3. Процеспен байланысты берілген өзектің құрылымы – жүйелік деңгейдегі
контекст.
Процестік контекстінің динамикалық бөлігі -өзек режимінде поцестің орындалуы
кезінде қолданылатын бір немесе бірнеше стектер. Процестің ядролық стектерінің саны
нақты аппаратурамен ұсынылады. Үзілу деңгейінің сандарына сәйкес келеді.
5.1.3 Көп қолданбалы режимдердің ұйымдастырылу принциптері
Бөлу уақыт жүйелерінде кең таралған жоспарлау алгоритмі сақиналық режим (round
robin) болып табылады. Уақыттың бөліну кестесі басымдықты процестер арасында жалпы
алғанда төмендегідей белгіленеді. Орындалуға дайын процестер процессорға кезекке өз
басымдықтарының азаюына байланысты тұрады. Егер кейбір процесс өзінің
процесаралық уақыт квантын орындап болса, бірақ әлі орындауға дайын болса, онда әрбір
төмендеу басымдықты процес алдына, бірақ сол басымдықты әрбір процестен кейін
кезекке тұрады. Егер кейбір процес белсендірілсе, онда ол сол басымдықты процестен
кейін кезекке қойылады.
UNIX ОЖ -нің дәстүрлі шешімі динамикалық өзгермелі басымдығын қолдануға
негізделген.
5.1.4 Тұтынушы деңгейінде процестерді басқарудың дәстүрлі механизмі
UNIX ОЖ -нің процестерді басқарудың 2 мүмкіндігі бар – командалық тілді
қолдану (осы не басқа Shell нұсқасы) және ОЖ-нің өзегінің жүйелік шақырулары тікелей
қолданумен программалар тілін қолдану.
5.1.5 Тізбек ұғымы (threads)
«Тізбек» (threads) - әлдебір процестің контекстінде орындалатын басқарудың тәулсіз
ағыны. Нақтырақ айтқанда, процес контексті ұғымы келесі түрде өзгереді. Басқару
ағынына жатпайтынның барлығы (виртуальді жады, ашық файл дескрипторы) жалпы
процес контекстінде қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |