыңа сыймай кетсе -патология, ал кеше ғана күйіп-жанған ғашықтар мен қанды 
кӛйлек достар аяқ астынан бір-біріне опасыздық жасап жатса - патология емес, бұл - 
тіршілікке тән қалыпты жағдай. Және осындай ұғымға да, қағидаға да етіміз үйренген. 
Әйтпесе, адамгершілік мұратыңды сатудан артық қандай патология болуы мүмкін? 
Бүгінгі әлеуметтік мінез-құлық: ӛзінен басқаның бәрін иттің етінен жек кӛретін 
ӛлермен ӛзімшілдік, жексұрын мақтаншақтық, жаны ашымас қатыгездік, 
мейірімсіздік, іштарлық - патология емес пе? Бойдағы міні шашынан кӛп болса да, 


ӛзімен күресіп жүрген бір адамды кӛрмейсің. Кӛшеден жүз адамды ұстап алып, 
сырлассаң, жүзі де әлдекімнен қиянат кӛрушілер болып шығады. Сонда қиянат 
жасаушылар қай жақта жүр? 6 31 наурыз... Бүгін тағы хат алдым. Ӛз сорыма ӛзім 
жетіп тынатын шығармын. Коридордағы столдың қуысына қарамауға ант берсем де, 
әлдебір соқыр сезім жетегінен шыға алмадым. Күні бойы ӛзімді-ӛзім тежеп 
жүргенмін. Бесін кезінде столға келіп, астыңғы қуысына қолымды созғанда, 
саусағыма іліккен хатты кӛріп, қылша мойнынан тұзаққа іліккен аңдай сілейдім де 
қалдым. Мені бір нартәуекел сезімнің иектегені рас еді. Егер осы жолы хат жоқ болып 
шықса, іштей арбасқан жекпе-жекте сәл-пәл тыныстап, күш жиғандай болар едім. 
Менің кӛзге кӛрінбейтін қарсыласым алдымды орап кетті. "Бейтаныс құрбым,- дейді 
баяғыша,- сізден жауап алмаған соң, екінші рет хат жазып отырмын. Сіздің 
күнделігіңізді оқығаныма тағы да кешірім сұраймын. Менің ұққаным - сіз ізгілікке 
сенесіз де, зұлымдыққа сенбейді екенсіз. Меніңше, екеуіне де сену керек. Дүниені 
ұстап тұрған осы екі күш қой. Ӛмір атты арбаның екі жетегі болса, біреуі - зұлымдық. 
Бірақ ол, сіз ойлағандай, адамға тек жамандық әкелетін зиянды нәрсе емес. Айталық, 
мойындалған қағида бойынша, зұлымдықтың бір ӛкілі - ажал. Бірақ ажал болмаса, 
жер бетінде қандай тіршілік болар еді? Ауру ӛлмесе, кәрі ӛлмесе, қарақшылар, 
адамзатқа қасірет әкелген тирандар ӛлмесе, не болар еді? Тозақ қана болар еді. 
Ӛлімнің арқасында ғана ӛмір мәңгілік тоқтаусыз үрдіске айналып отыр. Екіншіден, 
бойымызда кісі ӛлтіре алатын қатыгездік болмаса, қанішерлерден ӛзімізді қайтіп 
қорғар едік? Немесе, жыланның ӛзінен де, уынан да зәреміз ұшады, ал одан адам 
ӛмірін сақтап қалатын қанша дәрі жасалады? Ендеше, ешбір күшке "жақсы", "жаман" 
деп алдын ала айдар тағуға болмайды. Тек біз ол күштермен тоғысқан кездерде бізге 
олардың пайдасы тие ме, әлде зияны тие ме - жақсы я жаман деп жүргеніміз осы 
жағы. Енді ӛтірік пен жалған туралы. Ӛтірікті жек кӛреміз. Ал сол ӛтірік адамдармен 
айтысатын болса: "Ау, ағайын!- дер еді.- Бәріңнің күн кӛріп отырғандарың менің 
арқам емес пе? Ыңғай шындықты айтамын десеңдер, баяғыда тоз-тоз болып құрып 
кететін едіңдер. Менің арқамда қанша рет жан сақтадыңдар, әлі де қанша жан сақтап 
жүрсіңдер. Ӛтірік айтпай бір күн ӛмір сүре алмас едіңдер." Ӛтірік осылай десе, 
ешқайсымыз да аузымызды аша алмас едік. Ӛйткені ӛтіріктің айтып отырғаны - 
шындық. Сен күнделігіңде тазалық туралы кӛп жазасың. Мен осындағы бір адамнан 
естіген әңгімемді айтайын. Зиялы қауымнан шыққан бір әйел еркегінің кӛзіне шӛп 
салған. Қайтіп, қалай деп бас қатырмай-ақ қояйық. Күнде кӛріп, естіп жүрген 
нәрселер. Бірақ ең ӛкініштісі - әлгі әйел жыныс ауруына ұшырап қалған. Бәлкім 
ақылға салса, сабырға жүгінсе, емделіп, жазылып та шығуға болар еді. Алайда, қатты 
күйзелген бейшара енді ӛзін күйеуіне лайықсызбын деп ойлап, қайғыға шыдамай, 
асылып ӛлген. Ері баласымен артында қалды. Күйеуі қатты қайғырыпты. Оған ең 
қатты батқаны - ӛзін керемет таза кӛріп, соған лайық бола алмағаны үшін, ӛзін-ӛзі 
ӛлтірген әйелінің сұмдық ӛкінішті қателігі. Күйеуі әйелін ешқашан ӛлімге қимайтын, 
кешіруге әзір еді. Ӛйткені ондай тазалық оның ӛзінде де болған емес. Ғажайып таза 
болмай-ақ, пенделік кемшілікпен-ақ бақытты болып тұра беруге болатын еді. Енді ол 
бақытты қайтару мүмкін емес. Не деген қате ұғым?! Дүниені бүлдіретін осындай қате 
ұғымдар. Қиялда ғана бар, ал ӛмірде орындалмайтын тазалықпен ӛз санамызды ӛзіміз 
улағанда, не бітіреміз? Не деген ақымақтық?! Күйеуінің қайғысында шек жоқ. 
Оқиғаның бас-аяғы осы. Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, ӛзінің кім екенін 
анық білуі керек. Яғни ӛзінің әулие емес, күнәкар пенде екенін мойындауы керек. 


Оны мойындамайынша, ешкім мәңгі рухани азаптан арыла алмайды. Осыны 
ойлағанда, маған бақыт құсы қол созым-ақ жерде тұрғандай кӛрінеді. Сол бақыт 
құсының сізге де қонуын тілеймін. Мен сізден күдерімді үзбеймін. Әлі де хат күтемін. 
Бейтаныс құрбыңыз". Қолым дірілдеп хаттың соңғы жолдарын әрең оқыдым. "Сабыр, 
сабыр!"- деймін ӛзімді-ӛзім басуға тырысып. Бірақ үрей қысқан сезімдер, ойлар бет-
бетімен тым-тырақай қашқан аңдар секілді, менің ырқыма бағынбайды. Ақыры 
"аңдардың" бетін қайырып, ішкі дүниемді бір жүйеге түсіргендей болдым. Бірақ 
қорқыныш бұлты тарайтын емес. Апыр-ау, бұл не нәрсе? Мені мазақ қылып жүрген 
біреу ме? Әлде басқа сыры бар ма? Сабырымды шақырып, сабама түскеннен кейін, 
хаттың мазмұнына ой жібердім. Менің бойымдағы алғашқы соқыр үрей енді ішкі 
азапқа, рухани мазасыздыққа айналды. Себебі хаттағы кесепат ой-пікірлерде 
шындықтың белгілері жоқ емес еді. Қауіптілігінің ӛзі де осында. Дүниедегі ең жаман 
нәрсе - бірыңғай жалғандық емес, шындық араласқан жартылай жалғандық. Ең 
қатерлі адам - бірыңғай жексұрын емес, бойында аздап та болса жақсы қасиеттері бар 
жексұрын. Ондай "жақсы" жексұрындармен күресу он есе қиын. Алайда мен оның 
негізгі бағытының дұрыс емес екенін жақсы білемін. Егер барар жер, айталық, 
шығыста болса, батысқа қарай жүрген адам қанша тапқырлық, қажырлылық, 
айлакерлік кӛрсеткенімен, ол жерді ешқашанда таба алмайды. Ал табу үшін алған 
бағыттан бас тарту керек. Бір адамның әрі жаман, әрі жақсы болуы дүниеде ізгілік пен 
қиянат деп аталатын кереғар екі күштің бар екенін жоққа шығара алмайды. Егер бір 
аттың түсі әрі ақ, әрі қара болса, оны ала деп атайды. Бірақ ол ақ пен қара деп 
аталатын екі түстің бар екенін жоққа шығара алма ма? Жоқ. Тек екі түс бір аттың 
бойына сыйысып тұр. Ендеше ізгілік пен қиянатты бір бойына сыйдырған қанша 
құбылыс болса да, ол екеуі бір ұғымға айнала алмайды. Хаттың ішінде адамды 
ойландыратын басқа да қызық ойлар бар. Бірақ қызық ой қызықтауға ғана жақсы. 
Шын мәнінде, ақиқаттан ауылы алыс жатыр. Ӛмірдің жүрекжарды мәні мен мағынасы 
туралы қырқысқан күресте қызық пен кӛркемдікке орын жоқ. Бізге керегі - тек ақиқат, 
қатал да сұрқай, анық ақиқат. Ақиқатттың бір жауы - сұлулық. Ақылсыз сұлу адам, 
опасыз сұлу әйел, алдамшы сұлу сӛз... Жалғандық кӛбіне сұлулықты жамылып 
жеңіске жетеді. Қаншама әдемі айтылған, қиыннан қиыстырылған жалған ойлар 
жеңілтек жолбасшыдай адамдарды адастырып жүр. Р.S. Готфрид Бенн: "Гегель, 
Дарвин, Ницше - мінеки, миллиондаған адамдардың ӛліміне себеп болған кім 
десеңдер, осылар. Сӛз қылмысы кісі ӛлтіргеннен де ауыр, айтылған ойдың зардабын 
ерлер мен тобырлар кӛтереді." 7 1 кӛкек Кӛңiлдегi күдiк күн сайын күшейiп келедi. 
Күшейген сайын, әлдебiр ылажсыздық, дәрменсiздiк билейдi. Менiң “бейтаныс 
құрбым” ӛте зымиян адам. Менi сырттан қалт жiбермей бақылап жүр. Тiптi мен хат 
оқып жатқанда да, бiр тесiктен сығалап қарап тұрғандай кӛремiн. Үйткенi 
жазғандарына қарасам, менiң жазбаларымды былай қойғанда, ойлаған ойларыма дейiн 
оған таныс секiлдi. Мен оны ӛз бетiммен iздеп табамын деген ойдан бiрте-бiрте қайта 
бастадым. Ӛзiңнен қу адамнан қулық асырам деу – әшейiн далбаса. Қазiр де ол осы 
тӛңiректе жүр. Бӛлмеге келiп-кетiп жүретiн медбикемен де, палатаны жуып-сүртетiн 
әйелдермен де, тiптi дәрiгердiң ӛзiмен де тығыз байланыста болуы ғажап емес. Оның 
бiлмейтiнi жер астында. Мен ендi ол туралы күнi-түнi ойлайтын болдым. Ӛткен түнде 
оны түсiмде кӛрдiм. Үстiнде менiң үстiмдегiдей сұр халаты бар, аяқ киiмi де тура 
менiкiндей, терiс қарап тұрып: - Мiнеки, ақыры кездестiк қой,- дейдi маған. - Иә, 
кездестiк, деймiн мен кекесiн үнмен. Түрiн кӛре алмаймын. Бiрақ оны бұрыннан 


бiлетiн адам болып кӛрiнгiм келедi. Сондықтан айналып алдына барғаннан гӛрi, оның 
маған бұрылып қарағанын қалап, сабыр сақтап үнсiз тұрмын. Неғұрлым кӛбiрек 
үндемесем, ол шыдамай бұрылып қарайтын секiлдi. Бiрақ оның бұрылып қарайтын 
түрi жоқ, қатып қалған тас мүсiндей қыбыр етпейдi. Ақыры шыдай алмай: - Ендiгi 
жасырынбақтың ретi келмес, деп иығынан тартпақ болып, қолымды созсам, қолым 
қимылдамайды. Бiреу тас қылып байлап қойғандай. Бар күшiммен қолымды қозғамақ 
боламын. Қанша талпынсам да, дәрменiм жетпейдi. Қатты зорланып, ыңыранған 
күйiмде оянып кеттiм. Бастырылығып жатыр екенмiн. Жан терiм шықты. Кӛзiмдi 
жұмып, кӛрген түсiмдi қайта елестетiп, “бейтаныс құрбымның” бiр белгiсiн аңғарып 
қалғым келетiн секiлдi. Бiрақ еш белгiсiн ұстай алмаймын. Тiптi ұстағанда да не 
пайда? Түсiмде кӛрдiм екем деп, бiреуге қалай жармасасың? 8 2 кӛкек Әлдебiр аңның 
iзiне түсем деп адасып, құла түзден бiр-ақ шыққан адамдаймын. Не iстеу керек 
екенiне миым жетпей, түндер бойы кiрпiк iлмей шығамын. Таңертең тұрғанда басым 
мең-зең болып, әлiм құрып, бойымнан беймарал кӛнгiштiк, жеңiлiске деген 
құштарлық бас кӛтергендей болады. Жоқ, мен жүйке күресiне шыдамайды екенмiн. 
Ақыры оған хат жазуға мәжбүр болдым. “Бейтаныс құрбым, деп бастадым мен де 
хатымды. Бiрден жауап қайтармағаныма кешiрiм сұраймын. Ӛйткенi сiз қозғаған 
кейбiр мәселелердiң маған анықтығы сонша, оған бола қызыл кеңiрдек болып 
таласудың қажетi жоқ деп ойладым. Бiрақ, байқаймын, олай емес секiлдi. Сiз шын 
мәнiнде басқа бағыт, басқа түсiнiктегi адам болып шықтыңыз. Әрине, жер бетiндегi 
барлық адам бiр-ақ бағытта ойласа екен деу шындыққа сыймайтын да шығар. Бiрақ 
солай екен деп, сенiмiңе, сезiмiңе жасалған қиянатқа қол қусырып қарап отыру 
мүмкiн емес. Ӛмiр – күрес. Адамдар алдымен қара күшпен күресетiн болды. Одан 
кейiн неше түрлi қару-жарақ ойлап тауып, соғыс ашып, халықтарды жаппай қырғынға 
ұшыратты. Ендi, қатерi одан кем емес ақыл-парасат майданы шықты. Егер бұл 
майданда iзгiлiк жеңiске жетпесе, адамзаттың рухани күйреу дәуiрi басталады. Одан 
құтқаратын күш жоқ. Сiз сол екеуара шағын майданды (әзiрге) бастадыңыз. Амалсыз 
қабылдадым... Ендi мәселенiң ӛзiне кӛшейiк. Сiз маған iзгiлiкке қалай сенсеңiз, 
зұлымдыққа да солай сенiңiз депсiз. Құрбым-ау, олардың ӛмiрде бар екенiн мойындау 
сенiм емес қой. Сенiм деген сол екеуiнiң бiреуiнiң адам үшiн қымбат екенiн, артық 
екенiн мойындау. Достоевский: “Сенiм жоқ жерде – iзгiлiк те жоқ”,- дейдi. Сонда бұл 
қандай сенiм? Iзгiлiктiң болмыста бар екенiне ғана сену ме? Жоқ, бұл – iзгiлiктiң 
жеңiсiне деген сенiм. Iзгiлiкке сенiм артпаған адам ешқашан да жақсылық жасай 
алмайды. Сiз тағы да ештеңеге “жақсы”, “жаман” деп айдар тағуға болмайды депсiз. 
Адам баласының хайуандар әлемiнен жоғары тұруы әлгi “жақсы” мен “жаманды” 
айыра алатын парасатының арқасында ғана емес пе. Егер бiз осы екi ұғымға лайықты 
айдар таға алмасақ, адамгершiлiк деп аталатын ұлы шариғат та тумаған болар едi. 
Адамгершiлiк – адами қарым-қатынастың қағидасы. Онсыз адам ӛмiр сүре алмайды. 
(Рас, адамгершiлiк пен ардың заңын жиi-жиi бұзатындар жеткiлiктi-ақ шығар, бiрақ 
оған қарап, адамзаттың бүкiл болмысын жоққа шығару мүмкiн емес.) Сiздiң ӛлiм 
жайлы философияңызды үлкен жаңалық деп айта алмас едiм. Бiрiншiден, ӛлiмнiң бәрi 
бiрдей емес. Егер адам тәңiрi сыйлаған тiршiлiгiн ӛз қадарынша ӛткерiп, кейiнгi 
ұрпаққа орын беру рәсiмiнде келген борышты ӛлiм болса, адамзат ондай “қиянатқа” 
шүкiршiлiк етудi баяғыда үйренген. Бiрақ әдiлетсiз ӛлiм деген бар ғой. Бiреудiң 
жеткiзбей желкесiн қиған, бiреудi жалғызынан айырған, жауызға жеңiс әперген, 
қанiшер қарақшының, қараниет күншiлдiң қолымен жасалған, тирандардың үкiмiмен 


жазықсыз жандарды жаппай қырғынға ұшыратқан ӛлiмге мен сiз секiлдi бiрыңғай 
философиялық тұрғыдан қарай алмаймын. Бұлар жер бетiндегi тiршiлiктi мәңгiлiкке 
айналдыру үшiн емес, жер бетiндегi iзгiлiкке қарсы бағытталған ӛлiм. Сондықтан, 
мүмкiндiгiнше, мұндай ӛлiмдi болдырмау үшiн күресу керек. Ӛтiрiк туралы да 
құлаққа тосын естiлетiн пiкiрлер айтыпсыз. Рас, ӛтiрiкпен күн кӛрген заман кӛп 
болды. Қазiр де сонымен күн кӛрiп жүргендер аз емес шығар. Бiрақ ол ӛтiрiктiң ӛз 
басының жақсылығынан емес, ӛтiрiкке негiзделген қоғамның кiнәсынан ғой. Егер 
оның орынында шындыққа негiзделген әдiл қоғам болса, ӛтiрiк сол сәтте-ақ әшкере 
болып, сiз айтқандай, бiзге кекiрейiп, жоғарыдан қарап сӛйлей алмас едi. Хатыңыздың 
соң ында күйеуiн ӛзiне адал деп қателесiп, асылып ӛлген әйелдiң тарихын мысалға 
келтiрiпсiз. Мұның бәрi, айналып келгенде, әшейiн құйтұрқы пiкiр таласының айла-
тәсiлi ғана. Зерденiң ойыны. Дәл осындай әйелi кӛзiне шӛп салғаннан, керiсiнше, 
күйеуi асылып ӛлген талай мысалды келтiруге болар едi. Сондықтан оған қарап, 
дүниенi құртып жүрген дүниеде жоқ тазалық деп қорытынды жасауыңыз ешқандай 
қисынға келмейтiн нәрсе. Жалпы, iзгiлiк пен зұлымдықтың табиғаттағы арасалмағы 
бiрдей, тек сол тепе-теңдiктi сақтай бiлу қажет деген пiкiр, менiңше, жаңсақ пiкiр. 
Iзгiлiктiң кӛлемi зұлымдықпен ешқашанда тең болған емес. Себебi iзгiлiктiң жолы 
жiңiшке. “Қиянат жасаудың мың түрi бар, ал қиянат жасамаудың түрi бiреу-ақ, ол – 
тек қиянат жасамау” деген бiреудiң сӛзi бар. Сондықтан қолыңнан келсе, 
жасайтыныңды iзгiлiкке жаса. Ал зұлымдық сенiң әлпештеуiңдi қажет те қылмайды. 
Мұның бәрiн мен айтысқа араласып қалған соң , амалсыздан айтып отырмын, әйтпесе, 
сiздiң кӛзiңiздi шындыққа жетiзем деген ой менде жоқ. Сiздiң дүниетанымыңызда 
менiң жанымды, сезiмдерiмдi қорлайтын нәрселер кӛп. Сiзбен араласпақ түгiлi, ой 
бӛлiсудiң ӛзi маған тым ауыр тиiп отыр. Сондықтан ӛзiңiзбен пiкiрлес, бағыттас адам 
тапқаныңыз жӛн болар едi. Бейтаныс”. 9 3 кӛкек Бейтаныс құрбым ӛзiме дәл осылай 
бәле болып жабысар деп ойламаған едiм. Тура бiр ғашығым секiлдi – күндiз-түнi 
ойымнан кетпейдi. Оның ӛзiмдi тӛңiректеп жүргенiн қатар тұрған адамның демiн 
сезгендей, жүрек лүпiлiн естiгендей бiр түйсiкпен аңғаратын тәрiздiмiн. Аулада 
жүргендердiң қайсiбiрi күдiктi кӛрiнiп, тағы да соларды аңдумен бүкiл уақытым зая 
кеттi. Күн сайын ұйқым қанбай, таңертең қалжырап әрең оянамын. Түнде әлдебiр 
дыбыстан оянып кеттiм. Тың тыңдап бiраз жатқан соң, қараңғы дәлізге шықтым. 
Кӛше жақтан бiреулердiң жүрген дыбысын естiп, терезеден қарадым. Ешкiм 
кӛрiнбейдi. Бiр ғажабы, мен терезе алдынан кеткенде аяқ дыбысы қайта естiледi. 
Анда-санда машина гүрiлiнен аяқ тықылын жоғалтып алып, бiраздан кейiн қайта 
естiп, кейде сол дыбысты естiп тұрғанымды, әлде естiмей тұрғанымды ӛзiм айыра 
алмай, беймәлiм күйде жүрегiм атқақтап ұзақ тұрамын. Сыртқа шығып қарамақ болып 
едiм – бӛлiмшенiң есiгi жабық екен. Қайтып келiп, тӛсегiме жаттым. Бiрақ, таң 
атқанша кӛз iлмедiм. Кӛзiм iлiне бергенде жақындап келе жатқан аяқ дыбысын естiп, 
оянып кетемiн. 10 7 кӛкек Таңертең әлденеге елегiзiп, үлкен бiр шаруадан кеш 
қалғандай, немесе пойыздан ия ұшақтан қалып қойған жолаушыдай абыржыған күйде 
ояндым. Басымды кӛтергенде бiрiншi кӛргенiм – тумбочка үстiнде жатқан хат болды. 
Жүрегiм зырқ ете қалды. Үрей оты тамыр-тамырымды қуалап, лезде жан дүниемдi 
шарпыды. Апыл-ғұпыл бүктеулi жатқан қағазды аштым – соның ӛзi. Хатты оқи 
бастағанда үрейдiң сыртында “не жазды екен” деген әлдебiр қызығушылық сезiмiнен 
де құралақан емес екенiмдi байқап тұрмын. “Бейтаныс құрбым! Жауап жазғаныңызға 
рақмет. Бәрi де мен күткендей болды. Сiз қалыптасқан тұрақты кӛзқарастың адамы 


екенсiз. Болмыс ұшы-қиыры жоқ базар секiлдi. Әркiм сол базардан ӛзiне керегiн ғана 
алады. Қалыптасқан кӛзқарас бойынша, керек емес заттың керегi жоқ. Бiрақ сiз керек 
емес затты да бiр алып кӛрiңiзшi. Барлық қызық содан басталады. Бұл – қалыптасқан 
дағдыны бұзу, жаңалыққа құштарлық. Тiршiлiк жаңашыл танымның арқасында ғана 
дамитынына дауыңыз жоқ шығар. Арғы-бергi тарихқа кӛз жiберген кiсi адамзатты 
бақытты болды деп айта алмас. Жер бетiндегi қырғын соғыстар, аштық, апат, iндет, 
адам баласының бойынан арылмаған қиянат, қайыршылық, ол аз болса, бүгiнгi 
табиғат дертi: бұзылған ауа, уланған су мен топырақ – соның дәлелi. Мұның бәрiн 
былай қойғанда, жеке адамның тағдырын – тiптi мына екеумiздiң тағдырымызды – 
алайықшы. Бақыттымыз ба? Ӛз басым бақыттымын деп айта алмаймын. Ӛмiрдегi 
осынша қиянат пен әдiлетсiздiктi кӛре тұрып, және одан құтыла алмасыңды бiле 
тұрып, қайтып бақытты боласың ? Сан ғасыр бойына iзгiлiк пен адалдыққа үмiтiңдi 
артсаң да, сол үмiт ӛмiр шындығымен бетпе-бет келгенде баланың ойыншығындай 
быт-шыт болатынын тарих қанша рет дәлелдесе де, ештеңе ұқпайтын нақұрыстай 
алған бетiмiзден қайтпаймыз. Соқыр ұстағанынан жазбайды дейдi. Бәлкiм, бұл – 
рухани соқырлық болар. Бәрiне сенумен келемiз. Отқа да сендiк, суға да сендiк, 
табынбаған затымыз қалмады. Құдайға да, пайғамбарға да сендiк. Кӛсемге де, 
шешенге де сендiк. Бiрақ адамзаттың қасiретi содан жеңiлдедi ме? Адамзат қанша 
ғасыр ӛмiр сүрсе, сонша ғасыр алданып келедi. “Iзгiлiктiң жеңiсiне сенiңдер”,- дейдi 
ақын-жазушылар. Ол жеңiс қашан болады? Iзгiлiк қай ғасырда жеңiске жетпек? Анық 
дәлел бар ма? Жоқ. Тек солай болса екен деген тiлек қана. Сонда осынша 
бақытсыздықтың себебi не деген заңды сұрақ туады. Негiзгi себебi – ақыл-ой 
кеңiстiгiнде адамзаттың осы уақытқа дейiн адасып келгенi; оның рухани әлемiндегi 
жақсылық пен жамандық немесе iзгiлiк пен қиянат деп аталатын ұлы 
ғибадатханалардың қате салынуы. Олай болса, ар-ұят, адамгершiлiк, әдiлет туралы 
түсiнiктерiмiздi қайта жасауымыз керек. “Жаман деп жүргенiмiздi жақсы деуге 
батылымыз жеткен күнi бiздiң ӛмiрiмiзде ұлы кезеңдер басталады”,-дейдi Ф.Ницше. 
Ескi ұғым, ескi қағида, ескi дағды бiздiң ақыл-ойымызды буып, шындық пен 
ақиқаттың жүзiн дұрыс кӛрсетпейдi. Қаншама тарихи тұлғалар кезiнде әйкәпiр 
атанып, отқа ӛртелiп, дарға асылып, елден аласталды – кейiн пайғамбарлар қатарына 
қосылды. Әдебиет пен ӛнер саласында қаншама кӛркем туындылар ең ӛркениеттi 
елдердiң ӛзiнде қоғамдық моральға үйлеспейтiн “ұятсыз” шығармалар деп танылып, 
оларға тиым салынып, жаңа заман, жаңа ұрпақ келгенде ең озық туындылар 
қатарынан орын алды. Осының бәрi ескi ұғымның салдары. Одан босанған сәтте-ақ 
санамызға нұр бiтiп, алдымыздан анық та, айқын басқа ӛмiр басталады. Ендеше бiздiң 
санамызға бостандық керек. Ақыл-ойдың азаттығы керек. Оны тоқтатар ешқандай 
кедергi болуға тиiстi емес. Тек рухани шексiз бостандық қана адамзатты бақытты ете 
алады. Сәлеммен, Бейтаныс құрбыңыз.” Жақсылық та, жамандық та алдымен дүниеге 
идея күйiнде келедi. Сосын iске асады, сенiмге айналады. Ал мына хаттағы идеяларды 
рухани әлемге тасталған атом бомбасы деп қана қарауға болады. Оның зардабын 
болжау мүмкiн емес... Бұдан әрi ойлауға шамам жетпедi. Жүйке тамырымның 
тартылған сымдай сiресiп, үзiлудiң аз-ақ алдында тұрғанын сезiп, соны босату үшiн 
айқайлап коридорға шықтым: - Бұл не деген сұрқиялық?! Не қылған адам ӛзi? Неге 
менiң бӛлеме сұраусыз кiредi? Жүгiрiп медбике келдi. Жұмысқа жақында тұрған әйел 
едi. - Сiз не бiтiрiп жүрсiз?- деп бажылдаймын оған ӛзiмдi-ӛзiм тоқтата алмай. – Бӛтен 
адамды неге кiргiзесiз менiң бӛлмеме? Медбике менi әрең дегенде сабырға шақырып, 


не болғанын сұрады. Мен оған жӛппелдемеде ештеңе түсiндiрiп бере алмадым. Тек 
хатты кӛрсетiп: “Мiнеки, мiнеки, бұдан артық қандай дәлел керек?”- дегендi қайталай 
беремiн. Ақыры медбике не болғанына түсiндi. - Мен барда сiздiң бӛлмеңiзге ешкiм 
де кiрген жоқ,- дедi маған таңырқай қарап. - Қалайша кiрген жоқ? Мiне, мiне,- деймiн 
тағы да хатты кӛрсетiп. - Жақсы,- дедi ол әлден соң бiр құпияның бар екенiн сезгендей 
болып. – Сiз қазiр жатып демалыңыз, сабырға келiңiз. Сосын кӛремiз. Медбике менi 
бӛлмеге кiргiзiп, тыныштандыратын дәрi бердi де: - Бүгiн далаға шықпай-ақ қойыңыз. 
Егер кешке қарай мазаңыз болмаса, кезекшi дәрiгерден жатарға укол сұраңыз,- деп 
ақыл қосты. - Сiз ғафу етiңiз,- дедiм мен бейбiт үнмен медбикенiң қолынан ұстап.-Ыза 
болған соң, даусым шығып кеттi. Мен сандырақтап отырған жоқпын. Сенесiз бе? Мен 
бiр тығырыққа тiрелгендей жағдайда жүрмiн. Осында келгелi бiр адамнан хат аламын. 
Соңғысы – мынау. Бiрақ кiм екенiн бiлмеймiн. Мазақ қылғандай кейде бӛлмеме тастап 
кетедi.- Қолымдағы хатты тағы кӛрсеттiм.- Аңдығаныма бiраз болды. Жүйкеме тиiп 
жүрген нәрсе – осы. Медбике шын ойланып: - Хатты қашан кӛрдiңiз?- дедi. - Осы 
жаңа ғана. - Жаңа ғана?- деп қайталады ол шошығандай бiр үнмен.- Жарайды,-дедi 
сосын шығуға бет алып.- Мен жақында келген адаммын, кӛбiн әлi тани қоймаймын... 
Бiрақ, байқап жүрейiн. Ал сiз дем алып жата тұрыңыз,- деп есiктi сыртынан жапты. 
Мен байыз тауып жата алмадым. Сағат 11-де аутотренингке бардым. Бiрақ iшiмдегi 
жайсыз ойлардың мазамды алғаны сонша дәрiгер қыздың әдемi ерiнi мен маржандай 
тiстерi, жұмсақ үнi, жан рахатына шақырған сиқырлы сӛздерi, қиял тербеген музыка – 
бәрi де әсер етпедi. Ақыры кешке хат жазуға отырдым. “Құрметтi бейтаныс! Сiз бен 
бiздiң тығылмақ ойнап, айтысқанымызға бiраз болды. Олай болатын себебi – екеумiз 
де бiрдi айтып, бiрге кетемiз. Әрқайсымыз ӛзiмiздiкiн дәлелдеу үшiн, бүкiл жиған-
тергенiмiздi ортаға салып, ӛзiмiзге тиiмдi дәлелдер мен қисындарға ғана жүгiнемiз. 
Егер айтар ойымыз бен жүгiнер шындығымызды нақты алғышарттарға негiздемесек, 
сiз екеумiз ӛмiр бойы айтысып ӛтуiмiз мүмкiн. Сонымен, сiздiң айтуыңызша, 
адамзаттың осы кезге дейiнгi жүрiп ӛткен рухани жолы – жалған, ӛйткенi адам 
баласының әу бастағы бетке алған темiрқазығы – адамгершiлiк мұраты дұрыс емес. 
Iзгiлiк, қиянат, махаббат, адалдық, арамдық деген ұғымдар қате қалыптасқан. 
Сондықтан ең алдымен мұраттың ӛзiнен бас тарту керек. Бәлкiм, “бас тарту” деген сӛз 
жоқ та шығар, бiрақ түптеп келгенде айтар ойдың тоқ етерi – осы. Ал, менiңше, 
адамдар осы кезге дейiн қалыптасқан адамгершiлiк қағидаттарын орындағаннан емес, 
керiсiнше, 
орындамағаннан 
рухани 
тоқырауға 
ұшырап 
отыр. 
Рухани 
ғибадатханаларды 
қате 
салғаннан 
емес, 
керiсiнше, 
қасиеттi 
орындарды 
қадiрлемегеннен, құндамағаннан, ластағаннан бақытсыз болып отыр. Рас, дүниеге 
келген жан иесiнiң бәрi де бостандыққа ұмтылады. Бостандық, сiздiң ойыңызша, 
қолбайлаудан босану. Шынында да бостандық “босану”(құтылу) деген сӛзден пайда 
болған. Бiрақ, қолды тек жамандық қана байлай ма екен? Парыз, обал,сауап, ар-ұят 
деген ұғымдар бар емес пе? Сонда ар-ұяттың қолбайлауынан босанған кездi де 
бостандық деймiз бе? Олай қарасақ, бүкiл тежеусiз iстiң бәрi – имансыздық, қылмыс, 
алдау-арбау, жезӛкшелiк – қысқасы, ойға не келсе, соның бәрiн iстеу (ал ойға не 
келмейдi) – бостандық болып шықпай ма? Ойларына не келсе, соны iстеген Рим 
цезарлары – Нерон, Калигула және басқалар шын мәнiнде, нағыз бостан жандар болар 
едi. Ӛйткенi олар белгiлi бiр қалыптасқан қағидаға бағынған жоқ, бәрiн бұзды; ӛз 
шешелерiмен ашына болды, мiнiп жүрген аттарын сенатқа мүше қылды т.с.с. Бiрақ, 
иттiң иесi болса, бӛрiнiң тәңiрiсi бар. Оларға тарихтың бағасы да, үкiмi де берiлдi. 


Бәлкiм, адамзатты осынау жын-ойнақтан сақтап қалған дiн болар. Соның арқасында 
есiрген iбiлiс ауыздықталмаса да, жазғырылатын болды. Адам санасына бiр құдайдың 
келуi ендi оның ешқашанда хайуан бола алмайтынын, сол себептi хайуани 
бостандықпен ӛмiр сүруге хақысы жоқ екенiн бiлдiрдi. Соның арқасында ӛз 
қыздарына ӛздерi үйленiп жүрген “бостан” жандар ойларына келгендi iстей алмай, 
шариғатпен шектелiп қалды. Бiрақ сiз ойлағандай, бостандықты ӛзге ӛмiрден бӛлiп 
алып, оған пұтқа табынғандай табынатын болсақ, әлгi жын-ойнаққа қайтып келуiмiз 
әбден мүмкiн. Адам адам болғаннан бастап, оның жан дүниесiнiң түкпiрiндегi 
зынданға салынған: қатерлi нәпсi, хайуани түйсiктер, ұятсыздық пен ынсапсыздық, 
қатыгездiк пен қараулық, рақымсыздық пен тоңмойындық сенiң бiр сәттiк 
шарасыздығыңды пайдаланып, бiздi босат, сыртқа шығамыз деп зiркiлдейдi. Ал сен 
оны бостандық деп ойлайсың. Оны босату түрмедегi қауiптi қылмыскердi 
босатқанмен бiрдей екенiн түсiнгiң келмейдi. Кӛшеде кетiп бара жатқан әдемi 
келiншектi кӛрсең , пенделiк жеңiлтек сезiмге берiлiп, оған қызығасың. Бiрақ, сәл 
сабырға жүгiн. Ол келiншек ӛзiң секiлдi бiреудiң жары, қарындасы... Сенiң сәбиiң 
секiлдi бiр сәбидiң анасы. Мiне, осы жерде сен үлкен қатыгездiк пен табандылық 
кӛрсетiп, ӛзiңе “Тоқта!”- дей бiлуге тиiстiсiң. Ӛйткенi бостандық бiреуге залалың 
тимейтiн жерге дейiн ғана бостандық, одан әрi – қиянат. Егер тоқтай алмасаң, хайуани 
сезiмнiң құлына айналасың. “Сенiң патшалардан айырмашылығың не?” деген сұраққа 
данышпан Сократ: “Олар ӛз бойларындағы құмарлықтың құлдары, ал мен сол 
сезiмдердiң патшасымын,” деп жауап берген. Сократ сол құл-патшалардан жүз есе 
бостан. Ӛмiрдiң мәнi мен мағынасы қарапайым ақиқаттан тұрады. Бiздiң сорымыз – 
сол оп-оңай ақиқатты түсiнуге және оны орындауға құлқымыздың жоқтығы. Бiз ӛз 
еркiмiзбен ең қиын, ең бұралаң жолды таңдап алып, ӛзiмiз қолдан жасаған 
қиындықпен жан аямай күресiп, ешкiмге керегi жоқ ерлiктер жасаймыз. Мәселен, 
темекiнiң адам ағзасына тигiзер зиянын жұрттың бәрi бiледi. Осы бiр жұрттың бәрi 
бiлетiн ақиқатқа мойынсұнып, одан ӛзiңдi сақтау үшiн үлкен қайраткерлiктiң , 
жанпида ерлiктiң , тiптi ештеңенiң де керегi жоқ секiлдi, тек темекiнi тартпасаң 
болғаны. Бiрақ жер бетiнде қанша миллион адам осыған шамалары жетпей, қасiретке 
душар болып жүр. Мыңдаған адам темекiден ӛкпе рагiне т.б. ауруларға ұшырайды. 
Оларды емдеу үшiн қымбат дәрiлер жасалып, мемлекет қазыналарынан қыруар 
қаржылар бӛлiнедi. Алайда қолдан жасалған осы дертпен күресте адамзат бiрыңғай 
жең iлiске ұшыраумен келедi. Статистикаға жүгiнсек, жер бетiндегi жер сiлкiну, ӛрт, 
тасқын тағы басқа табиғат, жол апаттарынан, iндеттен, қылмысты әрекеттерден – 
бүкiл кӛлденең ажалдан мерт болғандардың 41,4%-i темекi құрбандары. Яғни жер 
шарындағы бүкiл қасiреттiң тең жартысына жуығы темекi зардабынан болып отыр. 
Бiр қарағанда оп-оңай кӛрiнген заттың миллион есе қиындап, осындай әлемдiк 
проблемаға айналуы кiп-кiшкентай бейкүна жәндiктiң аяқ астынан аждаһаға 
айналғаны секiлдi, шынында да, сұмдық емес пе? (“Адамдар ең кӛп азапты қарапайым 
ақиқатты елемегеннен шегедi”- дейдi сiздiң сүйiктi философыңыз Ф.Ницше). Ал сiз 
осы бәледен құтылудың жолы – темекiнiң бойынан бiр жақсы қасиет тауып, темекi 
шегудi заңдастыру деп ойлайсыз. Бұл ӛз бойыңдағы кеселдi дағдыға қол кӛтерiп 
берiлу, ештеңеге қарсы тұра алмайтын, күресе алмайтын, табансыз, әлсiз жанға – 
құлға айналу деген сӛз. Бостандық адамның ӛзiнiң iшiнде, санасында. Тумысында 
қорқақ, жағымпаз жанға қанша хұқықтық бостандық бергенмен, ол бостан бола 
алмайды. Шектен тыс ӛзiмшiл, шенқұмар, нәпсiқұмар, ашқарақ адамдар ешқашан да 


бостан бола алмайды. Ӛйткенi олар ӛздерiнiң әлгi ниеттерi мен пиғылдарының 
құлақкестi құлдары. “Бостандық деген не? – Ар-ұяттың тазалығы”,- деген бiздiң 
дәуiрiмiзден жетi ғасырдай бұрын жер бетiндегi жетi дананың бiрi – Периандр 
Коринфский. Ғажап емес пе! Яғни шын бостандыққа рухани кемелдену арқылы ғана 
жетуге болады. Мiнеки, мұндай бостандықтың алдында бас киiмiңдi алып, басың 
жерге жеткенше иiлу керек. “Iзгiлiк қай ғасырда жеңiске жетедi? Анық дәлел бар 
ма?”- депсiз. Iзгiлiктiң жеңiсiн жер бетiнен зұлымдықтың түп-тамырымен жойылып 
кетуi деп түсiнсек, тым қарабайырлық болар едi, әрине. Iзгiлiктiң жеңiсi – iзгiлiк 
туралы идеяның адамзат санасына берiк орнауы. Дегенмен, бұл мәселенiң бiр-ақ 
жағы. Жеңіс пен жеңiлiстiң ара-қатынасын сiз бен бiз әлi анықтаған жоқпыз. Қазiргi 
ұғымда жеңiс бiзге рингте қарсылысын ұрып жыққан боксердiң немесе арзанқол 
кинофильмдерде ӛз жауын атып құлатқан боевиктiң еншiсiндей ғана елестейдi. Яғни 
қаза тапқанның бәрi – жеңiлгендер. Алайда, адам тӛзгiсiз қаталдықпен жау қолынан 
қаза тапқан Иса пайғамбардың жеңiлiсi ақыры адамзат үшiн нағыз ұлы жеңiс болып 
шыққан жоқ па?! Ӛмiрде осындай жеңiске бергiсiз жеңiлiстер бар. Немесе ұядағы 
балапанын қорғап, жыланның аузына ӛзi құлап ӛлген торғайдың ерлiгiнен артық 
қандай ерлiк болуы мүмкiн?! Бұл да жеңiске бергiсiз жеңiлiс емес пе? Таң қалсақ, 
осыған неге таң қалмаймыз? Жалпы ерлiк дегеннiң ӛзi не нәрсе? “Кеселдi кiсiнiң ер 
келетұғыны несi?”- дейдi Абай. Қарап отырсаңыз, бiздiң кӛбiне ер дейтiнiмiз кеселдi 
iске жүрек жұтқандар. Қаннан қорықпау, кiсi ӛлтiруден, тонаудан, қанаудан қорықпау. 
Қысқасы, қарақшылар мен жендеттер ер деген атқа ең лайық жандар болып шығады. 
Ал рухани ерлiктi қайтемiз? Мәселен, ӛз мiнiңмен қателiгiңдi мойындаудан қорықпау, 
ӛзгеге қаталдық емес (одан оңай не бар), ӛзiңе қаталдық кӛрсете бiлу, ӛзiңдi жазалай 
бiлу, қысқасы, ең алдымен ӛзiңдi ӛзiң жеңе бiлу – мұның бәрi ерлiкке жатпай ма? 
Ӛзiнен әлеқайда күштi жаудың аузына ӛз еркiмен түсуге жүрегiн дауалата бiлген 
жаңағы торғайдың ерлiгiн арыстанның қайталай алмауы әбден мүмкiн. Бәлкiм, осы 
тұрғыдан кейбiр ұғымдарды қайта қарауға тура келетiн шығар. Сiздiң бүкiл идеяңыз 
“iзгiлiк мұраттары жер бетiндегi адамдардың кемелденбеген ӛмiрiне сәйкес келмейдi” 
деген тұжырымға негiзделген. Рас, анық ӛмiрде кемелiне келген мүлтiксiз ештеңе жоқ. 
Бар болса, ол әрi қарай дамымас та едi. Жер бетiндегi тiршiлiктiң мәңгiлiгiнiң ӛзi 
мәңгi дамуға негiзделген. Сондықтан кемелiне жеткен мүлтiксiз ештеңе болуға тиiстi 
емес. Бiрақ суретшi иә мүсiншi ӛз туындысын жасағанда мiндеттi түрде жаңағы 
ӛмiрде жоқ кемелдiкке ұмытылады. Оған ешқашанда жете алмасын ӛзi де бiледi. 
Алайда соның арқасында талай тамаша ӛнер туындыларының дүниеге келетiнi белгiлi. 
Емделмейтiн ауруларды емдеу арқылы, алынбайтын қамалдарға жасалған шабуылдар 
арқылы, сол жолдағы жеңiске бергiсiз жеңiлiстер арқылы адамдар ғажайып рухани 
биiктерге кӛтерiледi, адами мүмкiндiктiң кӛкжиегiн кеңейтедi. Ендеше мұраттың 
қарабайыр тiршiлiкке сәйкес келмеуi оның кемшiлiгi емес, керiсiнше, артықшылығы 
болмақ. Ӛмiрдi жақсартуға болатын iзгi сезiмдер мен iзгi шарттарды құдай бәрiмiздiң 
бойымызға берген. Ендi сол шарттар мен ойға алған ниеттердiң iске аспағанын 
ӛзiмiздiң табансыздығымыз бен жiгерсiздiгiмiзден кӛрудiң орынына, ар-ұяттың 
құдiретiмен жасалған қасиеттi ұғымдарды тәрк етiп, бүкiл адамзаттың парасатын 
жоққа шығарғымыз келедi. Адами ӛмiрдiң заңын адам жасайды. Ол заңның iске асуы 
ӛзiмiздiң құлқымызға байланысты. Рас, табиғаттың iрге тасында бiздiң қасиеттi 
сезiмдерiмiздi қорлайтын қатал заңдар кӛп. Бiрақ,табиғаттың ол заңдарымен ӛмiр 
сүретiндей, оны ӛзiмiзге тiршiлiк шарты етiп алатындай – бiз хайуан емеспiз ғой. 


Айталық, тәңiрi үшiн, махаббат үшiн, ұлы мақсат-мұрат үшiн ӛзiн-ӛзi құрбандыққа 
шалу немесе ӛмiрдiң рахат-қызығынан ӛз еркiмен бас тарту, қасiретпен тазару тағы 
сол сияқты әулие қасиеттер табиғат заңында (дәлiрек айтсақ, хайуанат заңында) бар 
ма? Жоқ. Әулиелiкке адамнан басқа жан иесi түсiнбейдi. Олай болса, хайуандар 
әлемiнiң заңдарын табиғат заңы деп желеу етiп, ӛз күнәмізді ақтау үшiн санамызды 
сарсаңға салып, небiр қисынды қиыннан қиыстырып, құдай берген қабiлетiмiздi босқа 
сарыққанша, кiсiлiк парасатқа лайықты шарттармен ӛмiр сүргенiмiз дұрыс емес пе? 
Ал оған шамамыз жетпесе – мейлi жетпесiн, бiрақ алған бетiмiзден неге қайтамыз? 
Алған беттен қайттық екен, онда бойымыздағы парасат сезiмдерi желге ұшып, оның 
орынына хайуани сезiмдер бас кӛтередi. Ӛзiмiздiң хайуан екенiмiздi сезген сәтте-ақ 
бүкiл адами мiндеттердi жеңiлдетiп, күнә мен қылмыстарымызды ақтап, ӛзiмiздi емес, 
ар мен ұяттың қағидаларын “жӛндеуге” кiрiсемiз. Бұрыстың бәрiн дұрыс қылып 
заңдастыру әрекетiн бастаймыз. Яғни кiсi ӛлтiрсек те, “бұл табиғатта бар нәрсе, солай 
болған, болып келедi, бола бермек”. Осыдан кейiн бостандық. Не iстеймiн десең де, ӛз 
еркiң. Күнәға бат, арыңды сат, жарыңды сат, алда-арба – ӛйткенi адам мақсатты түрде 
күнәһар болып жаратылған. Табиғат заңы осындай. Қандай рахат! Бостандыққа 
шыққан баскесердей ойыңа не келсе, соны iстейсiң. (Сiздiң “қол созым жерде тұрған 
бақыт құсыңыз“ осы болар). Жоқ, бейтаныс замандас! Ӛмiр деген ұлы Ойынның 
ережесi баяғыда жасалған. Әдетте ереженi тӛменгi дәрежедегi ойыншылардың жиi 
бұзатынын және олар үшiн ереже қашан да ауыр жүк екенiн есiңiзге салғым келедi. 
Қош болыңыз! Бейтаныс. Айтпақшы! Кезiнде әйкәпiр атанып, отқа ӛртелген, дарға 
асылған, елден аласталған пайғамбарлар, тиым салынған әйгiлi шығармалар қиянатты 
қарапайым халықтан емес, билiк жүйесiнен кӛрдi. Ал халық ӛзiнiң есте сақтау қабiлетi 
арқылы оларды тарих ажалынан аман алып қалды.” Мен хатты каридордағы 
келiсiлген жерге апарып тықтым да, бӛлмеге келiп, ӛзiм жазған хаттың әсерiмен 
ойланып ұзақ жаттым. Менiң мазамды алған ең алғашқы хатта келтiрiлген қытай 
философиясындағы “Ян” мен “Инь”-нiң арақатынасы. Бiр заттың мезгiл-мезгiл 
кереғар екi күшке айналып тұратынын мойындайын. Бiрақ осы кереғар екi күш 
қалайша ӛздерiнiң мән-мағыналарынан айрылуға тиiстi? Неге ақ пен қара, адал мен 
арам, iзгiлiк пен қиянат iштей былығып, бiр-бiрiмен мидай араласуы керек? Толып 
жатқан шырғалаң ойлармен кӛз байламай, анық ақылмен, сезiммен пайымдасақ, тамақ 
пiсiрiп жатқан қазан түбiндегi от пен адамдардың жиған-тергенiн күлге айналдырып 
жатқан сұрапыл ӛрттi түбi бiр деп бiр құбылысқа айналдыруға бола ма? Жоқ. Екеуi 
бiр табаққа сыймайтын құбылыс. Алайда екеуiнiң бiр табақта жатқаны кiмге керек 
болуы мүмкiн? Осының бәрi, менiңше, адалға да, арамға да, iзгiлiкке де, қиянатқа да 
жататын рухани қосмекендiлердiң кӛбеюiнен. Рухани гермофродиттердiң кӛбеюiнен. 
Кембағалдар қашан да ӛмiрге ӛшпендiлiкпен қарайды. Мен бейтаныс құрбымның 
бойынан террористiк бiр қасиет байқаймын. Ол адам баласының ғасырлар бойы ақыл-
парасаты мен жiгерiн жұмсап тұрғызған рухани ғимаратын тас-талқан етiп жарғысы 
келедi де тұрады. Егер ол пиғыл орындалса, адамзаттың сан мың жылдық еңбегiнiң 
зая кеткенi. Бұдан кейiн қаласаң да, қаламасаң да – хайуанаттар әлемiне қайтып 
баруға тура келедi. Рухани терроризмге қарсы күрес керек. 11 8 кӛкек Жалғыздық 
жайында кӛп ойландым. Қиындыққа да, қиянатқа да, зорлық-зомбылыққа да, жала 
мен бәлеге де тӛзуге болатын секiлдi. Тӛзуге қиын жалғыз нәрсе – жалғыздық. Адам 
ӛмiрi құнсызданған кедей елдерден гӛрi тӛрт құбыласы түгел дәулеттi елдерде 
адамдардың ӛзiне-ӛзi қол салу әрекеттерi кӛп дейдi. Себептерi әртүрлi: айықпас дерт, 


алданған махаббат, адасқан арман, түзелмес тұрмыс т.с.с. Бұлардың бәрiн де бiр ғана 
жалғыздық деген ұғымға сыйдыруға болады. Дауасыз дертке шалдыққандардың бәрi 
ӛздерiн ӛздерi ӛлтiре бермейтiндерi белгiлi. Тӛңiрегiңде қасiретiңдi бӛлiсетiн, 
тiршiлiктегi әр сәтiңе қуанатын қалың қауым қаумалап тұрғанда ешқашанда ӛзiңе-ӛзiң 
қол жұмысай алмас едiң. Тағдырдың толып жатқан басқа да соққылары, бӛлiсетiн жан 
болса, сенi есеңгiрете алмайды. Адамның жұлын-жүйкесiнiң қайғы-қасiретке тӛтеп 
бере алмауы жан азабын бӛлiсетiн жақын жанның жоқтығынан. Ондай кезде жалғыз 
әмiршiң – Жалғыздық. Ғашығыңдай жабысқан, түнде түсiңде, күндiз iсiңде серiк 
болған, жатырлас сыңарың Жалғыздық – ендi сенiң тағдырың. Етегiнен ұста да, о 
дүниенiң ызғарлы да тұманды кеңiстiгiне сүңги бер. Ғалымдардың айтуынша ғалам 
кеңiстiгiндегi ой жетпес алыс галактикаларда “қара тесiктер” (“черные дыры”) болады 
екен. Осынау космостық құрдымға жұтылмайтын ештеңе жоқ, бүкiл масса атаулы, 
тiптi оған тап болған сәуле де одан қайтып шыға алмайды. Жалғыздық та осындай 
космостық қара тесiк секiлдi. Бойыңдағы сәулеңдi, күш-қуатыңды, жiгерiңдi, үмiтiңдi, 
сенiмiңдi қайтып шықпастай етiп сорып алады. Жалғыздыққа кеткен қайратыңның 
жүзден бiрiне қыруар ерлiк жасауға болар едi. Жалғыздықтан құр сүлдерi қалып 
қажыған қанша адам ерлiк жасамақ түгiлi қарақан басын әрең алып жүр. 
Жалғыздықтың ӛзiме тым жақын келiп қалғанын денеммен, сыздаған жүрегiммен 
сезiп тұрмын. Аласұрып серiк iздеймiн. Коридормен ӛтiп жатқан әркiмдерге, бӛлме 
тазалаушы мен медбикелерге де жабысып жағдайларын сұрап, олардың ӛзiммен 
әңгiмелескенiн тiлеймiн. Олар маған таңырқай қарап, әлде мазақ, әлде сандырақ деп 
ұғып, жауап бермей ӛте бередi. Аутотренингке бардым. Дәрiгер қыздың үнемi бiрдеңе 
айтқысы келiп тұрғандай сәл-пәл түрiлiп тұратын сәби ерiндерiн кӛргенде кӛңiлiм 
аздап та болса жайланғандай болды. Бiрақ iшкi беймаза сезiм әлi толастамаған едi. 
Сеанстың ӛн бойында ӛтiрiк ұйықтаған болып, тiптi жұрт тарап кеткеннен кейiн де 
қимылдамай жата бердiм. Ақыры кӛзiмдi ашып қалған кезде тура қарсы алдымда 
айрықша бiр жылы шыраймен ӛзiмдi үнiз барлап тұрған дәрiгер қызды кӛрдiм. Оның 
жанарынан тараған жылы ағынға жаным да, тәнiм де балқи түскен секiлдi. Апырмай, 
адамнан жұмбақ не бар екен жер бетiнде! Жалт еткен жалғыз жанар жаныңа осынша 
қуат бередi деп кiм ойлаған? Алайда оның: – Сiз ұйықтамадыңыз ғой,- деген сӛзi әзiл 
үнмен айтылса да, менi сәл-пәл абдыратып тастағандай болды. Мен ӛзiмнiң “тәттi” 
ұйқыммен жұртты алаңсыз сендiрдiм деп ойлағам... Бiрақ қыздың жұмсақ жүзi бәрiн 
жуып-шайғандай болды. “Адамға кӛп ештеңенiң керегi жоқ, иә, тiптi ештеңенiң де, 
тек дәл осылай жылы шыраймен бiр қараса жетiп жатыр” деп ойладым iшiмнен. – Сiз 
ӛзiңiздi қинаған мазасыз ойларды маған бере аласыз ба?- дедi кенет ол менiң 
қолымнан ұстап. Абдырау сезiмi маған қайта оралды. “Қайтiп? Қалай?” Алақаным 
терлегендей болды. Қолымды босатып алдым. Ол маған “мұныңыз не, кӛңiлге келетiн 
ештеңе деген жоқ едiм ғой” дегендей, ренiшсiз наздана қарады. Тұңғиық жанары 
тұтас бiр әлем секiлдi. Ондағы мейiрiм, инабат, әдемiлiк жаныңды баурап, жаураған 
жүрегiңдi беймағұлым рахатқа бӛлейдi. Әлгi жанар менi үнсiз жұбатқандай болады: 
“Кӛңiлiңiзге ауыр тиетiндей оспадар қылық жасасам, ғафу ӛтiнемiн! Жаныңыз сонша 
нәзiк пе едi?! Сiздiң iшкi ой азабыңызға дауа болсам деп едiм. Жанға жаннан басқа 
шипа жоқ. Қараңыз менiң жанарыма. Жанар ешқашанда ӛтiрiк айтпайды.” “Сiздiң 
жақтан жанға жайлы бiр жылы ағынның есiп тұрғанын бiрiншi кӛргенде сезiп едiм,- 
деймiн мен де үнсiз.- Бiрақ оның кiмге бағытталғанын айыра алмағанмын. Мазасыз 
ойлар менде тым кӛп қой. Оның бәрiн берсем, Сiзге обал жасаймын ба деп қорқамын.” 


“Сiздi ой азабынан құтқара алсам, ол – маған да бақыт.” Мен селк ете қалдым. 
Ӛйткенi әлгi сӛз iшкi әңгiмеге ұқсаңқырамайды. Құлағыма анық естiлгендей. – Не?- 
дедiм даусымды шығарып, естiген-естiмегенiмдi анықтау үшiн. – Сiздi ой азабынан 
құтқара алсам, ол – маған да бақыт, – дедi ол айтқан сӛзiн қайталап. Iшкi диалог 
сыртқы диалогқа ауысты. Маған жанармен сӛйлескен әлдеқайда шынайы да түсiнiктi 
кӛрiнiп едi. Сӛз – кӛп жағдайда буалдыр, екiұшты... Мен үндегем жоқ. Ӛйткенi 
әңгiменi үнсiз жалғастырғым келдi. “Сiзге азапты ойларымды бергенiм – бүкiл 
тағдырымды бергенiм”,- деймiн iштей ғана. Әрине, ӛмiрде бiр-ақ рет айтылатын 
мұндай шешушi ойларды естiртiп айту мен үшiн қиын болар едi. “Қабыл алдым бәрiн 
де”,- дейдi оның жанары әлде бiр нартәуекелге бел байлағандай түрмен. Менiң 
жүрегiм лүпiлдеп қоя бердi. – Рас па?- дедiм қалай сӛйлеп қоя бергенiмдi ӛзiм 
байқамай. – Рас,- дедi ол сабырлы үнмен. Тоғанды бұзған дария суындай әлдебiр 
қуатты сезiм тасқыны менiң жан дүниеме лап бердi. Құлазыған кӛңiлiмнiң шӛл даласы 
лезде құлпырған кӛк-жасыл ӛлкеге айналды. Адам жанына қуат беретiн құдiреттi күш 
бұл ӛмiрде бар екен. Тек кезiгуге құдай жазса... Мен алақанымның құп-құрғақ екенiн 
сезiп, оның қолынан ұстадым. Ол ӛзгенiң пәрменiне мойынсұнған адамдай мұңайған 
шарасыз күйде жанарын тӛмен түсiрдi. Қолын босатпақ болып, болмашы қимыл 
жасап едi, мен жiбермедiм. Ӛйткенi менiң бойымды билеген қуат пен сенiм тым зор 
едi. Мен ӛз бойымнан әлде бiр жеңiс салтанатын сезгендей бодым. Мұным, әрине, 
пенделiк. Ӛйткенi осының алдында ғана жалғыздық қаһарынан қалтыраған бейшара 
жанға бұл қуатты оның ӛзi бердi. Ендi сол қуатты арқаланып бұл ӛзiнiң 
жарылқаушысына ӛзi күш кӛрсетiп тұрған секiлдi. Мен оны қолынан тартып ӛзiме 
жақындаттым. Жанға жайлы қоңыржай жұпар иiстi сездiм. Оның дымқыл тартқан 
қолынан болмашы дiрiл байқалады. О, тоба, оның бойындағы дiрiл күшейген сайын, 
мендегi әлдебiр астамшыл, тентек сезiм қан иiсiн сезген акуладай ойқастап, айбаттана 
түскендей болады. Мен ӛзiме-ӛзiм түсiнбей, бейтаныс бiреудi кӛргендей аңырып 
қалдым. Ақыры әлгi бейтаныс бiреудi танығандай болдым. Ол – менiң бiр сәттiк 
пенделiгiмдi пайдаланып, кӛңiл түбiндегi зынданнан бас кӛтерген хайуани сезiмдер 
екен. – Жоқ! – дедiм ышқына сыбырлап. – Жоқ! Ешқашанда! – Мен хайуани 
сезiмдердi зындан iшiне қайта қуып, әрең дегенде аузын бекiтiп, уһ деп демiмдi алып, 
басымды кӛтердiм. Ол әлденеден қысылған сәбидей бетiнiң ұшы қызырып, маған үрке 
қарап, абдырап тұр екен. – Сiзге емес. Сiзге айтып отырғам жоқ. Ӛзiме, ӛзiме,- деймiн 
ӛзiмдi қолыммен кӛрсетiп. Ол сәл-пәл жымиғандай болды. Адам жүзiндегi алқызыл 
арай тазалық пен нәзiктiктiң белгiсi iспеттi. Қызара бiлетiн жаны жұқа жандардың ӛн 
бойынан теңдесi жоқ сұлулықтың, имангершiлiк пен шыншылдықтың лебi еседi. Ол 
қатардағы орындыққа отырып, бiрдеңе айтуға оқтала берген едi, мен ақырын ғана 
қолыммен оның аузын жаба қойдым. Оның жұп-жұмысақ ерiндерi алақанымды 
қытықтағандай болды. – Керегi жоқ,- дедiм сыбырлап.-мынандай ғажайып үнсiз 
әңгiмеден кейiн, қалғанның бәрi артық. Ештеңе айтпаңыз. Ол сыңғырлап күлiп 
жiбердi де, үнсiз әңгiменiң соңғы нүктесiн қойғысы келгендей, маған күн 
шұғыласындай шуақты жанарымен мейрiмiн тӛге қарап, тӛңiрегiмдi аппақ нұрға 
бӛледi. Мен тағы да ертегi әлемiне сүңгiдiм де кеттiм. Нағыз ертегi – анық ӛмiр. 12 9 
кӛкек Мен ұзақ уақыт күңгiрт те қапырық ғимараттың iшiнде болып, ендi сыртқа 
шығып, табиғатты, қоғамды, адамдарды кӛрiп, ӛзiнен-ӛзi мәз болып жүрген бiреудей 
күй кешiп жүрмiн. Ӛзiмдi мазақ қылып жүрген зымиян құрбымды ауруханадағы 
аурулардың арасынан табам деген ойдан бiрте-бiрте қайта бастаған секiлдi едiм. 


Әлдебiр шашы кӛзiне түскен арық жiгiттiң менi кӛргенде сасқалақтап бӛлмесiне кiрiп 
кете беретiнi болмаса, қалғандарының жүрiс-тұрысынан күдiктi ештеңе бiлiне 
қоймаған. Арық жiгiт, тек мен емес, бетiне тура қараған адамды кӛрсе болды, 
бӛлмесiне тығылатын үрей дертiне шалдыққан бiреу екен. Бiрақ ойым тағы ӛзгердi. 
Бойыма қуат жиналған кезде Бейтаныс құрбымен текетiрес iшiмде қайта басталады. 
Оны қолға түсiрудiң жаңа айла-тәсiлдерiн ойластыра бастаймын. Кiм бiледi, бәлкiм, 
кездесiп қалар деген оймен сыртқа шыққанмын. Ауладағы адамдар ӛзгерiптi. 
Тӛбелескiш дәу жiгiт те, таяқ жеген жалбыр шаш та, аузы сӛзден босамайтын ақсары 
кiсi де жоқ. Ӛзiн “Айса пайғамбармын” деп таныстыратын қараторы жiгiт аула 
түкпiрiндегi ең шеткi орындықта ӛзiмен-ӛзi сӛйлесiп отыр. Жаңа келгендердiң кӛбiсi 
кiсi киiктенiп ешкiмге жоламайды. Сондықтан менiң жұртты сӛзге тартпақ болған 
әрекетiмнен ештеңе шықпады. Әркiмнiң жүзiне күдiкпен сұқтана қараған осы 
жүрiсiмнiң ерсi екенiн ӛзiм де түсiне бастаған секiлдiмiн. Ақыры күдерiмдi үзiп, әбден 
қалжырап шаршаған күйiмде түннiң бiр уағында тӛсегiме қисайдым. 13 13 кӛкек 
Кӛңiлiм бей-жай. Бiрнеше күннен берi басым аурып, күнделiк жазуға құлқым 
болмады. Бейтаныс құрбымның қарасы батқан секiлдi. Хабар жоқ. Бiрақ оның кесапат 
ойлары менiң кӛкiрегiмде сайрап тұр. Оның ӛзiнiң бар, жоғы ендi маған бәрiбiр 
секiлдi, мен әлгi кесапат ойлармен iштей арпалысудамын. Табиғат аясында кӛгалды 
жерлердi бiрте-бiрте құм басып, шӛлейтке айналдырып жатқаны секiлдi, мұрат 
тазалығы мен имангершiлiк деп аталатын рухани кӛгалды сайқал әлемнiң бiрте-бiрте 
тарылтып келе жатқанын аңғармау, әрине, мүмкiн емес. Кӛркем әдебиет, музыка, 
театр, кино неғұрлым дӛрекi сезiмдерге толы болған сайын, неғұрлым шектен тыс 
ұятсыз болған сайын, соғұрлым ӛтiмдi. Бетховендi тыңдамайтындар ең тӛменгi санаға 
арналған тұрпайы музыкаға құмырсқаша қаптайды. Шынайы да мағыналы кӛркем 
фильм жасаған режиссер бағасын ала алмай, бағы жанбай, қайыршылықта жүруi 
мүмкiн, ал таза порнографиядан добалдап фильм жасаған шалағай бiреу ақшаның 
астында қалып жатады. Яғни арсыздық әлемiне сұраныс мол. Ӛркениеттi елдерде аты 
шулы актриса иә әншi тыр жалаңаш күйiнде журналға жарияланып, журналистерге ӛз 
бойында күнiне неше рет оргазм болатыны туралы сұқбат берiп, ең жоғарғы заң 
жүйесi Парламенттер әйелдiң әйелге, еркектiң еркекке үйленуiне рұхсат беретiн заң 
шығарып жатса, және бiз оны бүгiнгi демократияның жеңiсi деп қабылдап жатсақ – 
оны iзгiлiктiң жеңiлiсi демегенде не деймiз? Бiрақ бұл құлдырау дәуiрiнiң болмыс 
заңдарымен үндескен дәйектi анықтамасы жоқ. Кез келген рухани құбылыс ӛмiр 
сүруге хақылы болу үшiн, математикалық теңдiкке бағынатын табиғат жаратылысы 
секiлдi, белгiлi бiр жүйелi қисынға бағынуға тиiстi. Ал жаппай рухани күйреуде 
универсальды қисын жоқ. Тұйыққа тiрелу ғана бар. Арақтан жеңiлген маскүнем 
немесе есiрткiге уланған нашақор ӛзiнiң түзелуден кеткенiн сезген кезде ӛзiне-ӛзi қол 
жұмсайтыны секiлдi, адамзат та бұдан ӛзiн-ӛзi мерт қылу арқылы ғана құтыла алады. 
Парасат майданында iзгiлiк жеңiлiске ұшыраса, оның ақыры немен тынатыны жӛнiнде 
басқаша болжам айту мүмкiн емес. Иә, иә, ғылым мен техниканың ең жоғарғы 
жетiстiктерiмен қаруланған бүгiнгi адамды әлдебiр сыртқы алапат күш құртып жiбере 
алмайды. Ядролық қатер немесе космос апаты әшейiн аңыз ғана. Адам құрыса шегiне 
жеткен рухани азғындықтан ғана құриды. Ал сонда рухани күйреудiң басты себебi не? 
Менiңше, әуелде жан иесiнiң тiршiлiгiне тұтқа болып басталған, одан шегiне шыға 
шарықтап, ендi парасатты ӛмiр тұсында аяққа тұсау болып отырған Ӛзiмшiлдiк ауруы. 
Оның ұраны – “Мен”. Бiрақ анық ӛмiрде осы “Мендi” құтыртпай, ауыздықтап 


отыратын күш адам бойында бар ма? Тiптi оны былай қойғанда, адам ӛз “Менiн” 
ауыздықтау қажет деп есептей ме? Биологтар ұзақ уақыт қабыландардың ӛз 
күшiктерiнiң аузынан тамақты тартып алып жейтiн әдеттерiн хайуани тағылық деп 
бағалап келген. Бiрақ кейiн мүлде басқа нәрсе анықталған. Қабыландардың балалары 
қомағай болғандықтан, сырттан бiреу тоқтатпаса, тойғандарын бiлмей, күптi болып 
ӛлiп қалады екен. Қабыланның ӛзi болса, генетикалық жад арқылы мұны жақсы 
бiледi. Сол себептi артығын жегiзбейдi. Ӛмiрдiң барлық саласында – iшетiн тамақтан 
бастап, басқа қонған бақ-дәулетте де, бәсеке-тартыста да, нәпсiде де қомағайлық пен 
ынсапсыздыққа бой алдырып, қабыланның күшiгiндей қатерде тұрмыз. Қабыланның 
күшiгiн құтқаратын күштi табиғат күнi бұрын ойластырған. Ал адамды құтқаратын 
ӛзiнен басқа күш жоқ. Тiршiлiкке қажеттi соқыр сезiмдер қаншалықты құдiреттi 
болғанымен, жоғары сапалы парасат әлемiнде билеушi күш бола алмайды, ең 
бастысы, болуға тиiстi емес. Бiрақ адам баласы әлi де ӛз “Менiн” ӛзi қызықтап, сол 
соқыр сезiм патшалығынан шыға алмай жүрген сияқты. Егер бүкiл “Мендер” қосылып 
парасатты “Бiзге” айналса, адамгершiлiк қағидаларын iске асыру, әрине, әлеқайда 
жеңiлдер едi. Адамның рухани түлеп, жаңаруына, жаңа биiкке кӛтерiлуiне кедергi 
болып отырған қатыгездiк, күншiлдiк, қызғаншақтық, менмендiк, астамшылдық, 
сараңдық, ақшақұмарлық, араққұмарлық, әйелқұмарлық, атаққұмарлық секiлдi 
кесапат қасиеттердiң қай-қайсысының да түп-тамырында “ӛзiм, ӛзiм ғана“ деп емiнген 
“Меннiң” жатқаны ешкiмге де құпия емес. Тарихта iргелi мемлекеттердiң құлауына 
негiзiнен басқарушылар арасындағы алауыздық себеп болған. Ал алауыздықты бас 
басына би болған, бiрiгуге жандары қас “Мендердiң” ӛзiмшiлдiгi тудырады. От 
басынан бақ тайып, ерлi-зайыптылар ажырасып жатса, оған да бiреуiнiң иә екеуiнiң 
бойындағы ӛзiнен басқаны ойламайтын ӛзiмшiлдiк кiнәлi. Ағайынды екi адам немесе 
қанды кӛйлек достар араздасып жатса, ол да ӛңмендеген ӛзiмшiлдiктiң кесiрi екенi 
даусыз. “Меннiң” ӛлермендiгi тұрған жерде жарасымды махаббат та, риясыз достық 
та, береке-бiрлiк те болуы мүмкiн емес. “Мен” қашан да тойымсыз – бәрiнен артық, 
бәрiнен биiк, бәрiнен ықпалды болғысы келедi де тұрады. Оның бас сұқпайтын, 
бүлдiрмейтiн жерi жоқ. Рас, арсыздау “Меннiң” арқасында ӛзiнiң ғана емес, ӛзгенiң де 
несiбесiне ие болып жүрген олжабайлар жетерлiк. Алайда “Мен” жүйесi қауым 
талабын орындауға жарамсыз. “Ӛмiр дегенiң қашан да – кеменiң апаты”,- дейдi 
Х.Ортеге- и-Гассет. 1912 жылы 14 сәуiрдiң түнiнде Ұлыбританияда жасалған 
“Титаник” кемесiнiң Нью-Иоркқа бет алған сапарда Атлант мұхитында апатқа 
ұшырағаны мәлiм. Ӛз заманындағы ең алып, ең кӛрнектi бұл кемеде негiзiнен зиялы 
қауым ӛкiлдерi, аса дәулеттi адамдар орналасқан едi. Айсбергке соғылып, қираған 
кеме мұхитқа батып барады. Ажал құрсауында қалып, үрейлерi ұшқан екi мыңнан 
астам адам ессiз жанталас үстiнде. Әркiмнiң санасында – жалғыз “Мен”. “Қайтып 
аман қаламын? Қалай құтыламын?” Басқаша ойлауға уақыт та, мүмкiндiк те жоқ. Бұл 
табиғи құбылыс. Бiрақ парасатты адам қашан да рухани әлемнiң биiк қағидаларымен 
ӛмiр сүргiсi келедi. Ол қағида бойынша сен ең алдымен ӛзiңдi емес ӛзгелердi ойлауың 
керек (бұл ӛз бойыңдағы “Менге” қарсы соғыс ашу деген сӛз). Кеме капитаны 
тӛтенше жағдай негiзiнде құтқарушы қайықтарға ең алдымен балалар мен әйелдердi 
отырғыза бастады. Құтқарушы қайықтардың саны ӛте аз едi. Қайыққа отыруға 
ұмтылған ессiз топтың тасқынына, қисапсыз ақша берiп, қайыққа отырғыз деп 
жалбарынған миллионерлердiң арызына тӛтеп беру, бәлкiм, оңай да болмаған шығар. 
Бiрақ шарттың бәрi орындалды. Құтқаруға мүмкiн адамның бәрiн құтқарып, бақытсыз 


1500 адаммен бiрге экипаж батып бара жатқан кемеде қалды. Кӛзi кӛргендердiң 
айтуына қарағанда, теңiз суы кемедегi музыканттардың тiзелерiнен асқан кезде де 
оркестр тоқтаусыз ойнап тұрған. Оркестр осылайша рух мәңгiлiгiнiң гимнiн ойнаған 
күйiнде ажал құшағына енген. Кеменiң капитаны мен оның экипажы ӛз мiндеттерiн 
орындап болғаннан кейiн, кемедегi қалған жолаушымен бiрге қаза болады. Осылайша 
“Мен” емес, “Бiз” деп аталатын жүйенiң арқасында кеме басшылығы ажал алдында 
адамгершiлiктiң биiк қағидаларын (мейлi, толық күйiнде болмаса да) iске асыру 
арқылы адам баласының парасат мүмкiншiлiгiнiң мол екенiн кӛрсеттi. Егер сол сәтте 
адамдардың бәрi тек қара бастарын ғана ойлап, “Меннiң” жетегiнде кетсе, 
кемедегiлердiң бәрi о дүниеге хайуан күйiнде аттанған болар едi. 14 19 кӛкек Айдың 
күні аманында ӛзім тап болған мынау беймағұлым жағдайға мен де үйрене бастаған 
секілдімін. Дәліздегі үстелдің астынан кезекті хатты алғанда бұрынғылай қорыққан 
да, үріккен де жоқпын. Ежелгі танысымнан келген әшейін бір сәлем хаттай 
жәйбарақат ашып, оқи бастадым: "Құрметті Құрбым! Біраз уақыт хат жазуға 
жағдайым болмады. Ауырып қалдым. (Осы сәтте еріксіз мырс еттім:"Менімен кіндігің 
бір емес пе, мен ауырғанда қосыла бірге ауыратын",- деген кекесін ой келді). Соңғы 
хатыңды ризашылықпен оқып шықтым. Әрине, бәріне келісу мүмкін емес. Бірақ 
қисынды дәлелдер баршылық. Ал келіспейтін жерім - сен үнемі ізгілік мұратын 
абсолюттік дәрежеге кӛтересің. Біріншіден, абсолюттік ӛлшем тәңіріден басқаға 
лайық болуы мүмкін емес. Екіншіден, кез келген заң шындыққа сәйкес келмесе, 
орындалмайды. Сенің ізгілік туралы идеяң ешқашан да орындалмайтын, сол себепті 
қоғамда үнемі қайшылықтар тудыратын ӛлі заң секілді. Осыдан барып адамдар 
арасында - қол жетпеген арман, іске аспаған мақсат, мағынасыз текетірес, ӛмірге 
наразылық, уайым-қайғы түрінде - сан түрлі берекесіздіктер туады. Ал ӛмірде 
кӛптеген қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нәрсе - мәміле, компромисс. Ол 
үшін ең алдымен дүниетанымдық компромисс керек. Iзгілік пен зұлымдық деп 
аталатын философиялық категориялар кӛне заманғы адамдардың қарабайыр әсері мен 
ой-ӛрісінен туындаған атаулар болғандықтан, бүгінгі дүниетанымның талабына жауап 
бере алмайды. Тіршіліктің дамуын қамтамасыз ететін екі күшті оң және теріс күштер 
деп атау керек. (мәселен, электр зарядтарын + және - деп атаған секілді.) Сонда әлемді 
екі лагерьге бӛліп алып, ғасырлар бойы егескен мағынасыз күрес те саябырланар еді. 
Зұлымдықтың ішкі мазмұнын бізден гӛрі ертерек түсінген адамдар да бар. Француз 
ақыны Ш.Бодлер ӛзінің "Зұлымдық гүлдері" атты кітабында зұлымдықты махаббатты 
жырлағандай жырға қосады. Қазір мен осы кітапты құныға оқудамын. Жапондық ұлы 
жазушы Акутагава Рюнеско: "Адам ӛмірі Бодлердің бір жолына да татымайды",- 
депті. Егер біз рухани әлемде осындай бір батыл қадамдар жасасақ, жалпы гуманизм 
деген түсінікке кӛптеген кеңшілікті ӛзгерістер енер еді. Есіңде бар ма, Пикассоның 
Минотавр сериясынан "Арена" деп аталатын суреті. Аренада ауыр жараланған 
минотавр ұлыған қасқырдай тұмсығын кӛке кӛтеріп, жантәсілім қиналуда. Басы - 
бұқа, қалған денесі -адам осы бір түрінен жан шошырлық мақұлыққа қоршаудың 
аржағынан әлдекім - шамасы, зұлымдық деген ұғымнан әлі үрейі ұшып үлгірмеген 
жас болу керек - қолын созып, маңдайынан сипап, аяушылық білдіруде. Жаниесіне 
жанашырлық деген осы. Тіршіліктің ақырғы сәтінде ышқынған минатаврдың азапты 
сәтіне куә болып отырып, міз бақпай, кірпігін де қақпай, сап-салқын болып отырған 
бүкіл қатыгез тобырмен салыстырғанда әлгі адам ӛзінің табиғи мейірімімен 
имангершілікке бір табан жақын тұрғанын айыру қиын емес. Осыдан келіп, яғни екі 


лагерьге бӛлмеудің арқасында, жалпы жан иесіне жанашу деген идея туады. Сен жек 
кӛретін гомосексуолистер де осындай жан иелері. Оларға байланысты заңға ӛзгеріс 
енгізіп отырған -парламенттер емес, ӛмірдің ӛзі. (Сенің күнделігіңе кӛз жүгірткенімді 
осы тұста сезіп отырған шығарсың. Кӛптен бері тығып, кӛрсетпей жүрушы едің. Осы 
жолы ашық жатыр екен, оқи салғаным рас. Ғафу ет. Iшінде менің де жазған хаттарым 
жүргендіктен, екеуміздің ортақ күнделігіміз десе де болғандай емес пе?!) Жалпы адам 
баласынан жиіркенбегенің жӛн. Дәрігерге аурудан жиіркенуге болмайтыны секілді, 
ӛзін ізгілік жағындамын дейтіндер де рухани жиіркеншектік кӛрсетуге тиісті емес. 
Адамзат ӛміріне ықпал жасаған данышпандардың ішінде де гомосексуалистер 
болғанын ұмытпайық. Ех, шіркін-ай, сізбен кездесетін жағдай болса ғой!.. Хат 
күтемін. Бейтаныс құрбың" Осы байғұстың маған неменеге құштар болып қалғанын 
бір құдайдың ӛзі білсін. Мен палатама келіп, аз-кем отырып, ойларымды жинақтап 
алғаннан кейін, кідірмей хат жазуға кірістім: "Құрметті Бейтаныс құрбым! Кіршіксіз 
тазалықты талап ететін ұғымдар бар. Мәселен: махаббат, ар-ұждан, мұрат, әділдік, 
адалдық т.с. Сәл-пәл арамдық араласқан адалдық, сәл-пәл әділетсіздік араласқан 
әділдік, сәл-пәл алаяқтау махаббат болмайды. Олар я бар, я жоқ. Мұны абсолют десең 
де, демесең де, негізгі мағынасы осы. Ал ізгілік мұратының табиғаты туралы ӛткен 
хатта ӛз дәлелдерімді толық келтірген болатынмын. Оны қайталап жатпаймын. 
Айтарым, ізгілік мұраты күн сайын ӛзінің орындалуын талап етіп отыратын заң емес, 
ол заң секілді жағдайға қарай ӛзгеріп, кезең сайын толықтырылып отырмайды. Мұрат 
- баратын жерді емес, жүретін бағытты кӛрсетуші темір қазық іспетті рухани жұлдыз. 
Сондықтан адамның ӛзінің кемшілігінен туындайтын жердегі берекесіздікті кӛктегі 
жұлдыздан кӛрудің реті жоқ. Жердегі ӛмірді жақсарту үшін мұратты емес, адамды 
жӛндеу керек, адамды. Екіншіден, ізгілік пен зұлымдық атауын ӛзгерту тек 
күнәһарлар мен қылмыскерлерге ғана тиімді болуы мүмкін. Ӛйткені бұл оларды 
маңдайларына басылған қара таңбадан бір-ақ сәтте құтқарар еді. "Мейлі, ақтай 
беріңдер, мейлі, жазаламай-ақ қойыңдар, бірақ зұлымдықты зұлымдық деп ӛзінің 
атымен атаңдаршы,"- дейді Федор Достоевский. Осы кісінің айтқаны дұрыс секілді. 
Ал, адам баласын алаламай жақсы кӛру, шын мәнінде, жақсы идея. Алайда, ӛзің 
айтқан минотавр зұлымдықтың символы бола ала ма? Ӛлім аузындағы минотаврды 
басынан сипау зұлымдықты басынан сипау ма, әлде зұлымдықтың тырнағына ілігіп, 
осындай тағдырға тап болған жан иесіне аяушылық па? Тәрізі әлгі суреттің негізгі 
мәні осы соңғысында болар. Жан иесіне аяушылық осы мағынасында кӛңілге қона 
алады. Ал сенің пайымдауыңа келсек, сен үшін ең негізгісі - зұлымдық пен ізгіліктің 
шекарасының жойылып, минотаврдың емес, зұлымдықтың маңдайынан сипаса екен 
деген тілекте жатыр. Жіңішке аурумен ауырған адамды басынан сипау - жіңішке 
аурудың басынан сипау емес. Жіңішке аурудың тұтқыны болған жан иесін аяу. 
"Күнәһәрмен емес, күнәнің ӛзімен күресу керек",- деген әулие М.Ганди. Күнәдан 
жиіркенбейтіндер күнәмен ешқашанда күреспейді. Адамның ар-ұятына байланысты 
ұғымдардың мойындалмай, тіпті мүлде керісінше сипат алуы мені ұзақ ойландырды. 
Ақыры бір тоқтамға келгендей болдым... Мәселен, ұрлық жасау барлық елдің 
ұғымында масқара болып есептеледі. Бірақ ұрлықтан дәм татып дәніккен адамға ол 
ешқандай да масқара емес. Ерінің кӛзіне шӛп салып үйренген әйелге зинақорлық ұят 
емес, қолға түсуі ғана ұят. Күнәһарлық ғимаратына бір кірген соң, саған тыйым 
салатын ешқандай ереже жоқ. Яғни белгілі бір табалдырықтан аттағаннан кейін, саған 
әлдебір хайуани бостандық келеді, жиіркенуден арыласың. Бәрі де бой үйренуден 


басталады: темекі де, маскүнемдік те, нашақорлық та. Әлдебір қылмысқа (қара күш 
пе, рухани ма - бәрібір) батыл қадам жасасаң болды, әрі қарай ӛзінен-ӛзі майға түскен 
пышақтай жылжып кете береді екен. Ӛйткені ар табалдырығынан аттағаннан кейін-ақ, 
жамандыққа бой үйренеді. Табалдырықтың ар жағында тұрған адамға ештеңе де ұят 
емес. Ештеңеден де қысылмайды. Ӛйткені басқа территорияда тұр. Ол тек осыны неге 
ертерек жасамадым деп ӛкінуі мүмкін. Алайда, бір затты естен шығармаған жӛн. 
Табалдырықтан аттау -аттамағаннан жүз есе жеңіл. Аттау үшін үлкен күш жұмсаудың 
қажеті жоқ. Iшкі жеңілтек (хайуани) сезімдеріңе ерік берсең болды. Ал аттамау үшін 
үлкен қайрат керек. Маскүнемнің арақты, нашақордың есірткіні қою үшін жұмсайтын 
жігеріндей жігер керек. Ондай жігерің болмаса, "табалдырықтан аттай салғанда 
тұрған ештеңе жоқ" деп ӛзіңді-ӛзің алдап, жұбатқаннан басқаға шамаң келмейді. Олай 
болса, адамгершілік деген қалаған кезде кіре салатын есігі ашық тұрған иесіз үй емес, 
үлкен рухани жігерді, тӛзімді қажет ететін, шарты қатал, кіруі қиын сәулетті 
ғибадатхана. Ал қиындыққа тӛздіретін, жігеріңді құм қылудан сақтайтын жалғыз 
нәрсе - ӛмірге рухани мән-мағынаны ізгілік қана бере алатынын арыңмен, жаныңмен 
сезінуің ғана. Жиіркенбеу керек депсің, құрбым. Жиіркеніш сезіміңді жұртқа сездіру, 
сездірмеу - этика мәселесі, бірақ оның дәрігердің де, дәрігер еместің де бойында бар 
екені даусыз. Ар мен ұяттың тазалығы барда, дүниедегі лас нәрселерден жиіркенбеу 
мүмкін емес. Сол сезімнен сенің де айырылып қалмауыңды тілеймін. Бейтаныс 
құрбың". Мен хатымды жазып болған соң, ӛзімнің дұрыс жауап қайтарған-
қайтармағанымды тексеру үшін, бейтаныс құрбымның хатын қайта бір кӛз жүгіртіп 
оқып шықтым. Байқағаным - хаттың негізгі түйінін, шынында да, аңғармаған 
секілдімін. Оның ойынша, гомосексуализм ӛмір сүруге хақылы қоғамдық құбылыс, 
сондықтан одан жиренуге болмайды. "ех, сізбен..." осы кезде ғайыптан пайда болған 
бір күдікті ой маған ток соққандай әсер етті. Астапыралла! Мынауыңның ӛзі, мен 
білсем, гомосексуалист! Неге меңзеп отырғаны белгілі. Бұған дейінгі қисық-қыңыр 
ой-пікірлерінің бәрі де осының ақтауы емей немене? Арам мен адалды бір ыдысқа 
құйып, сапырған қойыртпағын неге маған ӛткізе алмай жүр десем... Бұрынғы 
хаттардағы кӛңілге секем алдыратын құйтұрқы сӛздердің бәрі анталап кӛз алдыма 
келгендей. Ойлаған сайын, ӛткенді пайымдаған сайын, ашқан "жаңалығымның" 
ақиқат екені анықтала түседі. Осынша күш-жігерді, ақыл-ойды сарп етіп, жүректі 
жаралап, жан алысып-жан беріскен арадағы айтыстың аяғы осыған келіп тірелер деген 
ой үш ұйықтасам түсіме кірмес еді. Бұл тіпті мен күтпеген оқиға болды. Бейтаныс 
құрбымның мына пиғылы менің жанымды қорлады. Әлдебір жиіркеніш сезімінен 
жүрегім айнып, лоқсығым келетін секілді... Барған сайын найсаптанып, озбырланып 
келе жатқан бейтаныс құрбым ақыры менің намысымды оятқан секілді. "Кездесуді 
қалап тұрса, неге кездеспеске,- деймін ӛзімді-ӛзім үгіттеп.- Мен қорқатын ештеңе жоқ. 
Мақсаты күмәнді, пиғылы жат жандар жүрексінсін, жүрексінсе." Мен бейтанысқа 
жазған хатымның соңына мынандай сӛздерді қостым: "Ертең кешкі сағат 8.30-да 
подвалдың шаруашылық бӛлімшесі жағынан күтемін." Хатты келісімді жерге апарып 
тықтым. Ертеңгі кездесер сәтті асыға күтетін секілдімін. "Кӛруім керек"- деймін 
әлденеге тағатсызданып. Кӛрмеген жаудан қауіпті жау жоқ. 15 20 кӛкек Дәрігер маған 
әлдеқандай ыстық укол тағайындады. Медбике мазасыздау жан болатын, укол 
салғанша маған қайта-қайта: - Қорықпаңыз, қазір денеңізде ыстық толқын пайда 
болады. Тек қорықпаңыз, міне, міне, қазір, қазір,- деп, менің үрейімді ұшырып, ақыры 
-қысымым кӛтеріліп кетті ме - тынысым тарылып, жанымды қоярға жер таппадым. - 


Ӛліп барамын,- дегенді әрең айттым. Медбике зәресі ұшып, жүгіріп барып, бір әйелді 
шақырып келді. Екеулеп жүріп маған тағы екі укол салып, тақтай орындыққа 
шалқамнан жатқызып қойды. Жарты сағат шамасында қалпыма келгендей болдым. 
Тіпті біршама кӛңілім кӛтеріліп, есімнен қалай танғанымды ӛсіріңкіреп айтып, ӛзімді-
ӛзім мазақ қылып, медбикелерді күлдіре бастадым. Бірақ олар менің біржола 
айыққаныма толық сене қоймаған тәрізді. Мені палатаға апарып жатқызып, бүгінше 
тӛсектен тұрмауымды ӛтінді. Түске қарай дәрігер келді. Оқтау жұтып алғандай 
кекірейіп тұрып, менің тамырымды ұстады, содан кейін сәл ойланып, "жарайды кӛре 
салайыншы" дегендей, дымқыл алақанын маңдайыма салып, қызуымды байқағандай 
болды да, "бәрін де білем, осылай болуға тиісті және осылай бола береді" деген 
адамша ештеңе сұрамастан, айтпастан шығып кетті. Түскі астан кейін кӛзім ілініп 
кеткен екен, түс кӛріппін. Ішінде халық ығы-жығы үлкен бір ғимараттың ішінде 
тұрмын. Жұрттың бәрі әлдеқандай бір кезекте тұрған секілді. Мен де тұрғым келіп 
кезектің соңын іздеймін. Соңы жеткізер емес. Сыртқа шықсам, кезекте тұрғандардың 
тізбегі қаланың сыртынан әрі асып кетіпті. Қалайда соңын кӛргім келіп, үйдың 
тӛбесіне шығамын. Шығамын да, айран-асыр болып тұрып қалам. Кезекте тұрған 
қара-құрым халықтың легінде тіпті шек жоқ, кӛздің нұры жетпейтін кӛкжиектен әрі 
асып, әлдебір тұманды кеңістікке сіңіп кеткен. Зәрем ұшып жерге түсемін. "Мына 
кезекке қалай тұруға болады?"- деймін әлдекімнен. "Ой, бұл кезектің соңына ешкім 
жеткен емес. Кӛбісі кезектерін баласының баласына қалдырып кетеді",- дейді әлгі 
әлдекім. Не істерімді білмей, ғимараттың ішіне қайта кіремін. Кенет: "Әй, бауырым!"-
деген бір жұмсақ үнді естимін. Жалт қарасам, кӛзі күлімдеген еңкіштеу егде кісі. "Сен 
мұны таста, бұдан ештеңе ӛнбейді. Бері жүр,"- дейді. Түрі таныс секілді, бірақ тани 
алмаймын. Тұрған жұрттың ара-арасымен ӛтіп, қабылдау бӛлмесінің ішіне кірдік. 
Шамасы, ішке кіргеннен кейін, кезек әртүрлі кабинеттерге бӛлінетін секілді. "Менің 
кезегім осы жерде. Осында отырып күт",- деп әлгі кісі шығып кетеді. Күтпеген 
бақыттан қуанышым қойныма сыяр емес. Осы кезде: "Ал, жақсы, кірдім, сонда не 
айтуым керек",- деген ой келеді басыма. Шынында да не айтарым белгісіз, тіпті 
кезекке не үшін тұрғанымды ӛзім білмейтін секілдімін. "Қап, ұят болатын болды-ау,"- 
деймін іштей ыңғайсызданып. Осы арада не болғаны есімде жоқ. Әлден уақытта 
қарасам, кіретін есікте жазулы тұрған ӛзімнің аты-жӛнімді кӛремін. Түкке түсінбей: 
"Мынау менмін ғой, шырағым-ау,"- деймін хатшы қызға жазуды кӛрсетіп. "Сіз 
болсаңыз қайтейін, кіріңіз онда ӛзіңізге,"-дейді қыз безбүйректеніп. Мен жүрексіне 
орнымнан тұрамын. Кім болуы мүмкін аржағында? Артымда тұрған кӛп халықтың 
ішінен:"Не де болса, тәуекел, кір,"- деген сыбырды естимін. Іле-шала: "Қой, бірдеңені 
бүлдіріп аларсың, байқа, ойбай, байқа,"- деген сыбыр тағы естіледі. Тәуекел деп есікті 
ашып, ішке кіріп келгенде... Астапыралла, екі кӛзін менен алмай, ӛзіме қарай ақырын 
жақындап келе жатқан ӛзімді кӛремін. Біртүрлі түрі суық. Денем тітіркеніп, шегіне 
беремін. Ол онан сайын жақындай түседі. Бетіме демі тиеді... Қолыма қолы тиіп еді, 
ӛліктің қолындай мұп-мұздай екен. Айғайлаған ӛз даусымнан шошып ояндым. 
Бірінші кӛргенім - қарсы алдымда тұрған медбике. Мені оятпақ болып қолымнан 
ұстапты. Қолын мұздай суға жуған ба - сұп-суық. - Кешіріңіз,- дейді қысылып,- сізді 
шошытып алармын деп ойламаппын. Шайды бӛлмеңізге әкеліп едім. Суып қалмай 
тұрғанда ішіп алыңыз. - Рақмет,- деймін медбикенің мұздай қолын жібермейи. 
Мынандай жайсыз түстен кейін оянып, қайтып оралатын анық ӛмірдің барлығы, онда 
сені медбикенің шай әкеліп күтіп отыратыны қандай жақсы деп ойлайтын секілдімін. 


Кешке қарай ауа райы бұзылып, аздап жаңбыр жауды. Одан кейін жел тұрып, ауланың 
ішін астан-кестең қылды. Кешкі кездесуді ойлаған менің де жан сарайым ұйқы-тұйқы. 
Уақыт жақындаған сайын тағатым қашып, мазасыздана түсемін. Кешкі асты ауыз тиіп 
қана қайтардым. Қанша зорлансам да, батпады. Бӛлменің ішін әрлі-берлі кезіп, дәлізге 
шықтым. Одан сыртқа қайта шығып, шаңы бұрқыраған аула ішінде жалғыз ӛзім ұзақ 
жүрдім. Ӛзімді-ӛзім арбап: "Күшіңді жи! Жігерлен! Басыңды кӛтер!"- деп арасында 
сыбырлап қоямын. Осылай қанша жүргенім есімде жоқ. Әлде үрейге бойым үйренді, 
әлде ӛз ішімнен бір қуат таптым, әйтеуір, беймәлім бағытқа алып қашқан кӛліктің 
басын тартып тоқтатып, есімді жиғандай болдым. Ӛзімнің кездесуге дайын екенімді 
сездім. Сағат сегіз жарымда подвалға түстім. Мына қырсықты қарашы. Киім-кешек, 
тӛсек-орын, шаруашылық жабдықтары сақталатын бӛлмелер жағы жайшылықта 
жарқырып тұратын. Шамасы, шамдары жанып кеткен - дәліз қап-қараңғы. Мына 
жағдай мені тіпті абыржытып тастады. Отыратын орындығы да бар секілді еді, оның 
қай жерде екенін бір құдай білсін. Мұны білгенде, бұл жерге келуге уәде 
байласпайтын едім. Әдейі істеп жүрген ӛзі емес пе екен деп іштей бейтаныс 
құрбымнан қауіптеніп қоямын. Кенет әлдебір тықырды естігендей болдым. Жүрегім 
су ете қалды. Соның ӛзі! Қабырғаға арқамды тіреп, тың тыңдадым. Дыбыс шыққан 
жаққа ақырын жылжып келемін. Дәліздің кей тұстары алакӛлеңке, бірдеңелерді 
аңғаруға болады. Шамасы, сырттан жарық келетін шағын терезелер болу керек. Кенет 
тықыр мүлде басқа жақтан шыққандай болды. Бейтаныс құрбым мені әбден мазақ 
қылып жүрген секілді. Тықырдың әр жерден естілуі тыйылмады. Ақыры шыдай 
алмай, ӛз даусымнан ӛзім қорқып тұрсам да, барынша сабырлы болуға тырысып: - 
Мен бәрін де біліп тұрмын. Сен осындасың,- дедім даусымды кӛтеріп. Дәліз ішінде 
даусым күңгірлеп, онан жаман қорқынышты естілді.- Кездесетін күн болса деп тілеп 
едің, міне...- одан әрі "келдім" деген сӛзді айтып едім -демім бітіп, үнім шықпай 
қалды. Бар қуатымды жиып: - Келдім!- дедім. Даусым тым қатты шығар деп ойлаған 
жоқ едім, ӛз айғайымнан ӛзі шошып кеттім. Ешкім үн қатқан жоқ. Қабырғаны сипалап 
ақырын жылжып келемін. Тықыр естілмей кетті. Тас қараңғы бұрыштан сәл-пәл қара 
кӛбеңдеу тұсқа шықтым. Кенет дәл қасымнан әлдекімнің беинесі кӛлбең ете қалды. 
Тұла бойым түршігіп, айғайлап жібердім. Одан кейін қалай құлаштап ұрғанымды ӛзім 
де сезбей қалдым. Сезгенім - қолымның әлдебір қатты затқа тиып, іле-шала салдыр-
гүлдір етіп сынған әйнектің жерге шашылғаны. Қараңғы дәліздің ішінде жүремнен 
отырып, есімді жинадым. Ұрғаным қабырғадағы айнаға түскен ӛз бейнем болып 
шықты. "О, тәңірім, осынша азапқа салғандай, не жаздым?"- дедім қинала күбірлеп. 
Кӛзіме жас келді... Қолымының жарақаты жанға батып, орнымнан тұрдым. Қираған 
айнаның сынықтары аяқ астында шақыр-шұқыр етеді. Мең-зең күйде қабырғаға 
қайта-қайта соғылып, келген ізіммен жоғары кӛтерілдім. Палатама кірген кезде, мені 
күтіп тұрғандай, іле-шала медбике де кірді. Мені кӛріп: -Ойбай , не болды?!- деді 
шошынып. -Есік алдында сүрініп құлап қалдым,- дедім ішімнен басқа біреу сӛйлеп 
жатқандай бӛтен үнмен. -Түріңіз боп-боз ғой. Қазір дәрігер шақырайын. - Жоқ,- дедім 
әрең дегенде үн қатып. - Ӛйткені осы кезде әбден қалжырап шаршағаным сонша, 
бойымдағы әл-қуат ең соңғы бір талшыққа ілігіп тұрғандай кӛрінді. - Шақырмай-ақ 
қой...- терең дем алып, келесі сӛзді айтуға күш жинадым.- Қолымды байлап беріңіз... 
Медбике жүгіріп шығып кеткен. Ақыры кезекші дәрігерді ертіп қайтып келді. Дәрігер 
қан қысымымды ӛлшеп, жүрегімді тыңдап, әлдебірдеңелерді менен сұрайтын секілді, 
медбике жанталасып дәкемен қолымды орап байлап жатыр, бірақ мен олардың 


ешқайсысына да мән берген жоқпын, ӛйткені мұның бәрі менің жан дүниемде болып 
жатқан оқиғаларға түк қатысы жоқ мағынасыз бірдеңелер еді. Дәрігердің маған укол 
тағайындағаны, берген ақыл-кеңестері, медбикенің құйрығымнан шапалақпен 
ұрғандай сарт еткізіп ине шанышқаны - осының бәрі маған басқа біреудің басында 
болып жатқан оқиғадай кӛрінді Шаршағаным соншалық дәрігер мен медбике 
кетісімен, ӛзімнің қалай ұйықтап кеткенімді сезбей қалдым. Оянсам - сағат түнгі 11-
ден кетіп барады екен. Қатты ұйықтағаным сонша, қайдан келіп, қайда тұрғанымды 
есіме әрең түсірдім. Манағы болған оқиғалар, күйзелістер сәл-пәл алыстап, сабырмен 
ақылға салып ойлануға мүмкіндік бергендей. "Не себепті кездесуге келмеді екен?"-
деген ой бірінші келді. Әлде... Осы кезде: "Ӛзі соңғы хатты алды ма екен?"- деген бір 
күдік сумаң етті. Орнымнан атып тұрып дәлізге шықтым. Дәлізде ешкім жоқ. Столға 
келіп, астына қол жүгіртіп едім, қолыма қағаз ілікті. Жүрегім тарсылдап, қағазды 
жұлып алғанда ӛзімнің хатым екенін кӛрдім. Әлдеқалай тағы да әлсіреп, хатымды 
орынына қайта қойдым да, сылқ етіп орындыққа отыра кеттім. Басым ұйып: 
"Алмапты ғой",- деймін күбірлеп ӛзіммен-ӛзім сӛйлесіп. Я, бәрі де түсінікті болды. 
Жел диірменмен соғысқан әумесердей ӛзімді-ӛзім қарадай азапқа салған сорлы 
басым!.. 16 21 кӛкек Бүгiн кешегi оқиғаларды қайтадан еске түсiрiп, екшеп, 
зерделеген кезде ӛз iсiмнiң қайсы бiр келеңсiз жақтарын байқағандай болдым. 
Бiрiншiден, кездеспек болған адамыңнан "жарайды" деген бiр ауыз сӛздi естiмей 
жатып, келер-келмесiн бiлмей тұрып, тұра жүгiру қисынға жата ма? Шамасы, ӛзiмнiң 
сол кездесуге асыққаным сонша, оның келiсiмiне кӛңiл аударуға уақытым болмаған 
секiлдi. Екiншiден, бейтаныс құрбының қай жақтан екенi белгiсiз - сырттан ба, әлде, 
осы ауруханадан ба - егер сырттан болса, оны түнге қарай подвалға кездесуге 
шақырудың жӛнi дұрыс бола қоя ма? Тегiнде менiң күнделiгiмдi сұраусыз оқып, 
жазған хатын палатама әкеп тастап, менi мазақ қылатын, кiрмейтiн есiгi жоқ, кӛзге 
кӛрiнбейтiн, қолға түспейтiн, астыңғы коридордағы орындықтар қойылған оңаша 
қуысты менен артық бiлуге тиiстi ерекше қу бейтанысты қайда, қалай шақырсаң да 
артықтығы жоқ деп ойлаған болуым керек. Үшiншiден, осы кездесу жалпы не үшiн 
қажет болды? Дүниетанымдық жекпе-жекке тiкелей қатысы бар ма? Кiм бiледi... 
Жекпе-жектiң психологиялық жағы тағы бар. Бұған дейiн ойын ережесiн ол жасап, 
мен соған мойынсұнумен келдiм. Хат жазысу, хатты коридордағы столдың астына 
қалдыру, менiң рухани әлемiме тәртiп орнатпақ болған әрекеттер, ӛзi туралы күнi-түнi 
ойлатып, түсiме кiрiп, маза бермеу, жанымды жарақаттап, қорлануға мәжбүр ету - 
осының бәрi соның бастамасы. Ендеше менiң де бас кӛтерiп, ӛз шарттарымды 
ұсынып, оның сол шарттарды орындауына амал табуым керек қой... Сағат 12 
шамасында дәрiгер қабылдады. Ештеңе айтып та, сұрап та жарытпайтын оған мен де 
ештеңе айтқан жоқпын. Екеумiз үнсiз отырмыз. Әлден уақытта: - Кӛңiл күйiңiз 
қалай?- дедi жол-жӛнекей "саламатсыз ба" дегендей бiр үнмен. Турасы, "саламатсыз 
ба" - адамға қойылатын анық сұрақ: "амансыз ба, денiңiз сау ма" деген ұғымды 
бiлдiредi. Бiрақ осы сӛздiң әшейiн рәсiмге айналып кеткенi соншалық, оған ешкiм "иә, 
саламатпын" деп жауап берiп жатпайды, керiсiнше, екiншi жақ та "саламатсыз ба" деп 
керi сұрақ қойып, оған жауап та күтпестен, ӛтiп кете бередi. Қысқасы, дәрiгердiң әлгi 
сұрағы осыған ұқсас бiрдеңе болғаннан кейiн, мен де жауап берген жоқпын. Бiраз 
отырғаннан кейiн ол маған: - Барып дем алыңыз,- дедi. Мен шығып кеттiм. Палатаға 
келiп, бейтаныс құрбымның хаттарын асықпай қайта бiр оқып шықтым. Ойлап 
отырсам, оның алғашқы хатын алғаннан бергi арада тұтас бiр ғұмыр ӛткен секiлдi. Ӛз 


бойымнан әлдебiр ӛзгерiстердi байқаймын. Әрине, мен ӛз мұратымнан ешқашанда бас 
тартқан емеспiн. Тек iзгiлiкке қарсы күштiң тамыры мен шамалағаннан әлдеқайда 
терең болар деп ойламаған екенмiн. Рухани әлемде екi бағыт бар: бiрi - пенделiк 
мүдде, екiншiсi - биiк парасат пен iзгiлiк құдiретi. Пенделiк мүдде, негiзiнен, тобырға 
жақын, ал биiк парасат - сирек тұлғалардың еншiсi. Бiз қазiр пенделiктi қоғамдық 
дәрежеде ашық насихаттауға кiрiстiк, тобырдан жеңiлгенге ұқсаймыз. Пенделiк 
мүдденiң iшкi мазмұны негiзiнен ӛмiрдiң ләззатына, рахат-қызығына негiзделген. 
Ләззат - шарап секiлдi. Жоғарғы сапалы жұпар иiстi, дәмдi шарапты кӛпшiлiк 
бағалайды; оны iшкенде кӛңiлiң кӛтерiлiп, жаныңа әлдебiр шуақты нұр құйылғандай 
болады. Бiр-ақ рет берiлетiн қысқа ғұмырда бұдан артық не керек деп ойлауға 
болатын секiлдi. Бiрақ дәмдi шараптың қатерi де аз емес. Шарапқа құнығып, ақыр 
аяғында азғындыққа ұшырау -ӛмiрде ең кӛп кездесетiн оқиғалардың бiрi. Тәттi ӛмiрге 
тым елiгу, ӛзiңдi шектемеу, үнемi мейiрiң қанғанша iшуге тырысу, түптiң түбiнде 
рухани маскүнемдiкке, адамгершiлiк азғындыққа әкелерi сӛзсiз. Жолдағының бәрiн 
жайпап, ӛлген тiрiлгенiне қарамай байлыққа ұмтылу, ӛлiктердiң үстiмен жүрiп, 
билiкке ұмтылу, ар-ұятты белге байлап, зинақорлыққа ұмтылу, "жұмыртқа пiсiрiп алу 
үшiн кӛршiнiң үйiн ӛртеу" тағы сол сияқты асқынған пенделiк ӛзiмшiлдiктер 
азғындықтан басқа түк те емес. Осы қатердi жұрттың кӛбi сезгiлерi келмейдi. Оған 
қарсы күреспек түгiлi, күресу туралы ниет жоқ. Қатерлi жаудың аты аталып, түсi 
түстелмеген. Адами ынсапты аяққа таптап, тамақ пен ұйқыда да, нәпсi мен 
қызғанышта да, ӛгiз қара күшi бар ӛзiмшiлдiкте де ат басын тежеп кӛрмеген 
қанағатсыз есiрiк ӛмiр. Иә, есiрiк ӛмiр! Басқаша айту мүмкiн емес. Менiң бейтаныс 
құрбым мен күткен межелердiң бәрiнен де асып түстi. Iзгiлiкке сенбеушiлiк, ол үшiн 
күреспеушiлiк, немқұрайлылық,- бұл жақсылыққа қарсы күштiң жеңiлдеу түрi; 
онымен жан қысылғанда тiл табысуға да болады. Зұлымдыққа қолдау кӛрсету, 
онымен сыбайлас болу -бұл жауластықтың әлгiден гӛрi ауырлау түрi; онымен тiл 
табысу жоқтың қасы. Ал бейтаныстың ұстап отырған бағыты - зұлымдықты қолдап 
қана қоймай, оны дәрiптеу, мұратқа айналдыру. Бұдан үлкен қатер болуы мүмкiн 
емес. Зұлымдықты, ӛлiмдi, қара түнектi мадақтап жырға қосқан Бодлердi оқып 
жатырмын деп тамсанады. "Адам ӛмiрi Бодлердiң бiр жолына да тұрмайды" деген 
сӛзге, қай данышпан айтса да, келiсу мүмкiн емес. Алайда, ӛз басым Бодлер туралы әр 
түрлi пiкiрлердi кездестiрсем де, ӛлеңдерiн оқымаған секiлдiмiн. Бесiн кезiнде сыртқа 
шығып бара жатып кiтапханаға соқтым. Кiтап сӛрелерi тұрған ұзынша бӛлменiң 
терезелерi күн жаққа қараған, iшi қапырық. Бояу мен лактың иiсi мұрынға келедi. 
Бәлкiм, кӛршi бӛлмелердiң бiрiнде жӛндеу жұмыстары жүрiп жатыр. Кiтапханашы 
адамға қарамай сӛйлейтiн, әлгiнде ғана бiреумен ұрсысып қалғандай тырсиып, кiсi 
киiктенiп отырған кәрiс әйел екен. Жұрттың қойған сұрақтарына қысқа ғана, әлде бiр 
наразылау үнмен жауап бередi. Мен стол үстiндегi газеттердi оқымай, суреттерiне 
ғана қарап аударыстырып отырмын. Не жазатыны белгiлi: мемлекеттiң гүлденуi, әр 
салада қол жеткен табыстар, болмашы проблемалар, шетелдiк хабарлар т.с.с. Адам 
жанын түршiктiретiн ұятсыз оқиғалардың ақпаратыннан ғана қорқамын. Ӛйткенi одан 
кейiн ұзақ уақыт жиiркенiш сезiмiнен арыла алмай жүресiң. Әлден соң: - Сiздерде 
Бодлердiң ӛлеңдер жинағы бар ма?- дедiм басымды кӛтерiп. Кiтапханашы ӛзiнiң iшкi 
механизмiн iске қосқан роботша бiр сәт үнсiз тұрды да: - Бар, бiрақ қолда,- дедi маған 
қарамай ӛз жұмысымен шұғылданып отырып. Содан кейiн әлдебiр карточкаларды 
аударыстырды да: - Тапсыратын уақыты ӛтiп кетiптi,- дедi ӛзiмен-ӛзi сӛйлескен 


адамдай. -Кiтап 10-палатада. Мен селк ете қалдым: - Нешiншi? - дедiм кекештенiп. - 
Оныншы,- дедi ол маған таңырқай қарап. Әлдебiр үрейден демiм тарылып 
тұншыққандай болдым. -Қалайша? - дедiм бiр заманда ештеңеге түсiне алмай. – 10-
плата -менiң палатам ғой. Мен ондай кiтапты алған да, кӛрген де емеспiн. - Мiне,- дедi 
кiтапханашы карточканы кӛрсетiп ӛкпелегендей бiр үнмен. - Кӛрiңiз, сенбесеңiз. Мен 
орнымнан түрып, кiтапханашының қасына барып, карточкаға үңiлетiн секiлдiмiн. 
Бiрақ түк кӛрмеймiн. "Мүмкiн емес! Мүмкiн емес!"- дей беремiн бей-берекет 
күбiрлеп. Үлкен бiр қатердi сезiп тұрмын. Бiрақ оның не екенiн айыруға шамам 
жетпейдi. - Сiзге не болды?- деген үрейлi дауысты естiдiм. - Бiр жерiңiз ауырып тұр 
ма? Қазiр... дәрiгер шақыртайық. Отырыңыз... отырыңыз, қозғалмаңыз... "Неге 
қозғалмауым керек?- деймiн iштей таң қалып.- Қозғалса, не болады?" Тӛңiрегiме 
адамдар жиналғанын сеземiн. Әлден уақытта медбике келдi. "Басыңыз айнала ма? 
Жүрегiңiз шанша ма?" деген секiлдi сұрақтарды естимiн. Бәрiне "жоқ" деп жауап 
берудемiн. Ал шындығында қандай күйде тұрғанымды ӛзiм бiлмеймiн. Медбике менi 
жетелiп палатама алып келiп, тӛсегiме жатқызды. Одан кейiн кезекшi дәрiгер келдi. 
Менен не болғанын сұрады. Қайта-қайта кекештенiп, тұттығып, ауа жетпей демiгiп, 
болған оқиғаны шатастырумен болдым. - Мен ол кiтапты алған емеспiн,- деймiн 
ентiгiп. Сенбей қоя ма деп қорқып,- Тiптi кӛрген кiтабым емес,- деймiн кiтапты 
алмағанымды дәлелдесем, бәрi орынына келетiндей. Дәрiгер менiң жағдайымды 
түсiнген секiлдi. Медбикеге әлдебiр тапсырмалар берiп кетiп қалды. Дәрi iшiп, сәл-пәл 
тынығып, есiмдi жиғандай болсам да, бiр дiрiл бойымнан кетпей қойды. Тек кешкi 
астан кейiн укол алып, iле ес-түстен айырылғандай, түк сезбейтiн терең ұйқыға 
кеттiм. 17 22 кӛкек Түс кезiнде бiр-ақ ояндым. Менi әдейi оятпаған секiлдi. Тамақты 
палатама әкеп тастапты. Қатты ұйқыдан есiмдi жия алмай, мең-зең болып жүрiп, 
жуынып, киiнiп, тамақтан ауыз тидiм. Кешегi оқиғалар есiме түстi. Адам санасы 
ұқпайтын бiр беймәлiм құпия жағдайдың уысында отырғандаймын. Ӛзiмдi-ӛзiм қанша 
сабырға шақырсам да, кӛңiлiм тыншымады. Медбике менi дәрiгерге алып барды. 
Дәрiгер басқа шаруасының бәрi бiтiп, тек менiмен кездесудi ғана күтiп отырғандай, 
столында бостан-бос отыр екен. Мен келiп жайғасқаннан кейiн, саусақтарымен 
столды тықылдатып, тағы бiраз отырды. Ақыры: - Мен сiзбен ашық сӛйлескелi 
отырмын, егер сiз осы әңгiмеге дайын болсаңыз,- дедi жақын адамның қазасын 
естiрткелi отырғандай түнере сӛйлеп. - Дайын болу үшiн мен не iстеуiм керек,- дедiм 
айтқанына толық түсiнбей. Ол менен мұндай сұрақ күтпеген адамдай тӛмен қарап 
ойланып, отырып қалды. Әлден соң: - Онда әңгiменi сiз бастаңыз,- дедi маған 
кӛзiлдiрiгiнiң үстiнен сүзiле қарап. - Маған қоятын қандай сұрағыңыз бар? - Бар,- 
дедiм ӛз сӛзiмнен ӛзiм үрейленгендей, ентiге сӛйлеп.-Ауруханаға түскелi берi 
әлдекiмнен хат алып жүрмiн...- демiм бiтiп, сӛзiмдi әрең аяқтадым. - Асықпаңыз,- дедi 
ол маған әлдеқалай тұңғыш рет күлiмсiрей қарап.-Темекi шеккiңiз келмей ме?- 
Алдындағы сигарет қорабын маған қарай жылжытты. Мен басымды шайқадым. - Жоқ 
рақмет. Темекi шекпеймiн. Айтайын дегенiм, хат иесiн қанша аңдысам да, таба алмай 
қойдым. Кейде, басынғаны сонша, хатын бӛлмеме әкелiп тастайды. Бiрақ ең бастысы 
бұл емес, ең бастысы - ол бүкiл денесiн жарылғыш заттармен орап алған террорист 
секiлдi ең қатерлi идеялармен қаруланған кесапат адам. Ондай идеялар iндет секiлдi 
тез тарайды. Ӛйткенi адами жауапкершiлiктен гӛрi хайуани еркiндiкке кӛбiрек 
негiзделген ӛмiр шарты қалың тобырдың сұранысына сәйкес келiп тұр. 
Миллиондардың ӛмiрiн жалмайтын iндет те алдымен бiр адамның ауруынан 


басталады. Әзiрге бiр адамның басында жүрген мына идея ертең адамзаттың 
қасiретiне айналмасына ешкiм кепiл бола алмайды. Мен бұл адамммен қалайда 
кездесуiм керек едi. Оған қарсы қоятын менiң де дәлелдерiм жеткiлiктi. Бiрақ ӛзi 
кездесуден жалтарып жүр. Ең сұмдығы, бiр хатында зұлымдық жыршысы атанған 
француз ақыны Бодлердiң ӛлеңдер жинағын оқып жатырмын деп жазған болатын... 
Кеше кiтапханаға барсам, кiтап 10-палатада дейдi. 10-палата - менiң палатам... Ол 
кiтапты мен алған емеспiн... Шынымды айтсам, ақыл-естен айырылудың аз-ақ 
алдында жүрмiн...- Тағы да жүрегiм кӛтерiлiп, демiм бiтiп, сӛйлей алмай қалдым. - 
Әйтсе де,- дедiм әлден соң демiмдi басып,- басқа бiреудiң кӛмегiнсiз бiр адамның 
осынша ойына келгенiн iстеуi мүмкiн емес секiлдi. - Содан кейiн басымды кӛтерiп, 
дәрiгердiң жүзiне тура қарадым. -Айтыңызшы, ол кiсiнiң сiзбен байланысы бар ма? 
Арамызда ауыр үнсiздiк орнады. Дәрiгер не айтарын бiлмегендей, саусағымен столды 
баяу тықылдатып, тӛмен қарап, ойланып отырды да, кенет: -Бар,- дедi. Орынымнан 
қалай атып тұрғанымды ӛзiм бiлмеймiн. Тiлiм байланғандай сӛйлей алмаймын. 
Бiрнеше сӛз бiр-бiрiмен қабаттасып, кӛмейiмде кептелiп қалған секiлдi. Дәрiгер тағы 
да маған жылы жүзбен күлiмсiрей қарап, қолымен отыр дегендей ишара жасады. Мен 
екi кӛзiмдi дәрiгерден алмай, ақырын отыра бастадым. - Мен сiздiң басыңыздан ӛткен 
жағдайдың бәрiн бiлемiн,- дедi ол айрықша сабырлы үнмен.- Ол жағдайды дұрыс 
түсiну үшiн сiз менi мұқият тыңдаңыз. Мен әңгiменi әрiден бастайын. Адам псхикасы 
медицина әлемiндегi ең бiр күрделi, сыры терең, жұмбағы кӛп айрықша сала. Сол 
себептi бұл салада ғылымнан гӛрi мистика басымырақ деуге болады. Мәселен, адам 
тұлғасының екiге бӛлiнуi деген құбылыс бар. Мен ӛткенде де бiр рет сiзге шет 
жағасын айтқан болатынмын. Бұл әлi де толық ғылыми анықтамасын таба қоймаған 
нәрсе. Бiр адамның бойында кезектесiп бiр-бiрiне ұқсамайтын екi тұлға пайда болады. 
- Дәрiгер түсiнiп отырсың ба дегендей маған қарап қояды.- Ал кейде екi тұлға 
кезектесiп ауысып отырады. Бұл ешқандай ертегi емес, психика әлемiнде кездесiп 
жүрген құбылыс. Мен сiзге әлдеқашан тарихқа енген белгiлi деректердi ғана айтайын. 
1887 жылдың қаңтар айының аяқ кезiнде әлдебiр орта жастағы ер адам Американың 
Норристаун деп аталатын шағын қаласына келедi. Ӛзiн Браун деп таныстырған бұл 
адам келе салып, кеңсе тауарларын сату iсiмен шұғылданады. Ӛз тамағын ӛзi iстеп, 
сатып алған магазинiнiң түпкi бӛлмесiнде тұрып жатады. Шiркеуден қалмайды. Тауар 
әкелу үшiн бiрнеше рет Филадельфияға барып келген. Ақкӛңiл, жайдары осы адаммен 
қала халқы тез табысып кетедi. Алайда наурыз айының 14-i күнi ол күтпеген мiнез 
кӛрсетедi. Кӛшедегi кӛрiнген адамға жалынып, қай қалада тұрғанын сұрап, ӛзiнiң 
мистер Браун емес, мистер Берн екенiн, ешқандай сатушы емес, Грин қаласының дiн 
уағыздаушысы екенiн айтып, елдi айран-асыр қылады. Ақыры Грин қаласынан әйелi 
келiп, 17 қаңтарда аяқ астынан жоғалып кеткен күйеуiн танып, алып кетедi. Бұл 
оқиғаның тағы да жалғасы бар. Бiрақ мәселе онда емес, мәселе адам бойында осындай 
беймәлiм құпия жағдайлардың болатындығында. - Дәрiгер сигарет алып тұтатып, 
креслоға шалқайып отырды да, ӛзiнiң кез келген адамға айта бермейтiн маңызды 
пiкiрiн ортаға салғандай әр сӛзiн ойлана сӛйлеп, әңгiмесiн жалғады. - Жалпы осы 
мәселенiң әлеуметтiк астары тым тереңде болуы мүмкiн. Ӛйткенi мұндай құбылыс 
медицинада негiзiнен паталогия саласына жатқанымен, сау адамның жан дүниесiнде 
де осыған ұқсас жағдайлар аз емес. Ӛзiнiң табиғатына, мiнез-құлқына жат әрекет 
жасап, қателескен адам "менi шайтан түрттi" немесе "шайтан азғырды", "қара басты" 
деп ӛкiнер едi, ал бұл шын мәнiнде адам бойындағы екiншi қосарлас тұлғаның билiктi 


сенен уақытша тартып алуы. Ал, ашығын айтсақ, бiз бәрiмiз де екiге бӛлiнген 
тұлғалармыз. Iшiмiзден "жоқ" деп отырып, сыртқа "иә" деп келiсе салатын болсақ, 
жек кӛрiп отырып, жақсы кӛрем деуге үйренсек, ӛзiң сенбей отырған жалған iстi 
сыртқа шындық ретiнде қолпаштап, қолдап отыратын болсақ, осының бәрi бәрiмiздiң 
қос тұлғаға айналғанымыздың белгiсi емей не? Немесе кiшiпейiл, iзеттi адамның не 
байығанда, не үлкен билiкке қол жеткiзгенде ӛркӛкiрек, дӛрекi мүлде басқа адамға 
айналуы және сол адамның ӛзiнен жоғары бастықтың алдында қайтадан кiшiпейiл, 
iзеттi адамға айналуы да әлгi айтылған құбылыстың бiр түрi. Мұны екi жүздiлiк дейсiз 
бе, әлде тұлғаның екiге бӛлiнуi дейсiз бе - одан ештеңе ӛзгермейдi. - Дәрiгердiң 
жүзiнен әлдекiмге деген жек кӛрiнiш сезiмi байқалғандай болды. Кiржиiп отырып, 
темекiсiнiң күлiн түсiрдi де, кiммен сӛйлесiп отырғаны есiне түскендей, маған қарап, 
әңгiмесiн жалғады. - Лев Толстойдың "Тойдан кейiн " деп аталатын әйгiлi әңгiмесi 
есiңiзде шығар. Той үстiнде бишiлiгiмен, бекзаттық қалпымен, зиялы мәдениетiмен 
кӛзге түскен егде полковник дәл сол күнi таң алдында қатыгез, найсап жендет күйiнде 
тағы да кӛзге түседi. Бiр адам iшiндегi екi адам дегенiң осы емес пе? Мен шыдай 
алмай дәрiгердiң сӛзiн бӛлдiм: -Жақсы, айтқаныңыздың бәрiмен келiсейiн. Бiрақ 
осының бәрiнiң мен қойған сұраққа қатысы қанша? - Қатысы тiкелей,- дедi ол 
бұрынғыша бойын тiк ұстап, маған қадала қарап.- Мен адам бойындағы 
қостұлғалылықты бекер айтып отырған жоқпын. Сiзбен бiр айға жуық хат жазысқан 
бейтаныс адам ешқайдан келген жоқ, ол ӛзiңiздiң iшiңiзде. - Не деп тұрсыз?- деймiн 
дәрiгердiң сӛзiне толық түсiнбей. - Сiз әр үш күн сайын, кейде тӛрт күн салып, 
таңертең басқа бiр адам болып... яғни бейтаныс құрбы болып оянасыз. Құрбыңыз 
мына сiзге қарағанда ашық, жайдары, бейiмделгiштеу екен. Бұл жағдайды ол сiзден 
бұрын бiлдi. Сiзбен хат жазысып, танысу жӛнiнде шешiм қабылдаған ӛзi. Бiз сiздi 
шошытып аламыз ба деп қорықтық. Сол себептi айта алмадық. Ендi шегiнетiн жер 
қалмады. Сондықтан сабыр сақтап, ӛзiңiздi ұстай бiлгенiңiз жӛн. Алайда... Жан 
дүниемдi қалтыратқан үрей тасқыны тағы да басталды. Үлкен апаттың жақындап 
қалғанын сезiп, ӛзiмдi қанша жiгерлендiрмек болсам да, "осынау кесапат идеялар 
менiң ӛзiмнiң iшiмде екен ғой" деген ой келгенде, одан әрiге шыдауға менiң сорлы 
жүйкем шыдамады. Есiмнен танғанымды есiмдi жиған кезде бiр-ақ бiлдiм. Қолқамды 
күйдiрген ащы иiстен басымды шайқап, қашқан боламын. Әлдекiм мүсәтiр спиртiн 
танауыма тықпалайды. -Терезенi ашыңдар,- деп айғайлайды дәрiгер бiреулерге. Ӛзi 
анда-санда шапалқапен бетiмнен ұрып қояды. Ақыры есiмдi жидым. Менi медбике 
палатама әкеп салды. Бұдан кейiнгi оқиғалардың бәрi маған буалдыр түс секiлдi. Кӛп 
ұзамай дәрiгер келiп, оның мына жағдайды естiрту ӛзiне де қиын болғаны, бiрақ 
қатерлi сәттiң ендi артта екенi, ӛзiнiң гипноз терапиясын ойластырып жүргенi туралы 
айтқандарын мен басқа бiреуге айтылған әңгiмедей тыңдап отырдым. Тек менiмен 
айтысып жүрген бейтаныстың мiндеттi түрде таңертеңгi ұйқыдан оянған кезде ғана 
пайда болатын ерекшелiгiн айтқан кезде үрей дауылы қайта кӛтерiлiп, тынысымды 
тарылтқандай болды. - Ол ендi қашан пайда болады?- дедiм соңғы сӛзге демiм әрең 
жетiп. -Бүгiн тӛртiншi күн бе?- дедi дәрiгер тӛбеге қарап ойланып. Содан кейiн 
әлдеқайдан растаған хабар алғандай: - Онда ертең таңертең...- дедi онсыз да белгiлi 
ғой дегендей соңғы сӛзiн айтпастан маған қарап. Мен шошынғандай әрi 
таңырқағандай "А-а" деген бiр дыбыс шығаруым керек едi, бiрақ қатты ентiккеннен 
демiм таусылып, үнiм шықпады. Таңертең мүлде басқа адам болып қалай 
оянатынымды ақылға сыйдыра алатын емеспiн. Кешкi тамақтың бетiне қарауға 


зауқым болмады. Түннiң бiр уағында палатама аутетренинг жүргiзушi дәрiгер қыз 
келдi. Кезекшi екен. Басқа уақытта келсе, шын қуанған болар едiм. Бiрақ ондай 
қуанышқа менде қауқар қалмады. Бiр байқағаным, ол бұрынғы мен кӛрген нәзiк, 
сезiмтал, қылықты қызға ұқсамайды, басқа бiр адам секiлдi. Ӛмiрдiң ыстық-суығын 
тегiс кӛрген егде әйелдей маған мүсiркей қарайды. - Бiз бәрiмiз де бұл жағдайдан 
хабардар болатынбыз... Сiздiң жүйкеңiздi толық зерттеу үшiн дәрiгер есебiнде 
күнделiгiңiздi де оқуға тура келдi...- дейдi әлдебiр кiнәлi үнмен. - Бәрi болғанда 
кiмдер?- деймiн, "бәрiмiз" деген сӛзге толық түсiнбей. - Осындағы бәрiмiз, бас 
дәрiгерден бастап. Медбикелер де бiледi...-Менiң жүзiмнен әлдебiр жайсыздау рең 
байқағандай,- ендi мұндай жағдайды бәрi бiлмеуі мүмкiн емес қой,- дедi ақтала 
сӛйлеп. Мен ӛзiмнiң тәжірибе жасалған кӛжек секiлдi осындағы кӛрiнгеннiң ермегiне 
айналғанымды сездiм. - Сiздiң бойыңыздағы қасiрет, әрине, ауыр жағдай,- дедi ол 
қамыққандай үнмен.- Бiрақ... мен ӛз басым сiздiң күнделiгiңiзбен танысқан кезiмдi 
ӛмiрiмдегi ең үлкен оқиғаның бiрi деп бiлемiн. Шынайы тазалық бұл ӛмiрде онсыз да 
құлағалы тұрғандай кӛрiнедi. Бәлкiм, оны құлатпай тұрған сiз секiлдi санаулы адамдар 
шығар, егер мүлде жалғыз қалмаған болсаңыз... Мен сiзге де, әулие қасиеттердiң бар 
екенiне де сенемiн. Тiптi әулиелiк аномалия-ақ болсын, бiрақ жер бетiнде 
миллиондардың iшiнен екi бас, бiр денелi кембағалдар да туып жатады ғой. Ең 
болмаса, сол табиғат заңына қайшы кембағалдар ғұрлы дүниеге келуге хақысы жоқ 
па? Мен оның айтқан сӛздерiне аса үлкен мән бере қойған жоқпын. Ӛйткенi ойыма 
онымен үнсiз сырласқан сәттер орала бердi. - Маған қазiргi сiз емес, менi азапты 
ойлардан құтқармақ болған, менiмен үнсiз сырласқан Сiз ұнайсыз,- дедiм әңгiменi 
басқа арнаға бұрып.-Сiз қазiр тым ақылды, тым пысық, тым бiлiмдiсiз. Мен сiздерге 
зерттеу объектiсi ғанамын. Бәрiңiз де менi қорлап отырсыздар... Менiмен сырласқан 
Сiз жоқ...Сондықтан... - Ол кiсi менiң жан сарайымда,- дедi ол кӛкiрек тұсын қолымен 
нұсқап. Мен онымен ӛткендегiдей үнсiз сӛйлескiм келiп, "Оны қашан кӛруге болады?" 
дегендi жанарыммен бiлдiрген болдым. Ол менiң "сұрағыма" түсiнбедi. "Мен оны 
сағынатын боламын,"- дедiм тағы да үнсiз. Ол "естiмедi". Мен торығып, жерге қарап, 
үнсiз қалдым. - Бiз бәрiмiз де басқа адамға айналдық,- дедi ол бiр кезде даусы 
қарлығып.- Сәбилiк перiште күйiн сақтап қалған ешкiм жоқ. Шайтанға жанын сатқан 
Фауст секiлдi ӛмiрдiң пендешiл қағидасына арын сатқан миллиондаған жандардың 
бiрiмiз. Рас, әрегiдiк бiр кездегi кiршiксiз сәби кӛңiл шырылдап, бой кӛрсетедi. Оны 
тiптi сағынатын кездерiмiз бар. Бiрақ оған бұл дүниеде орын жоқ екенiн қынжыла 
отырып мойындауға тура келедi. -Апыр-ау... - Солай... әулием...- Оның қалтыраған 
үнiнен селк етiп, басымды кӛтергенде, кӛзiндегi жасты кӛрдiм. - Апыр-ау...- Тӛңiрегiм 
бұлдырап кӛрiнбей кеттi. Ол орынынан кӛтерiлiп, әрi-сәрi тұрды да, сӛзiнiң соңын 
кейiн айтпақ болғандай, үн-түнсiз шығып кеттi. Ол кетiсiмен ауыр минуттар басталды. 
Бӛлме iшiнде сенделiп жүрмiн. Есiктiң қасындағы айнадан ӛзiмдi кӛрдiм. Кӛптен 
түрiмдi кӛрмеген екенiмiн, кӛзiм алды күлтiлдеп, қабағымның арасына тiк сызық әжiм 
түсiптi. Кенет әлдеқалай денем дiр ете қалды. Ӛз кӛзiме қадалып қараған сайын, 
аржағынан басқа бiреудi кӛретiн секiлдiмiн. Жүрегiм атқақтап айнаны аудара салдым. 
Шамды сӛндiруге қорықтым. Сӛндiрсем болды, бӛлме iшiнде жүрген тағы бiреу "ендi 
менiң кезегiм келдi, орынды босат" дейтiн секiлдi. Дәрiгердiң: "... таңертең басқа адам 
болып оянасыз,"- деген даусы құлағыма естiлгендей болды. Менiң арым мен 
жанымды қорлаған зұлымдық ертең менiң бойымнан оянбақшы... "Жоқ!- дедiм 
ышқынып.- Жоқ! Жоқ! Ешқашан да...Ешқашан да..." Сәл тыныстап, ентiгiмдi бастым. 


Арқа ысатын жӛке, орамал, сабынымды алып, коридор түпкiрiндегi ваннаға бардым. 
Түнге қарай ванна бос тұрады. Денемдi жӛкемен ысқылап, жуынып, тәнiмдi 
тазарттым. Жуынып болған соң, ваннаны шайып, ыстығын басымдау қылып, су 
ағыздым. Палатаға келiп, сақал алатын алмастың бiреуiн жалаңаштап, қасыма 
қойдым. Кӛңiлiмде ӛкiнiш те, ренiш те жоқ. Тек ойға алған мақсатты тезiрек 
орындасам деген жалғыз тiлек. Қазiр ваннаға түсiп, бiлек тұстағы күре тамырды алмас 
жүзбен ақырын ғана қиып жiберемiн. Аржағы қиын шаруа емес. Су ыстығырақ болса, 
қиылған тамырдың ауырғаны аса қатты сезiлмейдi. Бiрте-бiрте маужырап, бiрте-бiрте 
әлсiреп, жарық дүниеден алыстай бересiң. Тек қанды кӛрiп, жүрегiм кӛтерiлмес үшiн, 
кӛзiмдi жұмып алуым керек. Содан кейiн боқ дүниенi боққа былғай түспек болған 
кесапат бейтаныс, сен де қайтып оянбайтын мәңгi ұйқыға кетесiң... Амал жоқ, сенiң 
арам ӛлiмiңе ортақ болдым. Тағдырдан ешкiм қашып құтылмайды... "Ойым бар менiң, 
Ойым бар менiң ерекше, Жақсылық жауып, Дүниенi мынау сел етсе, 
Жауыздықтардың, жамандықтардың барлығын Кӛрге алып кетем керексе. Адамның 
бүкiл айыбын Арқалап алып, Азабын ӛзiм кӛрер ем. Жамандық басқан денемен 
Жандырып жатқан, Тоңдырып жатқан тамұққа Жамандығыммен тӛнер ем. Бүкiл 
дүние жамандықтарын Артыңдар маған кӛтерем! Қарызым болсын ӛтеген, Жауыздық 
бiткен менiмен ғана бiрге ӛлсе, Бүгiн-ақ ӛлiп кетер ем. Армансыз барып, Кӛрiмнiң 
аузын жапқасын, Дүниедегi тiрiлер Жамандық iздеп бақпасын! Жауыздық жатқан, 
Арамдық жатқан кӛрiмнiң Қақпасын келiп қақпасын!" *** Күнделiк осылай ақын 
М.Мақатаевтың ең ауыр ӛлеңдерiнiң бiрiмен аяқталады. ... Тазалықты тәңiрi тұтқан 
қорғансыз жанның одан арғы тағдыры маған беймәлiм. Ғайыптан-ғайып тiрi жүрген 
болса, бағы жансын, iзгiлiкке деген сенiмiнен айырыла кӛрмесiн. Адам баласының 
жетiм сәуледей сығырайған үмiтiн жақсылықпен жалғап әуре болған әулие жан қайда 
жүрсе де аман жүрсiн. Ал егер ол бұл дүниеде жоқ болса, онда... амал қанша, иманы 
саламат болғай. Әумин!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет