2.2 Тау жыныстарының минералдық тығыздығын анықтау
Тау жыныстарының минералдық тығыздығы жыныстарды құрайтын
минералдардың салмағы мен көлемін өлшеу арқылы анықталады.
Жұмысты жүргізу тәртібі: Салмағы 3-5 грамм үлгі жынысты
ұсақтағыш құралдың көмегімен бөлек түйіршіктерге ұсатады. Жуылған
пикнометрді +105 ºС температурада кептіреді және өлшейді. Тәжірибе
жүргізу кезіндегі жыныстың таза салмағы 0,001 г. құрайды.
Дайындалған тау жынысын құрғақ пикнометрге төгеді және өлшейді.
Ұсақталған жыныс салынған пикнометрге дистирилденген суды құяды және
вакуумдау арқылы судан ауаны шығарады, немесе құмды немесе су
моншасында қайнатып, ауа бөлінгенде шығарады, немесе құмды немесе су
моншасында қайнатып, ауа бөлінгенше ұстайды. Суда еритін тұздан немесе
суда ісінетін сазды жыныстар үшін жұмысшы агенті ретінде тазартылған
керосин қолданылады, ал ауаны шығару вакуумдау арқылы жүргізіледі.
Ұсатылған жынысты пикнометрдің (М
2
) және тығыздығы белгілі
жұмысшы сұйықтығының жалпы салмағын (Y
с
) өлшейді.
Жыныстың минералдық тығыздығын мына формуламен анықтайды:
Y
м
= (М
1
–М
п
)/ [(М
3
-М
п
) –(М
2
-М
1
)] Y
с
(2.2)
мұндағы: Y
м
–минералдық тығыздық, г/см
3
М
п
– құрғақ пикнометрдің салмағы, г
М
1
–ұсатылған жынысты пикнометрдің салмағы, г
М
2
- ұсақталған жыныс пен жұмысшы сұйықтығы құйылған пикнометрдің
салмағы,г
М
3
- жұмысшы сұйықтығы құйылған пикнометрдің салмағы,г
Y
с
–жұмысшы сұйықтығының тығыздығы, г/см
3
Тау жыныстарының минералдық тығыздығының дәлдігі 0,001г/см
3
Зерттеу нәтижелері 2.3-кестеге толтырылады.
2.3-кесте Тау жыныстарының минералдық тығыздығын анықтау нәтижелері
Алаң…………………………….
Зерттеу жүргізілген күн……….
Үлгіні алу интервалы………….
Ұңғы……………………...
Үлгінің зертх. №..............
Горизонт………………….
|