С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет40/168
Дата03.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#450461
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   168
Balshikeev 1

Тотемизм  –  бір  жағынан,  кез-келген  тайпа  арасындағы  туыс 
қандастығы,  екінші  жағынан,  жануарлар,  қҧстар  немесе  ӛсімдіктердің 
белгілі  бір  тҥрімен  жақындасумен  тҥсіндірілетін  ғажайыпқа  сену.  Тотем 
ретінде, нақты тегі ретінде кез-келген ӛсімдіктер немесе жануарлар дҥниесі 
болуы  мҥмкін  еді.  Тотем  –  тайпаның  тек  нақты  тегі  ғана  емес,  оның 
қорғаушысы да, сонымен қатар, қамқоршысы болып табылады.  
Ғылыми  зерттеулерге  қарағанда,  кӛптеген  тайпалар  тотемның 
атауымен  аталған.  Іс  жҥзінде  тотемды  жануарларға  және  қҧстарға  ҧқсату 
және  еліктеулер  аз  кездеспеді.  Адамдар  тотемге  әсер  ету  арқылы  тиісті 
нәтижелерге жетуге болады деп сенді.  
Тотем  символдары  (бейнелер)  қасиетті  саналды  және  оларды 
байқаусызда  балағаттау  аяусыз  жазаланды.    Тотемдер  тек  табыну 
нысандары  ғана  емес,  сонымен  қатар,  тҧтыну  нысандары  болып  табылды: 
кез-келген  тотемның  –  кҥш,  шыдамдылық,  батылдық,  қулық  және  т.б. 
қасиеттері  тҧтыну  субьектілеріне  ӛтеді  деген  сеніммен  оларды  салт 
бойынша ӛлтіріп, ас ретінде тҧтынды. 
Тотемизм  ежелгі  қоғамдағы  әлеуметтік  ҧйымның,  ӛзінің  табиғатпен 
ҥйлесімділігі мен оған бағыныштылығын тҥйсінуге талпыну қҧралы болды. 
Сонымен  қатар,  тотемизм  әлеуметтік-табиғи  қатынастардың  ең  алғашқы 
баспалдағы болды.  
Бҧл  дін  ӛзінің  кейбір  сипаттамалары  бойынша  тек  «ежелгі»  деп 
аталатын  тайпалар  арасында  ғана  емес,  сонымен  қатар,  қазіргі  заманның 
салыстырмалы  тҥрде  дамыған  қоғамында  ӛмір  сҥрді:  Ҥндістандағы  кейбір 
жануарлар  мен  жәндіктерді  пір  тҧту,  православиялық  және  католиктік 
ырым бойынша денеге нан мен шарапты, Қҧдайдың қанын  қатыстыру. Тіл 
мамандарының  кейбірі  тотемизмнің  «іздері»  адамдардың  есімдері  мен 
тектерінде  сақталған  деген  пікірді  ҧстанады:  Медведев,  Орлов,  Воронов, 
Роза, Қарлығаш және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет