Өктемдік - ата-аналар талаптар мен ережелерді бұйрық, өктемдік,
басқа да қатал шараларды қолдану арқылы бала өміріне енгізуімен
сипатталады. Отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеушілігінен
айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне
сенімсіз және ішкі жәй-күйі төмен болады. Мұндай тәрбиенің нәтижесі
баланың қорқақ, екіжүзді, өтірікші, дөрекі болып өсуіне әкеледі. Әрине, ата-
аналар жақсы ниетпен, қатал талап қоюуы мүмкін, алайда мұндай талаптың
41
бала дамуына келтірілген залалы жөнделмейді. Балаға деген сенім мен
құрмет ұштастырылмаған талап ету қысымға, мәжбүрлеуге айналады.