Казбекова Г. К., Ескалина К. Т., Набока О. М


Жұмысты  жүргізу  тәртібі



Pdf көрінісі
бет17/21
Дата03.01.2022
өлшемі491.96 Kb.
#450693
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Қабат физикасы. лабораторлық сабақ

Жұмысты  жүргізу  тәртібі:  Тау  жыныстарының  абсолютті 

өткізгіштіктерін  анықтау  үшін  цилиндр  формалы,  диаметрі  30  мм  және 

ұзындығы  25  мм  үлгі  тас  (керн)  қолданылады.  Штангенциркульмен  үлгі 

тастың  диаметрін,  ұзындығын  дәлдігі  0,02  см.  көрсеткішпен  бес  кесіндімен 

өлшеп, орта арифметикалық мәнін анықтайды.  

Үлгі 


тасты 

керн 


ұстағышқа 

манжетаның 

төменгі 

шетіне 


орналастырады.    Керн  үстіндегі  кеңістікке  арнайы  сақиналар  салады, 

сақиналардың  жоғарғы  шеті  және  манжеталар  шамамен  бірдей  деңгейде 

болуы тиіс. Керн ұстағыштың  төменгі және жоғарғы бөліктерін кигізеді және  

струбцина көмегімен  бір-біріне тығыздап бекітеді.  

Газбен  жұмысты  бастамас  бұрын  қондырғыдағы  барлық  крандардың 

жабық  болуын  тексеру  қажет.  Газдың  үлгі  тас  қабырғалары  мен    манжета 

арасында өтпеуі үшін үлгі тасты жанынан қысады. Ол үшін газды баллондағы 

кранды  ашып,  редуктор  мен  жанындағы  кранның  көмегімен  корпус 

жанындағы  манометрмен  бақылау  жасай  отыра,  1-1,5  МПа  қысым  туғызу 

қажет.  


Керн  ұстағыштың  төменгі  бөлігіндегі  газ  беретін  кранды  ашып  және 

үлгі  арқылы  газдың  сүзілуінің  қалыпты  режимін  орнатады,  (ол  үшін  газ 

есептегіштің  және секундомердің көмегімен газ шығынын есептейді), қырлы 

түтіктегі  сабын  көпіршіктерінің  қозғалыс  жылдамдығын  өлшейді.  Газдың 

үлгі арқылы сүзілу режимінің орнатылуы мынадай жағдайда, үлгі тасқа дейін 

орнатылған  манометрде  қысымның  тұрақты  болуы  және  оны  өлшеген  кезде 

газ  шығыны  2  %  жоғарыға  өзгермеуі  есепке  алынады.  Қысым  мәні  мен  газ 

шығынының соңғы көрсеткіштерін өлшейді.  

Өлшеу  қысым  мәні  мен  газ  шығынының  3-4  бірдей  мәнінде 

жүргізіледі.  

Бұл  жағдайда,  газ  есептегіштің  бұндай  түрін  қолдануда  газ  шығынын 

өлшеудің дәлдігі сүзудің жоғары жылдамдықтарында азаяды. Сондықтан газ 

беру кранының көмегімен шығынды 2 см

3

/с жоғарлатпау қажет. 



Өлшеу  соңында  газды  баллондағы  кранды  жауып,  аппаратурадағы 

барлық  кранды  жабады  және  тау  жынысының  үлгісін  керн  ұстағыштан 

шығарады.  



21 

 

Тау  жыныстарының  абсолютті  өткізгіштік  коэффициентін  мына 



формуламен есептейді:  

 

К



өт

 = Q μ L / F P ,                                      (4.1) 

 

бұндағы: К



өт

 – жыныстардың абсолютті өткізгіштік коэффициенті, мкм

2



   Q -  газдың көлемдік шығыны, м



3

/с; 


    μ -  газ тұтқырлығы, Па·с.; 

    L – үлгі ұзындығы, м; 

    F –үлгінің көлденең қиылысының ауданы, м

2



Р – сүзілу қысымы, Па. 

3-4 рет есептелген Көп өткізгіштік коэффициентінің орташа мәнін есептейді. 

Барлық зерттеулер нәтижелерін 4.1-кестеге толтырады. 

Жыныстарды зерттеуде абсолютті өткізгіштікті анықтау нәтижелері: 

Алаң……………………………. 

Зерттеу жүргізілген күн………. 

Үлгіні алу интервалы…………. 

Ұңғы……………………... 

Үлгінің зертх. №.............. 

Горизонт…………………. 

4.2-кесте 

Абсолютті өткізгіштікті анықтау нәтижелері 

              Мәлімет түрі 

Мәні 


Үлгі ұзындығы (L), м

2

 



 

Үлгі диаметрі (D), м 

 

Қиылысу алаңы (F), м



2

 

 



Газ тұтқырлығы (μ), Па* 

 

Кернге дейінгі қысым (Р), Па  



 

Өтетін газдың көлемі (V), м

3

 

 



Көлемнің өту уақыты (Т), с 

 

Газдың шығын көлемі (Q), м



3

/с 


 

Өткізгіштік коэффициентінің есептелген мәні 

өт

), мкм



2

 

 



Абсолютті өткізгіштік коэффициентінің орташа 

мәні (К


өт

), мкм 


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет