Пародонт қабынуын емдеу. Пародонт ауруларының терапиясы өте қиын болып табылады, емдеу мақсаты



бет7/11
Дата17.12.2022
өлшемі2.98 Mb.
#467410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
пародонтит емі презентация 2021-

Гингивотомиялау әдісі.


Бұл әдіс біржақты және тар пародонталдық қалталар және пародонталдық абсцестер кезінде қолданылады. Ол үшін қызылиек жиегінен 2-3 мм шегіне отырып, қалтаны тік немесе көлденең тілік жасай отырып ашады және осы тілік арқылы өтіп, қызылиек асты шөгінділерді, грануляциялық тінді, өскен эпителийді қырып тазалайды. Жарақат ошағын антисептиктермен жуып тілікті тігіспен жабады. Кейде тілікті қызылиек жиегінен бастап қалта түбіне дейін жасауға болады. Бір қабылдауда 1-3 тістер аймағындағы ғана қалталарды тазалауға болады.
Гингивэктомиялау әдісі пародонталдық және «жалған» пародонталдық қалталарды жойып, ауыз гигиенасын жақсарту үшін қызылиектің бөлігін кесіп алып тастауды қарастырады. Бұл әдіс қызылиектің өсе қабынуы, қызылиек фиброматозы, қызылиектің ұлғаюымен қатар пайда болған пародонталдық қалталар кезінде қолданылады.


Гингивэктомиялау (қызылиекті кесіп алып тастау) әдісі екі түрге бөлінеді: жартылай гингивэктомиялау (частичная гингивэктомия) және толық гингивэктомиялау (тотальная гингивэктомия).

Жартылай немесе қарапайым гингивэктомиялау әдісі көбінесе қызылиектің өсе қабынуы кезінде және пародонталдық қалталарды толық жою мүмкіндігі болмаған кезде, тек олардың тереңдігін азайту үшін қолданылады.


Операцияны орындау тәсілі. Пародонт тіндерін уақытша жансыздандырып алғаннан кейін, қызылиектің жиек бөлігінен қалтаның 3 мм тереңдігіне дейін кесіп алады да оның қалған бөлігінде кюретаждау әдісін жүргізіп, жара бетін антисептиктер ертіндісімен өңдеп, бетіне емдік таңба қояды. Бұл әдіс көбінесе кіші және үлкен азу тістер аймағында қолданылады, ал алдыңғы тістер аймағында сирек қолданылады (тістердің түбірі ашылып, косметикалық ыңғайсыздық туындататын болғандықтан). Толық немесе радикалды гингивэктомиялау әдісі соңғы кезде қолданыс таба қойған жоқ.



Жабық кюретаждау әдісі тереңдігі 3,5-4,0 мм пародонталдық қалталарда жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты – пародонталдық қалтаны жою. Ол үшін қызылиек асты тіс тасын, грануляциялық тінді және қалтаның қызылиек жақ қабырғасының бетін қуалай өскен эпителийді алып тастап сорылуға ұшыраған цемент бетін тазалау керек. Осының нәтижесінде аққан қан ұйып, ірі талшықты тыртық тінге айналады, қалтаны жиырып, тазаланған қызылиектің беткей қабатының жаңадан құрылған түбір цементіне жақсы бекуін қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет