Пародонт қабынуын емдеу. Пародонт ауруларының терапиясы өте қиын болып табылады, емдеу мақсаты



бет3/11
Дата17.12.2022
өлшемі2.98 Mb.
#467410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
пародонтит емі презентация 2021-

13 Слайд 13
Фиброзды түрінде тіндерді склероздау үшін қызыл иек бүртіктеріне 0.1-0.2 мл 40% глюкоза ерітіндісін, 25% MgSO4, 10% CaCl2 3-4 рет және тіндерді қоағуляцияға ұшырататын препараттар: KI, ваготил, 25-30% димексид. Фитопрепараттардан: фитодонт, полиминерол, мараславин.



Қызыл иектің қабынуы.

Изображение слайда


14 
Слайд 14: Қызыл иектің жаралана қабынуы.
Жансыздандыратын, қабынуға қарсы, кератопластикалық препараттар. Өте маңызды тіс шөгінділерін алу болып табылады. Оларды абайлап алу керек, инфекцияны пародонт тіндеріне терең кетірмеу үшін. Қызыл иектің және қызыл иек бүртіктерінің некрозға ұшыраған тіңдерін аул керек. Оны механикалық жолымен, аспаптар көмегімен, жараның беті ашылуына дейін жасайды. Содан кейін жараның бетін ферменттермен өңдейді ( трипсин, химотрипсин ), олар некрозданған массаларды ыдыратады және пародонттағы регенарациялық үрдістерді жақсартады. Кератопластикалық препараттар емдік байлам ретінде қолданады – солкосерил, пропоцеум, метилурацил, этоний.

Пародонттың қабынуы көбіне созылмалы түрде дамитындықтан, негізгі емдеу шаралары аурудың осы түрін емдеуге арналған.


Емдеу әдістерін, оларға керекті дәрілік заттарды аурудың клиникалық ерекшелігіне және ауырлығына байланысты таңдау қажет.
Пародонт қабынуын емдеу кешенді әдіспен жүргізіледі және терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық емдеу шараларын қамтиды, қажет болған жағдайда физиотерапиялық ем де қолданылады. Кешенді емдеудің негізгі мақсаты – пародонт тіндеріндегі қабыну үрдістерін тоқтатып, пародонталдық қалталарды жою және сүйек тінінде қайта құрылу үрдісін қалпына келтіріп, организмнің жергілікті және жалпылай реактивтігін жоғарылату. Қажетті емдеу әдістерін көрсетіліміне байланысты таңдай отырып, пародонт қабынуы бар науқасқа өзіндік жеке емдеу жоспары құрылады.
Терапиялық немесе консервативтік емдеу шаралары:
жоспар.
1. жергілікті емдеу шаралары:
а) Ауыз гигиенасын дұрыс сақтауды үйрету (тістерді қойыртпақпен тіс мәсуегімен арнаулы жібек жіптермен дұрыс тазалауды үйрету).
б) Тісжегі және оның асқынуларын емдеу, дұрыс қойылмаған пломбыларды ауыстыру, қажет жағдайда ортопротез қоюға дайындау.
в) Ауыз ішін және пародонталдық қалталарды антисептиктер ертінділермен жуып-тазалай отырып, тіс шөгінділерін алу.
г) Тістерді таңдап егеу арқылы жарақаттаушы тістемді жою және қозғалмалы тістерді уақытша шендеу. Қажет болса ортодонтиялық емдеу жүргізуге дайындау (ортодонтиялық емдеу әдісі мен тиімді протез қою пародонт қабынуының жергілікті емдеу курсы аяқталғаннан кейін жүргізіледі).
д) Пародонт тіндеріндегі қабыну үрдісінің ерекшелігін, ауырлығын, организмнің жалпы жағдайын ескере отырып, қабынуға қарсы жергілікті емдеу шаралары жүргізіледі. Ол үшін антисептиктер, антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы, склероздаушы дәрілер, ферменттер, витаминдер, гормоналдық және өсімдіктерден алынған препараттар пайдаланылады. Оларды ауызды жуып-шаю, пародонталдық қалталарға енгізу,қызыл иекке бастырма, емдік таңба қою үшін, ауызды булау үшін қолданады.
е) Физиотерапиялық емдеу шараларын (дәрілермен электрофорездеу, дарсонвализациялау, фонофорездеу, гидромассаждау, вибромассаждау, ультракүлгін және лазер сәулелерін) қолдану.

ё) Дәстүрлі емес емдеу шараларын (фитотерапия, апитерапия, криотерапия және б.) қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет