Парасатты экономика: дағдарыс пен серпіліс



жүктеу 197.2 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі197.2 Kb.
Исабек Бауржан Түркістани

экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры

Парасатты экономика: дағдарыс пен серпіліс

Көп жылдық шетелдік және отандық индустриалды бизнес тәжірибесі көрсеткендей, индустриалды жүйеге жасалған ең құнды талдау өз бетімен емес, ынталандыру мен ауысымдар бар жағдайда ғана құнды. Бұл салааралық баланс Нобель сыйлығының лауреаты В.Леонтьевтің жасаған әдісінің тиімді екенін көрсетті. Оның көмегімен өткен ғасырдың 60-70 жылдары қорлардың шығыны, өндірістік тауарлардың пайдалығы жайлы салыстыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі туды [1, Б. 22-44].

Нарықтағы маңызды өзгерістер келесі жағдайларменен анықталады:


  • ынталандыруға бағытталған миссия мен жаңалықтардың басымдық негіздері;

  • өзгеріс кезінде сақталуы тиіс қоғам құндылықтары;

  • шаралардың үздіксіздігі;

  • өзгеріске қатысушылар арасындағы иерархиялық қатынастар.

Сондықтан индустриалды даму мақсаттары мен стратегиясын бағдарлау кезінде жүйелік негізде геоэкономикалық, технологиялық және әлеуметтік-саяси қағидаларды, персоналды психологиялық ынталандыру мен кәсіпорындағы басқару әдісін толық зертеу қажет. Қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясына сай индустриалды саясатының стратегиялық мақсатының басымдық негізі болып өндірістің әртараптандырылуы және минералды-шикізат кешенінен жоғары технологиялық өндіріске инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асады.

Жалпы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы өндіріс эволюциясының тиімділігі басқару әдістері мен техника және технология жетістіктерімен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі пайда табумен қатар өндірістің маңызды көрсеткіштері болып еңбек өнімділігі, рентабельділік пен бәсеке қабілеттілік, экологиялық тазалық пен үздіксіз даму болып табылады. Сонымен қатар, индустриалды дамудың негізін құрайтын басқару қызметін, өндірістің дамуын, маркетингалық басқаруды қамтитын толық циклды қарастыру қажет.

Индустрияның кез келген саласы үздіксіз өзгеріс жағдайында болумен қатар, жалпы экономикалық және технологиялық динамикаға, нарық және салааралық байланыста болады. Бүгінгі таңда ол өзгерістердің жылдамдығы халықаралық жағандану үрдісіне тікелей қатысты болып отыр. Нәтижесінде дәстүрлі салалық көрсеткіштер технико-экономикалық логика негізінде тұтас

индустриалды дамуды құрау қажет.

Нақты өндірістік-экономикалық даму тек дәстүрлі технологиялық тәртіптердің ауыстыру нәтижесінде жүзеге асырылады. Сондықтан, жаңа индустриалды саясат өз уақытындағы ескі технологияны жаңа технологиямен алмастырылуын қамтамасыз етілуді талап етеді. Осындай іс-шараларды жүзеге асыру арқылы 1950 жылдың ортасында әлемдік технико-экономикалық жетістіктері бар мемлекеттердің технологиялық деңгейін 5-ші технологиялық өңдеу жұмыстарын жандандыру арқылы, өнімдердің сонғы түрлерінің санын көбейтуге және өнім сапасын арттыруға қол жеткізді. Кеңес Одағымен қатар Қазақстанда ол уақытта 3,4-ші технологиялық өңдеу жұмыстарын қолдану қолға алынып жатқан болатын. Бес балдық жүйе бойынша индустрия өндірісінің бүгінгі жағдайы көрсетілген. Байқап отырғанымыздай 5,6-ші технологиялық өңдеу деңгейлері жоқтың қасы. [2]. Сондықтан экономикамыз әруақытта, әсіресе, дағдарыс кезінде әлжуаз келеді (1-сурет).



Іс шаралар
Технология-

лық денгейлер



Құқықтық база

Ре-сурс

Инфра-

құры-


лым

Кадр

дайын-


дау

Мемле

кеттік


реттеу

Ақпараттық,

ғылыми,


әдістемелік

қолдау


Жоспарлау

3

3

3

3

3

3

Барлау

3

3

3

3

3

3

Өндіру

3

3

3

3

3

3

Байыту

2

2

2

2

2

2

Қорыту

2

2

2

2

2

2

Өңдеу

1

1

1

1

1

1

Терең өңдеу

0

0

0

0

0

0

1-сурет. Дағдарыстан кейін кәсіпкерлікті өркендетудің индустриалды-инновациялық негіздерін жүзеге асыру тұжырымдамасының өзара қарым-қатынасының жүйелі іс-әрекеттер реті.


Әлемдік нарыққа ену мәселелерін тез арада шешу үшін бесінші технологиялық өңдеу жұмыстары ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың, өндіріс пен газды қайта өңдеу, электронды және микроэлектронды өндіріс, оптико-талшықты техника, бағдарламалық қамтамасыз ету мен робот жасау, жаңа технология мен басқару әдістерінің қосындысы ретінде құралып, жүзеге аса бастады.

Өндірістік-технологиялық үрдістің қозғаушы күші болып жоғары білікті жоба,технологиялық ойлар, негізінде капитал өндіргіш салалар негізін құрады. Индустриалды дамудың стратегиясы, тұжырымдамасы және әдістемесі әр сала үшін таңдау және диффузия тетігіне әкелуі қажет. Осылайша, индустрияны стратегиялық жоспарлау кезінде, тек капитал өндіргіш саланың басымдығын ғана емес, сонымен қатар нарық экономикасымен анықталатын технологиялық қосындылардың дамуы мен қазіргі әлеуметтік тап қайшылықтарының әсеріне көңіл аудару қажет. Сондықтан индустриалды даму тұжырымдамасында бәсеке қабілеттілігінің көрсеткіштерімен бірге қарастырылуы қажет.

Өндірістің бәсеке қабілеттілік көрсеткіші төмендегі ұлттық экономикалық жүйедегі сыртқы және ішкі сипаттамалар жиынтығымен анықталады:


  • экономикалық жүйе ашықтығы;

  • қызметтердің барлық деңгейлеріндегі ынталандыру;

  • қолданылатын іс-шаралардың үздіксіздігі;

  • еңбектің алдыңғы қатарлы көрсеткіштері;

  • инновациялық белсенділік;

  • инвестиция және болашағы бар технологиялар;

  • өсіп келе жатқан еңбек өнімділігі;

  • инфрақұрылымға тартылатын инвестициялар;

  • инфрақұрылым қызметін анықтаушы есеп-қисап;

  • тұтынушылардың сұранысы.

Индустриалды дамудың сәттілігі әр сала, әр өндірістің бәсеке қабілеттілігімен анықталады, ал ол өз кезегінде қарым-қатынас пен кәсіпкерліктің сапалық негізіне байланысты. Жаңа индустриалды даму «әлеуметтік эволюция» нәтижесі ретінде жаңа мінез-құлықтық ортаны эволюция логикалық ережелер, құндылық шарттар, эмоционалды таңдау, дәстүр, этикалық нормалар негізінде қалыптастыруды талап етеді.

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы қоғамдық-экономикалық ұйымдар үшін дамыған елдерде, адамдардың экономикалық мінезі-құлқы мен әлеуметтік ұйымдастырылуы анықтаушы, реттелуші және еркін әдістердің жиынтығы ретінде анықталды. Мезоэкономиканың түрлі салалары үшін көлденең немесе тік басқару қарым қатынасы қолайлы болып табылды. Осылайша минералды-шикізаттық кешен (МШК), технологиялық, экономикалық және құқықтық басқару әкімшілік тұрғыдан шектелу негізінде жүзеге асырылған. Осындай жағдайда кәсіпорын басшылығы мен персоналдың психологиялық жағдайы алдағы мәселені шешуге ұмтылған болса, онда өндірісте сәттілік мүмкіншілігі күрт артады. Осындай кәсіпорындар неғұрлым көп болса, ұлттық индустрияның жаңа кезеңінің синергетикалық және мультипликативті негізде пайдасы көп болады.

Қазақстанда минералдарды шикізаттардың өндірілуі ЖҰӨ-ң басым көпшілігін алады. Бұл МШК-ң үстемдігін көрсетеді. Қазақстандағы жағдайдың қайшылығы және ерекшелігі МШК-ң үздіксіз дамуы шикізаттық салалар мен аз деңгейде өнім өндіретін салалардың ғаламдану жағдайында орын алуы бәсеке қабілеттілігі мен тиімділік көрсеткіштері үлкен әсерін тигізеді. Қазақстанның өндірістік қорының әртараптандырудың жалпы бағыттаушысы болып, МШК-ң барлық көрсеткіштерін сақтай отырып, оның үлесін ЖҰӨ-де 30-40% төмендеуі болып табылады. Өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті бар индустриалды саланың минералды-шикізат кешені мен аралық өнімдер өндірісінен бәсеке қәбілеттілігі жоғары саналатын дайын өнімдер өндірісіне өту келесі көріністерменен анықталады:

- саланың құрылымдық күрделілігінің артуы;

- өндірістік өнімнің функционалды түрлерінің артуы;

- саланы индустриалды реттеу сапасының жақсаруы;

- материалды, қаржылық және ақпарат ресурстарының басқа салалармен алмасу жылдамдығының артуы;

- салаішілік ауысу ағымдарының теңдігі.

Әлеуметтік және экологиялық талаптарға сай бәсеке қабілеттілігі мен кешенді техника-экологиялық дамуы келесі көрсеткіштерменен :

- технологиялық тиімділік;

- шығындар тиімділігі;

- экологиялық тиімділік;

- нарықтық тиімділік;

- менеджменттік тиімділігімен анықталады.

Жаһандану жағдайындағы даму технологиялық, дүниежүзілік шаруашылық және нормативті-құқықтық қатынастарда минералды-шикізат кешенімен қоса индустриалды салаларды органикалық негізде қарастыру төмендегі бағыттар мен үрдістерменен сипатталады:

-дүние жүзілік құрылымдық талаптар, жалпы мәдени құндылықтар мен әлемдік бағыттар;

- ұлттық саяси-құқықтық орталардың жақындауы;

- геоэкономикалық қатынастардың либерализациялық үрдістері;

- жеке кәсіпорындардың әлемдік нарыққа шығуы;

- жалпы экономикалық аймақтар пайда болуы.

Сонымен, дағдарыстан кейінгі жаңа индустриалды даму келесі мақсаттар мен міндеттерді шешуге бағытталуы қажет:

- өмір сапасын жоғарылатудағы нақты міндеттерді шешу;

- қаржылық қолдаудағы жариялылық пен мөлдірлік орын алуы.

Мемлекеттік институтарының инвестициялық қолдауы таза бәсекелік басымдықтарды құрайтын стратегиялық міндеттерді шешуші төмендегі жобаларға бағытталуы қажет:

- экономиканың ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өндірістің өңдеуші секторының дамуын қамтамасыз ету;

- өндірістегі инновациялық белсенділікті жоғарылату;

- ғылыми-техникалық ортада кіші және орта бизнес дамуын біріктіру;

- тең бәсеке жағдайын жасау;

- өңдеуші индустрияның экспортқа бағытталуы;

- бәсеке артықшылығының құрылуы.

Көңіл аударатын жайт, жеке кәсіпкерлік субьекттілері тарапынан инвестициялану мүмкіншілігінің аздығымен анықталады

Сонымен қатар, міндетті түрде отандық ғылымның химия, мұнай химиясы, металлургия, ядролық физика, геофизика, микробиология, биотехнология мен гендік инженерия, жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өнім түрлері мен шикізатты терең өңдеу, өңдеу өндірістерінде бәсеке артықшылықтарын анықтау бағыттары қарастырылады. Сонымен бірге индустриалды дамуды жүзеге асырудағы бар шаралар бір жүйеге біріктіріліп, өзара құпталуы қажет.

Ғылыми сыйымды өндірістің дамуына болжамды дұрыс жасау дүниежүзілік өндірістік күштердің дағдарыстан кейінгі кезде дамуы тұсында мүмкіншілігі артады. Дамушы елдердің басымдық мақсатына тән көрініс компьютерлік техниканы пайдалану арқылы 5-ші технологиялық өңдеу деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Бұл деңгей белгілі бір нақты уақытта физикалық, химиялық және жаңа технологиялардың ерекшеліктерін бір-біріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Алтыншы технологиялық өңдеу деңгейіне өту жүзеге асырылады және ғылыми экономикалық дамудың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Келесі экономикалық өсім стратегиясын дағдарыстан кейінгі кезде қоғамда жүзеге асыру қажеттілігімен анықталады. Экономикалық дамудың негізгі сипатының бірі – оның біртексіздік мінездемесі. өте жоғары бәсекелестік ортамен анықталатын кезеңде жоғарғы технологиялық өңдеу деңгейіне ауысуы кезінде жетекші болып табылған елдердің капиталы құнсызданып, мамандар біліктілігін жоғалтулары мүмкін. Осы кезде өндірістік-технологиялық жүйенің ашылып жатқан жаңалықтары капитал тарту орталығына айналады. Осылайша алдын-ала ғылыми-техникалық, инвестициялық және өндірістік капиталға ие болып отырған елдер бәсеке қабілетіне ие болады. өндірістік-технологиялық жүйеде жоғары технологияны жаппай игеруі мүмкін емес. Жоғары технологиялар келесі белгілерге ие:

- жүйелік ғылымның қажет етілуі;

- үрдістердің физикалық және математикалық жобалары;

- ізденіс жұмыстарының технологиялық ортамен тығыз қатынаста жүзеге асырылытын барлық кезеңдері;

- кәсіпорында білікті мамандар, жабдықтар, жоғары технологиялар, өлшеу құралдары, компьютерлік жүйенің болуы;

Жоғарыда келтірілген жоғары технологияның белгілері алдағы жұмыстың көлемін, жетілдіру мүмкіншіліктерін, жұмыс орындарының саны, т.б. арқылы білуге мүмкіндік береді. Ғылыми сыйымды өндірістің дамуы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Айтылған бағыттарды басқара алмаған жағдайда, ел экономикасы «дамуды қуып жету» жағдайында ғана болады. Сонымен қатар ынталандыру жүйесі келесі міндеттерді шешуге бағытталуы қажет:

-инновацияны қолданудың жалпы белсендірілуі;

-ғылыми сыйымды жоғары технологиялық өндірістің дамуы;

-экономиканың нақты секторының бәсеке қабілеттілігін жоғарылатылуын қамтамасыз ету;

-құрылымдықты қайта құруға қол жеткізу;

Дамыған нарық экономика елдерінің тәжірибесінен алатынымыз: ғылыми-техникалық дәрежесі бар нарықта жоғары инновациялық белсенділік басымдық негізде қамтамасыз етіледі және ұлттық экономиканың мүмкіншіліктерін анықтауда мемлекеттің инновациялық қызметті қолдану және дамыту тетіктерін анықтаумен сипатталады.

Әдеттегідей, Қазақстанда маңызды ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау мен таңдау «кабинет тыныштығында» жүзеге асырылады, оған тіпті білікті емес мамандарда да қатысуы мүмкін. Нәтижесінде бағдарламардың жүзеге асырылуы көпшілік жағдайда үнемі теріс нәтижелер беруі мүмкін.

Шет ел мемлекеттерінің тәжірибесіне көз жүгіртейік. Мысалы Францияның өндіріс министрлігі, 18 ай бойы жетекші өндіріс фирмалар және ғылыми ұйымдар арасында сұрау жүргізді. Ондағы мақсат - келесі 5-10 жылда басымдық және ғылыми негіздегі технологияларды анықтау. Сұрау нәтижесінде 1085 технология анықталды. Сол кездегі жағдайда енгізуге жоғары дайындығы бар технологиялық жобалар таңдалып, алынды. Нәтижесінде Франция «мықты» 66 технологиялық жобалар мен «әлсіз» 17 технология жобаларға ие екені анықталды. Сонымен қатар жеке бағыттар бойынша, Францияның әлсіз бағыттары да анықталды. Оларға енді мемлекет тарапынан қолдау және дамыту қажеттілігі анықталды. Мемлекеттік мүмкіндіктер ретінде салықтық, кедендік баждық жеңілдіктер қарастырылды. Бұл қадамдар өндіріс пен банктік-өндірістік қорлар мен ғылыми саланы біріктіру негізінде жүзеге асырылды.

1949 жылы Жапонияда жалпы ұлттық конференцияда басты мемлекеттік, ұлттық алты бағыт таңдалды Олар мемлекеттің, ғылым мен өндірістің, банктердің қатысуымен жүзеге асты. Атап айтсақ, кеме жасау, электроника, синтетикалық материалдар т.б.экономика салалары жатады. Басымдық ұлттык бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде Жапония экономикасы дүниежүзілік тауар өндіруде жетекші орынға ие болды.

Шет елдік тәжірибені қалай пайдалану қажет және Қазақстан жағдайында не істеу керек? Ең алдымен, демократиялық негіздегі басымдық бағыттар таңдаған және оң нәтижеге қол жеткізген Франция, Жапония, АҚШ және т.б. елдердің тәжірибесін қолдану қажет. Бағыттарды бағалау үшін сұрау жүргізіп, ғалымдар мен инженерлердің пікірін білу қажет. Өзінің субъективтілігіне қарамай сұраулар тұтас және нақты көрініс береді. Осы көріністі негізге ала отырып, ұлттық басым бағыттардың сызбасын қарастыруға болады.

Ресей тәжірибесі бойынша мемлекеттік деңгейде үш топтағы бағыттарды ұсынылуына көңіл аударуға болады.

Бірінші топ – мемлекеттік егемендікті сақтау қажеттілігімен анықталады. Сонымен қатар мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі және халықаралық беделін сақтау қарастырылады. Бұған түпкілікті зерттеу, қауіпсіздік, сыртқы ортаны қорғау жұмыстары мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық көрсеткішдердің дамуы арқылы қол жеткізуге болады. Мүмкіндіктердің бұл тобын «сындарлы» деп айтуға болады.

Екінші топ – мемлекеттің әлемдік нарыққа шығу ұмтылысынан туады. Олардың қатарына зерттеулер мен елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуші жобалар жатады. Бұл топты жетекші “психологиялық” деп те атайды.

Үшінші топ – отандық өндірушілерді қолдауды ұсынады. Олардың тауарлары бүгінгі күні әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті емес, бірақ сатып алу қабілетін ескере отырып, елімізде және ортаазиялық аймақта тиімді жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан бастапқы міндет болып отандық тауарларды дүниежүзілік деңгейге тарту болып табылады. Сонымен қатар отандық тауарды жетілдіре отырып, біз экономиканы көтеріп қана қоймаймыз, жұмысбастылықты қамтамасыз етіп, сатып алу мүмкінділігін, халықтың өмір сапасын жоғарылатамыз. Көңілге қонатын және сұрақты шешуге әсер ететін негізгі көрсеткіш болып технологиялық алдыңғы қатарлы кәсіпорын санының артуы болып табылады.Сонымен қатар ол жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Мүмкіндіктердің бұл тобын “әлеуметтік бағытталған” деп атауға болады.

Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, ерекше айтатын жағдай, стратегияның негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылым сыйымды және экспорттық бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.

Ғылыми сыйымды технологиялар мен өнімді алудың қайнар көзі болып, фундаменталды және қолданбалы ғылымдарының зерттеулерінің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу болып табылады. Ғылыми зерттеулер нақты ортаның тану шекараларын анықтап, интеллектуалды өнім мен білімнің жаңа деңгейінің құрылуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдау Қазақстанның фундаменталды және жартылыстану ғылымдарының іздеу жұмыстарына халықаралық білім нарығында белгілі деңгейде кеңістік алуға мүмкіндік береді.

Техникалық дамыған елдерде ғылым жоғары қарқынмен, технологиялық қаруланумен, ғылыми орталықтардың құрылуымен қатар жүреді.

Белгілі ғылыми,білікті мамандар көңілін аударған, болашағы бар ғылыми-техникалық бағыттарға келесілерді жатқызуға болады:

- физикалы, химиялық және ақпараттық технологиялардың көмегімен минералды шикізатты игеру мен терең өңдеу, төтенше жағдайларда қолдануға қажет таза металдарды өндіру мүмкіншілігі;

- ақпараттық технологиялардың дамуы;

-ғарыштық мониторинг пен геоақпараттық технологияларды пайдалану;

- жаңа жоғары молекулярлы заттарды жасау, белгіленген функционалды қасиеттермен нанотехнология өнімі арқылы таза материалдар мен берілген құрылымды балқытпаларды өндіру;

- ғылыми-технологиялық биология, биотехнология мен гендік инженерия салаларында өнімді жасау;

Нәтижесінде алынатын ғылыми-техникалық өнім, табиғи шикізатты өндірістің басқарылуы мен тиімді қолдануы, ақпараттық қоммуникацияның дамуы мен қол жеткізген білім дәрежесі Қазақстанды ақпарат пен білім бағытында жетекшілер қатарына шығаруы мүмкін. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық нарықтың орта азия аймағындағы жетекші ролдеріне қол жеткізуі мүмкіншілігі артады.

Жоғарыда келтірілген ойларды біріктіре отырып, Қазақстанда жаңа ғылыми сыйымды, жоғары технологиялық өндірісті жасау үшін нақты жағдай бар.

Әлемде жаңа технологиялық жағдай құрылды және ол табиғи ресурстарды терең және кешенді қайта өңдеуге негізделген. Технологиялық жағдайдағы өзгерістердің анықтаушысы болып, информатизация мен экономикалық дамудың негізі ретінде ақпарат ресурстарының енгізілуі болып табылады [3-5].

Индустриалды бағдарлама постиндустриалды дамудағы ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуеттердің өсуіне әсер етуі қажет:

1. 5-6 технологиялық өңдеу деңгейінің құрылуы. Бесінші технологиялық өңдеу деңгейі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың, газды өндіру мен өңдеу, электронды және микроэлектронды өндірістің, робот жасау, икемді автоматизация мен басқару әдістерінің қосындысы болып табылады. Негізгі анықтаушы факторы болып микроэлектронды қосындылар болып табылады және бүгінгі таңда бесінші технологиялық өңдеу деңгейі дамушы елдердің экономикасында негізгі орын алады.

Бәсекеқабілетті мүмкіншілігіне ие болу мақсатында Қазақстанға төртінші және бесінші технологиялық өңдеу деңгейіне өту қажет. Нәтижесінде тиімсіз және бәсекеқабілетсіз салалардан бас тарту қажеттілігі пайда болады. Айтылған өндірістің ғылыми- технологиялық қызмет стратегиясын жүзеге асырғанда, 6-шы технологиялық өңдеу деңгейіне өту үшін дайындық жұмыстарын жүргізілуі қажет. Ол ізденістердің негізін биотехнологиялық, химия, ғарыштық техника мен махотроникалық салалық зерттеулер құрайды және ол салалардың негізі Қазақстанда бар.

2. Қазіргі заманғы ғылымды көп қажет ететін инфрақұрылымдық ұйымдар - Байқоңыр, Курчатов, Приозерск, Степногорск, Алатау кенттерінің ғылыми орталықтарында орналасқан.

3. Қазіргі бар ғылыми-техникалық әлуетті дағдарыстан кейінгі кезде экономикада қолдану мүмкіншілігі. Қолдану тетігін анықтау мақсатында елдің ғылыми-техникалық капитал жағдайына мониторинг жасау қажет. Қазақстанда қазір белгілі білім негізінде мининтеллектуалды меншік бар, бірақ олар төмендегі ғылым талап ететін өндіріс салаларында әлі сирек қолданылады:

- биотехнология, биохимия;

- ядролық технология;

- сирек металдар негізінде жаңа материалдар жасау.

4. Төмендегі ғылыми-техникалық ізденістерді жүзеге асыру үшін басымдық негізде мемлекеттік деңгейде мына бағыттырға қолдау жасалуы қажет:

- жаңа материалдар мен химиялық технологиялар;

- ақпараттық технология;


  • «тірі» жүйелер технологиясы.

5. Өндіріс саласына инновацияның ендіруді жылдамдатуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру. Қазақстанда инновациялық қызметтің еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылуда.

Қазіргі мезгілде тек мемлекет қана экономиканы жаңартудың қозғаушы күші бола алады, өйткені отандық жеке сектор әлі ұзақ уақыт ірі және ұзақ мерзімді инвестициялар жасай алмайды. Мемлекеттік қолдау бірнеше салааралық жобалар мен жаңа экспортқа бағытталған өнім шығару шеңберін жүзеге асыруға бағытталуы керек.

Жақын арада мақсатты зерттеу мен жағымды жағдайлар негізінде жоғары технологиялық өнім кешені құрылуы мақсатында төмендегі бағыттарда шаралар қолдануы қажет:


  • бейбіт мақсаттағы атом энергиясы мен басқа да дәстүрлі емес энергия көздері;

  • сирек металдар негізінде жасалатын жаңа материалдар;

  • жаңа электрохимиялық материалдар, ертінділер, түрлі қабаты бар тот баспайтын болат т.б.;

  • химия, мұнай химиясы, жоғары сапалы мұнай химиялық өнімдері, соның ішінде этилен, полиэтилен, т.б. салаларындағы жетістіктер;

  • қатты денелер физикасы, радиофизика салаларындағы нәтижелер;

  • биотехнология, биохимия жетістіктері.

Шет ел фирмаларымен бірігіп, дүниежүзілік нарықта орын алуларына мүмкіндік беретін Қазақстанда ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етілген бағыттар бар. Қазақстанның экономикалық түрлі салалары түрлі техникалық деңгейге сай. Олар бәсекеқабілетті, сондықтан олар үшін де жеке жобалар жасалуы қажет. Мемлекетте ғылыми-техникалық өндірістік орталықтар Алматы, Қарағанды, Өскемен, Астана т.б. қалаларда шоғырланған. Мұның барлығы технопарктер құруға мүмкіндік береді. Ол ғылыми, өндірістік қызметтік желілер құруға жағдай жасайды. Ал олар өз кезінде интеллектуалды өнім, ғарыштық қызмет, ақпараттық технология, радиоэлектроника, атом технологиясында көп мүмкіндіктер береді.

Сонымен қатар өндірістік, ғылыми базаны тиімді және мақсатты пайдалану үшін төмендегі өндірістерді кеңейтуге мүмкіндік бар:

- ядролық отын;

- уран ерітінділері;

- мыс-берилл ерітінділері;

- тантал-ниобий түрлерін игеру;

- титан гупкасы өнімдері жатады.

Бұларға сұраныс атомдық, ғарыштық, радиоэлектронды өндіріс салаларының өсуіне байланысты артып отырады.

Қазақстанда индустриалды саясатқа негіз болған жобалар іске асуда. Атап айтсақ, Курчатов қаласында термоядролық реактор құрылысы басталды және ақпараттық технология бойынша жұмыстар кеңейтілуде.

Қазақстанда 65 млн.тонна жоғары сапалы кварц бар және ол кремний өндірісіне жарамды. НЦ КПМСРК институтында 95,5% тазалықпен кремний алу технологиясы жасалған. Осы уақытқа дейін шикізат түрынде Ресей мен Украинаға сырттан алынып келген.

Қазақстанда экономиканың базалық салаларын құрайтын мұнай-газ, тау кен кешендерінің дәстүрлі кәсіпорындарында жоғары технологиялы экспортқа бағытталған өнімге бейімделуі қажет. Табиғаттың мұндай мүмкіндіктерін қолданбау үлкен қателік.

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін анықтаушы маңызды көрсеткіштердің бірі энергия сиымдылық болып табылады. Қазақстанда отын-энергетикалық ресурстардың шығыны өндірісі дамыған елдермен салыстырғанда 2-3 есе артық.Сондықтан отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды, талдау және елде шығарылатын өнім энергия сиымды өндіріс көздерін дәлелді таңдау және іріктеу қажет. Электроэнергетикада электроэнергияны желілерде жоғалту 20%, ал жеке аймақтарда – 30% құрайды. Отын мен энергия ресурстарын үнемдеу мақсатында Стратегияда 2015 жылда ЖҰӨ-ң энергия қажет етуін екі есе төмендетілуін қамтамасыз ету көрсетілген.

Бізге белгілісі, газ бен электроэнергияға реттелетін ішкі баға сырттан әкелетін өнім бағасынан төмен. Мұндай қос стандарт бағалық құн және экономиканың жалпылық құн жүйесіне теріс әсерін тигізеді. Бұл экономиканың жалпы тиімділігін төмендетуге алып келеді. Себебі,біріншіден, өндіріс құрылымы энергияны сиымды салаларға ауысады; екіншіден, энергия көзін үнемдеуді ынталандыру төмендейді. Нәтижесінде бұл елдің экономикасының шикізатқа бағытталғандығын көрсетеді.

Ғылым мен ғылыми-техникалық спектр сертификатталған дайын өнім мен жартылай дайын өнімді өндіруді реттеп, ғылыми-техникалық өнім номенклатурасын кеңейтеді.Сирек және өте сирек кездесетін металдардың негізіндегі өндірісті зерттеу нәтижелері, биометалл ертінділері, магнит материалдарының қосындыларын зерттеу жаңа ғылыми сыйымды өндіріс саласын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ферро ерітінділерінің кең түрін ұйымдастыру саласы кеңейді. Биотехнология, ғарыш технологиясы мен фитохимия саласында ғалымдардың тәжірибе нәтижелері белгілі. Дағдарыстан кейінгі кездегі қоғамда сыйымды ақпараттық технология мен техника өнімдері, телекоммуникация мен байланыс өнімдері негізінен өндіріледі. Осылардың негізінде ақпараттық технология мен телекоммуникация саласында жұмыс көлемі кеңейеді.

Сонымен, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан парасатты экономиканы қалыптастыру және дамыту барысында дағдарыстан кейінгі кездегі қауымдастыққа сенімді ену және әлемдік нарыққа өз бағдарламалық өнімін ұсыну мүмкіншілігіне ие бола алады.
Әдебиеттер тізімі:

1.Леонтьев В.В. Межотраслевая экономика: Пер. с англ. – М.: ООО «Издательство «Экономика», 1997. – 479 с.

2..Исабеков.Б..Н. Кәсіпкерлікті өркендетудің индустриалды инновациялық негіздері.-Түркістан: «Тұран». 2008. 334б. Б 165-168

3. Информационные технологии управления: Учебное пособие / Под ред. Ю.М. Черкасова. – М.: ИНФРА-М, 2001. – 216 с.



4. Гринберг А.С., Король И.А. Информационный менеджмент: Учебное пособие. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 415 с.

5.Дудорин В.И. Информатика в управлении производством: Учебник. – М.: Издательство «Менеджер», 1999. – 464 с.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет