1.Сәтті отбасы. Отбасы тұрақты және оның мүшелерінің мүддесі ортақ.
Отбасы мүшелері салт-дәстүрлерді сақтайды, жалғастырып отырады. Мұндай
отбасы балалардың жақсы жетіліп, әлеуметтенуіне зор мүмкіндік туғызады.
2. Әлеуметтік сәтсіз отбасы. Ата-ананың әлеуметтік қарым-қатынасы
балаларға қалай болса, қоғамның басқа мүшелеріне солай әсер етеді, мәдени
деңгейі төмен, материалдық жетіспеушілік бар. 3. Ұстаздығы әлсіз отбасы.
Отбасында ата-ана балаларының тәрбиесінде өте-мөте әлсіз, енжар қарайды,
бала тәрбиесіне көп көңіл бөлмейді, олардың негізгі міндеті баланы
материалдық жағынан толық қамтамасыз ету, ал тәрбие мен оқыту балабақша
не мектептің міндеті дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |