16.3 Бақылау аймақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптары
16.3.1 Қорғалатын ғимараттарды өрт дабыл жүйелерінің күйінің индикациясын
қамтамасыз ететін аспаптарда өрттің туындау орнын жылдам анықтауға болатындай етіп
бақылау аймақтарына бөлу керек.
Аймақтарға бөлу кезінде ғимараттың ішкі жоспарын, ғимараттардағы қозғалыстар
жә
не өрт ошағын іздеген кездегі ықтимал қиындықтарды, сондай-ақ өрт басқару аспабы
үшін сигналдарды қалыптастыру қажеттілігін ескеру керек.
16.3.2 Өрт дабыл жүйелерімен қорғалатын ғимараттарда бақылау аймағына бөлу
келесі талаптарға сәйкес келуі керек:
а) қорғалатын бір аймақтың қабат шектеріндегі ауданы 1600 м
2
аспауы тиіс;
б) бестен астам қорғалатын үй-жайларға кіретін бақылау аймақтары үшін өрт дабыл
жүйесінің күйінің индикациясын қамтамасыз ететін аспаптарда әрбір бақыланатын үй-
жайдың белгісі кескінделуі керек немесе көрсетілген үй-жайларға кіретін есіктерде өрт
хабарландырушыларының іске қосылғандығы туралы шығаратын жарық дабылы
қарастырылуы тиіс. Бұл кезде бақылау аймақтарының шектеріндегі үй-жайларда жалпы
дә
ліз (холл, вестибюль және басқалары) немесе ашық аумаққа шығатын есігі болуы керек;
в) бақылау аймағы бір қабат шектерінде болуы тиіс, егер:
- бірнеше қабаттар арқылы өтетін ашық басқыш шабақтарын, шоғырсым және басқа
шахталарды енгізеді, бірақ бір өрт бөлігі шектерінде ғана;
- кем дегенде өзара жапсарласқан қбаттарда орналсқан және ғимараттың ортақ
басқышына алып баратын дәлізге шығатын есігі бар үй-жайдың жалпы көлемі 300 м
2
артық емес.
Өрт дабылы адрестік жүйесінің бақылау аймағына көп дегенде бір үй-жай кіруі
керек.
16.3.3 Жапсарлас үй-жайлар үшін өрт хабарландырушысының іске қосылғандығы
туралы шығарғыш жарық индикация құрылғысын жалпы үй-жай жағынан (дәліз, холл,
вестибюль, фойе) кіретін есікте қарастыру керек.