С. Б. Балшыкеев


синтоизмде  Аматерасу,  конфуциандықта  Аспан,  христиандықта  Әке



Pdf көрінісі
бет5/168
Дата03.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#450461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168
Balshikeev 1

синтоизмде  Аматерасу,  конфуциандықта  Аспан,  христиандықта  Әке, 
Бала  және  Әулие  құдіреті,  исламда  Алла),  оған  табыну  діндар  адамның 
басты міндеті болып табылады.  
Қҧдай  мен  Адамның  ӛзара  қарым-қатынасы  –  діни  ғылымның  басты 
мәселелерінің  бірі  саналады;    Қҧдайға  деген  қарым-қатынас  –  дін  мен 


 
11 
атеизм арасындағы су айырық, оны тікелей ымыраға келісу арқылы бастан 
кешу мҥмкін емес.  
Сонымен,  Қҧдай  дегеніміз  кім  немесе  не?  Бҧл  сҧрақтың  жауаптары 
қалай  болса  да  ӛзгешеленсе,  сан  ғасырлық  дәстҥр  кез-келген  ҥлгідегі  екі 
жауапты береді.  
1.  «Қҧдай  ӛз  болмысында,  асқан  даналығында,  қуаттылығында, 
тақуалығында,  әділдігінде,  игілігі  мен  шындығында    бастауы  жоқ,  шексіз 
және ӛзгермейтін Рух болып табылады» 

8


 2.  «Қҧдай  –  ерекше  қҧдірет  дарыған  аса  керемет  болмыс  туралы 
тҥсініктер  дарыған  және  діни  нанымдар  негізінде  қалыптасқан  ерекше 
қҧдіреттілік қасиеті тән қиял-ғажайып бейне» 

9


Бірінші  жағдайда  Қҧдай  «адамшылықтан  тыс»  қасиеттері  бар  асыра 
шындық ретінде сипатталады,  екінші жағдайда – дәл сол шындық сияқты, 
бірақ адамның шығармашылық ойымен қалыптасқан қосымша шындықтың 
басқа тҥріндегі «бейне» болып табылады.  
Қҧдайды әлемді жаратушы және оны басқаратын аса қҧдіретті Тҧлға 
ретінде  тану  идеясының  бірден  қалыптаспағанын  айта  кеткен  жӛн.  Ежелгі 
қоғамда  табыну  нысандары  нақты,  табиғи  қҧбылыстарды  сезімталдықпен 
қабылдауға  қол  жетімді  жануарлар  мен  ӛсімдіктер  болды,  яғни,  адамзат 
мәдениеті  қалыптасуының  ерте  даму  кезеңінде  Қҧдай  туралы  идея 
зооморфты және нысандалған болды.  
Ойлаудың  жоғары  абстрактылы  деңгейінде  Қҧдай  туралы  идея 
сезімталдық  пен  кӛрнекілік  тҥрлерінен  айырылған.  ХХI  ғасырда  адамдар 
қоғамы  арасында  әр  тҥрлі  сапалы  қҧдайларға,  рухтар  мен  олардың 
қиыстыруларына сенуді ғибадат етуші діндер етек жаюда.  
Қҧдайға  (құдайларға)  сенімнің  пайда  болуы  ежелгі  ғасырлардан 
бастау  алады.    Бҧл  наным  діннің  бастапқы  кезеңдерінде  ғылыми  тҥрде 
дәлелденбеген.  Ҧлттық  және  дҥниежҥзілік  діндердің  қалыптасуының 
аяқталу кезеңінде Қҧдай болмысының кӛптеген ғылыми-діни дәлелдемелері 
пайда болды, олардың ішінде ең негізгілері келесілері болып табылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет