ҚР ҚН 2.02-02-2012
3
3.6 Мөлшерлегіш: Өрт сөндіру қондырғыларындағы көбік түзеушіні (суға
қосымша) мөлшерлеуге арналған құрылғы.
3.7 Өрт сөндіргіш заттардың қоры: Өрт сөндіргіш заттардың есептік мөлшерін
қалпына келтіру мақсаттарында нысанда сақталған өрт сөндіргіш заттардың талап етілген
мөлшері.
3.8 Қорғалатын нысан: Кәсіпорынның, ғимараттың, үй-жайдың, имараттың аумағы
жә
не олардың жекелеген бөліктері, өрт автоматикамен қорғауға тиісті технологиялық
жә
не электр техникалық жабдық.
3.9 Өрт дабылын бақылау аймағы: Үй-жай бөлігінің, жалпы индикация
қарастырылатын, өрт хабарландырушыларымен бақыланатын бір немесе бірнеше үй-
жайлар ауданы.
3.10 Адрестік өрт хабарландырушылары: Өрт туралы хабарлаумен бірге өзінің
адрестік өрт кодын қабылдау-бақылау аспабының адресіне беретін өрт
хабарландырушысы.
3.11 Газды өрт хабарландырушысы: Газды сезетін, өрт кезінде көзге түсетін өрт
хабарландырушысы.
3.12 Түтін сезгіш өрт хабарландырушысы: қатты немесе сұйық жану өнімдерін
жә
не (немесе) атмосферадағы пиролиз бөлшектерін сезетін өрт хабарландырушысы.
3.13 Ионизациялық (радиоизотопты) түтін сезгіш өрт хабарландырушысы:
ә
рекет ету қағидасы иондаушы тоқка жану өнімдерінің әсер ету нәтижесінде туындайтын
иондаушы тоқтың өзгерістерін тіркеуге негізделген өрт хабарландырушысы.
3.14 Құрамдыстырылған өрт хабарландырушысы: Өрттің екі немесе одан да көп
факторын сезетін өрт хабарландырушысы.
3.15 Жылуды сезгіш өрт хабарландырушысы: Температураның белгілі мәнін
жә
не (немесе) оның өсу жылдамдығын сезетін өрт хабарландырушысы.
3.16 Нүктелі (түтін, жылу сезгіш) өрт хабарландырушысы: Шағын аймақта өрт
факторларын сезетін өрт хабарландырушысы.
3.17 Қондырғының инерциялығы: сезімтал элементтің іске қосылу шегіне өрттің
бақыланатын факторымен жету сәтінен бастап өрт сөндіргіш заттардың (құрамның)
қорғалатын аймаққа берілуінің басталуына дейінгі уақыты.
ЕСКЕРТПЕ Адамдарды қорғалатын үй-жайдан көшіру кезінде өрт сөндіргіш заттардың
шығуының кідірісі және технологиялық жабдықтың тоқтауы қарастырылған өрт сөндіру
қондырғыларына арналған, бұл уақыт олардың инерциялығына кірмейді.
3.18 Өрт сөндіргіш заттарды беру қарқындылығы: Бір уақытта үй-жайдың бірлік
ауданына (көлеміне) берілетін өрт сөндіргіш заттардың мөлшері.
3.19 Нормативтік өрт сөндіргіш заттарды беру қарқындылығы: Нормативтік
құжаттарда белгіленген өрт сөндіргіш заттарды беру қарқындылығы.
3.20 Өрт сөндіргіш заттардың есептік саны: Нормативтік құжат талаптарына
сәйкес анықталған және өрт туындаған жағдайда жедел қолдануға дайын өрт сөндіру
қондырғысында сақталатын өрт сөндіргіш заттардың мөлшері.
3.21 Өрт сөндіргіш концентрациясы: Жануды сақтамайтын ортаны құрайтын үй-
жай көлем бірлігіндегі өрт сөндіргіш заттардың концентрациясы.
|