2.3. НУОЖ-нің қолдану аясы
Көптеген уақыт мезетінде НУОЖ-нің негізгі тұтынушылары әскери және
ғарыштық облыстар болып келді. Қазір жағдай түгелдей өзгерді, НУОЖ-ні кең
таралымды тауарларды кездестіруге болады.
НУОЖ-нің негізгі қолдану аялары:
әскери және ғарыштық облыстар: борттық және ендірілетін құрылғылар
- басқару және өлшеу жүйелері, радарлар;
- сандық видеожүйелер, симуляторлар
- ракеталар, жергілікті жердің жолын анықтайтын жүйелер.
өнеркәсіп:
- өнеркәсіпті автоматты басқару жүйелері (ӨАБЖ), ( computer – aided manufacturing
(CAM)), технологиялық процестерді автоматты басқару жүйелері (ТПАБЖ);
- көлік жасау: симуляторлар, моторды басқару жүйелері, автоматты айқасу;
- энергетика: ақпараттар жиынтығы, құралдар мен мәліметтерді басқару;
- телекоммуникация: коммуникациялық құрылғылар, желілік коммутаторлар,
телефон станциялары
- банк құрылғылары (мысалы, көптеген банкоматтарда QNX НУОЖ жұмыс
жасайды)
Кең қолданымды тауарлар:
-ұялы телефондар, мысалы, GSM стандартындағы телефон pSOS НУОЖ-де жұмыс
істейді;
- сандық телевизиялық декодерлер;
- сандық телеарна ( мультимедиа, видеосерверлер)
- компьютерлік және офистік құрылғылар (принтерлер, көшірмелер), мысалы
факстарда VxWorks НУОЖ қолданылады, компакт-дискілерді оқуда VRTX32
НУОЖ қолданылады.
Көп жағдайда НУОЖ бірнеше нұсқаларда болады: жүйенің көлемі бірнеше
килобайттан құралғанда толық және қысқартылған болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |